- Учителю
- Урок по информатике на тему 'Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар' 6 класс
Урок по информатике на тему 'Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар' 6 класс
Пән аты:
Сыныбы: 6 (І-ІІ топ)
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
1) табиғи тілдегі жазылуы;
2) белгілі бір түйінді сөздер - терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;
3) графиктік жолмен жазу;
4) программалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі - кең таралған әдіс. Бұл - жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.
№
Блоктар кескіндемесі
Блоктар қызметі
1
Алгоритм басы
2
Алгоритм соңы
3
Есептеуіш әрекет
4
Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару
5
жоқ иә
Шартты тексеру
6
Циклдың басы
7
Көмекші алгоритмді шақыру
8
Байланыс бағытын көрсету
Сабақты бекіту сұрақтары
-
Алгоритм дегеніміз не?
-
Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?
-
Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
-
Блок-схема дегеніміз не? Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
-
Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не? Түйінді сөздерге нелер жатады?
Үйге тапсырма: : Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.