- Учителю
- 'Жобаның интерфейсін құру' (10 класс)
'Жобаның интерфейсін құру' (10 класс)
Пән: Информатика
Сынып: 10
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Жобаның интерфейсін құру.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларға визуальды бағдарламалау жүйесімен, басқару элементтерімен жұмыс істеуді меңгерту. Жобаның интерфейсін құра білуге үйрету
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, таратпа қағаздар.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы,
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Біз бүгінгі сабақта Picture, ImageBox компоненттерін қолдану арқылы жоба құрамыз.ол үшін мына компенттермен танысайық:
- Picture компоненті (бейне-қорап) компоненті формаға графикалық объектілерді кірістіру үшін қолданылады. Picture объектісінің графикалық өрісіне әртүрлі типті графикалық файлдар мен текстік фрагменттерді, ішіне геомтериялық фигураларды салуға және басқа да графикалық объектілерді кіргізуге болады. Сонда графикалық өрістер форманың ішінде форма сияқты жұмыс жасайды.
Picture Box объектісінің негізгі қасиеттері:
AutoSize - графикалық өріс өлшемдерін кірістірілген элемент (сурет, картина) өлшеміне шақтап өзгерту,
Picture кірістірілген графикалық файл жолы,
Image - қосымша орындалып жатқанда бір өрістен екінші өріске сурет көшіру, мысалы процедура денесінде мынадай қатар жазылса: Piture1.Picture=Picture2.Image онда Piture1 графикалық өрісінде орналасқан суреттің орнына Picture2 өрісіндегі сурет келеді.
Circle. Line, Pset-объектінің ішіне фигуралар салу әдістері, мысалы төмендегі қатар ішіне шеңбер салады.
Picture1.Circle(1100,1000),750
ImageBox(сурет-қорап) компоненті графикалық өрістің қарапайым түрі болып табылады. Picture Box компонентінен айырмашылығы сурет объектісінің ішіне басқа объектілер кірістіре алмайды. Қосымша ImageBox компонентімен енгізілген суреттер жадта аз орын алады.
ImageBox объектісінің негізгі қасиеттері:
Picture-кірістірілген файл жолы
Stretch-текстік объектілердің қасиетіне ұқсайды, егер мәні True болса, онда сурет объектінің өлшемдеріне шақ кішірейеді немесе үлкейеді, егер False болса, онда объкт өлшемдері сурет өлшемдеріне шақ өзгереді.
Смайлык салу,1-жайдарлы,2- ашулы,3-сабасына түсе бастады,4-бәрі жақсы. 4 түрлі сурет алып сақтатып қасиеттер панеліндегі picture -ні талдап суреттерді аламыз,4 Buttoncommond-сын орналастырамыз.
Мысалы:
Private Sub Command1_Click()
Image1.Visible = True
Image2.Visible = False
Image3.Visible = False
Image4.Visible = False
End Sub
Private Sub Command2_Click()
Image1.Visible = False
Image2.Visible = True
Image3.Visible = False
Image4.Visible = False
End Sub
Private Sub Command3_Click()
Image1.Visible = False
Image2.Visible = False
Image3.Visible = True
Image4.Visible = False
End Sub
Private Sub Command4_Click()
Image1.Visible = False
Image2.Visible = False
Image3.Visible = False
Image4.Visible = True
End Sub
Жаңа сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Бағдаршам жұмысының иммитациясын жасаңыз, яғни қызыл, жасыл шамдар кезегімен жансын. Көшедегі бағдаршам бойынша өту ережелері бар нұсқаулықты қосыңыз.
Picture, ImageBox компоненттері
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау. Үйге тапсырма