7


  • Учителю
  • Жаңа тәсіл-кәсіби даму кепілі

Жаңа тәсіл-кәсіби даму кепілі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жаңа тәсіл - кәсіби даму кепілі


Казталов ауданы, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының

ІІІ деңгейлі сертификатталған информатика пәні мұғалімі



«Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады»

Сухомлинский


Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен.[1] Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, казіргі заманда егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Казіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың казіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:

Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың казіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:

  • Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

  • Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.

  • Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Осы курста біз аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын қарастырдық.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер- бұл жеті модульда қарастырылатын білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, сонымен қатар «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль. Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушымен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл- диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс-әрекет жасауын қарастырады.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету- оқушылардың да, мұғалімдердің де білім алу және білім беру процесінде кез-келген мәселені талқылауды, басқалардың идеяларын ой елегінен өткізіп, сыни тұрғыдан қарау. Сыни тұрғыдан ойлау- бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру, шешім қабылдамас бұрын саналы оймен қорытындылау дағдыларын дамытуды қарастыратын модульдің 1,3,5,6 түрлерін қамтыған. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау - оқыту процесінде балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, себебі ол оқыту барысында ілгері қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет ұғым болып табылады. Модульдің бұл түрінде - мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің бүртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

  • Теледидар бағдарламалары;

  • Сандық теледидар;

  • Интернет;

  • Ұялы телефон;

  • Ұтқыр қондырғылар;

  • Компьютер/ ноутбук.

Қазақстанның жан-жақты дамып, көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Талантты және дарынды балаларды оқыту - мұғалімдерден едәуір күрделі ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды табуға арналған бес өлшем:

  • Жады және білім - тамаша жады және ақпаратты қолдану;

  • Ақпаратты пайдалану - түйінді идеяларды анықтай білу, түрлі көздерден алынған ақпараттарды таңдай және тиісінше өңдей алу қабілеті;

  • Ойлау жылдамдығы - олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ шешімдерге тез келеді;

  • Проблемаларды шешу - олар ақпаратқа қосымшаларды енгізеді, сәйкессіздікті көрсетеді, мазмұнын тез түсінеді;

  • Қиындыққа қызығушылық - қызығушылықты арттыру үшін олар аса қиын ойындарға және тапсырмаларға ұмтылады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру - бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.[2]

Білім берудегі басқару және көшбасшылық - білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін:

  • Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

  • Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

  • Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;

  • Кәсіби білімді құруға және таратуға ат салысуға міндетті.

Өз ойын анық жеткізетін, жоғары дәрежеде ойлай алатын оқушыны қалыптастыруда бағдарламада қаралатын жеті модулдің де ықпалы зор. «Шульманның ілімі» бойынша білімі терең, білімін теорияда қолдана алатын, ең бастысы соның барлығын жүрекпен жасайтын құзырлы мұғалім болу біздің басты міндетіміз деп есептеймін.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сабағымда қолдана отырып, мен оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін жетілдірдім, өз ойын еркін жеткізе алатын оқушы қалыптасуына ықпал жасадым. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ, 2012 ж

2. Информатика негіздері №5 2013ж, 15-бет

3.Педагогика мәселелері. №3 2014 ж 10 бет


Түйіндеме

Баяндама білім берудегі жаңа тәсілдердің 7 модулдің маңызына тоқталған. Сонымен қатар оқушылар, мұғалімдер үшін тиімді жақтары қарастырылған.

Резюме

В статье рассмотрены основные меоды контроля результатов обучения, обеспечивающего обратную связь, являющихся средством его корректировки и герулировки. Также рассказывается о современных методах системы оценивания.

THE RESUME

In clause the basic quality monitoring of resuls of the training proving a feedbask, its updatings being by means and adjustments are considered




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал