- Учителю
- Тақырыбы: Вирустар 6 сынып
Тақырыбы: Вирустар 6 сынып
САБАҚ: Информатика |
МЕКТЕП: Ә.Бөкейханов ат.мектеп-лицей | |||
КҮНІ: |
МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ:Н.С.Есмаганбетова | |||
СЫНЫП: 6 В
|
ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: |
ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: | ||
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ |
- Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар | |||
САБАҚ МАҚСАТТАРЫ |
- Вирусқа қарсы программалармен танысып, ақпаратты қорғауға үйренеді. -Компьютердің вирус жұқтыру белгілерін, антивирустық қауіпсіздік ережелерін -антивирусты пайдалана отырып, көрсетілген нысанды тексеру - Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады | |||
ТІЛДІК МАҚСАТ |
Негізгі сөздер мен тіркестер Вирус, антивирус дегеніміз не, компьютердің вирус жұқтыру белгілері, антивирустық қауіпсіздік белгілері | |||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер (Тілдік стратегиялар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым): | ||||
Топпен, жекелей, миға шабуыл, сұрақты қағып ал, сиқырлы конверт, ойлан жауап бер, 10 сұрақ, өзін-өзі бағалау, кері байланыс | ||||
АЛДЫҢҒЫ ОҚУ |
Өткен білімді еске түсіру және байланыстыру «Лото» ойыны. Интерактивті тақтадан ActivSlate құрылғысы арқылы сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады. 1)Ақпараттың қасиеттерін ата 2)Ақпаратты беру үдерісіне мысал келтір. 3)Ақпараттық үдерістерге нелер жатады? 4)Графикалық редактор қалай аталады? 5)Адам ақпаратты қалай сақтайды? 6)Принтер қандай құрылғы? 7)«Факс қабылданып жатыр» сөйлемінде қандай ақпараттық үдеріс келтірілген? | |||
ЖОСПАР | ||||
</<font face="Times New Roman, serif">ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ |
Жоспарланған жаттығулар |
РЕСУРСТАР | ||
Басталуы (Қызығушылықты ояту) |
Шаттық шеңберіне шығару. Оқушылар сабақ басталар алдында бір-біріне тілек айтып көңілдері көтеріледіі. Тақтада алма талында ілінген алманың артында адамның және компьютердің вирустары жасырылған. Таңдаған алмалары бойынша екі топқа бөлінеді. Топбасшысы сайланады. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.
ББҮ (2 мин.) |
Интерактивті тақта, стикерлер ББҮ | ||
Ортасы (Мағынаны тану) |
Интерактивті тақтадан слайд көрсетіледі. Сиқырлы конверт. Әр топқа тапсырма салынған конверт ұсынылады. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтардың бірі вирустар, екіншісі антивурустық бағдарламалар тақырыбын бөліп алып оқиды. Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді. Топтағы оқушылар постерге түсіріп, суретіне анықтама беріп, түсініктерін жазады. Компьютерде электрондық оқулықтан тапсырмалар орындалары Сергіту сәті. «Физминутка» би билету Ойлан, жауап бер. Әр топқа стикерлер таратылады. Әр топ бірлесіп жаңа тақырып бойынша стикерге 2 сұрақ құрап жазады. Келесі топтағы оқушылырдың арқасына жабыстырады. Сол оқушы топпен ойланып жауап береді. |
Оқулық, постер, маркерлер, стикер, SIN электронды оқулығы | ||
Аяқталуы (Ой толғаныс) |
Әр оқушы өз компьютерінде SIN электронды оқулығынан тест сұрақтарына жауап береді. Тақтаға бағалау шкаласы көрсетіледі. Бағалау парағына өздері алған бағаларын қояды.
Үйге тапсырма: 18-26 беттердегі §4. «Ақпарат қорғау» тақырыбын оқып келу.
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. |
SIN электронды оқулығы | ||
Қосымша ақпарат |
Қосымша 1 Слайд «Компьютерлік вирустар» Қосымша 2 SIN электронды оқулығы Қосымша 3 (бейнежазба «Компьютерлік вирустар») |
Слайд, электронды оқулықтар, бейнежазбалар | ||
Рефлексия
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.
| |||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|