7


  • Учителю
  • Разработка на тему 'Дербес компьютер' (5 класс)

Разработка на тему 'Дербес компьютер' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы


Дербес компьютердің құрылғылары


Программалық дидактикалық қамтылуы


Жұмыс дәптері, компьютер, интерактивті тақта, «Дербес компьютердің құрылғылары» презентация


Сабақ мақсаты


ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру.

Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту;

Жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.


Сабақ типі


Пікірлесіп түсіндіру


Білім мен білікке қойылатын талаптар


Оқушылар білуі тиіс:


Компьютер деген не екенін;


Аппараттық құрылғылардың жиынына не кіретінін;


Компьютердің құрылғыларының міндетін (арналуын)


Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылардың аттарын;


Оқушылар үйрену тиіс:

- ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерін


Сабақтың жүрісі:


Ұйымдастыру


Жаңа материалды түсіндіру


«Компьютер» сөзі «есептеуіш дегенді білдіреді, Компьютер деректерді программалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы.

ДК өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.

Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК-дің жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда:


Аналық (материнская, системная)


Процессор


Қоректендіру блогы


Жедел жад


Қатты диск


CD-ROM


Көрініс платасы


Дыбыс платасы


Және т.б. құрылғылар орналасқан.


Монитор (дисплей)-бұл кез-келген ақпараттарды (текстік, графиктік және т.б) экранға шығаруға негізделген құрылғы.

Пернетақта (клавиатура)-бұл кез-келген ақпараттарды (сандық, символдық және т.б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы.

Бұлардан басқа, компьютердің көптеген құрылғылары бар, оларды енгізу-шығару құрылғылары деп атайды.

Тышқан (мышь)-бұл компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы

Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы.

Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.

Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Құлақшын - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Микорфон - Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы

Джойстик - Компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік

Стример - Мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы

Плоттер - Сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы

Модем-бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы

Желілік адаптерлер - Компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді

Бұл құрылғылардың әр қайсымен тереңірек 7 сыныпта танысатын боламыз.


3. Өз бетімен жұмыс жасау. Компьютерде презентацияны қарап шығу.


4. Бой жазу


5. Интер тақтамен жұмыс.


Компьютерлік жүйенің негізгі бөлшектерінің атауларын жаз:










Монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік блок





2. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз.

Пернетақта

Пернетақтаның көмегімен компьютерге информацияны енгізуге және басқаруға болады.Пернетақтада жүзден астам пернелер бар. Пернелер көбінесе информация енгізу міндетін атқарады, бірақ олардың кейбіреулері компьютерді басқару үшін қажет.





3. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз

Тышқан

Тышқан компьютерді басқаруға арналған. Оның екі батырмасы бар, бірақ олардың көмегімен әртүрлі көп жұмыс жасауға болады. Тышқанды үстел бетінде жылжытқанда, онымен біргемонитордың экранында тышқанның нұсқағышы да жылжиды. Команда беру үшін нұсқағыш графикалық басқару элементіне апарып, содан кейін тышқанның батырмаларының бірімен жылдам шерту керек. Шерткен кезде компьютер команда алады.





4. Төмендегі сөйлемдерді толықтырып жаз.

Монитор мәтіндерді, бейнелерді экранға шығару міндетін атқарады.

Пернетақта компьютерге мәтіндік информацияны енгізуге арналған.

Тышқан компьютерді басқаруға арналған.

Компьютер орындайтын барлық есептеулер жүйелік блокта жүреді.

Дыбыс колонкалары дыбысты информацияны шығаруға арналған.



6. Тақырыпты бекіту: Тест тапсырмалары:


1. Компьютердің қандай бөліктері мәтіндер мен суреттерді басып шығаруға арналған? Жауаптың дұрыс нұсқаларын белгіле.


Жүйелі блок


Монитор


Принтер


Сканер


Пернетақта


Маус


2. Компьютердің қандай бөліктері мәтіндерді немесе суреттерді енгізуге арналған?
Жауаптың дұрыс нұсқаларын белгіле.


Жүйелі блок


Монитор


Принтер


Сканер


Пернетақта


Маус


3. Компьютердің қандай бөлігінде басқарушы және жадыда сақтайтын құрылғылар бар? Жауаптың дұрыс нұсқаларын белгіле.


Жүйелі блок


Монитор


Принтер


Сканер


Пернетақта


Маус


4. Компьютердің құрамына кіретін құрылғылардың тізімін құр. Оларды екі: негізгі және қосымша бөлікке бөл.






Тест сұрақтарын талдау.






Үйге тапсырма: Әр құрылғының орындайтын қызметін қысқаша жаз.






Бағалау.






Қорытындылау. Біз бүгін не үйрендік?




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал