7


  • Учителю
  • Microsoft Word редакторында фигураларды салу

Microsoft Word редакторында фигураларды салу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сыныбы: 7ә,7б, 7г,7ғ,7д,7е,7ж Күні: 16.02-21.02.2015Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салуСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға Microsoft Word мәтіндік құжаттарына графикалық кескінді, фигуралық мәтінді кірістіруді және сол құжаттарды баспаға шығаруды үйрету;Дамытушылық: Оқушылардың есте
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 7ә,7б, 7г,7ғ,7д,7е,7ж Күні: 16.02-21.02.2015

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Microsoft Word мәтіндік құжаттарына графикалық кескінді, фигуралық мәтінді кірістіруді және сол құжаттарды баспаға шығаруды үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылардың ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу.

2.Үй жұмысын тексеру

3.Өткен сабақты қайталау:

1. Мәтінді қалай туралауға (выравнивание ) болады?

- сол жақ, оң жақ, орта және екi жақ шетi бойынша;

- горизонталь, вертикаль, диагональ бойынша;

- сол жақ, оң жақ және вертикаль.

2. Microsoft Word редакторын іске қосу былай орындалады (қате жолды көрсетіңіз):

- Пуск→Программы→Microsoft Word командаларын орындау арқылы.

- Word-та бұрын дайындалған құжаттың шарт белгісінде маусты екі рет шерту арқылы.

- Жұмыс столында жанама менюді шақырып, оның ішінен Word программасын таңдау арқылы.

4.Жаңа сабақ

Құжатты сәнді безендіру үшін оған графикалық элементтерді (суреттерді, диаграммаларды, стандарттық картинкаларды) өте жиі кірістіруге тура келеді.

Барлық осы элементтерді құжатқа кірістіру үшін Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасы немесе Кірістіру→Сурет (Вставка → Рисунок) пайдаланылады.

Мәтінге суретті кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:

1. Суретті кірістіретін орынды шертіңдер.

Кірістіру (Вставка) менюіндегі Сурет (Рисунок) командасын, ал содан кейін Файлдан (Из файла) командасын таңдаңдар немесе Сурет салу (Рисования) тақтасының Суретті үстемелеу (Добавить рисунок) батырмасын басыңдар.

2. Кірістіру талап етілетін суретті табыңдар.

3. Кірістіру талап етілетін суретті екі рет шертіңдер.

Картинкалардық жинағын (Microsoft-тың) үстемелеуге, ретке келтіруге немесе Microsoft Office-тің кез келген қосымшасынан мультимедиа клиптерін қарап шығуға болады.

Кірістіру (Вставка) менюіндегі Сурет (Рисунок) командасын, ал содан кейін Картинкалар командасын таңдаңдар немесе Сурет салу (Рисования) тақтасының Картинканы үстемелеу (Добавить картинку) батырмасы бойынша шертіңдер.

Автофигуралар мен WordArt объектілерін кірістіру

Microsoft Word-та векторлық графика негізінде суретті дайындау мүмкіндігі бар, ол үшін құрамдас дайын объектілер (Автофигуралар) мен графикалық мәтін (WordArt) пайдаланылады.

Құжатқа Автофигураларды үстемелеу үшін:

1. Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін Автофигуралар командасын немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының Автофигуралар менюін таңдаңдар.

2. Тізімнен керекті фигураны таңдаңдар

3. Оны құжаттың керекті орнына алып барыңдар.

7.7 сурет. Сурет салу тақтасының Автофигуралар менюі

Құжатқа WordArt объектілерін үстемелеу үшін:

Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін WordArt командасын немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының WordArt WordArt объектісін үстемелеу (Добавить объект WordArt) батырмасын таңдаңдар.

1. Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін WordArt командасын немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының WordArt WordArt объектісін үстемелеу (Добавить объект WordArt) батырмасын таңдаңдар.

2. WordArt жинағы сұқбаттық терезесінен мауспен екі рет шертіп керек мәнерді таңдайсыңдар

3. WordArt мәтінін өзгерту (Изменение текста WordArt) терезесіне керек мәтінді енгізіңдер

4. OK батырмасын басыңдар

Қорытынды

Жаңа сабақты бекіту мақсатында:

1. WordArt мәтінін қалай өзгертеміз?

2. Қажетті геометриялық фигураларды қалай таңдаймыз?

3. Геометриялық фигураларды қалай топтаймыз?

Үйге тапсырма: Фигураларды салу

Сыныбы: 7ә,7б, 7г,7ғ,7д,7е,7ж Күні: 23.02-28.02.2015

Сабақтың тақырыбы: Мәтін, мәтіндік блоктар құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды MS WORD мәтіндік процессорымен таныстыру. Редакторды құрайтын терезелерді қарастырып, мәтіндік редакторды жүктеуді және одан шығаруды үйрету.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер оқулық, практикум.

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру. «Ой қозғау»

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1 Растрлық кескіндер дегеніміз не?

2 Пиксель дегеніміз не?

3 Векторлық графика деген не?

4 Векторлық графиканың негізгі объектілерін атаңдар.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

1 Негізгі мәзірден Іске қосу - Программалар - Microsoft Office - Microsoft Word командаларын орындау арқылы

2 Жұмыс үстеліндегі таңбашасымен;

3 Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

1 Файл - Шығу командаларын таңдау;

2 Alt+F4 батырмалар комбинациясын басу арқылы;

3 Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шерту.

Жаңа құжат құру - Файл-Создать.

Бұрыннан бар құжатты ашу: Файл- Открыть;

Құжатты сақтау - Файл-Сохранить немесе Файл - Сохранить как командаларын орындау қажет.



Жаңа құжат құру терезесі

Құжат ашу терезесі

Құжат сақтау терезесі

Меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіру үшін Backspace батырмасын қолданады. Delete батырмасын қолданғанда меңзердің оң жағында орналасқан мәтін өшіріледі. Мәтіндік редокторларда мәтіннің бүтін блоктарын да өшіруге болады. Ол үшін алдымен жоюға тиіс блокты белгілеу керек. Маусттың батырмасын блоктың басында шертіңдер де оны жібермей нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе Shift батырмасын басулы қалпында ұстап меңзерді басқару батырмасында шертіңдер. Мәтінді белгілегеннен кейін Delete пернесін басыңдар.Word құжаты бетімен орын ауыстыруды басқару үшін арнайы пернелер комбинациялары қолданылады. Кестеде құжат бетімен орын ауыстыруды жылдамдату үшін қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген.Сонымен қатар құжат бойынша орын ауыстыру үшін сырғытпаны немесе айналдыру жолақтарын қолдануға болады.Егер айналдыру жолағындағы сырғытпада шертіп оны босатпай жылжытса онда мәтін белгілі бір арақашықтыққа дейін жылжиды.

Word-та жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

● Құжат құру;

● Мәтін енгізу

● Мәтінді редакциялау;

● Мәтінді бағалау;

● Мәтінді пішімдеу

● Құжатты сақтау

● Құжатты басып шығару

IV. Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма MS Word -пен танысу.

♦ MS Word мәтіндік процессорды таныс әдістердің бірін пайдаланып ашыңыз.

♦ Құрал-саймандар тақтасындағы Стандартты, Пішімдеу белгілерін қараңыз, ол үшін оларға тышқан сілтемесін әкелсе жеткілікті.

♦ Анықтама мәзірінен стандартты құрал-саймандар тақтасының әрбір пункті бойынша процессорын табыңыз.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Word мәтіндік процессорды қалай іске қосу болады? 2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады? Ал пішімдеу тақтасына ше? 3. Жаңа Word құжаты қалай құрылады?

V. Үйге тапсырма беру MS WORD мәтіндік процессоры.

VI. Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал