7


  • Учителю
  • 6 сыныпқа арналған шағын сабақ жоспарлары

6 сыныпқа арналған шағын сабақ жоспарлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 6 сыныпқа арналған шағын сабақ жоспарларын ұсынып отырмын. Ол мына тақырыптарды қамтиды: Модель және олардың түрлері, Ақпараттық модельдер, Түрлі әрекеттер, Түрлі әрекеттер, Алгоритмдер, Сызықтық алгоритм, Тармақталу алгоритмi, Тармақталу алгоритмiн қайталау, Циклдiк алг
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Модель және олардың түрлері

Cабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға модельдер және олардың түрлері, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тәрбиелікке,тиянақтылыққа,жауапкершілікке баулу,тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, ж/дәптері, слайдтар, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс, жаттығу жұмысы
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылармен сәлемдесу

-оқушыларды түгелдеу

-сабаққа дайындықтарын тексеру

-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Модель дегеніміз не?

2. Модельдің қасиеттерін ата
III. Жаңа сабақ:
Модель - кез - келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель - адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады.
Оқушыларды екеуден жұптап, топқа бөліп, компьютерге отырғызамыз. Әр топ әртүрлі модель түрлеріне байланысты тапсырмаларды графикалық редактор, мәтіндік редактор, калькуляторды пайдаланып орындайды.
Нәтижелері тексеріліп, бағаланады.
IV. Жаңа сабақты бекіту

Оқушыларға модель және оның түрлері туралы түсінік берілгеннен кейін, жаңа сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
1. Модель дегеніміз не?
2. Модельдің қандай түрлері бар?
3. Қандай мысалдар келтіруге болады?
V.Сабақты қорытындылау :

Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап,қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

VI.Үй тапсырмасы
Модель және олардың түрлері

VII. Бағалау

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық модельдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға ақпараттық модель туралы түсiнiк беру.

  2. Қарапайым нысандардың ақпараттық моделiн құрастыруды үйрету.

  3. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ 10 мин

Ақпараттық модельдер нақты нысандарды, атап айтқанда, заттарды, оқиғаларды, табиғат құбылыстарын сипаттайды.

Бiр нысан үшiн бiрнеше ақпараттық модельдер құрастыруға болады.

Ақпараттық модельдер арқылы жаңа нысандар құруға болады.

Биолог гүлдiң ақпараттық моделiн зерттеу арқылы оның жаңа түріне өсіріп шығара алады.

Суретшi гүлдiң ақпараттық моделіне қарап, оның сыртқы параметрлеріне көңіл бөле отырып, оның суретін сала алады.

Дәрiгер өсiмдiктi денсаулық саласында қолдану мүмкiндiгiн анықтау үшiн оның ақпараттық моделiн зерттей алады. Ақпараттық модельдi кесте түрінде жасайық.

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-16 мин.

Тапсырмалар.

  1. Ақпараттық модельдi толықтыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

Әрекет

Орналасу ортасы

Пiшiнi

Көлемi

Түсi

Құрамы

Доп

Домалақ

Үлкен

Қызыл

терiден

лақтыру

Спорт

залы

  1. "Доп" нысанының басқа ақпараттық моделiн толықтыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

әрекетi

Орналасу ортасы

Атауы

Мәнi

Доп

Материал

Каучук,

пластмасса,


?

?

Түс


Көлемi

30 см

Түр

  1. "Гүл" нысанының ақпараттық моделiн құрастыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

Әрекет

Орналасу ортасы

Атауы

Мәнi

Гүл

Құрамы

тамыры, сабағы, жапырағы, күлтелері.


гүлдейдi

Гүл отырғызатын алаң,

Құмыра

Түс


Көлемi


Түр

  1. Торттың ақпараттық моделiн құрастыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

Әрекетi

Орналасу ортасы

Атауы

Мәнi

Балдан жасалған торт

құрамы

Ұн, бал, май, жұмыртқа

Мерекелiк дастархан

Пiшiнi


Дәмi


Түсi

  1. "Қазақ ертегiлерi" кiтабының ақпараттық моделiн құрастыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

Әрекет

Мекендейтiн орта

Атауы

Мәнi

Кiтап

Кiтаптың аты

Ертегiлер


Оқу

Кiтап сөресi

Құрастырған авторы


Шыққан баспасы


Құрамы


Беттерiнiң саны


V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.


Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Түрлі әрекеттер.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларға нысандармен әрекет жасау тәсілдерін таныстыру.

  2. Оқушыларға нысандармен дұрыс әрекеттер атқаруды анықтай бiлудi үйрету.

  3. әрекеттер мен олардың атқарылу реттілігі жайлы алғашқы түсініктерді қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ 10 мин

Бұл тақырып "Тiзбектер" және "Алгоритмдер" тақырыбына кiрiспе болып табылады. Әрекеттер мен олардың атқарылу реттiлігі алгоритм құрастырудағы негiзгi ұғымдардың бiрi болып есептеледi.

Тапсырманы орындау кезiнде нысандардың өздері әрекет жасайтынына және олармен де әрекет жасауға болатынына назар аудару керек. Мысалы, гүл өзі өседі, ал оны басқалар қиып алып, үстелге қояды.

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-16 мин.

Тапсырма.

  1. Суреттегi атқарылып жатқан әрекеттердi атап шық.

Анам .................................

Әкем ..................................

Әлім ....................

Аруна ...............................

Мысық.............

Күшiк ..................................

Құс ................................

Гүлдер ................................

Жауабы:

Анам себет көтерiп келе жатыр.

Әкем көшет отырғызып жатыр.

Әлiм көшеттi ұстап тұруға көмектесiп жүр.

Аруна кiлемшенi сыпырып жатыр.

Мысықтың баласы көбелек қуып жүр.

Күшiк күнге қыздырынып отыр.

Құс ұшып жүр.

Гүлдер гүлдеп тұр.

2.Нәтиже алу үшiн атқарылатын әрекеттердi жаз.

3. Әлім, Әсет және Асан веб-дизайнер, программалаушы және веб-шебер болуды армандайды. Бiрақ Әлім веб-шебер болғысы келмейдi, ал Әсет веб-дизайнер және программалаушы, Асан веб-дизайнер болғысы келмейдi. Балалар кiм болуды армандайды екен?

ӘЛІМ ...............................

АСАН ...........................

ӘСЕТ .................................

Жауабы: Әлiм- веб-дизайнер, Асан - программалаушы, Әсет - веб-шебер.

4. Артық әрекеттi сызып таста.

Пернетақта - ақпаратты енгiзедi, басып шығарады. (басып шығарады).

Монитор - ақпаратты сақтайды, бейнелейді. (сақтайды).

Баспа құрылғысы - ақпараттарды өңдейдi, басып шығарады. (өңдейдi).

Тышқан - нысандарды басқарады, ақпаратты басып шығарады. (ақпараттарды басып шығарады).

Процессор - ақпаратты өңдейдi, сақтайды. (сақтайды).

Жад - ақпаратты сақтайды, енгiзедi.(енгiзедi)

Артық әрекеттер жақшаның iшiнде көрсетiлген.

V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.


Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Керi әрекеттер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға керi әрекеттер түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларға берiлген тапсырмаларға керi әрекет жасауды үйрету.

  3. Заңдылықтарды анықтау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-16 мин.

Тапсырма.

1.Керi әрекеттердi жаз.

Отыру - тұру

Ашу - жабу

Бөлмеден шығу - бөлмеге кіру

Тақтаға жазу - өшiру

Ақпаратты енгiзу - ақпаратты шығару

Ақпаратты сақтау - ақпаратты өшiру

Сурет салу - суреттi өшiру

2. Мақалдарды жалғастыр.

Шапқан ................., жатқан қалар.


Көп жасаған білмейді, көпті көрген ................. .


Мал сақтама, ар ........... .


Көрдім деген көп сөз, ............... деген бір сөз.


Тіліңмен жүгірме, біліммен ............... .


3. а) ШАНА сөзiнен ТАНА сөзiн қалай алуға болады? Осыған кері әрекет жаз.

"Ш" орнына "Т"-ны жаз

ә) Алма сөзiн Алша сөзiне қалай ауыстыруға болады? «М» орнына «Ш» әрпiн қой.

Орындалатын әрекеттердi жазып шық.

4. Керi әрекет пен оның нәтижесiн жаз.

- ТАС

"І"-нi "А"-ға ауыстыр

- МАЙ

"Т"-ны "М"-ға ауыстыр

- БЕЛ

"А"-ны "Е"-ге ауыстыр

- ДАРА

"Л"-ны "Р"-ға ауыстыр

- БАЛҒА

"Т"-ны "Ғ"-ға ауыстыр

Жауабы: ТIЛ-ТАС; ТАЙ-МАЙ; БАЛ-БЕЛ; ДАЛА-ДАРА; БАЛТА-БАЛҒА

V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.


Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Есептердi шығару барысында орындалатын әрекеттер тiзбегi ретiнде алгоритм түсiнiгiн беру.

  2. Атқарушының командалар жүйесi болатыны жайлы түсінiк беру.

  3. Оқушыларды қарапайым алгоритмдердi орындауға үйрету.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ 10 мин

Оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту - "Ақпараттық мәдениет негiздерi" курсының ғана мiндетi емес, ол жалпы "Информатика" курсының да маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Алгоритмдiк ойлау қабiлетi - бұл ойлай бiлу өнерi, өз iс-әрекеттерiңді жоспарлай бiлу, әр түрлi жағдайларды қарастырып, соларға сәйкес әрекет ету. Мұндай қасиеттер мен дағдылар адамдарға алғашқы компьютер пайда болмай-ақ қажет болып еді. «Алгоритм» сөзi Орта Азияда өмiр сүрген орта ғасырдағы ғалым Мухаммед ибн Муса аль-Хорезми (787-850) атына байланысты пайда болды. Ол тұғғыш рет арифметикалық амалдарды орындау тәсiлдерiн ұсынды.

Алгоритм - бұл есептер шешiмiн табуға мүмкiндiк беретiн әрекеттер тiзбегiн түсiнiктi, әрі айқын түрде сипаттау.

Алгоритмдi құрайтын қарапайым әрекеттер команда деп аталады. Адам өз өмірінде күн сайын алгоритм кездестiріп отырып, мысалы, мектепке бару үшін де белгілі бір алгоритм орындалады. Сабақты реет-ретімен оқу - бұл да алгоритм, кез келген ойын да белгiлi бiр ереже бойынша ойналады, бұл да алгоритм болып табылады. Кейбір мәселелерді шешу жолында жетiстiктерге жету де алдын ала жоспарланған әрекеттерді орындаудан тұрады, ол да - алгоритм.

"Алгоритм" ұғымын түсіндіру барысында жұмыс дәптерiндегi берiлген тапсырмаларды оқушылармен бiрлесiп орындаңыздар.

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-20 мин.

Сабаққа арналған тапсырма.

  1. Әрiптердi жинап, сөз құрастыр.

Жауабы: АЛГОРИТМДЕР.

  1. Арунамен бiрге төмендегi әрекеттер тiзбегiн орында.

  1. 1-қиылысқа дейiн жет.

  2. Солға бұрыл.

  3. Үйге кiр.

  4. Қызыл гүлдi сонда қалдыр (терезеге гүлдiң суретiн сал).

  5. Үйден шық.

  6. 2-қиылысқа дейiн жет.

  7. Оңға бұрыл.

  8. Үйге кiр.

  9. Көк гүлдi қалдыр.

  1. Қазiр Аруна екiншi үйде. Оның үшiншi үйге гүлдi қалдырып кету алгоритмiн жаз.

Жауабы:

  1. Үйден шық.

  2. 2-қиылысқа дейiн жет.

  3. Оңға бұрыл.

  4. 3-қиылысқа дейiн жет.

  5. Солға бұрыл.

  6. Үйге кiр.

  7. Сары гүлдi қалдыр.

Аруна - алгоритм атқарушы, ол мынадай әрекеттердi түсiнедi:

Жет

Бұрыл

Кiр

Қалдыр

Шық

Алгоритм - бұл атқарушының орындайтын әрекеттер тiзбегi.

Командалар жүйесi - бұл атқарушыға түсiнiктi әрекеттер.

  1. РОБОТ төмендегi командаларды түсiнетiн болса, оған алгоритм бойынша әрекеттердi орындауға көмектес

← - солға

→ - оңға

↑ - жоғары

↓ - төмен

  1. →↓ → ↓ ← ← ← ↑ → ↑

  2. → ↓ → ↓ ← ↓ ← ↑ ← ↑ → ↑

  3. → → → ↓ → ↓ ← ↓ ← ↑ ← ↓ ← ↑ ← ↑ → ↑


Жауабы:



Алгоритм түрлi тәсiлдермен, атап атйқанда, сөздермен, кескiндер, суреттер арқылы берiлуi мүмкiн.

1. Берiлген әрекеттердiң қайсысы алгоритм болып табылады? Дұрыс жауаптарды белгiлеп шық.

  • Үлкен дөңгелек сал. Оның үстiне орташа дөңгелек сал. Орташа дөңгелектiң үстiне кiшкене дөңгелек сал. Ең жоғарғы бөлiгiне шелектiң суретiн сал. (алгоритм)

  • Патша бұйрығы: «Мен бiлмейтiн жаққа бар, мен бiлмейтiн затты әкел»(алгоритм емес)

  • Жазу: «Ластама!» (алгоритм емес)

  • Бiрiншi санды ал. Оған екiншi санды қос. Нәтижесiн екiге көбейт. Жауабын жаз. (алгоритм)

Әрекеттер тiзбегiн сөздер көмегiмен сипаттау сөздiк алгоритм деп аталады.

Алгоритм құрастыруда командалар қолданылады.

2.Әлімге үйiнен мектепке жетуге көмектес. Оның алгоритмiн құрастыр.

1) 1-қиылысқа жет.

2) Солға бұрыл.

3)

4)

5)

6)

7)

8)

Жауабы:

  1. 1-қиылысқа жет.

  2. Оңға бұрыл.

  3. 2-қиылысқа жет.

  4. Оңға бұрыл.

  5. 3-қиылысқа жет.

  6. Солға бұрыл.

  7. 4-қиылысқа жет.

  8. Оңға бұрыл.

3.Әлiм сабақтан кейiн компьютер клубына бармақшы. Осы әрекеттердiң алгоритмiн құрастыруға көмектес.

  1. 4-қиылысқа жет.

  2. Оңға бұрыл.

  3. 3-қиылысқа жет.

  4. Оңға бұрыл.

  5. 2-қиылысқа жет.

  6. Солға бұрыл.

  7. 1-қиылысқа жет

  8. Солға бұрыл.

V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.


Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға сызықтық алгоритм түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларды сызықтық алгоритмдердi құрастыруға үйрету.

  3. оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

  1. Алгоритм дегеніміз не? (есептер шешiмiн табуға мүмкiндiк беретiн әрекеттер тiзбегiн түсiнiктi, әрі айқын түрде сипаттау)

ІІІ. Жаңа сабақ 10 мин.: Алгоритмдермен жұмыс істеу жалғастырылады. Сызықтық алгоритм ұғымы енгiзiледi. Командалары бiрiнiң соңынан бiрi тiзбектелiп орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады. Мысалы, досыңның туған күнiне бару үшiн мынадай әрекеттердi орындайсың: сыйлық дайындау, құттықтау хатын жазу, әдемi киiм кию. Көшет отырғызу үшiн де, әрекеттер тiзбегiн - алгоритм орындау керек. (Балалардың өздері алгоритмге бірнеше мысалдар келтiрулері тиіс.)

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-16 мин.

  1. Тiзбектi толтыр:

2 ∙ 2 + 10 ∙ 2 : 4 = 7

3 ∙ 4 : 6 ∙ 9 : 3 = 6

2. Арифметикалық амалдар таңбаларын қой:

4 + 6 + 10 + 26 - 1 = 45

3. Әлiмге "есiктi ашу" алгоритмiн жазуға көмектес.

1. Кiлттi алу.

2. Кiлттi құлыпқа салу.

3. Кiлттi бұрау.

4. Есiктi ашу.

4.Сызықтық алгоритмдi орындап, ҚОЛА сөзiнен ЖҰРТ сөзiн ал.


«Л»ны «Р»-ға ауыстыр


«О»-ны «Ұ»-ға ауыстыр


«А»-ны «Т»-ға ауыстыр

"Қ"-ны "Ж"-ға ауыстыр

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен

теріп - теріп алайык қалтамызға салайық.

5. ҚҰЛАН сөзiн ҚҰРАҚ сөзіне айналдыру алгоритмiн жаз.

ҚҰЛАН/ҚҰЛАҚ/ҚҰРАҚ


6. Арунаға жармадан ботқа пiсiру алгоритмiн жазуға көмектес.

1) Қазанды алу.

2) Сүт құю.

Жауабы:

1. Қазанды алу.

2. Сүт құю.

3. От(газ) жағу.

4. Қазанды отқа қою.

5. Сүт қайнағанда, оған жарма салу.

6. 5 минут араластыра отырып, пiсiру.

7. Газды өшiру.

Алгоритмдi атқарушы - Аруна

7. Анаңа "жұмыртқа қуыру" алгоритмiн жазуға көмектес.

Жұмыртқаны жар.

Пешке табаны қой.

Пештi сөндiр.

Жұмыртқа мен майды дайында.

Жұмыртқаның қабықтарын таста.

Пешке от жақ.

Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

Табаға майды ерiт.

Тоқта.

Алгоритмдi атқарушы - анаң.

Жауабы:

1. Пештi iске қос.

2. Пешке табаны қой.

3. Жұмыртқа мен майды дайында.

4. Табаға майды ерiт.

5. Жұмыртқаны жарып сал.

6. Аршылған жұмыртқаның қабықтарын таста

7. Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

8. Пештi өшiр.

V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.


Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қатынас таңбалары көмегiмен шарттарды жазуды үйрету.

  2. Тармақталу алгоритмдерiн үйренудi жалғастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Шарттарды дұрыс анықтау тармақталу алгоритмi үшiн өте маңызды. Шарттарды жазу барысында мынадай қатынас таңбалары қолданылады: <, >, =.

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-16 мин.

Тапсырма.

  1. <, >, = қатынас таңбаларын қолдану арқылы шамаларды салыстыр.


Бiрiншi шама

Таңба

Екiншi шама

2 сағ

=

120 мин

4 см

<

45 мм

3200 г

>

3 кг

8 бит

=

1 байт

16 бит

=

2 байт

12 бит

<

2 байт

20 бит

>

2 байт


  1. Алгоритм дұрыс орындалатындай оның шарттарын жазуға Әлiмге көмектес. Кестеге алгоритмнiң орындалу нәтижелерiн жаз.

Жауабы: Шарт былай болуы тиіс: егер сан 2-ге қалдықсыз бөлiнетін болса немесе оны 2-ге бөлгендегі қалдық 0-ге тең болса.

А

Нәтиже

5

Тақ

8

Жұп

171

Тақ

0

Жұп

24

Жұп

11

Тақ


  1. ҮШБҰРЫШ алгоритмi.

    • Егер дене үшбұрыш болса, онда оны сары түспен боя.

    • Егер тiкбұрышты үшбұрыш болса, онда оны қызыл түспен қорша.

    • Егер дөңес бұрышты үшбұрыш болса, онда оны көк түспен қорша.

    • Егер сүйiр бұрышты үшбұрыш болса, онда оны жасыл түспен боя.

  2. ТӨРТБҰРЫШ алгоритмi.

  • Егер дене төртбұрыш болса, онда оны жасыл түспен боя.

  • Егер дене тiктөртбұрыш болса, онда оны қызыл түспен қорша.

  • Егер тіктөртбұрыштың барлық қабырғалары тең болса, онда оны көк түспен боя.

V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.

Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмiн қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға тармақталу алгоритмiн орындау дағдысын үйрету.

  2. Оқушылардың шартты тұжырымдарды құра бiлу дағдысын қалыптастыру.

  3. Оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-20 мин.

Тапсырма.

  1. Сен қай әрекеттердi не үшiн орындадың?.

  2. Алгоритмдi орында.

  3. Алгоритмдi орындап, нәтижесiн кестеге жаз.

Жауабы:

1-Сөз

А

Таңба

2-Сөз

В

Нәтиже

Пернетақта

10

>

Кiтап

5

2

Баспа құрылғысы

15

>

Қалам

5

2

Сканер

6

<

Джойстик

7

1

алгоритм

8

>

Монитор

7

1

Блок

4

<

Компьютер

9

0


  1. "ИӘ" немесе "ЖОҚ" деп жауап беруге болатын сұрақтар келтiрiп, соларға жауап бер.

  1. Сенiң атың кiм?

  2. Сен жасың 10-да ма?

  3. Бiздiң сабақ саған ұнай ма?

  4. Мұғалiмнiң аты кiм?

  5. Сенiң досың кiм?

  6. Сенде компьютер бар ма?

V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.


Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Циклдiк алгоритм.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға циклдiк алгоритм түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларды циклдiк алгоритмдердi құрып, жаза бiлуге үйрету.

  3. Оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Командалары бiрнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм циклдiк деп аталады. Мысалы, қыз моншақтарды жинайды. Ол моншақтарды мынадай қозғалыстарды қайталау арқылы орындайды: моншақты алу, оны жiпке тiзу.

4-тапсырмада шарты алдын ала тексерілетін циклге мысал келтiрiлген, яғни алдымен шарт тексерiледi, содан кейiн цикл командалары орындалады.

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-20 мин.



Тапсырмалар.

  1. Сурет салу алгоритмiн тiлсызықтар арқылы жаз.



↑ → ↓ ←

Қайталанылатын тiлсызықтар тобын белгiле. Мұндай топтар нешеу? - 4.


2. Кестедегi ○ ∆ □ фигураларының тiзбегiн қорша.

Дөңгелектi - қызыл, үшбұрышты - көк, шаршыны - жасыл түстермен боя.

Қанша тiзбек алынды? - 5.

3.Қатарды жалғастыр. Қайталанатын әрекеттердi көрсет.

а) 2 4 6 8 10 12

әрекет: санға 2-нi қос.

ә) 1 3 9 27

әрекет: санды 3-ке көбейт.

б) 1 2 4 8 16

әрекет: санды 2-ге көбейт.

4. Кестеде берiлген әрiптердiң әрқайсысы үшiн алгоритм орындай отырып, хабарламаның мағынасын анықта.

1. Кестенiң бiрiншi жолындағы әрiптi ал.

2. Алфавит бойынша одан кейiн тұратын әрiптi анықта.

3. Табылған әрiптi кестенiң екiншi жолына жаз.

Әрiптердi iздеу аяқталғанша, 1 - 3 пункттерiн қайтала.



а)

Хабарлама

Ә

А

П

Д

Й

Д

Қ

Ғ

Ы

Мағынасы

Б

Ә


Е


Д

I


ә)

Хабарлама

А

С

Г

Ұ

Ң

Ә

I

Л

М

Мағынасы


V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.

Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Атқарушы. "Суқұйғыш".

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. алгоритм атқарушы - "Суқұйғыш"атқаратын қызметiмен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық. алгоритм атқарушы - "Суқұйғыштың" командалар жүйесiмен таныстыру.

Тәрбиелік. Оқушыларға алгоритм атқарушы - "Суқұйғыш" алгоритмiн құра бiлудi үйрету.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

СУҚҰЙҒЫШ атқарушысының командалар жүйесi:

А және В екi ыдыс бар

А-ны толтыр/В-ны толтыр/А-дан төк/В-дан төк/А-дан В-ға құй/ В-дан А-ға құй

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-20 мин.

Сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Атқарушы СУҚҰЙҒЫШТЫҢ көмегiмен 2 және 3 литрлiк ыдыстар арқылы судың 1 литр болатын көлемін тап.

Алгоритм:

Алгоритмнiң әрбiр командасы орындалғаннан кейiнгi сұйықтың құйылып тұрған жағдайы қалып кестесінде сипатталады.

Команда

А - 2 литр

В - 3 литр

0

0

В-ны толтыр

0

3

В-дан А-ға құй

2

1

Қорытынды нәтиже: В ыдысында 1 литр су бар.

2. Атқарушы СУҚҰЙҒЫШТЫҢ көмегiмен 3 және 5 литрлiк ыдыстар арқылы судың 1 литр болатын көлемін тап.

Қалып кестесiн толтыр

Команда

А - 3 литр

В - 5 литр

0

0

А-ны толтыр

3

0

А-дан В-ға құй

0

3

А-ны толтыр

3

3

А-дан В-ға құй

1

5

Қорытынды нәтиже: А ыдысында 1 литр су бар.

Бұл алгоритмде қанша қадам бар? - 4 қадам.


27-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. 5 литрлiк А ыдысы мен 8 литрлiк В ыдысы бар. Осы ыдыстар арқылы судың 4 литр болатын көлемін тап.

Қалып кестесiн толтыр:


Команда

А - 5 литр

В - 8 литр

0

0

А-ны толтыр

5

0

А-дан В-ға құй

0

5

А-ны толтыр

5

5

А-дан В-ға құй

2

8

В-дан төк

2

0

А-дан В-ға құй

0

2

А-ны толтыр

5

2

А-дан В-ға құй

0

7

А-ны толтыр

5

7

А-дан В-ға құй

4

8

Қорытынды нәтиже: А ыдысында 4 литр су бар.

Есептi жалғастырайық: осы жағдайдан ары қарай судың 1 литр болатын көлемiн тап.

Команда

А - 5 литр

В - 8 литр

4

8

В-дан төк

4

0

А-дан В-ға құй

0

4

А-ны толтыр

5

4

А-дан В-ға құй

1

8

Қорытынды нәтиже: А ыдысында 1 литр су бар.

2.Төмендегi берiлген алгоритмнiң кезектi командаларын орындағаннан кейiн әрбiр ыдыстағы судың көлемiн жаз.

Команда

А - 4 литр

В - 11 литр

0

0

А-ны толтыр

4

0

А-дан В-ға құй

0

4

А-ны толтыр

4

4

А-дан В-ға құй

0

8

А-ны толтыр

4

8

А-дан В-ға құй

1

11

А-ны толтыр

4

11

А-дан В-ға құй

Соңы

Қайталанатын командаларды жаз:

А-ны толтыр

А-дан В-ға құй

Бұл командалар қанша рет орындалады? - 4 рет.

Соңғы команданы неге орындауға болмайды? - В ыдысы толып тұр.

Ендi блок-сызбаны қарастырамыз:

жоқ

ия

Бұл блок-сызба циклдiк алгоритм болып табылады.

3.Атқарушы СУҚҰЙҒЫШТЫҢ қалып кестесіндегi командаларының аттарын жазып шық.

Команда

А - 4 литр

В - 7 литр

0

0

В-ны толтыр

0

7

В-дан А-ға құй

4

3

А-дан төк

0

3

В-дан А-ға құй

3

0

В-ны толтыр

3

7

В-дан А-ға құй

4

6

А-дан төк

0

6

В-дан А-ға құй

4

2

Қайталанатын командалар тобын жаз:

В-ны толтыр

В-дан А-ға құй

А-дан төк

В-дан А-ға құй

Бұл тiзбек қанша рет қайталанады? - 2 рет.

Бұл алгоритмнiң блок-сызбаны толтыр:

V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.


Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлiк желiлер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды компьютерлiк желi түсiнiгiмен таныстыру.

  2. оқушылардың компьютерлiк сауаттылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Компьютерлiк желi дегенiмiз - бiр-бiрiмен мәлiмет алмаса алатын кем дегенде екi компьютердiң байланыс құралдары көмегiмен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудiң тармақталған жүйесi. Бұл жағдайда, ақпараттық ресурстар, яғни мәтiндер, суреттер, әуендер жазу және ойындар барлық компьютерлер үшiн желi арқылы ортақ пайдаланылады. Кез келген компьютер желi арқылы барлық компьютерлердiң ақпарат көзi болып табылады. Жұмыс дәптерiндегi берiлген суретке назар аударыңдар. Мұнда желiлердiң сақиналық, магистральдық, ұяшық және жұлдыз тәрiздi болатынын көрiп отырсыңдар. ИНТЕРНЕТ - бұл дүниенiң әр түкпiрiндегi тұтынушыларды бiр-бiрiмен мәлiметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңiл байланыстыратын ең ауқымды желi түрi. Компьютердi Интернетке жалғау үшiн модем деп аталатын арнайы құрылғы пайдаланылады. Ол телефон арналары арқылы жалғанады. Интернет көмегiмен қажеттi мәлiметтердi iздеп қана қоймай, сонымен бiрге, электрондық пошта арқылы атамыз бен әжемiзге хат та жаза аламыз. Сонымен бiрге, оның көмегiмен чат арқылы бiр-бiрiмiзбен байланысып, ақпарат алмасып немесе әуендер тыңдап, не түрлi желiлiк ойындар ойнай аламыз.

Жұмыс дәптерiндегi суреттер бойынша әңгiме өткiзу.

ІҮ. Бекіту кезеңі 15-20 мин.

Тапсырма.

1. Сурет бойынша әңгiмелесу.

V. Үй жүмысына тақырыпты оқып мазмұндауға беру.

Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Үй жұмысын өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеру.

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естігендерін жазып алады. Екі нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылары тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерін жазып қойғандары дұрыс.

1-тапсырма. Алгоритмдi орында. Шегiртке қай нүктеде болады?

1-нұсқа. Жауабы: 4 нүктеде.

2-нұсқа. Жауабы: 3 нүктеде.


2-тапсырма. Алгоритмдi орындап, торкөздердегi Роботтың жолын салып көрсет.

Цикл қанша рет қайталанды?

1-нұсқа. Жауабы: 5.

2-нұсқа. Жауабы: 5.

3-тапсырма. Атқарушы СУҚҰЙҒЫШТЫҢ алгоритмiндегi жетiспейтiн командалар мен ыдыстардағы су көлемiн қалпына келтiр.

1-нұсқа

Команда

А - 7 литр

В - 17 литр

Басы

5

17

В-дан А-ға құй




0



7

8

А-дан құй




7

1


0

1

2-нұсқа


Команда

А - 7 литр

В - 17 литр

Басы

2

17

В-дан А-ға құй




0

12

В-дан А-ға құй



А-дан құй







0

17

Бұл алгоритмнiң қай түрi? Жауабы: циклдiк.

4-тапсырма.

1-нұсқа. Науқастың емес, программалаушының басы қандай вирустардан ауырады?

Жауабы: Компьютерлiк вирустан.

2-нұсқа. Компьютерге үлкен құлып салып қойсаң да, оны бұза алатын адамды кiм деп атайды?

Жауабы: хакер.

5-тапсырма.

1-нұсқа. Электрондық пошта арқылы хатты жiберу үшiн қандай құрылғы қажет?

Жауабы: модем.

2-нұсқа. Интернетке қосылу үшiн қандай құрылғы қажет?

Жауабы: модем.

Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Компьютер жадысының түрлері

Білімділік:Оқушыларға компьютердің құрылысын және жадтың түрлері туралы түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық:Жалпы ақпараттық құралдар мен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылық әрекетін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, өз бетімен жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, жұмысдәптері, компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру 2 мин
1. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үйтапсырмасын тексеру 5-6 мин
1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата? (пернетақта, жүйелік блок, монитор)

2. монитодың негізгі қызметі?( Монитор - мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы.)

3. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата? (килобайт (Кбайт) - 1024 байт; мегабайт (Мбайт) - 1024 Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып табылады)
4.Дербес компьютер дегеніміз не?(Дербес компьютер-ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған компьютер)

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру. 20 мин.
Сонымен біз сіздермен бүгінгі сабақта дербес компьютердің сыртқы және ішкі жадымен танысамыз. Компьютер жадының екі түрі бар. Ішкі жад және сыртқы жад.

Сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға, ал ішкі жады уақытша сақтауға қолданылады. Ішкі жадының өзі жедел (ЖЖҚ) және тұрақты (ТЖҚ) болып бөлінеді. Жедел жадыдағы ақпарат компьютер өшкенде тазарып отырады. Ал ТЖҚ-дағы ақпарат өзгертілмейді және үстіне жазылмайды. Онда программалық және анықтамалық ақпараттар компьютерді шығарған жерде жазылып жіберіледі.

Ал сыртқы жады мыналарда орналасады: магниттік диск, магнитттік таспа, лазерлік диск.

Магниті дискілерге қатқыл диск (винчестер) мен иілгіш диск (дискета) жатады.
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі жад деп атайды. Компьютердің ішкі құрылғылары:
Аналық тақша -ДК-нің негізгі тақташасы.
Оған мыналар енгізілген:
Жедел жад-компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.
Процессор-көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.
ТЖҚ (тұрақты жаттайтын құрылғы) -деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.
Шиналар-олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.
Компьютердің сыртқы жадына компакт диск, дискет және флеш дисктер жатады. Оларды компьютердің USB-порты, CD-ROM және дискжетек арқылы қосуға мүмкіндік береді. Бұлар ақпарат тасымалдаушылар деп атайды.
ІV. Сабақты бекіту кезеңі. 6 мин

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға техникалық диктант және кесте беріледі.

Техникалық диктант
1.Компьютердің сыртқы жадына компакт диск, дискет, флеш дисктер жатады.
2.Көлемі 1,44 МБ болатын иілгіш магниттік дискі дискеттер деп аталады.
3.Қазіргі кезде ең көп тараған процессор пентиум деп аталады.
4.Олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны шиналар деп аталады
5.USB порттарының жағымды жағы неде?

Компьютердің жад құрылғысының әрқайсысы қолданылуы мүмкін жерге «+» таңбасын қой.

Жадқұрылғысы

Компьютерде қолданылуы мүмкін

Жазу үшін

Оқу үшін

Ақпаратты компьютерден компьютерге тасу үшін

Жедел жад

+

+


Қатқыл диск

+

+


Дискет

+

+

+

ТЖҚ-ныңмикро схемасы


+


Компакт-диск

+

+


Қорытындылау:4 мин
Үйге тапсырма 1 мин: жаңа тақырыпты оқып келу
Оқушыларды бағалау.
Сұрақтарың бар ма?
- Сабақ аяқталды,
- Сау болыңыздар!

Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Тiзбектер .

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға тiзбектер түсiнiгiн беру.

  2. ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

  3. Оқушылардың тізбектер туралы дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: пратикалық элементі бар түсіндірмелі сабақ

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй жұмысын тексеру

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

ІVЖаңа сабақты бекіту

V Үй жұмысын беру

VІ Сабақты қорытындылау

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ Үй жұмысын тексеру

Берілген сөздерге кері әрекеттер келтір.

Отыру - тұру

Ашу - жабу

Бөлмеден шығу - бөлмеге кіру

Тақтаға жазу - өшiру

Ақпаратты енгiзу - ақпаратты шығару

Ақпаратты сақтау - ақпаратты өшiру

Сурет салу - суреттi өшiру

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Тiзбек - бұл белгілі бір таңбалар бойынша нысандарды орналастырудағы заңдылық. Нысанның түсi, пішінi, көлемi және онымен жасалатын iс-әрекеттер оның таңбалары болып табылады. Балалар, егер сендер нысан тiзбектерiндегi заңдылықтарды анықтауды үйренсеңдер, онда ары қарай қандай процестердiң болатынын алдын-ала бiлiп отырасыңдар. Бұл тақырыпты мысалдар ретiнде қарастырған дұрыс. Тiзбектер мысалдары ретiнде моншақтарды тiзу, цифрлардың өсу және кему реттерiн, алфавиттердегi әрiптердi, апта күндерiн, айлар аттарын, мезгiлдердiң өзгеруiн алуға болады. Ал ендi, балалар, тiзбектерге мысалдар келтiрiңдер.

ІVЖаңа сабақты бекіту

Тапсырма

  1. Әрiптердi өз орнына қой. Жауабы: ТIЗБЕКТЕР.

  2. Тiзбектiң реттiлiгiн анықта.

    1. Таңертең 1. Ертеңгi ас

    2. Түс 2. Түскi ас

    3. Кеш 3. Кешкi ас

3. Әлімге бiр ғана әрiптi өзгерту арқылы "СЕРТ" сөзін "ҚАЛА" сөзіне, "САН" сөзін "ТӨЛ" сөзіне ауыстыруға көмектес.

СЕРТ/САРТ/ҚАРТ/ҚАРА/ҚАЛА

САН/САЛ/ТАЛ/ТӨЛ

4.Амалдардың орындалу тәртiбiн көрсет.

70-(14+36):5 = 60

  1. Жақшаның iшiндегiнi орындау.

  2. Бөлу амалы.

  3. Азайту амалы.

5. Әрекеттердi рет-ретiмен қой.

  1. Бақшаны суар.

  2. Көкөніс тұқымдарын отырғыз.

  3. Көкөністерді теріп ал.

  4. Бақшаны арамшөптерден тазарт.

  5. Жерді қопсыт.

6.Әрекеттерді орында.

Үш таңбалы сан жаз.

Оны керiсiнше жаз.

Үлкенінен кiшiсін ал.

Ортаңғы цифрды жаз.

Екi шеткi цифрдың қосындысын жаз.

Жауабы: Үш таңбалы сан жаз: 321 214

Оны керi жаз. 123 412

Үлкенiнен кiшiнi ал. 198 198

Ортаңғы цифрды жаз. 9 9

Екi шеткi цифрдың қосындысын жаз. 9 9

7. Тiзбектiң ретiн дұрыс көрсет.

Қырғауылы қызыл екен,

Ешкi жүнi бөртеде,

Ерте, ерте, ертеде,

Құйрық жүнi ұзын екен.

Жауабы:

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкi жүнi бөртеде,

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрық жүнi ұзын екен

V Үй жұмысын беру

Тізбектерге мысалдар келтіру.

VІ Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалап, сабақты қорытындылау.


Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Windows басқару элементтері. Windows жүйесінің жұмыс үстелі.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен, терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің мүмкіндіктерімен таныстыру.

2) Тәрбиелік: терезе құрылымы және элементтерімен таныстыра отырып, оларды компьютермен жұмыс барысында жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

3) Дамытушылық: Windows терезелерінің мүмкіндіктерімен таныстыра отырып, олардың көре отырып және ести отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды үйрену сабағы

Сабақтың әдісі: Практикалық іс -әрекеттерді ұйымдастыру әдісі

Көрнекілігі: Оқулық. Жұмыс дәптері, ДК-лер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Жаңа сабақты бекіту

V. Қорытынды

VI. Бағалау

VIІ. Үйге тапсырмасын беру


I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардан өткен тараулар бойынша қайталау сұрақтарын қою.

  1. ОЖ-ның шығу тарихы.

  2. ОЖ дегеніміз не?

  3. ОЖ-ның түрлері.

  4. Дербес компьютерлер

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Windows операциялық жүйесі

Қазіргі кезде Windows - барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе.

Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір - біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіктері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған..

Windows объектілері

Windows - графикалық операциялық жүйе, оның негізгі объектілері терезе мен белгішелер негізінде түрінде бейнеленеді.

Windows объектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, оның ең негізгісі - тышқан.

Тышқанның көмегімен Windows объектілермен төмендегі әрекеттерді орындауға болады: белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу.

Компьютерді іске қосайық. Жүйе тестілеуден өтіп және жүктелгеннен кейін экран келесі түрде көрінеді.


Жұмыс үстелінде Windows-тың объектілері мен басқару элементтері орналасқан. Объект - олармен Windows жұмыс істейтіндердің барлығы.

Объект - ұғым. Әр объектінің өзіне тән қасиеттері болады. Олар бір-бірінен осы қасиеттері бойынша ажыратылады. Windows-тің объектілеріне қапшықтар, файлдар, терезелеер, таңбашалар, белгішелер мен тышқан нұсқағышы жатады.

Белгішелердің тағы бір түрі - бұл таңбашалар. Таңбаша - бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма

Қапшық - бұл объектілер қоймасы. Қапшықтардың ішінде тек файлдар, белгішелер, таңбашалар ғана емес, басқа қапшықтар да болуы мүмкін.

Файл ( File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

Windows-тің басқару элементтері
Жұмыс үстелінің терезесінде объектілерден басқа басқару элементтері де болады. Оларға «Пуск» батырмасы, Бас меню, меню жолындағы меню мен командалар жатады.
Команда деп осы команданың белгішесіне тышқан нұсқағышын апарып шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Сәйкестендіру тесті


Сөзжұмбақ

Т

Ә

У

Е

Л

С

І

З


Т

Е

ң

г

е

Р

Ә

М

І

З


Б

Ә

Й

Т

Е

Р

Е

К


А

Т

А

З

А

Ң


Е

Л

Т

А

Б

А

  1. Біз қандай мемлекетпіз

  2. 1993 жылдағы тәуелсіздігіміздің белгісі

  3. 1992 жылы маусымда қабылданған тәуелсіздігіміздің белгісі

  4. 2002 жылы Астанадағы егемендігіміздің белгісі

  5. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған құжат

  6. мемлекеттік рәміздердің бірі

V. Жаңа сабақты қорытындылау

Айналдыру жолақтары:


10


ш

е

к

а

р

а

л

а

р


қ

а

п

ш

ы

қ

қ

а

9

а

у

ы

с

у

қ

а

л

ы

п

-

к

ү

й

8

ж

о

л

ы


а

й

н

а

Л

д

ы

р

у

7

ж

о

л

а

ғ

ы


б

а

С

қ

а

р

у

6

б

а

т

ы

р

м

а

л

а

р

ы

қ

ұ

р

а

л

с

а

й

м

А

н

д

а

р

5

т

а

қ

т

а

с

ы

ж

ұ

м

ы

с

4

а

л

а

ң

ы

т

а

Қ

ы

р

ы

п

3

ж

о

л

ы

ж

ү

й

е

л

і

к

м

е

н

ю

2

б

е

л

г

і

ш

е

с

і


м

е

н

ю

1

ж

о

л

ы


VI. Бағалау

Оқушылардың білімдеріне қарай бағалау.

VIІ. Үйге тапсырмасын беру

1. Терезелер.

2. «Терезе» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру


Күні_______________

Пән аты: иформатика

Сынып: 6а

Сабақтың тақырыбы: Блокнот және Калькулятор. Калькулятордың жады

Сабақтың мақсаты: стандартты программалармен таныстыруды жалғастыру

Оқушылар білуі тиіс: Блокнот программасының қызметі мен мүмкіндігін; Калькулятор программасының қызметі мен мүмкіндігін.

Оқушылар үйренуі тиіс: Блокнотты іске қосуды, Калькуляторда қарапайым тесептеулерді шығаруды.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі
II
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

III Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Стандартты программа құрамына қандай программа кіреді?

  2. Қосымша сандық пернетақтаны қалай қосады?

IV Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Блокнот программасын пайдалануды білесіңдер. Блокнот және WordPad-ты ашыңдар. Терезеде екеуін қатар қойыңдар. Осы терезелердің айырмашылығы неде?

  2. Блокнотта шрифт өзгерту үшін формат таңдауға бола ма? «Мен Блокнотты оқимын» деп теріңдер, шрифт өлшемі 24пт, мәтінді белгілеп, жартылай қою және курсивті белгілеңдер (мәтін өзгереді). Файлды қапшықтарыңда «Тексеру» деген атаумен сақтаңдар. Шрифт өзгерді ме? (Блокнотта пішімдеу өзгерген жоқ, тек мәтіннің бейнесі өзгерді).

Редактордың WordPad редактордан айырмашылығы неде? Тұсаукесердің көрсетуі «есептеулер тарихы» («Қызықты ақпарат» бөліміндегі материялды пайдалануға болады.)

«Есептеулер тарихы» тұсаукесерін көрсетті («Қызықты ақпарат» бөліміндегі материялды пайдалануға болады.) Мәтіннің тәжірибелік тапсырмасын орындауды көрсету.

Оқушылар өз беттерімен өз жастарын есептеуді жүргізеді.

V Тақырып таңдау

Таңдалған деңгейлік тапсырма бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау.

Екінші сабақта тарау мәтіннен тәжірибелік тапсырманы орындау. Оқушылар өз жастарын есептейді.

VI Сабақты қорытындылау

Тәжірибелік жұмысты тексеріп, бағалау.

VII Үй тапсырмасы

Оқулық сұрақтарына жауап беру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал