7


  • Учителю
  • Adobe Photoshop жұмыс ортасында жұмыс істеуге арналған негізгі палитралар.

Adobe Photoshop жұмыс ортасында жұмыс істеуге арналған негізгі палитралар.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ жоспары:

Пән аты: Автоматтандыру негіздері

Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop жұмыс ортасында жұмыс істеуге арналған негізгі палитралар.

Оқу тобы: ШВ-10Г

Мамандығы: Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасында қалай жұмыс істеу керектігін үйрету. Тарихына көз жүгірту.

Дамытушылық:

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабаққа бөлінетін уақыт: 80 минут

Сабақтың әдістері: Әңгіме, сұрақ - жауап, баяндау, көрнекілік, компьютермен жұмыс жасау, проектормен демонстрация жасау.

Сабақтың жабдықталуы: ДК, интерактивті тақта, тапсырмалар.


Сабақтың өткізілу барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Б) дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару


2. Үй жұмысын сұрау:

Corel Draw бағдарламасын қортындылау мақсатында оқушыларға карточкалар таратылады. Карточканы орындау уақыты 5-8 минутта орындалуы керек.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

  • Растрлік графика - полиграфиялық шығарылымдарды жасауда өңдеуде пайдаланылады. Ең кішкентай элемент - ол парақ бетіндегі нүкте. Растрлік графикада ең негізгі түс болып табылады. Ол Интернете көп пайдаланылады.

  • Векторлық графика - чертеждар сызу мен сәндеу жұмыстарын жасауда және оларды аз мөлшерде өңдеуде пайдаланылады. Векторлық графикада ең бастысы обьект формасы болып табылады. Векторлық графикамен қарапайым сәндеу жұмыстарын, яғни шрифттарды қолдану және геометриялық сызықтарды салу өте оңай. Векторлық бейнелердің көлемін үлкейткенімен оның сапасы өзгермейді. Векторлық графика көбінесе картографияда пайдаланылады, себебі онда әрбір бөлек бөлшектерді қайта - қайта үлкейту керек және оның сапасы сақталу керек.

  • Фрактальді графика - математикалық есептеу жолы арқылы бейнелерді автоматты түрде генерациялауға арналған. Бейнелер формулалар (теңдеулер) арқылы ұрылады, сондықтан бейнелердің өзі емес, олардың коэфиценттері сақталады. Коэфиценттерін өзгерте отырып, әртүрлі бейнелерді алуға болады.

  • Набивка - сақталған бөлшектерін көшіру арқылы бейненің кейбір элементтерін қайта қалпына келтіру.

  • Штамп - бейнеден таңдап алынған бөлшектерін көшіруге арналған.

  • Обтравка- жалпы композициядан бір бөлшекті бөліктеуге арналған.

  • Сиқырлы таяқ және Лассо - жалпы композициядағы әрбір бөлшекті ерекшелеу.

  • Выделение - өзгертуге немесе көшіруге, орналастыруға арналған бейненің аймағы.

  • Монтаж, коллаж - басқа редакторлардан немесе басқа бейнелерден алынған бейнелерді компановкілеуге арналған. Алдыңгы, артқы план, қабаттар, каналдар - бейненің компоненттері.

  • Қабаттар - мөлдір фонмен жиектелген бейненің мөлдір емес бөліктері. Бұл мөлдір пленкаларда орындалған және бірін бірінің үстіне қойылған, ал артына мөлдір емес сурет қойылған. Бұған контурлік карта(артқы план) мысал бола алады, оған мемлекеттер орналастырылады (бірінші қабат), қалалар(екінші қабат), ормандар, шөл далалар (үшінші қабат) т.с.с.

  • Каналдар - бейненің бір түсіне сәйкес келетін монохромдық бейне, мысалы қызыл - жасыл - көк.

  • Маскілер - қабаттың көрінбейтін аймағы. Ондай облыстарды өзгертуге болмайды. Маскілер бөлшектерден тұратын бейнені бөлу үшін қолданылады.

  • Тазалау - жеке бөліктердің жарықтылығын өзгертуге, динамикалық диапазонын - бейненің жарықтылығын өзгертуге арналған.

  • Бояу - жеке фрагменттер арасын білдіртпей қосу.

  • Кегль - пункттердегі символдар өлшемі (1пт. = 0.3мм.)

  • Интерлиньяж - текстегі жолдың арақашықтықтары.

  • Кернинг - сөздегі символдар арақашықтықтары.

Түсбөліктеу - типографияларда түрлі-түсті бейнелерді бірнеше амалдармен жасайды, бірінші қағазға көгілдір, көкшіл, сары және қара таңбаларды кезекпен басады. Соңында түрлі - түсті бейнені алады. Компьютерде түсті бейнені жасаудың алдында бейнені төрт түстері сәйкес келетін бейнелер тобына бөледі. Бұл процесс түсбөліктеу деп аталады.

Түсті модельдер

  • RGB (Red + Green + Blue), қызыл, жасыл, көк - негізгі түстер болып табылады. Модель негізінен бейнені экранға жіберер алдында пайдаланылады.

  • CMYK - (көгілдір (Cyan) + көкшіл (Magenta) + сары (Yellow) - негізгі тустерге қосымша түстер болып табылады. Модель полиграфияда қолданылады. Шынында да, көгілдір = ақ - қызыл = көк + жасыл, көкшіл = ақ - жасыл = көк + жасыл, сары = ақ - көк = жасыл + қызыл. Үш негізгі түстің бірігуі бүкіл түсетін жарықты жұтады, яғни қара болып көрінеді. RGB - ге қарағанда бұнда түстердің санының көбеуі жарықтықты үлкейтпейді, керісінше төмендетеді.

  • HSB (түс (Hue) + қанықтылық (Saturation) + анықтылық (Brightness). Бұл жеке суреттерді салу үшін қолданылады. Ойдан бейнелер жасауда HSB моделінде жұмыс істеу ыңғайлы. Содан кейін RGB немесе CMYK модельдерінде түрлендіруге болады.

Графикалық форматтар файлы

BMP - файл - суреттердің, фотосуреттердің ең көп тараған растрлік форматы. Оның бейнелер көлемінің өлшемі өте үлкендігімен және өте жақсы сапасымен ерекшеленеді.

JPG - үлкен сығу мөлшері бар көптүсті фотосуреттер форматы. Ол түрлі-түсті емес суреттерге тиімсіз.

GIF - аз түсті бейнелерге арналған (256 түске дейін) графикалық формат болып табылады.

TIF - полиграфикалық сығылған формат, ол файлда бейнелерді сақтайды. PSD - Photoshop - та сақталған және өңделген бейне. Бұл формат көпқабатты.

Инструменттік политра

Photoshop - тағы Политралар - инструменттер пораметрлерін ретке келтіруге арналған терезелер және бейнелерге жасалатын операциялар.

  • Политраны шақыру - Окно - Показать.

  • Политраның мүмкіндіктерін ретке келтіру - политраның жоғарғы шетіндегі бағдаршаны шерту керек. Контексті менюдан қосымша инструменттердің функциясын табуға болады. Кез-келген ретке келтіру панелін шақыру үшін оны екі рет шерту керек. Керекті политраға тапсырыс беру - ОКНО менюін шерту және тапсырыс беру керек, мысалы:

  • Навигаторды көрсету - таңдалған инструменттің атын көрсетеді. Ол инструменттің атын өзгертуге болады.

    • Түстер каталогын көрсету - түстерді көрсету. Керек емес түстерді алып тастауға болады.

    • Қылқаламды көрсету - сурет салу үшін керекті қылқаламдардың әртүрлі түрлерінен тұрады.

    • Қабаттарды көрсету - жоғарғы жағынан бастап бейненің барлық қабаттарын көрсетеді.

    • Орындалған жұмыстарды көрсету - алдында орындалған жұмыстардың тізімін шақырады, тізімнің қатарларын шертіп, бір немесе екі қадамға артқа жылжытуға болады.

БЕЙНЕМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНИКАСЫ

  • Жаңа бейне құру - Файл - Жаңа. Пайда болған панелде өлшемдерді енгізу.

  • Бейненің беттерінің өлшемін енгізу - Файл - Настройка страницы - размер - Ориентация - книжная немесе альбомная - ОК.

  • Түрлендіруге дайын бейнені шақыру - Файл - Открыть папканы таңдау керек бейне - файлдың атын шерту керек. Кезкелген файлдарды ашуға болады, ал ол файлдардың кеңейтілуі .PSD, .PDF, .PIC, .PDD, .BMP, .RLF, .JPG, .PCX, .TIF және т.б.

  • Бейнені сақтау - Файл - Сохранить как . Папканы таңдап атын таңдаған соң ол өзі PSD кеңейтілуін алады.

  • Барлық бейнелер өлшемін үлкейту Лупа кнопкасын басып, экранға бір рет шерту керек. Немесе үлкейту керекті обьектіні лупамен айналдыру керек.

  • Барлық бейнелер өлшемін кішірейту. Лупа кнопкасын басып, экранды тышқанның оң батырмасын басу керек. Немесе Түр - Кішірейту немесе Ctrl және минус батырмасын басу керек.

  • Қол - үлкейтілген бейнені рамканың ішінде немесе Навигаторда көшіруге болады.

Бейнені өңдеудің негізгі құралдары

Саймандар тақтасы экранда орналасқан. Егер ол жоқ болса, онда Окно - Вкл. Панель. Бұл саймандар тақтасында бейнені жасаудың және өңдеудің барлық инструменттері бар. Керек болса: Окно - ... Инструменттерді шақыру және кейбіреулерін тез орындайтын клавишалар арқылы орындауға болады. Әрбір клавишаның қызметін оны басқанда шығатын подсказка арқылы білуге болады.

Заливка түрін таңдау. Негізгі және қосымша түрді таңдауға болады. Немесе - Терезе - Түрлерді көрсету -Каталог түрлер кнопкасын басу керек. Қосымша түске тапсырыс беру үшін - Alt пернесімін ұстап тұрып керекті түсті шерту керек.

Сызғыш, Тор бейненің дәлме дәл масштабын орнатуға және табуға мүмкіндік береді. Сызғышты енгізу Түр - Сызғышты қосу сызғышты алып тастау Түр - Сызғышты сөндіру.

Параққа торды енгізу - Түр - Көрсету - Тор, тордың түсі мен түрін өзгертуге болады.

Сурет салу құралдары

Photoshop - та сурет салу құралдары - Қарындаш, Қылқалам, Аэрограф және Өшіргіш. Бұлардың бәрімен жұмыс істеу техникасы бірдей - түс Түстер панелінен алынады, ал құрал формасы қылқаламдар панелінен алынады. Құралдар параметрлері Қысым, Бұлдыр, Стиль терезелерінде ретке келтіріледі.

Әртүрлі (үшбұрыш, төртбұрыш, жұлдызша, эллипс) формалар үшін Автофигуры панелі бар.


Қылқалам, аэрограф, қарынаш

Бейненің суретін салу үшін және оны бояу үшін Кисть кнопкасын шерту керек. Сонда қылқаламдар формаларының панелі шығады.

  • Қылқаламды таңдау - оны шерту, қылқалам түсін Каталогтан таңдау - керегін шерту.

  • Қылқалам параметрлерін өзгерту - тышқанның оң батырмасын басып, Диаметр, Қаттылық, Интервал. Қылқалам суретінде маркерді жылжыту арқылы оны өзгертуге болады.

  • Өзгеше қылқаламды таңдауға (мысалы Жапалақ немесе Бұғы) болады. Ол үшін Қылқалам - Қылқалам ауыстыру. Сонда Жапалақ немесе Бұғы суреттері бар Қылқалам панелі шығады. Бұндай қылқаламдармен сурет салмай, штамптаған дұрыс.

  • Өз қылқалам формасын таңдау . Ол үшін Түзету- Қылқаламды анықтау, оған ат беру керек. Енді таңдалған қылқаламмен бейнені салу үшін Кисть кнопкасын басу керек.

  • Өзгертілген бейнені қалпына келтіру - Тарихи қылқалам кнопкасы арқылы бейнені жүргізу керек, сол кезде бастапқы бейне қайта қалпына келеді. Өрнектелген қылқалам бейнені маскалармен өзгертеді, оларды Режим және Стиль терезелерінен табуға болады.

  • Түсті пипеткамен таңдау - Терезе - Каталогты көрсету және бейнеден - каталогтан керекті түсті шерту немесе бейнедегі түсті шерту керек.

  • Аэрограф - қылқаламмен штрихсыз сурет салу, краскаға батырылған тампон сияқты бейне алуға болады. Онда Қысымды өзгертуге болады (100%-ке дейін); Аэрограф Көлеңкесі. Аэрограф көлеңкесін таңдау үшін Қылқаламдар панелін, түсті - Түстер панелінен шерту керек.

  • Қарындаш - сызықтармен, штрихтармен берілген бейнелерді салу үшін арналған. Қарындаш қалыңдығын таңдау үшін Қылқаламдар панелінен, ал түсті - Түстер Каталогын шерту керек.

  • Автоформалар - әртүрлі формалары бар фигуралар. Стильді пайдаланып әртүрлі бояулар арқылы фигуралардың ішін бояуға болады.

Қаламсап

  • Қаламсап / магнитті қаламсап/ қарапайым қаламсап/ нүкте салу/нүктені өшіру. Бұл мүмкіншілігі өте жоғары инструмент болып келеді, бірақ бұл инструментпен жұмыс істеу үшін белгілі бір нышандар керек. Қаламсап құралы контурларды салуға, Безье қисығын пайдаланып, осы контурлардың ішін не сыртын түрлендіруге болады.

  • Қаламсапқа тапсырыс беру, қисықты салу - маркерлер пайда болады.

  • Сурет салуды аяқтау - ең соңғы нүктеде Ctrl немесе қаламсап батырмасын бір рет шерту керек.

  • Қарапайым қаламсап - жай қарындаш сияқты сурет салады. Салынған контур қисықта маркер алады.

  • Қаламсап - контурды тышқанды қайта - қайта шерту арқылы салады. Контурдың нүктелерін маркелер алатын болады.

Егер маркерді шертсек, ол өшіріліп қалады және соңғы немесе ендігі нүктемен қосылып кетеді. Егер маркерлер арасындағы сызықты ұстай қалса, онда Безье қисығының көрсеткіші шығады. Сызықты қозғау арқылы оны жазуға болады. Контурды салып болған соң тағы бір рет Ручка батырмасын шерту керек.

  • Магнитті қаламсап - күрделі дененің контурын жиектеуге арналған, сызық дененің контурына жабысады. Контурды салып болған соң, соңғы нүктеде тышқанның оң батырмасын басу керек.

  • Нүктені салу/ нүктені өшіру - маркерлер арасындағы нүктені қосады немесе өшіреді.

  • Салынған қисықты түрлендіру - маркерлерді немесе сызықтарды жылжыту арқылы контурды өзгертеді.

  • Салынған фигураны бояу - Түс - керекті түсті таңдау немесе Стиль мәзіріне тапсырыс берсе фигура түске боялады.

  • Салынған қисықты ерекшелеу - салынған контурды пунктир сызығымен ерекшелейді. Содан кейін оны жылжытуға болады, ал егер Alt пернесімін ұстап тұрса, онда фигураның көшірмесін алуға болады.

  • Қаламсаппен салыңған контурды өшіру - Del батырмасын шерту.

Бояу

  • Түсті пипеткамен таңдау каталогтан: Терезе - Каталогты көрсету немесе бейнеден керекті түсті шерту.

  • Қарапайым бояу - жабық ерекшеленген бөліктерді бір түспен бояу. Түрлі - түсті бояуға Бейне - Режим - RGB Түс таңдау керек.

  • Градиентті бояу - бір түстен екінші бір түске өтетін бояу.

  • Градиент - Сызықты/Дөңгелек/Бұрыштық болады. Градиент бүкіл бейнені немесе ерекшеленген бөлікті бір түстен екінші түске толтырып бояйды. Бояу неше түрлі болады. Сызықты - бір бағытта бірқалыпты бағытталған градиент, ал Дөңгелек градиент - ол центрдегі нүктеден әртүрлі бағытта қозғалады. Бұрыштық - берілген нүктеден берілген бұрышқа дейін бағытталады.

  • Өз градиентін құру - тышқанның оң батырмасын шерту арқылы градиенттің параметрлерін қалпына келтіру. Кез- келген маркерді шерту арқылы керекті түсті таңдауға болады. Маркерді тышканды жылжыту арқылы басқа жерге орналастыруға болады. Alt пернесімін ұстап тұрып маркердің түсін сызықтың басқа жеріне түсті көшіруге болады.

  • Керек емес градиентті өшіру - онымен тышқанның оң кнопкасын басып Удалить командасын орындау керек.


Тексттерді жасау және өңдеу

Photoshop программасы бейнелерді өңдеуге арналғанымен, ол горизонтальды, вертикальды тексттік жазу мүмкіншілігі өте жоғары. Әрбір жаңа текст үшін жаңа қабат ашылады. Сондықтан текстпен жұмыс істеу алдында Терезе - Қабатты көрсету панелін шақыру керек.

Мәтін құру - Баспа батырмасын басып, ашық тұрған кітап суреті бар батырмасын басып, мәтін басталатын парақтың жеріне шерту керек. Ашылған панельде Өлшем, Түс, Шрифт, керекті мәтінді енгізіп, + батырмасын шерту керек.

  • Мәтінді көшіру - ол үшін + батырмасын шертіп, мәтінге тышқанды апарып, оны жаңа жерге орналастыру керек. Келесі мәтінге өту үшін Қабаттар панелін шерту керек.

  • Мәтінді көшіру - Қабаттар - Жаңа - Көшіру арқылы қабат. Көшірме оригинал тұрған жерге орналасады, оны Е кнопкасы арқылы басқа жерге көшіреміз.

  • Қабаттағы бүкіл текстті өшіру - керек мәтінді тышқанның оң батырмасын басып Қабаттар панелінен - Қабаттарды өшіру командасын орындау керек. Мәтін - маска бейнеге символдар контурын қосады.

  • Мәтін - масканы қолданбас бұрын мөлдір емес қабат құру керек. Қабаттар - Жаңа… Бұл мәтін - масканың ерекшелігі - оны жөндеуге болмайды, яғни егер ойлағандай қорытынды шықпаса, оны не өшіріп тастау керек, немесе қайта жазу керек.

Бейнелерді түрлендіру

Photoshop - та өңделуге арналған бейнелердің де кейбір кемшіліктері бар, мысалы, анықтылығының нашар болуы, жарықтылықтың өте көп болуы, немесе керісінше өте қараңғы болуы. Осындай фотосуреттердің жарықтылығын келтіріп, немесе басқа бейнелермен монтаждамас және мәтіндер енгізбес бұрын, оны үлкен тексерістен және жөндеуден өткізу керек. Ең көне, нашар фотосуретті де жаңа, өте әдемі етуге болады. Бейнені өзгертудің негізгі амалдары:

  • Түстермен жұмыс істеу мүмкіндігін жасау - Бейне - Режим - RGB немесе CMYK.

  • Бейнені автоматты түрде жақсарту - Бейне - Ретке келтіру - Автоуровень. Бейненің жаңартылуы таң қаларлықтай нәтиже беретіні сөзсіз.

  • Жарықтылықты қосу - Бейне - Ретке келтіру - Жарықтылық. Егер бейненің жарықтандыру керек бөлігін ерекшеленсе, онда тек сол болік жарықтандырылады.

  • Бейненің түстілігін дұрыстау - Бейне - Жасау - Түсті баланс. Суреттің түстің деңгейін бегуноктарын жылжыта отырып сапасы өте жақсы етуге болады. Бұл түсті емес фотосуретті түрлі - түсті суретке айналдыруда өте ыңғайлы.

  • Қараңғы және жарық тондарды реттеу - Бейне - Ретке келтіру - Қисықтар. Диагональді қисығы бар график пайда болады. Қисықтың әр жерінде қисықты бүгу арқылы қисықтың жарық және қараңғылығын реттеуге болады. Бұл түрлі - түсті суретті жасауға өте ыңғайлы.

  • Суреттің бір түсін екінші түске ауыстыру. Бейне - Ретке келтіру - Түсті өзгерту. Пипеткамен бейнеден кез - келген түсті таңдап, бегунокпен оның жаңа түсін таңдауға болады.

  • Бүлінген бөлікті алдындағысына ұқсатып қалпына келтіру (штамп) - Штамп кнопкасын басып, курсорды бүлінген бөліктің орнына қоюға болатындай бейнеге апару керек. Alt пернесін ұстап тұрып, оригиналдың жақсы бір жеріне апарамыз.

  • Штамптың формасы және Мөлдірлік Қылқаламдар панелінен алынады.

  • Осылардың барлығын жақсы фрагментті бүлінген фрагментке көшіру арқылы жасауға болады. Бірақ - Штамп - өте қолайлы инструмент.

Бөліктерді трансформациялау

Суреттің кез -келген бөлігін үлкейту немесе кішірейту - Түзету - Трансформ - Масштаб. Ерекшеленгеннің жанында контурдың маркері пайда болады, оларды жылжыта отырып, оңай трансформаттайды. Трансформатталынған соң, Саймандар тақтасынан Трансформировать  деген сұрақ пайда болады, оған Применить - кнопкасын басамыз.

  • Фрагментті бұру - Түзету - Трансформ - Бұру, қисық бағдаршамен керек фигура пайда боламын дегенге дейін бұру керек.

  • Фрагментті иілдіру - Түзету - Трансформ - Иілдіру. Керек иілуге дейін маркерді жылжытып отыру керек.

Жаңа сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  2. Растрлік графика дегеніміз не?

  3. Векторлық графика дегеніміз не?

  4. Практалды графика дегеніміз не?

  5. Трансформациялау құралының қызметі?

  6. Түсті модельдердің қызметі?

Сабақ бойынша қорытынды:

Оқушылардың білімін бағалау парағы бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы: Әр оқушыға деңгейлік таратпа жұмыстар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал