- Учителю
- Информатика пәнінен сабақ жоспарының тақырыбы 'Алгоритмнің типтері'
Информатика пәнінен сабақ жоспарының тақырыбы 'Алгоритмнің типтері'
Тексерілді: Бекітемін:
Сабақ №
Күні: 1.11.2015
Пәні: Информатика
Сыныбы: 8«а»
Мұғалімі:
Кайсанова Ж.Е
Сабақтың тақырыбы:
Алгоритм типтері (Сызықтық, тармақталу, циклдік)
Мақсаты :
Алгоритмнің типтерін есептер шығару барысында қолдана алуға үйрену
Күтілетін нәтижелер:
Алгоритм типтерін ажырата алады
Алгоритм типтеріне алгоритм құрастырады және сипаттай алады
Алгоритм типтерін өмірмен байланыстырып қолдана алады
Керекті жабдықтар:
Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, постер, маркер, ресурс, электронды оқулық
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері:
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Сынып оқушаларымен амандасу
Сергіту сәті
Топқа бөлу: Сөздер арқылы
Амандасады
Сыныпта жоқ оқушыларды айтады
Сергіту сәтін орындайды
Топқа бөлінеді
Тұсаукесер:
Конверт-сұрақ
Әрқайсысына екі минут береміз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға береді, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.)
1 топ
-
Алгоритм дегеніміз не?
-
Алгоритм схемасын қалай атаймыз
-
Топ
-
«Алгоритм» атауы қай елдің математигі есімінің жазылуына шыққан?
-
Алгоритм атқарушылары?
3 топ
-
Алгоритмнің жазу жолдарын ата
-
Блок сызбада пайдаланатын фигураларды қалай атаймыз?
Конверт сұрақтарына жауап береді
Оқушылардың мүмкін жауаптары
-
Алгоритм дегеніміз не? (орындаушының алға қойған мақсатқа қол жеткізу)
-
Алгоритм схемасын қалай атаймыз? (блок схема)
-
«Алгоритм» атауы қай елдің математигі есімінің жазылуына шыққан? (Атақты араб математигі Әбу ЖафарМұхамед ибн Мұса әл-Хорезми(763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) жазылуынан шыққан)
-
Алгоритм атқарушылары? (машина, құрылғы, робот немесе адам бола алады)
-
Алгоритмнің жазу жолдарын ата (табиғи тіл, түйінді сөздер, графикалық, программалау тілі)
-
Блок сызбада пайдаланатын фигураларды қалай атаймыз? (Блоктар)
Негізгі бөлім :
Топтық жұмыс (Топтарға ресурс беріледі)
1 топқа Сызықтық алгоритм
2 топқа Тармақталу алгоритмі
3 топқа Циклдік алгоритм
Практикалық жұмыс Деңгейлік тапсырмалар
Тапсырма №1 А деңгей
Үй тапсырмасын орындау алгоритмін және блок сызбасын құру
Тапсырма №2 В деңгей
Берілген алгоритмді рет-ретімен орналастыр
Шай қайнату алгоритмі
-
Шайнекті газге қосамыз
-
Су бар ма?
-
Шайнекті аламыз
-
Газды қосамыз
-
Қақпағын ашамыз
-
Газды сөндіреміз
-
Су құямыз
-
Қақпағын жабамыз
-
Шайнек қайнағанша күтеміз
Берілген ресурспен топпен талқылап, постерге түсіріп, қорғайды)
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Тапсырма №3 С деңгей
Айгүл картопты қаймақпен жегенді жақсы көреді. Айгүлдің анасының іс-әрекетін ретімен орналастыр
-
Картопты тұздады
-
Қайнаған суға картопты салды
-
Газды жақты
-
Картопты тазалады
-
Дүкеннен картоп пен қаймақты сатып алды
-
Отты сөндіріп, қайнаған суды төкті
-
Картоптың бетіне қамақты құйды
-
Картопты тарелкеге салды
-
Кастрөлге су құйып, отқа қойды.
Жауабы: 5; 4; 3; 9; 2; 6; 1; 8; 7.
Қорытынды
Электронды оқулықпен жұмыс
3, 6, 7, 8 тапсырмаларды орындау
Электронды оқулықта берілген тапсырманы орындайды
Бағалау
Бағалау парағы арқылы бағалайды
Өзін-өзі бағалау парағы Оқушының аты-жөні
Конверт сұрақ
(1-2балл)
топтық жұмыс (1-3 балл)
Деңгейлік тапсырмалар
Электронды оқулықпен жұмыс
(1-4 балл)
Тест тапсырмасы
(1-4 балл)
А
(1-3 балл)
В
(1-3 балл)
С
(1-3 балл)
Критерий
Дескриптор
Ұпай
топтық талдауға қатысып орындауы
өз ойын айтады, идея қосады, дәлелдеп шығара алады
3
өз ойын айтады, дәлелдемелері әлсіз
2
өз ойын аз айтады, көшіріп отырады, толықтыруды қажет етеді
1
Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы: Барлығы:22ұпай
7-13 - "3"
14-19- "4"
20-22- "5"