- Учителю
- Урок по информатике по теме «Кестелерді пішімдеу»
Урок по информатике по теме «Кестелерді пішімдеу»
Сыныбы: 6 «Ә» Күні: 28.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Кестелерді пішімдеу.
Сабақтың мақсаты: MS Word бағдарламасында кестелерді пішімдеуге үйрету.
Білімділік: Кестенің ішіндегілерді өшіріп, қосып, өзгертуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды мұқияттылыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер,оқулық,карточка.
Сабақтың өту барысы.
1.Оқушылардың ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру.
1. Саламатсыздарма, оқушылар! (оқушыларды отырғызып, түгелдеп, журнал толтырып, жаңа сабаққа дайындығына, оқу құрал-жабдықтарының барына көңіл бөлемін). Дәптерлеріңді ашып, сабақ тақырыбын жазып алыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы кестелерді пішімдеу. Яғни біз бүгін кестемен жұмыс жасауды жағастырамыз. Алдыңғы сабақтарда кестені құрып, оны түзетуді үйрендік. Ал бүгін кестені әрлеуді үйренеміз.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сонымен балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Ия, кім дайын? Қайталау сұрақтары:
1. Кесте дегеніміз не?
2. Ұяшық дегеніміз не?
3. Кестені кірістіру қай мәзірде орналасқан? (кірістіру, вставка)
4. Құрылған кестеге жол немесе баған қосуға болама? (ия)
5. Пернетақтаның қай пернесімен жолды немесе бағанды жоюға болады?
6. Бір ұяшықтан келесі ұяшыққа қандай пернемен ауысқан ыңғайлы?
Жақсы оқушылар. Кесте тақырыбын жақсы меңгергендерің белгілі. Ендеше, соңғы сабақтарда жұмыс жасап жүрген Microsoft Office Word бағдарламасын жалпы қандай дәрежеде меңгергендеріңді тексеру мақсатында бір тапсырманы орындап көрейік. (оқушыларға карточка таратамын). Карточканы толтыруға 3 минут уақыт беремін.
Оқушының аты-жөні: _________________________
1. Microsoft Office Word қандай бағдарлама? _________________________________________________________
2. Microsoft Office Word бағдарламасының қандай мүмкіндіктерін білесің?____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4
3
2
13. Терезе элементтерін жаз.
7
6
5
1) _______________________________________________________
2)________________________________________________________
3)________________________________________________________
4)________________________________________________________
5)________________________________________________________
6)________________________________________________________
7)________________________________________________________
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кестені әрлеу үшін жолақтың кестемен жұмыс істеуге арналған Конструктор тіркеме парағын қолданады.
Кестелерді ең алдымен дайын мәнерлердің көмегімен өрлейді. Жолақтың Кестелер мәнерінің өлшемдері тіркеме парағында мәнерлердің қандай элементтерге қолданылатынын көрсету керек. Кестелердің мәнерлері бөлімінде - жарамды мәнерді таңдаймыз.
Егер сендер кестені өз беттеріңмен әрлегілерің келсе, жолақтың басқа тіркеме парақтары керек болуы мүмкін.
Кестенің ұяшықтарын қоршау және құйып бояу. Әрлеуді таңдар алдында қоршау немесе құйып бояу амалдары орындалатын ұяшықтар тобын немесе кестені тұтастай ерекшелеп алу керек. Одан кейін келесі батырмалардың керектерін таңдайды:
1. Қаламұштың мәнерін таңдауға арналған батырманы төмен қарай ашылатын мәзірде әртүрлі сы-зықтар бар: жіңішке, жуан, қосарланған, пунктирлі, толқынды.
2. Төменірек қаламұштың жуандығын таңдау батырмасы орналасқан 0,5 пт жуандық пункттермен көрсетіледі.
Енді, оқушылар, осы айтылғандарды тәжірибе түрінде орындап көрейік.
4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
«Кесте құру»
-
Microsoft Word 2007 бағдарламасын іске қосыңыз.
-
Құжатқа үлгіге сәйкес кесте құрыңыз.
Апта күндері
Шығындар
тамақ
уақ-түйек
Транспорт
Қыдыру
Басқа
Барлығы
Дүйсенбі
100
30
60
50
30
270
Сейсенбі
250
100
120
500
200
1170
Сәрсенбі
203
154
485
1477
788
3107
Бейсенбі
789
589
369
651
356
2754
Жұма
555
123
356
456
987
2477
Сенбі
589
752
521
258
963
3083
Жексенбі
456
987
654
123
321
2541
Бәрі
2942
2735
2565
3515
3645
15402
3. Өз қалауларың бойынша кесте түрін өзгертіңдер. Әр апта күнін әртүрлі түске (ашық түске) бояңдар.
4. Кестені Шығындар деген атаумен сақтаңдар.
5. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары. Сабақты бекіту үшін мен My Test бағдарламасында 12 сұрақтан құралған тест даярладым. Сол сұрақтарға жауап бере қойыңдар.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәнер дегенді қалай түсінесіңдер ?
2. Кестені мәнерлермен әрлеуге қандай бұйрық көмектеседі?
3. Қаламұштың жуандығын не үшін өзгертеді?
4. Кестенің айналасын қосарланган сызықпен қалай қоршаймыз?
Рефлексия.
Оқушының аты-жөні:___________________________________________________________
Бүгінгі сабақта не үйрендім?
Нені үйренгім келеді?
Алда тағы нені үйренгім келеді?
6. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма. §24. Кестелерді пішімдеу. 157-161 беттер.