7


  • Учителю
  • 'ҮЗдік информатик' сайыс сабақ

'ҮЗдік информатик' сайыс сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Үздік информатик» сайысы Сайыстың мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.Сайыс 6 кезеңнен тұрады: 1 кезең: «Өзін-өзі таныстыру»2 кезең: «Әудем жер» (сұраққа жауап беру)3 кезең: «Ө
предварительный просмотр материала

«Үздік информатик» сайысы


Сайыстың мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.


Сайыс 6 кезеңнен тұрады:


1 кезең: «Өзін-өзі таныстыру»

2 кезең: «Әудем жер» (сұраққа жауап беру)

3 кезең: «Өнерлінің өрісі кең» (бүктемелер жасау үй тапсырмасы)

4 кезең: «Суреттер әлеміне саяхат» (берілген суреттер бойынша компьютер құрылғыларына сипаттама олардың қызметіне тоқталу)

5 кезең: «Қас-қағым сәт» (филворд жазып шығу)

6 кезең: «Шешендік» (информатика пәні саласы бойынша өз ойларынан шығарған өлеңдер оқу)


Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау

Сәт сапар тілеп бәріңе

Сайысты біздер бастайық! -

дей отырып, бірінші кезең «Өзін-өзі таныстыру»


Екінші кезең «Әудем жер» (сұраққа жауап беру)


Сұрақтар:


  1. Файл дегеніміз не?

(өзіне ғана тән аты бар, ерекше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек)

2. Бит, байт ұғымдарын қалай түсінесіз?

(1 байт-8биттен тұрады. Бит дегеніміз 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі)

3. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы қалай аталады? (монитор)

4. Интернет ұғымының мағынасы?

(Бүкілдүниежүзілік өрмек. Бүкіл әлемдік компьютерлік желі).

5. Ақпаратты беру түрлері?

(мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық)

6. Санау жүйесі дегеніміз не, олардың түрлері?

(Сандарды атау, жазу, сандардың түрлендіру тәсілі мен оған қолданылатын амалдар ережесі. Позициялық емес және позицялық деген екі түрі бар)

7. Paint, MS Word, Excel бағдарламаларының бір-бірінен айырмашылығы?

(Paint - сурет салуға арналған файл кеңейтілуі .bmp

MS Word - мәтіндік бағдарлама файл кеңейтілуі .doc

Excel - кестелік процессоры файл кеңейтілуі .xls)

8. Паскаль программалау тілі командасының ортасы?

(File - файлмен жұмыс жасау командасы New- жаңа файлды құру, Save - файл атын сақтау, Save as - файлды жаңа атпен сақтау, Edit- файлды редакторлау.

9. ЭЕМ буындарын атаңыз?

(1 буын Иниас және басқа ЭЕМ-дер (1940-55), 2 буын 1955ж жартылай өткізгіштер, транзисторлар) 3 буын Интегралдық схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер, 4 буын 70 жылдан өндіріске енді қазіргі кездегі ЭЕМ-дер) 5 буын «Жасанды интеллект» ЭЕМ-дері болуы мүмкін)

10. Компьютердің атасы? (Ч.Бэббидж)


Үшінші кезең «Өнерлінің өрісі кең» (бүктемелер жасау үй

тапсырмасы)


Кездестік, міне, тағы да

Саласында білімнің

Сараптауға асықпай

Комьютердің қызығын - дегендей төртінші кезеңіміз «Суреттер әлеміне саяхат» (суреттер бойынша әңгіме айту)


Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жым отыру жараса ма?

Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме

Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй

Сонда ортақ боласың бар жеңіске - деп бесінші кезеңіміз «Қас-қағым сәт» (2 мин ішінде филворд жазып шығу)


Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып

О, толқындар арпалалысып алға шық - деп алтыншы кезеңіміз «Шешендік өнер» (өз ойларынан шығарған өлеңдерін оқу)


Білім деген - биік шың, биік шынар

Биік шыңды бағындырсаң көңілің тынар

Биіктерге қол созған мақсатыңа

Еңбегің мен білімің алып шығар - деп сайысымызды қорытындылап жеңімпаз оқушыны анықтап, марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал