- Учителю
- Информатика пәнінен Фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру тақырыбы бойынша сабақ жоспары 7-сынып
Информатика пәнінен Фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру тақырыбы бойынша сабақ жоспары 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру. Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Фигураларға қарапайым және күрделі амалдар қолдануды, мәтінмен жұмыс жасауды практикалық тапсырмалар орындау арқылы үйрену.
Сабақтың міндеттері:
-
Білімділік. Фигуралармен, мәтінмен жұмыс жасауды үйрету. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге үйрету.
-
Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Оқушылардың өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
-
Тәрбиелік. Оқушыларды компьютерде жұмыс істегенде шыдамдылыққа, шапшаңдыққа, уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме, музыка, жұмбақтар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Оқыту түрі: жеке
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, ағылшын, қазақ, орыс тілдері
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой сергіту»
Сұрақтар.
-
CorelDraw редакторында фигуралар салуға арналған қандай құралдар бар?
-
Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру амалдарын айтыңдар.
-
Мәтін құралы не үшін пайдаланылады.
-
Нысандарды топтау не үшін қажет және ол қалай орындалады?
-
Нысан көлемін қалай өзгертеміз?
ІІІ. Практикалық жұмыс.
А деңгейі.
-
Corel DRAW графикалық редакторын іске қосыңдар.
-
Дөңгелек салыңыз.
-
Дөңгелекті құю құралы арқылы бояңыз.
-
Контурды түссіз етіп бояңыз.
-
Құралдар тақтасындағы Көлеңке құралын таңдап, келесі парметрлерді беріңіз (тень под шар).
В деңгейі
Гүл
-
Құралдар тақтасынан Күрделі жұлдыз ( Сложная звезда) құралын таңдаңыз.
-
Параметрлер панелінде суреттегідей мәндерді оратыңыз.
-
Жұлдыздың түсін қызылға бояңыз. Контур-көк түс.
-
Нысанның көшірмесін алыңыз.
-
Нысанның көшірмесіне Искажения командасын орындаңыз.
С деңгейі.
«WINDOWS»
-
Эллипс құралын таңдаңыз.
-
Эллипсті доғаға айналдырыңыз.
-
Доғаның түсін қызылға, контурды түссіз етіп бояныз.
-
Мәтін құралын пайдаланып, WINDOWS сөзін жазыңыз.
-
Мәтін Фонын көк түске, контур - көкшіл түске бояңыз.
WINDOWS
-
Мәтінді ерекшелеп алыңыз.
-
Перетекание құралын пайдаланып, Windows сөзін доғаға дейін созыңыз .
-
Қасиеттер панелінде фигураға дейінгі қадамдына -10, бұру бұрышына 360 градус мәнін орнатыңыз .
-
Қасеттер панелінде құралын басыңыз(перетекание против часовой стрелки).
-
Егер барлық қадамды дұрыс орындаған болсаңыз төмендегідей сурет пайда болады.
Сергіту сәті. «Қамажай»
ІҮ. Бекіту. «Кім жылдам».
Жұмбақ шешу.
-
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /қалам/
-
Дүниеге тұмсызсыз -ақ келеді,
Дегенменен тұмысығынан өледі. /қарындаш/
-
Қарындаштың шимайын,
Тез өшіріп жояды. /өшіргіш/
Ү. Қорытынды.
Рефлексия.
ҮІІ. Үйге тапсырма. Қайталау. Сөзжұмбақ құрап келу.
ҮІ. Бағалау. Бағалау парағы.
Сабақ барысында сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларға бағалау парақшасына баға қойылып, бағалар мониторингі шығарылады.