7


  • Учителю
  • Вне классное мероприятие по информатике для 8 классов на казахском языке 'Информатика кеше, бүгін, ертен'.

Вне классное мероприятие по информатике для 8 классов на казахском языке 'Информатика кеше, бүгін, ертен'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп - гимназия

Шығармашылық кеш

«Информатика кеше, бүгін, ертен»

Жетекші: информатика пін мұғалімі Кульбаева Д.Т.

Сыптар: 8 «А»

1: Сәлем бердік, құрметті қонақтар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика кеше, бүгін, ертен» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тақырыпқа байланысты оқушылар 3 топқа бөлінді: «Кешегі компьютер», «Бүгінгі компьютер», «Ертенгі компьютер» командаларымызға сәттілік тілейік.

2:
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Информатика, құрметтеуге лайық
Тартысайық сайыста, күш жігермен
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен - деп «Дешефратор» ойынын бастайық.


1:

І команда
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

2:

ІІ команда
1. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
2. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
4. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)
5. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
6. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
7. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
8. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
9. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
10. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
1:

ІІІ команда

1. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)

2. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
3. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
4. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
5. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
6. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
7. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
10. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

2:
Көңілді ойын жасайық
Жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда қызық табылар
Қиын жұмбақ бәрі бар
Тапқырларға қол соғып, қошеметке лайық - деп «Жұмбақтар шешейік»

1:

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)

2:

Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)

1:
Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор)

2:

Егер білсең, айта қойшы
Құрылғы бұл сиқырлы.
Қағаздағы ақпарды
Компьютерге апарды....(сканер)

1:
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүз екі...(пернетақта)


2:
Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны киесі...(кактус)

1:

Айқара ашып айнасын

Көрсетер қане барша шын

Зейін салып қарайық,

Ойға тоқып алайық - деп «Компьютер кеше, бүгін, ертен» видео бейнесін тамашалайық ...


2:

Осы көрген бейне әсерімен әр топ өз топтарының атына байланысты постерлерін безендіреді, берілетін уақыт 10 минут. Постерді мына критерилер бойынша дайындайсыздар:

1) Дәлел немесе факты;

2) қызықты мәліметтер;

3) суреттер.


1:

Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең-деп ортаға шығып әр топ постерлерін қорғайды

2:

Ойың ұшқыр болса - шын,

Тапшы қане жауабын -деп «Логикалық сұрақтарға» кезек берейік.
Шарты: Әр топқа 2 логикалық сұрақтар қойылады.
1команда

• Егер флешканың сымжылығы 2 Гбайт болса, 2000 Мбайттық файлдың қаншасын шамамен сыйдыруға болады ? (1 файл)

• Бір үйдің 4 баласы бар Асан, Үсен, Арман Жексен олардың үйінде 1 компьютер бар, әр бала 25 минуттан кезектесіп ойнайды екен. Улкені Асан 10 сағат 20 минутта компьютерге отырады. Ал кенже баласы Жексен сағат қаншада компьютерге отырады? (11.35)


1:

2 команда
• Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (-30)
• Компьютердің бағасы 70 000 тенге, планшеттің бағасы 50 000 тенге, ал Ноудбуктің бағасы компьютер мен планшеттің бағаларының қосындысынан 3 есе арзан? (40 000 тенге)

2:

3команда
• Егер флешканың сыймдылығы 16 Гбайт болса, 2000 Мбайттық файлдың қаншасын шамамен сыйдыруға болады ? (8 файл)


•Айдос Расторлық графиканы редактірлеу үшін 15 мин, ал Жандос Векторлық графиканы редактірлеу үшін 10 мин уақытын жұмсайды. Екеуі қосылып 1 сабақта, яғни 45 минутта қанша графикалық файлды редактірлеп үлгереді ? (Айдос 3 файл, Жандос 4 файл).


1: Қорытындылау: Әр топ өз стикерлерін санайды, жеңімпаз болған топ белгілі болады.


2: Жеңімпаз болған топты қошеметтепқояйық.

1: Көңіл бөліп бұл кешке,


2: Келгендерге көп рахмет!


1: Шын сезінген көрермендерге,


1,2: Мың рахмет, мың рахмет!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал