- Учителю
- Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Компьютердің қосымша құрылғылары
Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Компьютердің қосымша құрылғылары
| Сабақ өтілетін күн: 14.10.2015 Орны: информатика кабинеті | Барлық оқушы саны: Қатысқаны: | ||
Сілтеме | Оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар. | |||
Сабақ тақырыбы | Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Компьютердің қосымша құрылғылары | |||
Жалпы мақсаттар | Дербес компьютердің архитектурасымен, оның құрылғыларының міндеттерімен танысып, өз беттерімен білім алуға дағдыланады. | |||
Түйінді идеялар | Дербес компьютер, ДК түрлері, компьютердің ішкі құрылғылары, компьютердің қосымша құрылғылары. | |||
Әдіс-тәсілдер | Топтық жұмыс, ЖИГСО, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ - ны пайдалану, диалог, жас ерекешелік, өзін-өзі бағалау, дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды оқыту, кері байланыс | |||
Көрнекіліктер | Интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырма мен конверттер, түрлі түсті кубик, проектілі тақта, постерлер | |||
Дереккөз дер | Оқулық, дидактикалық материалдар, интернет ресурстары | |||
Оқыту нәтижелері |
| |||
Сабақ барысы | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Сабақ кезеңдері
1-кезең. Қызығушылықты ояту:
|
3 мин 5 мин 6 мин
| Психологиялық ахуал тудыру. « Сәлем» ойыны. Мұғалім атаған дене мүшелерімен амандасу керек.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта суреттері бойынша топқа бөлу Топ басшысын Баяндамашы Хатшы Таймспикер тағайындау Топ ережесін еске түсіру. Сабақ барысынды бағынуға шақыру.
Әр топқа бағалау парақшаларын тарату.
Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын оята отырып, үй жұмысын сұрау.
Сұрақтар: 1. Пікір - дегеніміз не? Жауабы: Пікір деп ақиқат немесе жалған екенін тұжырымдауға болатын мағынасы бойынша аяқталған сөйлемді айтамыз. 2. Конъюнкция - дегеніміз не? Жауабы: Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғауы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе конъюнкция деп аталады. 3. Дизъюнкция - дегеніміз не? Жауабы: Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғауы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады. 4. Инверсия - дегеніміз не? Жауабы: «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады. 5. Санау жүйесі дегеніміз не? Жауабы: Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері. 6. Санау жүйелері қандай топтпрғп бөлінеді? Жауабы: Позициялық санау жүйесі және позициялық емес санау жүйесі 7. Позициялық санау жүйелерін ата Жауабы: 10, 2, 8, 16
8. Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны қандай?
Жауабы: римдік санау жүйесі
9. Позициялық санау жүйесі дегеніміз не?
10. Позициялық емес санау жүйесі дегеніміз не?
Әр топқа кубикте шыққан түс бойынша конверттегі тапсырманы беру.
Қызыл конверт: А- деңгейі
В- деңгейі
C- деңгейі
Жасыл конверт: А- деңгейі
В- деңгейі
C- деңгейі
Көк конверт: А- деңгейі
В- деңгейі
C- деңгейі
| Жұптасып дене мүшелерімен амандасады. Оқушылар өздеріне түскен қима қағаздар бойынша топқа бөлінеді.
Әр топ бірлесіп, топ басшы, баяндамашы, хатшы, таймспикер тағайындайды. Ережені бір оқушы тақтадан оқиды, естеріне түсіреді
Сабақ барысында топ басшысы өзін және топ мүшелерін сабақтың әр этапы бойынша бағалап отырады. Оқушылар допты қағып алып, сұраққа шапшаң жауап береді. Жауап беруге қиналса, басқа топ мүшелеріне допты лақтырады. Кубикті лақтырады, қай түс келеді, сол түсті конверттегі деңгейлік тапсырманы орындайды.
Тапсырманы аяқтағаннан кейін, дәптерлерін ауыстырып, тақтадаға жауаппен салыстырады. Топ басшысы бағалайды. | |
2-кезең. Мағынаны ажырату:
| 20 мин 2 мин |
Тақтада ребус беріледі 4. Жаңа тақырып. Әр топқа тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу үшін бөлініп беріледі. Постер құру ұсынылады.
5. Сергіту сәті. «Физминутка» би билету | Оқушылар ребусты шеше отырып, жаңа сабақты оқып, үйренуге өз мақсаттарын қояды.
Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Постер қорғайды. Топ ішінде пікір алмасады. Әр топ постер арқылы тақырыпты қорғайды.
Жаттығуды орындап көңілдері көтеріледі. | |
3-кезең. Ой- толғаныс:
|
3 мин
3 мин |
Әр топқа конверт таратылады
Мұғалім сұрақтарды кезекпен оқиды.
Термин жазылған стикер оқушының маңдайына жапсырады. | Топ мүшелері бірлесіп, 3 сұрақ құрап, конвертке салып мұғалімге табыстайды.
Оқушылар жауап береді.
Топ мүшелері сөзді атамай жауабын табуға көмектеседі.
| |
Келесі оқуға арналған тапсырмалар. | 1 мин | 7- тақырып, бақылау сұрақтарына жауап беру. Үйден 2 сұрақтан құрап келу. |
| |
Бағалау | 2 мин | Бағалау парақшасы арқылы бағалау, сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтадағы смайликтерге іледі, алған формативті бағалары бойынша жиынтық бағалау | Өзін-өзі бағалайды. Сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі. |