7


Скрэш

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Информатикадан 5 сыныпқа арналған Scratch қолдану курстық бағдарламасыИнформатика мен математиканы кіріктіріп оқыту оқушылардың компьютер арқылы ақпараттық технология әдістерімен қарулануына себебін тигізеді. Информатикадан 5 сыныпқа арналған Scratch қолдану курстық бағ
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министірлігі

Май ауданының Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Мемлекеттік мекемесі



Информатикадан 5 сыныпқа арналған Scratch қолдану

курстық бағдарламасы





5 сынып

аптасына 1 сағат

жылына 34 сағат





Пән мұғалімі: Масугутов Максут Балтабекович


Баскөл


Түсінік хат


Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.

Оқытудын негізгі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны информатика мен математика пәнің кіріктіріп оқутуға мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың логикалық және бағдарламалық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді информатика және математика сабақтарында оқу құралы ретінде оқушылардың оқу-танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді.

Информатика мен математиканы кіріктіріп оқыту оқушылардың компьютер арқылы ақпараттық технология әдістерімен қарулануына себебін тигізеді.

Информатикадан 5 сыныпқа арналған Scratch қолдану курстық бағдарламасының мазмұны оқушылардың өзіндік анимациялық, интерактивті оқиғаларды, ойындар мен модельдерді құрастырудың жаңа бағдарламалық ортасы болып табылады. Scratch бағдарламасында әр түрлі нысандарды ойынға қосуға, қозғалысқа келтіруге және түрін өзгертуге болады. Бұл нысанды бағдарлау ортада әр бір бағдарламалар түрлі түсті кірпіштер түрінде жинастырылған. Scratch бағдарламасының тағы бір ерекшелігі мұнда оқушылар дайын компьютерлік ойындарды қолданбай өздерінің жеке ойындарын, оқиғаларын және моделдерін құрастырады, сонымен бірге оқушының қоршаған ортамен еркін медиямәдениеті қалыптасады.

Курс аптасына 1 сағаттан жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.

Информатикадан 5 сыныпқа арналған Scratch қолдану курстық бағдарламасы пәнінен білім беру тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге сәйкестендіріліп ұсынылады.

Бағдарлама құрылымына төмендегі мәселелер енеді:

  • 5 сынып бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;

  • оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;

  • тақырыптық жоспарлау.

Бағдарлама мазмұны

Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздік және тәртіп ережесі.

Алгоритмдеу және програмалау түсініктері. Алгоритм түрлер. Тармақталу алгоритмi. Тармақталу алгоритмдi програмалау, Циклдiк алгоритм, Циклдiк алгоритмді програмалау, Сызықтық алгоритм.

Scratch ортасы. Scratch мүмкіндіктері, Scratch интерфейсі, Scratch - тің басты мәзірі,

Сахна, нысандар (спрайт), Нысандар қасиеті, әдістер мен өзгерістер, Бағдарлама, басқару және тректер, Бағдарламалық бірліктер: процедура мен скриптер,

Қозғалыс командасы, Сыртқы бейне командасы, Дыбыс командасы, Қалам командасы, Бақылау командасы, Сенсор командасы, Сандық командасы, Айнымалылар командасы.

Scratch графикалық редактор, сахналар мен костюмдердің кітапқоры, Анимациялар түрлері, Scratch графикалық редакторының шектелеуі, Растырлық графикалық редакторы, Редактор ортасы, Сурет салу және сақтау, Графикалық форматтар. Бейнені интернеттен іздеу, Scratch-ке арналған өзінің сахынасы мен спрайтын құру, Логикалық «және», «немесе».

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Курс міндетіне оқушыларың нысандарың ең қарапайым орын ауыстыруы, нысандарды құрастыру және өңдеу. Нысанның атын қою және экранда орналастыру. Айнымалылырды еңгізу, нысанның сахнада өлшемдерін басқару. Scratch командаларымен жұмыс істеу білу. Графикалық форматтар, бейнені интернеттен іздеу кіреді.


Оқушылар мыналарды үйрену керек:

- скриптердің мазмұның

  • спрайттардың басқару элементтерінің мазмұнын

  • Арифметикалық өрнектерді жазу

  • Тұрақты және айнымалы элеметтерді енгізу

  • "және", "немесе" логикалық операцияларды қолдану

  • Scratch бағдарламалау тілі

Оқушылар мына біліктіліктерді білу керек:

  • Scratch бағдарламалау тілін қолдану.

  • Scratch бағдарламалау тілімен анимация құру.

  • Scratch бағдарламалау тілімен арифметикалық амалдарды орындау

  • Scratch бағдарламалау тілімен модельдеу

  • Scratch бағдарламалау тілімен өз оқиғаларын құрастыру

2014-2015 оқу жылындағы

5-сыныпқа арналған информатикадан косымша сағаттар санының кестесі


Сынып

Айына сағат саны

Барлығы

Тоқсандық сағат саны

І

тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІV тоқсан

5

4

34

9

7

10

8






Күнтізбелік жоспар

5 сынып

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін мерзімі

І тоқсан /9 сағат/

1

Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздік және тәртіп ережесі.

1


2

Алгортм түсінігі. Алгоритмнің қасиеттері.

Алгоритмді бейнелеу тәсілдері. Блок-схема

1


3

Scratch бағдарламалау тілі.

1


4

Scratch ортасы. Scratch мүмкіндіктері.

1


5

Scratch интерфейсі, Scratch - тің басты мәзірі

1


6

Сахна, нысандар (спрайт)

1


7

Нысандар қасиеті, әдістер мен өзгерістер

1


8

Бағдарлама, басқару және тректер

1


9

Бағдарламалық бірліктер: процедура мен скриптер

1




ІІ тоқсан /7 сағат/

10

Қозғалыс командасы

1


11

Қалам командасы

1


12

Дыбыс командасы

1


13

Сыртқы бейне командасы

1


14

Бақылау командасы

1


15

Сенсор командасы

1


16

Бақылау жұмысы

1



ІІІ тоқсан /10 сағат/

17

Сандық командасы

1


18

Айнымалылар командасы

1


19

Scratch сахнасындағы координаталар жүйесі

1


20

Scratch тіліндегі алгоритм

1


21

Табиғат циклы, циклдік алгоритм, «n рет қайталау», «үнемі» циклдары

1


22

Таңдау немесе тармақталу процессі

1


23

Параллел процессі

1


24

Оқиға

1


25

Спрайттар мен скриптердің өз ара қарым қатынасы

1


26

Моделдеу

1


ІҮ тоқсан /8 сағат/

27

Тізімдер

(массивтер)

1


28

Өрнектер, операциялар және функциялар

1


29

Бейнені өзгерту

1


30

Символдарды еңгізу және шығару

1


31

Графикалық форматтар

1


32

Мультипликация

1


33

Практикалық сабақ

1


34

Бақылау жұмысы

1



Барлығы:

34


П а й д а л а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р т i з i м i



  1. Журнал ВИО 55 - «Конкуренты Windows: плюсы и минусы» Дмитрий Бевза, Журнал ВИО 59- мнение

  2. - страница разработчиков, где выложен код\

  3. - официальный сайт проекта Scratch

  4. «What Videogame Making Can Teach Us About Literacy and Learning: Alternative

  5. Pathways into Participatory Culture»

  6. «Creating your own computer game is child's play» Nic Fleming, august 2008,

  7. «Руководство для пользователя среды Scratch» Евгений Патаракин

  8. 12.19.2007. Cайт «Учитесь со Scratch»

  9. «Учимся со Scratch» Евгений Патаракин 2008

  10. - сайт сообщества Scratch




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал