7


Ашық сабақ Өзіндік жұмыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты: Мәтіндік редакторда жұмыс істеуді, терезе элементерін қолдану тәсілін меңгерту, құжатты форматтау үлгілерін сабақ барысында қолдануға дағдыландыру

Міндеттер:

  • Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологиялары арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тәжірибелік жұмыс

Көрнекі - құралдар: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар

Пәнаралық байланыс: сызу, музыка, қазақ тілі, ағылшын

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау.

Оқушыларға сайыс сабақ шартымен және кезеңдерімен таныстыру

Microsoft office Word компаниясына мәтін өңдейтін кадрлар керектігін хабарлайды. Ол компанияға қызметкер болу үшін мынадай кезеңдерден өтуіміз керек.

1 - кезең. «Дешифратор»

2 - кезең. «Флексия»

3 - кезең. «Ғажайып алаң».

4 - кезең. «Қиял әлемі»

1 - кезеңнің шарты. Сұрақтар қойлады, тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойлады, жауап жоқ болса келесі оқушы жауап береді.

1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

7. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

8. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)

9. MS Word редакторы мәтіндік ақпараттарды өңдейді (иә)

10. MS Word бағдарламасы стандартты бағдарлама( жоқ)

11. Кесте дегеніміз жолдардан құралатын ұяшық(иә)

12. Кесте ұяшықтарын біріктіруге болмайды(жоқ)

13. Мәтіндік құжатқа сурет кірістіруге бола ма?(иә)

14. Paint графикалық редакторы мәтіндік ақпаратты өңдейді (жоқ)

15. Ұяшықтарды біріктіру үшін Вставка менюін пайдаланамыз?

16. Мынау терезе MS Word редакторының терезесі.(жоқ)

17. Кактус гүлі компьютер жанында тұратын гүл (иә)

2 - кезең. «Флексия»

1 - деңгейлік тапсырма.

MS Word редакторында маркерленген тізімді, курсивті, қалыңдатылан жазуды пайдалана отырып, тақтадағы мәтелдің дұрыс нұсқасын жазыңдар.

  1. Байт биттен құралады(Ақша тиыннан құралады)

  2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (Бір бас жақсы, ал екі бас оданда жақсы)

  3. Күлсең ескірген компьютерлерге күл. (Күлсең кәріге күл)

  4. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.(айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарат)

  5. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.»(аттың сыры иесіне мәлім)

2 - деңгейлік тапсырма.

Еліміздің астаналарын кесте арқылы көркемдеу.



3 - деңгейлік тапсырма.

Графикалық кескіндер мен көркем жазу стильдерін пайдалана орып, «Құттықтау» бетін дайындау.

3 - кезең. «Ғажайып алаң».

Ұяшықтар арқылы қызметкерлердің орны тағайындалады.

Тақтада жұлдызша, төртбұрыш, дөңгелек фигуралары орналасқан. Деңгейлік тапсырмаларды бірінші аяқтаған алғашқы 4 талапкер жарнама беттерін жобалаушылар қызметіне, 5 - 8 аяқтаған талапкерлер, мәтінді кесте арқылы көркемдеуші қызметіне, қалған талапкерлер мәтін енгізушілер қызметіне орналасады.

4 - кезең. «Қиял әлемі» бойынша қызметкерлер өз талаптарына сәйкес мәтіндік құжат жасап, қорғайды.

Үйге тапсырма. Тақырыпты қайталау және MS Word мәтіндік редакторы тақырыбында реферат жазу.

Оқушыларды бағалау. Оқушылар қызметінің күрделілігіне қарай бағаланады.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал