7


  • Учителю
  • Поурочный планы урока 6 класа

Поурочный планы урока 6 класа

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ИНФОРМАТИКА

6-сынып

(барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

Тақырыптар атауы

Сағат саны

Күні

Үйге тапсырма

Ескерту

Кіріспе.




1

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

1





Ақпарат және ақпараттық үдерістер(4 сағат)

2

Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері

1




3

Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті.

1




4

Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

1




5

Ақпараттарды мұрағаттау бағдарламалары.

1





Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат)

6

Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері.

1




7

Компьютерлік техниканың даму үрдісі

1





Алгоритмдеу және модельдеу (9 сағат)

8

Алгоритм және оның атқарушылары

1




9

Бақылау жұмысы

1




10

Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

1




11

Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер).

1




12

Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы.

1




13

Алгоритмік тіл және программалау тілі ұғымы

1




14

Модель және модельдеу.

1




15

Модельдер түрі. Өзіндік жұмыс

1




16

Бақылау жұмысы

1





Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (15 сағат)

17

Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

1




18

Практикалық жұмыс

1




19

Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

1




20

Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару.

1




21

Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

1




22

Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

1




23

Практикалық жұмыс.

1




24

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру.

1




25

Суреттер мен жазуларды пішімдеу

1




26

Бақылау жұмысы

1




27

Microsoft Power Point офистік бағдарламасы. Программа интерфейсімен танысу.

1




28

Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.

1




29

Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

1




30

Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.

1




31

Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету

1





Телекоммуникация (3 сағат)




32

Компьютерлік байланыстар. Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері.

1




33

Бақылау жұмысы

1




34

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.

1






№1 сабақ

Күні: ------------------- Мұғалім.: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә -------------


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды компьютер кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері, ДК жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, электр тогы ұрган кезде, күйген кезде, есінен кеткен және дем жетпей қалған кезде берілетін көмек жайлы түсінік айту.

  2. Тәрбиелік: Еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, адамгершілік, патриоттық, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауға, үлкенге сый - кішіге жол көрсетуге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті, сезімді дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, дидактикалық материалдар,

суреттер.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІІІ Сабақты пысықтау

IV Сабақты қорытындылау

V Бағалау

VI Үйге тапсырма

ІІ алпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

1.Компъютерді желіге қосатын сымдарға, қос тілді сым тетікке, штеккерлерге тиісуге және

жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.

3.Дербес компьютерде суланган қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

4.Дербес компъютердің жанына портфелъдер, сөмкелер, кітаптар қоюға тыйым

салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.

5.Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюга болмайды.

6.Компъютерлік сыныпта жүруге, ойнауға, жанындағы қурбыларын алаңдатуға, бөгде

жұмыстармен шуғылдануға тыйым салынады.

7.Оқушы компъютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау

ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

Дербес компъютерде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесінің талаптары:

1.Дербес компъютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс

жасап турғандығына және сымдардың қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек.

2.Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

3.Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлуматтарды енгізіп, белгі жасау

қажет.

Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің

ережесіне қойылатын талаптар:

1.ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек.

2.Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі.

3.Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады.

4.Электр тогымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, өрт сөндіру

құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет.

5.Көз жаттығуларын міндетті турде білу қажет.

Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

1.Жұмыс жасап отырған кезде дербес компъютерден ақау табылса, күйік иісі шықса

немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге

хабарлау керек.

2.Өрт сөндіруде көмек көрсету қажет.

3.Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек.

4.Компъютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм

және т.б. өрт сөндіргіш құрал -жабдықтарын пайдалануға болады.

5.Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білуі

қажет. Оны әр турлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы

босатып алуға болады.

ІІІ Сабақты пысықтау.

Электр тогы ұрган кезде берілетін көмек:

1.Шамды өшіру керек (сеттен өшіру керек).

2.Зәбірленушіні тоқтан босату керек (электр тогы жүрмейтін қол жабдықтарын пайдалана

отырып).

3.Жәбірленушіге дене жарақатын алғанда берілетін көмек.

4. Дәрігерді шақыру (мектеп дәрігері, жедел жәрдем 03, жақын маңайдағы дәрігерлер).

Есінен кетіп қалған кездегі көмек:

1.Зәбірленген адамды арқасымен тузу жатқызады, басын бір жаққа қаратып (онға немесе

солға) бұрып қояды.

2.Дәрігерді шақыру керек (мектептің дәрігерлік пунктінен немесе жақын жердегі емдеу

мекемесінен).

Дем жетпей қалған кезде көрсетілетін алғашқы көмек:

1.Аузын ашып тілін көру керек, егерде ол демігіп қалса, қолмен тілді орнына келтіру керек.

2.Дәрігер шақыру керек (мектептің дәрігерлік пунктінен немесе жақын жердегі емдеу

мекемесінен).

3.Қолдан дем алдыру керек (ауызды ашып ауызбен) дем қалпына келгенше немесе

дәрігер келгенше.

Көру (көз) қызметінің шаршағандығын жоятын жаттығулар:

Ұзақ бірқалыпты компъютермен жұмыс істеген кезде, бірнеше минуттар бойы, қимылдамай

бір жерде отырғанда, көңілсіз жағдайлар тууы мүмкін, сезімнің бөгеліп қалушылығы,

шаршағандығы, көру қызметіне (көзге) күш тускендіктен, көздің алдына кескін пайда

болады.Осындай жағдайлар болмау үшін, сабақ барысында (оқушының жасына

байланысты) төменде келтірілген жаттығулар орындау керек.

ІV Сабақты қорытындылау.

1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар.

2. Дербес компъютерде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесінің талаптары.

3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің

ережесіне қойылатын талаптар.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар.

V Оқушыларды бағалау.

VІ Үйге тапсырма. §1 . 5-9 бет оқу, түсінік айту







№2 сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------


Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақпарат ұғымымен, түрлерімен, үлгілерімен, өңдеу тәсілдерімен таныстыру. Ақпарат ұғымын, формаларын, көздерін, типтері мен қасиеттерін, өңдеу тәсілдерін үйрету.

Тәрбиелік: Табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс - әрекетінде ақпаратты жеткізу, сақтау, өңдеу тәсілдеріне мысал келтіруді, жеткізуді үйрету.

Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер ,бағдарламалары мен компьютер құрғылары,


Сабақ барысы. I Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау

Қауіпсіздік ережесі

III Үй тапсырмасын бекіту

IV Жаңа сабақты түсіндіру

V Сабақты бекіту

VI Қорытындылау

VII Үй тапсырмасы,бағалау

Жаңа сабақ


Информатика - адам қызметінің әртүрлі саласында пайдаланылатын ақпаратты жылдам жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тиімді тарату әдістерін үйрететін ғылыми пән. «Ақпарат» термині латынның «түсіндіру, баяндау, білу» деген ұғымдарын білдіретін «informatio» сөзінен шыққан.

Ақпарат - қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы.

Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен обьектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір - біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.Таңба түрінде қатысуды байланыс тілі дейді. Қандайда бір алфавитті пайдаланып ақпаратты жазуды кодтау деп атайды. Кодталатын символдар тобын кодтау кестесі деп атайды.

Сигнал - адамға немесе белгілі бір құрылғыға - ақпарат қабылдаушыға әсер ететін физикалық процесс. Сигнал - ақпарат тасушы.

Ақпарат беру деген - сигналдар беру.

Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөлуге болады.

Бейнелі ақпарат деп - табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түріне алатын ақпараттарды жатады. Адамдардың қарым-қатынасы, яғни адамнан адамға ақпарат жеткізу, сөйлеу немесе хат арқылы жүргізіледі, басқаша айтқанда, дыбыс немесе таңба түрінде беріледі.

Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын, т.б. тілдері жатады. Олардың ауызекі және жазу түрлері болады.

Жасанды немесе формалды тілдерге математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады.

Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Компьютерде барлық ақпараттар сандар, әріптер, арнайы белгілер т. б. сияқты таңбалардан тұрады да, әрбір таңба компьютер жадында екілік жазылады.

1 Бит - бұл физикалық екі мүмкін жағдайдан (тоқ бар немесе жоқ) бір нұсқаны ғана таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттар саны. 1 - тоқ бар болған жағдайда , ал 0 - тоқ жоқ болған жағдайда деп алынған.

1 Байт - бұл бір символды кодтауға қажетті ақпараттар саны . Хабарлама бір немесе бірнеше ақпараттан тұруы ықтимал. Бір хабарламаны мағынасына қарай әр - түрлі ақпараттар санымен беруге болады.

ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.


Бекіту: 1) Ақпарат алу дегенді қалай түсінесіңдер?

2) 1 Байтта қанша бит бар?

3) Компьютер, информатика дегеніміз не?

4) Адам қабылдайтын ақпаратты қанша топқа бөлуге болады?


Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

Бағалау.

Үй тапсырмасын беру: §2.10-14 бетті оқу, түсінік айту































№3 сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті туралы білім беру.

Тәрбиелік: ақпаратты сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер, электронды оқулық

Сабақ барысы. I Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау

III Жаңа сабақ түсіндіру

ІV Сабақты бекіту

V Қорытындылау

VI Үй тапсырмасын беру, бағалау

III Жаңа сабақ түсіндіру

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек . Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз.

Арақашықтықты сантиметрмен, метермен . километрмен, т.б . өлшейміз.

Ал ақпаратты қалай өлшеуге болады?

Компьютер- электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды» . Сондықтан компьютердегі ақпараттарды электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі( әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.

«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, мұндағы 1 байт 8 битке тең.

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ- ол кез келген белгі:әріп,цифр, тыныс белгісі немесе бос орын

Мысалы: «Ақпарат және информатика» мәтінінде қанша байт бар екенін есептейік. «Ақпарат» сөзінде 7 символ- 7 байт*8=56 бит бар. 22*8=176 бит бар.

Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан Ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі.

1байт= 8бит

1 Килобайт ( Кб)=1024 байт

1 Мегабайт (Мб) =1024Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024Мб

1Терабайт(Тб) = 1024Гб

Хабарламаның ақпараттық көлемі- хабардағы битпен, байтпен, Кбайтпен,Мбайтпен және т.сс өлшенген ақпараттың көлемі.


100 Мб көлемге «сиятын» ақпатар саны:

Мәтін беттері -50000

Түрлі-түсті слайдтар -150

Музыкалық фрагмент 10 минут

Фильм 15 секунд


Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар . Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мыалы, интернет желісі арқылы.


Ал ақпаратты жеткізу жылдамдығын қалай өлшеуге болады?

Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз- бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит\с, байт\с және т.с.с өлшенеді.


ІV Сабақты бекіту тапсырмалары.


А деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

  1. Пуск- Компьютер батырмаларын таңдаңдар

  2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар

  3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар

  4. Дәптерге дискідегі бос орының байтпен, Кбайтпен, мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды пайдалануға болады.

В деңгейі

1Документы бумасын ашыңдар

2 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар

С дейгейі

Сыныптарыңдагы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.


V Сабақты қорытындылау .Сұрақтар


1 Ақпараттың өлшем бірліктері қандай ата?

2 1 байтта неше бит бар?

3 Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз не?

VI Бағалау:

Үй тапсырмасын беру: §3. 15-17бетті оқу, түсінік айту








№4сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалартуралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушылар информатика сабағында техника қауіпсіздігін сақтай отырып еңбекке баулу және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, дидактикалық материалдар,

суреттер.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест жұмысы

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

ІІ Үйге берілген тақырыпты пысықтау тесті

  1. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

А) Әріптер

В) Мәтіндер

С) Сандар

D) нөл мен бірлер

2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

А) Бит

В) Байт

С) 1

D) Әріп

3. Бір байт-ол:

А) 10 бит

В) 16 бит

С) 8 бит

D) 4 бит

4. Бір символдық мәтін әдетте .... кодталады.

А) 1 битпен

В) 1 байтпен

С) Әріппен

D) Он битпен

5. 1 Кбайт-ол:

А) 100 бит

В) 1000 байт

С) 1024 байт

D) 1500 байт

6. 1 Мбайт-ол:

А) 1024Кбайт

В) 1000 байт

С) 1024 байт

D) 1500 байт

7.1 Гбайт-ол:

А) 1024 Мбайт

В) 1000 байт

С) 1024 байт

D) 1500 байт

8.<> сөзінде қанша бит бар?

А) 14

В) 88

С) 72

D) 128

9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?

А) Мәтін

В) Сурет

С) Музыка

D) Видео

10. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?

А) Мәтін

В) Сурет

С) Музыка

D) Видео

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютерлік вирустар тарихы дербес компьютерлер пайда болған уақыттан басталады.

Вирус- өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа.

Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресуде үлкен тәжірибе жинақталды, антивирустық программалар жасалды, программалар мен деректерді қорғау шаралары айқындалды. Вирус табылған кезеңнен бастап қысқа уақытішінде қайта пайда болатын вирустарды жеңетін антивирустық құралдар үне-мі жетілдіріліп және дамытылып отырады. Вирустарды табуға және жоюғамүмкіндік беретін программалар антивирустық (вирусқа қарсы) программа-лар деп аталады. Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады,мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.

Фагтар немесе доктор-программалар,сондай-ақ вакцина-программалар

вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай,оларды «емдейді» де,яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып,фа-йлдардан вирус программасының тәнін жояды. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор-программалары ерекше. Ең кең таралған полифагтар Aidstest жасаушысы - Д. Лозинский, Scan, Norton AntiVirus ;және Doctor Web жасаушысы - И. Данилов программалары болып табылады.

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьтердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады.Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады.

Фильтр-программалар немесе күзетшілер - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады.

ІV Сабақты бекіту.Оқулықпен жұмыс.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1. Компьютерде орнатылған антивирустық программаны іске қосыңдар.

2. Өз бумалаларыңды вирустан тексеруді орындаңдар.

3. Сканерлеу нәтижесінің соңын күтіңдер

4.Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіңдер .

V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

  1. Вирус деген не?

  2. Вирустар қалай тарйды?

  3. Дербес компьютердің вируспен зақымдану белгілерін атаңдар?

  4. Егер компьютер вируспен зақымданса не істеу керек?

  5. Қандай антивирусты программаны білеміз?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма: §4. 18-26 бетті оқу, түсінік айту

№5сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушылар информатика сабағында техника қауіпсіздігін сақтай отырып еңбекке баулу және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, дидактикалық материалдар,

суреттер.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест жұмысы

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма


ІІ Үйге берілген тақырыпты пысықтау тесті

1.Вирус -ол...

А) дискілерді тексеру құралы

В) файлдарды көшіруге арналған программа

С) операциялық жүйедегі қателердің салдары

Д) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа

2. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?

А) модем

В) электронды пошта

С) қатты диск

Д) ажырап алынатын тасығыштар

3. Антивирус -ол...

А) файлдарды сығуға арналған программа

В) файлдарды көшіруге арналған программа

С) компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа

Д) вирустарды құруға арналған программа

4. Антивирус не істей алмайды?

А) файлдарды сканерлей алмайды

В) мұрағаттарды қарай алмайды

С)Файлдарды қайта қалпына келтіре алмайды

Д) файлдарды сығыстыра алмайды

5. Компьютерді вируспен зақымданудың алдын алудағы бұрыс кеңесті табыңдар:

А) бейтаныс адамдар жіберген хаттарды және хаттардың тіркемелерін ешқашан ашпау

В) компьютердегі барлық бумаларға толық қол жеткізу құқын арқашан ашып қою

С) вирусқа қарсы қорларды жүйелі түрде жаңартып отыру


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ақпаратты қорғау тәсілдерінің бірі- деректердің көшірмесін сыртқы тасығыстарда сақтау. Сыртқы тасығыштарда көп ақпарат сақтау үшін оның мазмұнын жоғалтпастан көлемін кішірейту- мұрағаттауды орындау қажет болады.Мұрағаттауды сонымен қатар ақпараттық желі арқылы жөнелткенде немесе сирек қолданылатын деректерді ұзақ уақытқа сақтағанда жүзеге асырады.

Мұрағат бір немесе бірнеше файлдан, бумалардан, басқа мұрағаттардан тұруы мүмкін.Мұрағаттау және мұрағаттан ажыратып алу программа- мұрағаттағыштармен жүзеге асырылады. Олардың ең кең тарағандары Win RAR, Win Zip,тегіндері-IZ Arc, 7-Zip.

Файлдарды сығу үшін мұрағаттау программалары қолданылады. Ақпарат алушының мұрағатшы прораммасының бар екеніне сенімсіз болған жағдайда сендер өздігінен ажыратып алынатын мұрағат құрыңдар.

ІV Оқулықтағы 30-32 бет. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

V Сабақты қорытындылау сұрақтары.

  1. Мұрағаттар қандай мақсатта құрылады?

  2. Мұрағаттық файлға қандай ақпарат кіреді?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма: §5. 27-32 бет.
































№6сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы:Есептеу техникасының даму тарихы.Компьютердің буыны.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Есептеуіш техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру.ЭЕМ- буындары жайында түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушылар информатика сабағында техника қауіпсіздігін сақтай отырып еңбекке баулу және отансүйгіштікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, дидактикалық материалдар,

суреттер.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест жұмысы

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма


Жаңа сабақ

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Есепшоттың пайда болу деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында болған. Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған.17 ғасырдың аяғында Шотландиялық Джон Непер логарифм түсінінгін енгізді. Логарифм кестесі құрды.1761ж Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған .

-1642ж Франсуз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.

-1694ж Неміс математигң Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасының арифмометрін құрды. Есептеуш техниканың даму 19 ғасырдан қарқындап дамып келеді.

1833 жылы алғашқы есептеуіш автомаматтың авторы Чарлз Бейбидж аналитикалық машинанаың жобасын жасады. Оны қазіргі кезде компьютердің атасы дейді.

Дүниежүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бейбидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.

19 ғасырдың соңында Американдық Герман Холериат есепші-перфарациялық машинасын құрды. Холериат 7 жыл бойы пайдаланылды.Холериат есепші-перфарациялық машинасы жасайтын фирманың негізін қалады. ИВМ фирмасына айналды.

1944 американ математигі Говард Айкен Горвард МАРК -1 автоматты есептеуш машинасын құрды.

Бірінші электронды машиан 1946 жылы пенсильван университетінде ЕНИАК деп аталды.1949 жылы ЕДСАК машинасы құрастырылды.

ЭЕМ буындары;

1 Буынға - бірінші электронды машиналары ЕНИАК пен ЕДСАК машиналары болды. 1940-1955жылдар.

2 Буынға- 1955 жылдан бастап , жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер: Фортран, Альголь, Кобол қолдана бастады.

3-Буынға- 1964-1972 жылдар аралығындағы машиналары жатады.

4-Буынға 1972- жылдан бастап бүгінге дейңнгң компьютерлер жатады.

5 Буынға- Болашақ компьютерлер жатады.


ІV Оқулықтағы 43-44 бет. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

V Сабақты қорытындылау сұрақтары.

  1. Есептеуіш техниканың даму тарихы жайында не білдіңдер?

  2. ЭЕМ буындары нешеге бөлінеді?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма: §6. 33-45 бет.


































№7сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Есептеуіш техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру.ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушылар информатика сабағында техника қауіпсіздігін сақтай отырып еңбекке баулу және отансүйгіштікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, дидактикалық материалдар,

суреттер.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест жұмысы

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

Жаңа сабақ

Бұған дейін сендер ақпараттың қандай құрылғылардың көмегімен өңделетінін білдіңдер. Енді компьютердің қандай компоненттерден тұратынын және олардың бір -бірімен қалай өзара әрекет жасайтынын толығырақ қарастырайық.

Компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір-бірінен тәуелсіз жасалуы, тестіленуі және қолданыста болуы мүмкін. Компьютер компонентерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.Ақпараттық бөліктер (компоненттер) арасындағы байланыс принциптері компьютердің сәулетімен (архитектурасымен ) анықталады.

Компьютердің сәулеті- компьютердің құрылымымен жұмыс принциптерінің сипаттамасы.

Егер компьютердің ақпараттық бөліктері (компонентері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда сәулетін стандарттық деп атайды.

Сәулеті стандартты емес компьютерлерде бар, бірақ олар көбіне басқа құрылғылардың құрамында қолданылады.Мысалы, самалеттердің борттық компьютерлері мен тұрмыстық техниканы басқару жүйелері. Өндіруші стандарттардың барлығына қосыла бермейді. Егер стандарттың иесі оған жол берсе, онда ол стандарт ашық деп аталады. Ашық стандарттың көрнекі мысалы- IВМ PС платформасындағы компьютерлердің заманауи сәулеті.Жабық стандарттың ( стандартты пайдалану құқы бірегей болып қалатын) айқын мысалы Аpple ДК сәулеті. Компьютердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген және құрастырудың модульдік (ашық сәулет) принципін пайдаланады.

ІV Оқулықтағы 52-53 бет. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

V Сабақты қорытындылау сұрақтары.

  1. Дербес компьютерлердің сәулеті деп нені атайды?

  2. Сәулеттердің қандай сипаттамаларын білесіңдер?

  3. Ашық сәулет принципінің мәні не?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма: §7.46-52 бет.


№8сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алгоритм ұғымы және орындаушы командалар жүйесімен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушылар информатика сабағында техника қауіпсіздігін сақтай отырып еңбекке баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, дидактикалық материалдар,

суреттер.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест жұмысы

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма


Жаңа сабақ

Алгоритм- берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.

Алгоритмдегі кез келген іс-әрекет бұйрық деп аталады.

Алгоритм тек адамдарға ғана емес, роботтарға және компьютерлерге де жазылады.

Алгоритмді жүзеге асырушы орындаушы деп атайды.

Кез келген алгоритм «Соңы » деген бұйрықпен бітеді. Ерілген бұйрық алгоритмнің орындалғандығын білдіреді.

Мысалы: Шайды демдеу алгоритмі:

  • Басы

  • Ыстық сумен шәйнекті шаю

  • Шәйнекке шай салу

  • Қайнаған су құю

  • 3-5 минут күту

  • Шайды шышаяққа құю

  • Соңы

Кез келген алгоритмде соңғы әрекет «Соңы» болады.






Алгоритмнің орындалу кестесі

«Сөз» жазу алгоритмі.

Бұйрық нөмірі


Алгоритмнің

бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Қаламды ал

Қалам қолда тұр

2

«Ана» сөзін жаз

«Ана» сөзі жазылады

3

Қаламды орнына қой

Қалам үстелге қойылды

4

Соңы

Алгоритм орындалды


Тест

  1. Алгоритм дееніміз- ...

А) іс-әрекет

В) толық сипатталған тапсырма

С) берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы

Д) математикалық есептің шешілуі

2. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?

А) техникалық қауіпсіздік ережесі

В) аспаздық рецепт

С) сабақ кестесі

Д) сынып тізімі

3. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер?

А) жазу үстелі

В) адам

С) ыдыс жуатын машина

Д) робот

4. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер

А) бітіру

В) алгоритмдегі іс-әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық

С) орындау

Д) соңы

Сабақты бекіту тапсырмалары: 56-57 бет 4-5-6-7 тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.


V Сабақты қорытындылау сұрақтары.

  1. Алгоритм дегенім із не?

  2. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?


VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма: §8.55-57 бет.









№9сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін бақылау.

Тәрбиелік: оқушылар техника қауіпсіздігін сақтауды,және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:жалпы қабілеттілікті дамыту.


Сабақтың түрі: сынақ сабақ

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

II Үйге берілген тапсырманы тексеру

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Бақылау жұмысы

V Сұрақтарды талдау

VІ Үйге тапсырма


Бақылау сұрақтары


1.Ақпарат және ақпараттық үдерістер дегеніміз не?

2. Ақпаратты қорғау үшін арналған программа жайында не білесің?

3. Ақпаратты сығу үшін қандай программа қажет?

4. ЭЕМ буындары қаншаға бөлінеді және қай жылдар аралығында?

5. Алгоритм дегеніміз не?


Үйге тапсырма: өткен тарауларды қайталау.


















№10сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алгоритмді жазу пішімі мен блок - схемаларды түсіндіру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру


Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушығы тәуелді болады.Алгоритмдер мынадай формада ұсынылады:

  • Сөздік формада;

  • Графикалық;

  • Алгоритмдіак тілінде;

  • Программалау тілінде;

Бұрын өздеріңмен қарастырылған алгоритмдер қандай формада болды?

Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны блок-сызба деп атайды?

Блок-сызбада әр іс - әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады. Алоритмнің басы және соңы сопақша шеңбермен сипатталады. Іс- әрекет тіктөртбұрышқа жазылады. Блок - сызбада барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен (стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері параллелограммға жазылады.

Мысалы:

Екі санды қосу алгоритмі

Басы



a,b енгіз



c=a+b



С-ның нәтижесін есепте




Соңы




Берілген алгоритм кез келген екі сан үшін орындалады. Есептеу барысында алгоритмде берілгендерді және есептеу нәтижесін кез келген әріппен белгілейміз. Оны айнымалы деп атаймыз. Біздің мысалда берілгендерді а және б айнымалысымен белгілейміз.



ІV Сабақты бекіту. 60 бет 6-9 тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

  1. Алгоритмнің берілу формалары қандай?

  2. Неліктен графикалық әдіс сөзді алгоритмге қарағанда ыңғайлы?

  3. Блок-сызбаның элементтері қандай?


VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §9.58-61 бет.





































№11сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер).


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер) туралы білім беру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Алгоритмнің 3 түрі болады: сызықтық, тармақталған, циклдік.

Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, ондай алгоритмді сызықтық алгоритм деп атаймыз.

Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектеле орындалады.

Осыған дейін қарастырылған барлық мысалдар : екі санды қосу, робот портреті, үй тапсырмасын орындау, жұмыртқа қуыру, т.б. сызықтық алгоритм болып табылады.

Кейде алгоритмнің бұйрықтарын орындау барысы шартқа тәуелді болады. Мысалы, далада жаңбыр жауып тұрса, қол шатыр алу керек; ал егер жаңбыр жаумаса, онда қолшатыр алудың қажеті жоқ. Мұндай алгоритмнің түрі тармақталған алгоритм деп аталады.

Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді болсағ онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз.

Шартты тексеру блогын блок-сызбада ромбымен таңбалаймыз. Егер шарт дұрыс болса, онда есепті шешу үшін «ия» тармағы пайдаланылады, ал оған кері жағдайда-«жоқ» тармағы пайдаланылады.

Тармақталу алгоритмі сөзбен берілгенде «егер», «онда» кілттік сөздері қолданылады. Жазу барысында «әйтпесе» сөзін қолдануға болады.

Есепті шешу кезінде әрекеттерді анықтайтын параметрдің әртүрлі мәндерінде біртипті әрекеттерді бірнеше рет қайталау қажеттілігі туындайды.

Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік деп, ал бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі (цикл денесі) циклдер деп аталады.

Қожынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар, сол қызыл асықты табудың алгоритмін құрыңдар.

Мысалы ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Ия қызыл асық табылды.Жоқ қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз және т.с.с.

Қызыл асық табылғанша берілген мысалдағы осы іс-әрекет қайталана береді. Бұндай алгоритмдерді циклдік алгоритм дейміз.

Алгоритмнің бірнеше рет қайталануын циклдік алгоритм деп атайды.

Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты алтыбұрышты фигураға жазылады. Шарт циклдік алгоритмнің басында немесе соңында келуі мүмкін. Бұл жағдайды түсіну үшін Тірек сызбаға қараңдар.

ІV Сабақты бекіту. 66бет 4-5 тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

  1. Алгоритмнің түрлері қандай?

  2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  3. Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

  4. Циклдік алгоритм дегеніміз не?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §10-11.62-70 бет






























№12сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы туралы түнік беру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Практикалық жұмыс жасау

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма


ІІІ Жұмыс дәптеріне практикалық жұмыс орындау.


1.Тармақталу алгоритміне мысал бола алатын мақалды айтыңдар. Ол мақалды блок сызбамен көрсетіндер.

2. Келесі бұйрықтар тобын 16 рет қатарынан орындайтын орындаушы қайда болады?

10 метр алға жүру

Сағат тілімен 90 градусқа бұрылу

3.Математика оқулығынан алгоритмге мысал табыңдар. Сол бойынша блок-сызба құрыңдар.

4. дені сау мысықтың баласы күніне 8 сағаттан кем емес уақыт ойнайды. Марғау деген мысықтың дені сау екенін анықтайтын алгоритм құрыңдар.


ІV Сабақты қорытындылау. Сұрақтар арқылы

V Бағалау

VI Үйге тапсырма §12 72 бет

№13сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмік тіл және программалау тілі ұғымы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алгоритмік тіл және программалау тілі ережелерін түсіндіру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Алдын ала мағынасы анықталған тілдің құрамының бір бөлігі болып табылатынсөзді-түйінді сөздер деп атаймыз.

№14сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Модель-бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары, әйгілі суреттердің көшірмесі. Оларды не байланыстырады? Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды - модель деп атаймыз.

Модель-нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.

Модельдеу- нысандарды , үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.


Нысанның түпнұсқасы


Модельдеу




Шешім қабылдау

Неліктен нақты нысандарды, үдерістерді, құбылыстарды тікелей зерттемей модель құрып , модельдеу жүргізіледі?

Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін. Болашақтың немесе ерте заманғы құбылыстардың модельдерін белгілі айғақтардың негізінде құруға болады. «Ядролық қыс » теориялық моделін немесе жер бетінен диназаврдың жойылу теориясын еске алыңдар.

Екіншіден , түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.

Модельдеу кезеңдері

І Есептің қойылымы

ІІ Модельді құру

ІІІкомпьютерлік модель

ІVМодельдеу нәтижесін талдау

Анықталған қате -бұл да нәтиже.

ІV Сабақты бекіту. 77бет компьютердегі тәжірибелік жұмыс орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Бір нысанның көптеген модельі болады, бұны қалай түсіндіресіңдер?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §13.73-76 бет


№15сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Модельдің түрлері.Өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютерде өзіндік жұмыс жасау арқылы оқушыларға модель түрлері жайында түсіндіру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ақпараттық модель дегеніміз- нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы.

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдердң айтады.

Компьютерлік модельдеу кезінде программалардың компьютерде жұмыс ңстеу технологиясын жақсылап меңгеру қажет.


ІV Сабақты бекіту. 82бет компьютердегі тәжірибелік жұмыс орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

  1. Компьютерлік модельді қалай түсінесіңдер?

  2. Модельдеудің негізгі кезеңдерін атаңдар және сипаттама беріңдер?

  3. Компьютерлік тәжірибе жүргізілгеннен кейін қандай кезеңге көшеміз?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §14-15.77-84 бет

№16сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін бақылау.

Тәрбиелік: оқушылар техника қауіпсіздігін сақтауды,және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:жалпы қабілеттілікті дамыту.


Сабақтың түрі: сынақ сабақ

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

II Үйге берілген тапсырманы тексеру

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Бақылау жұмысы

V Сұрақтарды талдау

VІ Үйге тапсырма


Бақылау сұрақтары

  1. Алгоритмнің жазылу формасы қандай?

  2. Алгоритмнің түрлері қаншаға бөлінеді?

  3. Модель дегеніміз не?

  4. Моделдеу кезеңдері қаншаға бөлінеді?


Үйге тапсырма: өткен тарауларды қайталау.





№17сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар жайында түсіндіру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік процессордың ең танымал мысалы ретінде Microsoft Word- ты атауға болады.

Мәтіндік редакторды іске қосу үшін Пуск- Все программы- Microsoft Office- Microsoft Word командасын орындаймыз.

Мәтіндік процессор- кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға (теру, түзету, пішімдеу, кейде басып шығаруды қосып есептегенде) арналған қолданбалы компьютерлік программаның түрі.Мәтіндік процессордың терезесі мынадай түрде болады.

  • Тақырып жолы

  • Жолақ

  • Қалып күй жолы

  • Горизанталь және верткаль айналдыру жолақтары

  • Терезені басқару батырмалары

Мәтіндік процессор MS Word 2007 қажет жағдайда ерекшеленген нысаннан тәуелді өзі жаңа бұйрықтарды қосады.Құжатпен жұмыс істеу кезінде мәтінді тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы жанама мәзірді шақыруға болады. Жанама мәзірде бірнеше бұйрық орналасқан.

MS Word процессоры бір мезгілде бірнеше құжатпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Құжаттар бойынша жылжу бұйрығы: Түр- Басқа терезеге ауысу. Бұйрықтар жолақта орналасқан.

Жолақтың алдында мәзәрінің құрамына: жаңа құжатты құру, сақтау, ашу және тағы басқа бұйрықтар кіретін Office батырмасы бар.

Символдар кестесін Кірістіру- Символдар- Басқа символдар бұйрығы көмегімен шақыруға болады. Қаріпті өзгерту үшін тіркеме парақ жолағының Басты- Қаріп бөлімін немесе жанама мәзірдің Қаріп бұйрығын қолданады.

Математикалық өрнектерден тұратын мәтіндерді теру үшін жоғарғы және төменгі индекстер әсерлерін пайдаланады.

Мәтінді пішімдеу сызғышымен, жолақтың Басты- Абзац тіркеме парағы немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзәрә бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.

Жолдардың аралығы интервалдармен реттеледі. Пішімдеу сызғышын экранда бейнелеу үшін Түр - Көрсету немесе- жасыру- Сызғыш бұйрығы жауап береді.

ІV Сабақты бекіту. 90бет компьютердегі тәжірибелік жұмыс орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

1.Мәтіндік процессор дегеніміз не?

2. Оны іске қосу жолы қандай?

3. Қалып күй жолы не үшін керек?

4. Қаріптің қандай баптауларын өзгертуге болады?

5.Символдық интервал дегеніміз не? Оны қалай баптаймыз№

6.Пішімдеу сызғышы не үшін керек?

7. Абзацтағы мәтінід түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §16-18. 85-106 бет


№18сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы:Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар тақырыбында өзіндік жұмыс жасау

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Практикалық жұмыс.

ІV Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

ІІІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс.

А деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер. Қаріптерге назар аударыңдар.

Компьютерлік вирустар

«Компьютерлік вирус» термині 1984 жылы АҚШ-та өткен ақпараттық қауіпсіздік бойынша 7-ші конференцияда пайда болды.

1995 жылығ тамызда Windows 95 операциялық жүйесімен бірге алғашқы макровирус пайда болды. Ол 1996 жылы «Concept» атауын алып, өзінің планета бойымен жеңісті шеруін жалғастырды. Ең алдымен Microsoft фирмасының бөлімшелерінің бірінде пайда болған «Concept» көзді ашып жұмғанша мыңдаған (миллиондаған да болуы мүмкін) компьютерді зақымдап үлгерді.

  1. Құжатты «Вирус» атауымен сақтаңдар.

В деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер.

Менің бір күнім

Маған екі кітап оқу керек еді. Мен таңертең бір кітап оқыдым.Одан кейін өзімнің сүйікті әжеме хат жаздым. Күн жақсы өтті.

  1. Мәтінді әр түрлі қаріптермен толтырыңдар.

С деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер.

Біздің дәуірімізге дейінгі 3000 жыл бұрын Ежелгі Мысыр елінде ондық санақ жүйесі қолданылған. Бірліктердің, ондықтардың және жүздіктердің өзіндік белгілеулері болған.

І-бірліктер

∩- ондықтар

Е-жүздіктер

Х-мыңдықтар

Тапсырма:

Сандарды ежелгі мысыр жазбасынан аударып, амалдар орындаңдар.

(∩∩∩ІІІІІІІ)*(ееІІІ)-( ∩∩∩∩∩∩∩ІІІІІ)

Жауапты ежелге мысыр тәләнде жазыңдар.

  1. Мәтінде көрсетілген тапсырманы орындаңдар.

  2. Жауабын файлға жазыңдар.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

1.Мәтіндік процессор дегеніміз не?

2. Оны іске қосу жолы қандай?

3. Қалып күй жолы не үшін керек?

4. Қаріптің қандай баптауларын өзгертуге болады?

5.Символдық интервал дегеніміз не? Оны қалай баптаймыз№

6.Пішімдеу сызғышы не үшін керек?

7. Абзацтағы мәтінід түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §16-18. қайталау

№19сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік процессорда нөмірленген және маркерлеген тізімдермен бағандар жайында білім беру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мәтіндік процессорда тізімдердің үш түріне қол жеткізуге болады: маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі.Тізімнің келесң элементін алу - Enter пернесі.Тізімді аяқтау үшін Backspace пернесімен артық нөмірді қою жеткілікті. Өзінің маркерленген тізімін құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдайды. Өзінің нөмірленген тізімін құру үшін Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығын таңдайды.Тізімнің әр түрі үшін маркерді(нөмірді), нөмірдің пішімін, шегіністерді баптауға болады.

Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда көпбаағнды стильді қолданады.Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу- бағандар батырмасын пайдаланады.Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады.Бағандардың мөлшерін бір-бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу- Бағандар -Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу- Бағандар бұйрығында бір бағанды таң дау керек.

ІV Сабақты бекіту. 125бет компьютердегі тәжірибелік жұмыс орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

1.Тізім деп нені түсінесіңдер?

2.Нөмірленген тізімді баптауға болама?

3.Көпбағанды мәтінді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?

4.Бағандардың енін өзгертудің қандай тәсілдері бар?

5.Мәтінде ең көп дегенде қанша баған қолдануға болады?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §19-20. 111-125 бет




№20сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік процессорда беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығаруды үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

II Үйге берілген тақырыпты пысықтау тесті.


  1. Мыналардың қайсысын бірнеші бағанға орналастыруға болады:

А)әңгіме

В)өлең

С) баяндама

D)шығарма

2. Бағандарды құру бұйрығы жолақтың қай тіркеме парағында орналасқан?

А)Бетті белгілеу

В)Кірістіру

С) Басты

D)Терезе

3.Бағандарды құрудың алғашқы кезеңі:

А)мәтінді теру

В)бағанды құру бұйрығын таңдау

С) бағандар арасындағы қашықтықты анықтау

D)алдымен мәтінді теруге де,бағандарды бөлу бұйрығында да беруге болады

4.Мына берілген қадай тізім?

  • Нан

  • Сүт

  • Кәмпиттер

А)маркерленген

В)нөмірленген

С) деңгейлі

D)аралас

5.Мәтінді тізімге айналдыру үшін ең алдымен не істеу керек?

А)нөмірлеуді орнату

В)қаріптің түрін таңдау

С) мәтінді ерекшелеу

D)тізімнің түрін таңдау


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бет параметрлерінің барлық баптауларына жолақтың Бетті белгілеу- Беттің өлшемдері тіркеме парағында қол жеткізуге болады.Жиекжолақтар батырмасы жоғарғы, төменгі, сол жақтағы немесе оң жақтағы жиекжолақтардың мөлшерлерін таңдауға мүмкіндік береді. Егер құжатты парақтың екі жақ бетіне басу керек болса, онда Айналық жиекжолақтарды қосады.Құжаттың толықтай қатесін тексеру үшін F7 басу керек.

Құжатты алдын ала қарау және Басып шығару бұйрықтары Office - Басып шығару бұйрықтарының мәзәрәнде орналасқан.

Беттің параметрлерінің барлық баптаулары құжатты алдын ала қарау режимінде қол жетімді.Басып шығару алдын ала принтердің атын, басып шығарылатын беттердің нөмірлерін, құжаттың қажетті данасының санын және басқа да басып шығару параметрлерін көрсетуге болады.

ІV Сабақты бекіту. 136 бет компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

1.Айналық жиекжолақтар өлшемдерін не үшін қолданады?

2. Беттің теру бағыты деген не?

3.Құжаттың емле қателерін қалай тексереміз ?

4.Алдын ала қарау терезесін қалай шақырамыз?

5.Құжатты қағазға басып шығарудың дайындық кезеңдерін атаңдар?


VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §21. 128-135 бет



№21сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік процессорда кестелерді құруды және оларды редакциялауды үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

II Үйге берілген тақырыпты пысықтау үшін оқулықта138 беттегі тест тапсырмаларын жұмыс дәптерінде орындау.


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Кестелер мәтіндер мен бейнелер орналасатын жолдардан, бағандардан және ұяшықтардан тұрады. Әдетте кестелер деректерді реттеу және бейнелеп көрсету үшін пайдаланылады.Мәтіндік процессорда әртүрлі құрылымдағы-саны әртүрлі жолдар мен бағандардан, біріктірілген ұяшықтардан тұратын кестелер тұрғызуға мүмкіндік береді.Кестелер ұяшықтарының шекаралары түрі (пунктирлі, біртұтасі қосақталған және т.б), жуандығы және түсі әртүрлі қоршау сызықтарымен сызылуы мүмкін.

Жаңа кесте құру үшін Кірістіру-Кесте- кестені кірістіру бұйрығын пайдалануға болады. Бұл жағдайда пайда болған терезеде жаңа кестенің жолдары мен бағандарының қажет сандарын көрсету керек.Жаңа кестені жолақтың Кірістіру- Кесте тіркеме парағының бұйрықтары көмегімен құрады.

Кестенің ұяшықтарын дайы шаблон бойынша әдемілеп әрлеу үшін Кірістіру-Кестелер-Экспресс-кестелер бұйрығын пайдаланады.кесте ұяшықтары бойымен тінтуірдің немесе меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжиды.

Tab пернесі ұяшықтар бойымен жылжу және жаңа жол қалыптастыру үшін қолданылады.Меңзерді алдындағы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+Tab пернесін басады.

Кесте құрылғаннан кейін мәтіндік процессор экранға жолақтың кестелермен жұмыс істеуге арналған Конструктор және Макет тіркеме парақтарын қосады.

Кесте бағандарының ені мен жолдарының биіктігін пішімдеу сызғышымен немесе кестенің ішінде бағандар мен жолдардың шекараларын жылжыту арқылы өзгертеді. Бірінші жағдайда мөлшер кестенің барлық мөлшерлерімен бірге өзгертеді.

Кестенің іргелес элементтерін ерекшелеу үшін Shift пернесін, іргелес емес элементтерін ерекшелеу үшін Ctrl пернесін қолданады.

Ұяшықтарды біріктіруге және бөлшектерге бөлуге болады.

ІV Сабақты бекіту. 144 бет компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

  1. Кестені канша жолмен құруға болады?

  2. Кестені құжатқа қандай тәсілдермен кірістіруге болады?

  3. Кестенің боймен қалай жылжуға болады?

  4. Кестенің соңына жаңа жолды қалай қосуға болады?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §22. 128-135 бет

№22сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік процессорда кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеуді үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

II Үйге берілген тақырыпты пысықтау үшін оқулықта145 беттегі тест тапсырмаларын жұмыс дәптерінде орындау.


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Кестелер құрғаннан кейін мәтіндік процессор жолаққа кестелермен жұмыс істейтін: Конструктор және Макет бөлімдерін қосады.Конструктор кестені әрлеуді өзгертуге арналған, ал Макеттің қызметі-кесте құрылымын түзету.

Егер кесте ұяшықтарының дәл мөлшерлемелерін таңдау керек болса, онда қажетті мөлшерді пернетақтаның көмегімен терген ыңғайлы.Ұяшықтардың дәл мөлшерлерін белгілеу үшін Макет-Кесте-Қасиеттер бұйрығын пайдаланады. Бағанды немесе жолды ерекшелеу үшін меңзерді ерекшеленуі тиіс бағанның немесе жолдың кез келген ұяшығына орналастырыңдар. Макет-Кесте мәзірінен Ерекшелеу бұйрығын таңдаңдар.

Кестені әрлеу үшін жолақтың кестелермен жұмыс істеуге арналаған Констркутор тіркеме парағын қолданады.Кестені көбіне дайын мәнерлердің көмегімен әрлейді.Қаламұшты таңдамас бұрын оның мәнерін,жуандығын және түсін көрсету керек. Одан кейін қажет шекалалар қосылады. Көрінбейтін шекаралар үшін қоршауды өшіреді.Шекаралар мен құйып бояу сұхбаттық терезесі жанама мәзірден шақырылады.

ІV Сабақты бекіту. 154 бет компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

  1. Мәнер дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Бірнеше бағанның енін бір мезгілде өзгертуге бола ма?

  3. Құжат бетінің айналасындағы жиекті қалай қосамыз?

  4. Бірден бірнеше ұяшықтағы мәтінді түзетуге бола ма?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §23-24. 146-162 бет


№23сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы:Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік процессорда кесте құруды, түзетуді, пішімдеуді үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Практикалық жұмыс.

ІV Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

ІІІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс.162бет

А деңгейі

  1. Кез келген кестені ашыңдар.

  2. Кестені қоршауды орнатыңдар: ішкі шекараларды жуандығы 2,25 пт автотүсті тұтас сызықпен, сыртқы шекаралардықосарланған жуандығы 3пт көк түсті сызықпен.

  3. Бірінші жолды қоршауды орнатыңдар: сыртқы шекараларды қосарланған жуандығы3пт көк түсті сызықпен.

  4. Бірінші жол үшін құйып бояуды сұр (10процент) түсті етіп орнатыңдар.

  5. Кестенің сол жақ бөлігіндегі бір бағанның шекарасын көрінбейтіндей етіңдер.

В деңгейі

  1. Үлгі бойынша кесте құрыңдар және толтырыңдар: ЭЕМ нің сыртқы жады


Тасығышты дайындау технологиясы


Ақпаратты тасығыштар

Оқу/жазу құрылғылары

Тасығыштың сипаттамалары


  1. Түспен өздерің қолданатын ақпарат тасығыштарды ерекшелеңдер.

  2. Кестені түспен және шекаралармен әрлеңдер.

С деңгейі

  1. Кесте құрыңдар және толтырыңдар

Фотосурет

Кітапханаға келушінің жеке карточкасы

Аты-------------------------------------

Тегі---------------------------------------

1

Жынысы


8

Мекенжайы


2

Туған күні


9

Телефон


3

Туған жері


10

Кітаптардың нөмірлері


4

Ұлты

5

Оқу орны


6

Сынып


7

16 жасқа толған ба? Ия/жоқ(қажеттісінің астын сызу)

11

Қолы

2.Кестені қоршау сызықтарымен және түстермен әрлеңдер


ІV Сабақты қорытындылау.

V Бағалау

VI Үйге тапсырма §22-24. қайталау



№24сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік процессорға графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіруді үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

II Үйге берілген тақырыпты пысықтау үшін оқулықта145 беттегі тест тапсырмаларын жұмыс дәптерінде орындау.

  1. Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан?

А)жолақтың Кірістіру бөлімінде

В)жолақтың Басты-Кестелер бөлімінде

С) жанама мәзірде

D) Office батырмасының мәзірінде

2. Экспресс- кесте бұйрығының қызметі:

А)кестені тез құруғу мүмкіндік береді.

В)кестенің артық элементтерін жояды

С) 10х10 мөлшерлі стандартты кестені қосады

D) кестелердің дайын шаблондарын қосады

3. Кестенің ұяшықтары бойынша қалай жылжуға болады?

А)қажет ұяшықты тінтуірмен шерту арқылы

В)бос орын пернесімен

С) F1-F12 пернелерімен

D)меңзерді басқару пернлерімен

4. Кестенің соңына жаңа жол қосу үшін қандай пернені басу керек?

А)Shift

В)Tab

С) Ins

D)Break

5. Кестенің бір ұяшығына кері жылжу үшін қандай пернелерді басу керек?

А) Shift+ Ins

В) Shift+ Break

С) Shift+ Tab

D) Tab


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

MS Word мәтіндік процессоры енгізілген нысандары бар құжаттар құруға мүмкіндік береді.Суреттерді сендер графикалық редакторды өздерің-ақ құра аласыңдар. Бірақ, дайын суреттер мен фотосуреттерді файлдан да енгізуге болады.

Суретті графикалық редактордан кірістіру

Суретті графикалық редактордан қалай қосатынымызды еске түсірейік. Суретті қосу үшін алмасу буферін және ашық программалар арасындағыауысуларыд(есептер тақтасымен немесе Alt+Tab батырмалар көмегімен) қолданады.

Әректтер реті:

1.Экранда графикалық және мәтіндік процесссорларды ашу.

2. Графикалық редакторда сурет салу.

3. Мәтіндік процессорда мәтін теру

4.Суретті ерекшелеу

5. Көшіру бұйрығын таңдау

6.Мәтіндік процессорға ауысу.

7Меңзерді суреттің көшірмесін алатын жерге орналастыру.

8.Кірістіру бұйрығын таңдау

Декаративтік мәтінді кірістіру үшін Кірістіру-Мәтін-WordArt бұйрығын орындаймыз.Суретті бейнебаян коллекциясынан кірістіру үшін Кірістіру-Иллюстрациялар- Бейнебаян бұйрығын орындаймыз.Суретті файлдан кірістіру үшін Кірістіру-Иллюстрациялар- Сурет бұйрығын орындаймыз. Фигураларды кірістіру үшін Кірістіру-Иллюстрациялар- Фигуралар бұйрығын орындаймыз.Бетіне жазу нысаны графикалық нысанға мәтін қосуға мүмкіндік береді.Бетіне жазуды кез келген ерекшеленген фигураға қосуға болады. Ол үшін фигурадан шақырылған жанама мәзірде Мәтінді қосу бұйрығын таңдау жеткілікті.

ІV Сабақты бекіту. 171 бет компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

  1. Графикалық редакторда құрылған суретті қалай қосамыз?

  2. Қандай пернелер ашылған терезелердің бойымен жылжуға мүмкіндік береді?

  3. Қандай нысан декаративтік бетке жазуларды құруға арналған?

  4. Нысанға қосылған суретті қалай түрлендіреміз?

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §25. 165-170 бет


№25сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Суреттер мен жазуларды пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік процессорда суреттер мен жазуларды пішімдеуді үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау. Тест

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

II Үйге берілген тақырыпты пысықтау үшін оқулықта172 беттегі тест тапсырмаларын жұмыс дәптерінде орындау.

  1. Графикалық редакторда құрылған суретті мәтіндік құжатқа ненің көмегімен қосуға болады?

А)алмасу буферінің

В)жолақтың Пішім тіркеме парағының

С) жолақтың Кірістіру тіркеме парағының

D) пішімдеу сызғышының

2. Қате тұжырымды көрсетіңдер:

А) WordArt нысанын құжатқа жолақтың Кірістіру тіркеме парағының көмегімен қосуға болады?

В) WordArt нысанының мәтінін кейін өзгертуге болмайды

С) WordArt нысанымен істелінетін жұмыс кез келген графикалық нысанмен орындалатын жұмыс сияқты

D) Құжатқа қанша болса да декоративтік мәтіндер қосуға болады

3. Кестенің ұяшықтары бойынша қалай жылжуға болады?

А)қажет ұяшықты тінтуірмен шерту арқылы

В)бос орын пернесімен

С) F1-F12 пернелерімен

D)меңзерді басқару пернлерімен

4. Құжатқа фигураны мына бұйрықтардың қайсысының көмегімен қосуға болады?

А) Кірістіру-Иллюстрациялар- Бейнебаян

В) Кірістіру-Иллюстрациялар- Сурет

С) Кірістіру-Иллюстрациялар- Фигуралар

D) Кірістіру-Мәтін-WordArt

5. Декаративтік мәтінді қосу үшін қолданылатын бұйрық:

А) Кірістіру-Иллюстрациялар- Бейнебаян

В) Кірістіру-Иллюстрациялар- Сурет

С) Кірістіру-Иллюстрациялар- Фигуралар

D) Кірістіру-Мәтін-WordArt


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Суретті қосқаннан кейін ол құжатқа мәтіннің символы ретінде кірістіріледі. Яғни, енді оны меңзерді басқару пернелерінің көмегімен экран бойымен жылжытуға,түзеу батырмаларымен ортасына, оң және сол жақ шеттеріне орналастыруға болады.

Суретті тінтуірдің көмегімен экран бойынша жылжыту үшін оны нысан ету керек. Суретті тінтуірдің оң жақ батырмасымен шетру жанама мәзірді шақырады да ондағы Мәтінмен орағыту бұйрығының көмегімен орағытуды кез келген басқасына өзгертеді.

  • Қоршау сызықтарының айналасы- сурет нысан сияқты қабылданады және тінтуірдің көмегімен экран бойынша еркін жылжи алады. Мәтін суреттің айналасында тікбұрыш бойынша біркелкі орналасады;

  • Контур бойынша- параметр алдыңғыға ұқсас, тек мәтін суреттің контуры бойынша орналасады. Мысалы, егер суреттің формасы дөңгелек сияқты болса , онда мәтінде суретті дөңгелек бойынша орағытатын болады.

  • Мәтіннің артында- сурет тура солай нысан ретінде қабылданады, біріқ мәтін оны орағытпайды, суреттің үстіне жазылады.

  • Мәтіннің алдында-сурет нысан сияқты қабылданады, сурет мәтінңнің үстіне оын тасалап салынады.

  • Үстінен және астынан- мәтін тек суреттен жоғары жән төмен орналасады.

ІV Сабақты бекіту. 177 бет компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.


V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар

  1. Фигураларды

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §26. 173-176 бет


№26сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін бақылау.

Тәрбиелік: оқушылар техника қауіпсіздігін сақтауды,және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:жалпы қабілеттілікті дамыту.


Сабақтың түрі: сынақ сабақ

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

II Үйге берілген тапсырманы тексеру

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Бақылау жұмысы

V Сұрақтарды талдау

VІ Үйге тапсырма


Бақылау сұрақтары

  1. Мәтіндік процессорге графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру әрекеті қалай орындалады?

  2. Кестені қанша жолмен құруға болдаы?

  3. Құжатты қалай баспаға шығарады?

  4. Декаративті мәтінді қалай кірістіреді?


Үйге тапсырма: өткен тарауларды қайталау.


№27сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Power Point офистік бағдарламасы. Программа интерфейсімен танысу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Power Point офистік бағдарламасы. Программа интерфейсімен танысу.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әдетте тұаукесерлер тыңдаушыға қандай да бір ақрапатты ұтымды түрде жеткізу үшін пайдаланылады. Оны тек сөзбен ғанаіске асыру күрделі кені түсінікті. Сондықтан адам әрқашан көрнекіліктерді: иллюстрацияларды, плакаттарды, макеттерді, фильмдерді және т.б пайдалануға тырысқан.

Компьютерлік технологиялардың дамуымен слайдтар деп аталатын «электрондық плакаттарды» қолдану мүмкін болды. Слайттарды белгілі бір тізбекпен құруға, бір слайттан екіншісіне ауысу уақытын, слайдты бейнелеу әсерлерін және т.б баптауға болады. Мәтін, бейне, видеоролик және тағы басқа көптеген нысандар элетрондық сладтың бөлігі болып табылады.

Тұсаукесер(лат.praesentatio)- жаңа, жақында пайда болған, жарияланған, жасалған әлденені (кітапті, фильмді, ұйымды және т.б) көпшілікке таныстыру.

Тұсаукесердің әрбәр слайды демонстрация кезінде оның бейнелеуіне әсер ететін төмендегі қасиеттерге ие:

  • Слайдтың мөлшері;

  • Слайдтың белгіленуі) тақырыптардың, мәтін мен нысандардың слайдта орналасуы);

  • Безендірі шаблоны( слайдтың дизайны);

  • Слайдтан слайдқа өту әсері;

Бүгінгі күні Mіcrosoft Power Point-ты бүкіл әлемде 300 млн-ға жуық адам пайдаланып жатқанына қарамастан, программаның өзін де , оның тұсаукесерлер құру мүмкіндіктерін де сынау толастамай келеді.Ғасырлар бойы құрумен ақпараттандырушы иллюстрациялармен кәсіпқойлар айналысқан, сондықтан олардың сапасы әрқашан жоғары болатын.

Mіcrosoft Power Point программасының интерфейсі

Тақырып жолы- құрылған немесе ашылған файлдың атынан, оны құрған программаның атынан және терезені басқару батырмаларынан тұрады.

Төменірек қосымшада қолжетімді және топтарға біріктірілген барлық бұйрықтардан тұратын Жолақ орналасқан. Әрбір топ әрқайсысының құрамында бұйрықтардың батырмалары орналасқан тіркеме беттер түрінде құрылған. Егер батырманың оң жағында кішкене үш бұрыш бар болса, онда ол тұтынушы бұл батырманы қолданған кезде қосымша өлшемдерді таңдай алады дегенді білдіреді.

Терезенің жұмысшы бөлігін Слайд аймағы құрайды. Слайд аймағының сол жағында Құрылым аймағы ( слайдтарды көшіругең жоюға, орындарымен ауыстыруға, сонымен бірге бір слайдтан екінші слайдқа ауысу мүмкіндігін жасайтын) орналасқан.

Терезенің төменгі жағын оның көмегімен тұсаукесердің тек қана ағымдағы жай күйң туралы ақпаратты біліп қана қоймай, ағымдағы слайдты көру режимін, оның масштаын өзгертуге де болатын Қалып күй жолы алып жатыр.

ІV Сабақты бекіту. Сұрақтар

  1. Тұсаукесер деген не?

  2. Тұсаукесер слайдының қасиеттерін атаңдар.

  3. Mіcrosoft Power Point ты іске қосу жолы қандай?

  4. Терезе элементтерін атаңдар.

V Сабақты қорытындылау.

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §27. 179-181 бет



№28сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы жайында білім беру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тұсаукесермен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін төрт қарау режимі қарастырылған: әдеттегі сұрыптағыш слайдтарды көрсету, ескертпелер беттері.

Режимдер бойынша терезенің қалып күй жолыныі өзінен немесе жолақтың Түр тіркеме бетінің тиісті бұйрықтарымен алмасуға болады.

Әдеттегі режим әр слайдпен жеке жұмыс жасау үшін қолданылады. Бұл режимде жұмыс аймағын тұтастай бір слайд алады, ал тұсаукесердің барлық слайдтарын құрылымдар аймағында көруге болады. Оыс режимде слайдтың әртүрлі элементтерін теруге, қосуға , анимациясын баптауға болады.

Сұрыптағыш тұсаукесердің барлық слайдтарын кішкене парақшалар- эскиздер түрінде көрсетеді. Бұл режимде тұсаукесердің жалпы түрін, слайдтардың орналасу ретін, олардың өзара байланысын және қисындық құрылымын, тұсаукесердің барлық біртұтастығын қарап шығу және түзету ыңғайлы.

Көрсету режимі тұсаукесерді көрсетуді әзірлеуге және демонстрациялауға арналған (F5 пернесі). Бұл режимде слайд анимация және алмасу әсерлерімен тұтынушы бақылайтындай түрде экранда тұтастай көрінеді.

Ескертпелер беттері режимі астында ескертпелер (түсініктемелер) жазылған толықэкранды слайдты бейнелейді.

Басты- Слайд құру бұйрығы тұсаукесерге жаңа слайд қосуға арналған. Мұнда слайдтың макетін таңдау керек болады. Слайдтың макетін кейін Басты-Макет бұйрығы көмегімен өзгертуге болады.Ағымдағы слайдты Del пернесімен немес Басты- Слайдты жою бұйрығымен жоюға болады.

Әдеттегі режимде және сұрыптағыш режимінде бірнеше слайдты ерекшелеп алып, оларды бірге өңдеуге (жоюға, көшіруге, орнын алмастыруға және т. б) болады. Оны әдеттегі тәсілмен жүзеге асыруға болады: іргелес слайдтар Shift пернесімен, ал іргелес еместері-Ctrl пернесімен ерекшеленеді.


ІV Сабақты бекіту. Сұрақтар

1.Тұсаукесер деген не?

2.Тұсаукесер слайдының қасиеттерін атаңдар.

3.Mіcrosoft Power Point ты іске қосу жолы қандай?

4.Терезе элементтерін атаңдар.

5. Шаблон бойынша тұсаукесерді қалай құрамыз?

6.Слайдты қалай жоямыз?


V Сабақты қорытындылау.

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §27. 182-186 бет





№29сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: презентацияларды құру мен безендіру шаблондары жайында білім беру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV Сабақты бекіту.

V Сабақты қорытындылау

VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма

II Үйге берілген тақырыпты пысықтау үшін оқулықта187 беттегі тест тапсырмаларын жұмыс дәптерінде орындау.

  1. Тұсаукесерлер құруға арналған программа қалай аталады?

А)мәтіндік процессор

В)графикалқы процессор

С) операциялық жүйе

D) тұсаукесер құрушы конструктор

2. Mіcrosoft Power Point программасын қалай іске қосамыз?

А) Бастау-Программалар-Microsoft Office

В) Бастау- Программалар- Стандарттық

С) Бастау- Программалар- Стандарттық-Қызметші

D) Бастау- Программалар- Microsoft Word

3. Әр слайдпен жеке жұмыс істейтін қарау режимңн таңдаңдар:

А)сұрыптауыш

В)әдеттегі

С) слайдтар көрсету

D)ескертпе беттері

4.Жолақтың қай тіркеме бетінде қарау режимдерін ауыстыруды орындайды?

А) Басты

В)Түр

С) Дизайн

D) Кірістіру

5. Тұсаукесер қандай бұйрықтың көмегімен құрылады?

А) Microsoft Office батырмасы- Құру

В) Басты-Құру

С) Басты- Бос тұсаукесерді құру

D) Басты- Бос тұсаукесерді шаблоннан құру

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.



Слайд кірістірілген соң , оны безендіру керек.

Жолақтың Дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін дайын тақырыптарды пайдалануға мүмкіндік береді. Түстер шешімін өзгерту үшін Дизайн- Түстер- Тақырыптың жаңа түстерін құру бұйрығын орындаңдар. Пайда болған сұхбаттық терезеде өз түстеріңді таңдап, баптаңдар және әрі қарай пайдалану үшін сақтап қойыңдар. Дәл осындай әректті қаріптер үшінде орындаңдар.

Түстер сызбасы - ол слайдтарға, ескертпелер беттерінде немесе үлестіру материалдарына қолданылатын сегіз үйлесімді түстерден таңдап алынған жиын.

Дизайн- Фонның мәнерлері- Фонның пішімі бұйрығы фонның құйып толтыру түсін өзгертуге жағдай жасайды.

Егер сендер слайдтардың бірдей мәнерде жасалғанын қаласаңдар, онда үлгінің (безендіру шаблонының) таңбаланып белгіленуін пайдаланғандарың жөн.

Безендіру шаблоны- ол тұсаукесердің маркерлері мен әріптерінің түрін және мөлшерлерін, қоршау сызықтарының мөлшерін және орналасу орнын, фондық суреттерін және фонды безендіру параметрлерін, түстер сызбасын, слайдтарының үлгілерін және тақырыптарының қосымша үлгілерін бірге есептегендегі мәнерінен тұратын файл.

Слайдтың үлгісін таңбалап белгілеу түтас тұсаукесер үшін өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді.Үлгіні таңбалап белгілеуді қарапайым слайдтарды өзгерткендей етіп түзуге болады, ол үшін Түр- Слайдтардың үлгісі тіркеме бетіне өтсек жеткілікті. Онда төмендегідей қажетті параметрлерді баптауға болады:

  • Толтырушыны кірістіру( тұсаукесерге қандай нысан қосылатынын көрсетуге мүмкіндік береді);

  • Тақырыпты таңдау(түс, қаріптерді таңдауға мүмкіндік береді);

  • Фонның мәнерін таңдау

  • Слайдтың терілу бағытын таңдау


ІV Сабақты бекіту. 192 бет компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

V Сабақты қорытындылау. Сұрақтар


VІ Бағалау

VIІ Үйге тапсырма §28. 189-191бет





№30сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Power Point бағдарламасында кесте, сурет, бейне мен дыбыс кірістіруге түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау.

2. "Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап..." "Келесі" ойыны. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.
1. Microsoft Power Point бағдарламасын қалай ашамыз?
2. Microsoft Power Point бағдарламасында жаңа слайдты қалай қосамыз?
3. Файлды- алғаш рет сақтау үшін қолданылатын команда.
4. Microsoft Power Point бағдарламасында слайдтарды үлкен экранға шығару командасы қандай?
5. Microsoft Power Point бағдарламасында демонстрация файлдарының кеңеймелері қандай болады?
6. Презентация шаблонын қандай меню арқылы түрлендіре аламыз?
7. Microsoft Power Point бағдарламасының терезе элементтері неден тұрады?
8. Ойды, адамдармен өнімдерді , шикізат қызмет түрлерін ұсыну - бұл әрдайым …
9. Презентация латын тілінен немесе ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?
10. Слайд дегеніміз-

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Кестені слайдқа енгізу:
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Таблица (Кесте) - Вставить таблицу (Кесте кірістіру) командасын орындау.
Суретті слайдтқа енгізу :

Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Рисунок (Сурет) командасын шерту. Компьютерде бар суреттерді кірістіру үшін.
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Клип командасын шерту. Power Point бағдарламасының суреттерін кірістур үшін.
Слайдтқа бейнені енгізу:
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Фильм - Фильм из файла (Файлдағы фильм)
Слайдтқа дыбысты енгізу:
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Звук (Дыбыс) - Звук из файла (Файлдағы дыбыс)
Компьютермен тапсырма орындар алдында ЕТК-гі ережелерді еске түсіру.

ІV Сабақты бекіту.

5. "Ізденген жетер мұратқа..." Тест жұмысы арқылы сабақты бекіту.
1. Слайдты үлкен экран етіп қарауға мүмкіндік беретін перне:
А) F7
Ә) F5 +
Б) F1
В)F4
2. Слайдқа бейне қою командасы:
А) Вставка - Рисунок
Ә) Вставка - Звук
Б) Вставка - Фильм +
В) Вставка - Клип
3. Слайд бетіне суреттер, кестелер қою менюі (мәзірі):
А) Файл
Ә) Вставка +
Б) Показ слайдов
В) Дизайн
4. Үлкен экраннан шығу пернесі:
А) Tab
Ә) Alt
Б) Delete
В) Esc +
6.Инсерт әдісі бойынша Не білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді? Сұрақтарына жауап іздеу. Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру.
7. Үйге тапсырма беру:


1) «Менің жанұям» тақырыбына презентация құру.
2) «Презентация» тақырыбына сөзжұмбақ.
8. Бағалау.
Бағалау критерийі
10 ұпай және одан жоғары - «5»
7 - 9 ұпай - «4»
5 - 6 ұпай - «3»










№31сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Білімділік мақсаты: Презентацияны жасаудың жаңа мүмкіндіктерімен
таныстыра отырып, қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі
жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін
басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін
пайдалана білулеріне ықпал ету;
Тәрбиелік мақсаты: Белгілі бір адамгершілік қасиеттерді, рухани байлықты,
эстетикалық, еңбексүйгіш дағдыларды қалыптастыру.
Пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: ой қозғау, түртіп алу, топтастыру.
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, слайдтар.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сандарды сөйлет. «Терезе элементтерін ата».
2. Сұраққа жауап. «Алтын тасты сұрақтар».
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Шығармашылық тапсырма.
2. Өзін-өзі тексеру. Электрондық оқулықпен жұмыс.
3. Сергіту сәті.
V.Қорытынды.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру. .

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сандарды сөйлет. Терезе элементтерін ата.

2. Сұраққа жауап. «Жалғастыра жарысу».
1. Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске
қосылады? (Пуск - Программы - MS Power Point )
2. Презентация дегеніміз не? (Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, енгізу нәтижесін бақылауды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну - бұл әрдайым презентация)
3. Презентация ұғымы қандай мағына береді? (Латынша praesento тапсырамын, ағылшынша ұсыну)
4. Слайд деген не? (Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді)
5. Слайдта орналасатын объектілерге.... (Фон, мәтін, гиперсілтемелер, колонтитулдар, кестелер, графикалық бейнелер, жазулар, диаграммалар, фильм, дыбыс, бағдарша (ярлык) жатады)
6. Слайдтарды баспаға қалай береміз? (Презентацияның кез-келген компонентін баспаға шығару үшін, оны ашып, Файл - Печать командасын беріп, басылатын объектіні: слайдтар, берілулер, мақала беттерін немесе құрылымын көрсету қажет)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Слайдтарда әр түрлі типті объектілер бар, әрбір слайдтарда кем дегенде бір объект - кадр фоны болады. Яғни бос слайд болуы мүмкін емес, тек қана фон типті объектісі болса, ол бос слайд деп есептеледі.
Слайдтарды қосу.
Менюдегі «Вставка» «Создать слайд», батырмасын бассаңыз жеткілікті
Керекті слайдты өз қалауыңызша безендіруіңізге болады.
Слайдтарды ауыстыру.
Ø Менюдегі «Показ слайдов» «Переход слайда» таңдаңыз
Ø Керекті эффектілерді таңдап слайдтарға ауысуды танда
Ø «Продвижение» деген жерге жалауша орнатыңыз
Слайдты немесе барлық презентацияларды көру.
Құрастырылған слайдтарды көрудің екі түрлі тәсілі бар, бұлардың бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:
v терезенің сол жағында орналасқан бұл батырма, ерекшеленіп тұрған слайдтан бастап көрсете бастайды.
v Менюдегі «Показ слайдов» - «Начать показ» батырмасын таңдасаңыз бұл бірінші слайдтан бастап көрсете бастайды.
Слайдтарды демонстрациялау.
Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет.
1. Показ слайдов - настройка анимации командасын орындау.
2. Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с анықтау керек.
Презентацияны ойлап шығару кезінде мынадай кеңеске сүйену керек:
• презентацияна алдын-ала жоспарлау, оның мақсаты мен мазмұнын нақты түсіну;
• инпортацияланатын суреттің форматын таңдаған кезде демонстрацияның мүмкіндіктерін есепке алу;
• суреттегі объект фоннан түсі жағынан ерекшеленуі керек;
• слайдты көркемдеу үшін контрастты және келіскен түстерді ьаңдау керек;
• аудитория көңілін презентацияның жеке бір бөлігіне аудару үшін анимациялық өтулерді, бейне, дыбыс және басқа да құралдарды қолдану артық болмайды.

Электрондық оқулықпен жұмыс
V.Қорытынды.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: Анимация әсерін баптау.Презентацияларды көрсету тақырыбын оқып келу. «Жастық шақтан болашаққа» тақырыбында презентация жасауға жоспар құрып келу.



№34сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы:Компьютерлік байланыстың негізгітүрлері.

Білімділік: Оқушыларды «жалпы желі» ұғымымен таныстыру және

олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын

қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру, Internet

Mail бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

II. Өтілген сабақтықайталау (10 минут)

Презентацияларды көрсету

III. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі (15 минут)

Жалпы желі - бүкіл әлемдегі компьютерлерді байланыстырады және ол Интернет деп аталады.

Бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлерде қаншама ақпараттар сақталған десеңші? Интернеттен әлемнің барлық тілінде жазылған кез-келген ақпаратты табуға болады. Мұражайларды, кітапханаларды қарауға, қашықтан оқытуға, қажетті тауарды сатып алуға, виртуальды турларға қатысуға болады және т.б.

Интернеттегі беттерді қарауға арналған шолулар немесе сілтеушілер деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Олардың ішінде бүкіл әлемде көп қолданылатыны-Internet Explorer.

Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме (гиперссылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет, фотосурет сілтеме бола алады.

Сілтеме бар екенін қалай білуге болады? Тышқанның меңзерін мәтінге, суретке немесе фотосуретке әкелген кезде сілтеме бар жерде, тышқанның бағыттауышы бас бармақ созылған саусақты қолдың суретіне ауысады. Сілтеме бойынша бір беттен басқа бетке өту үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз.

  1. Сілтемеге келіп тышқанның сол батырмасын басамыз.

  2. Беттің жүктелуін тосамыз.

  3. Жүктелу кезінде оң жақ жоғарғы бұрыштағы глобус айналып тұрады, ал төменгі жағында жүктеу индикаторы пайда болады.

Бет жүктелгеннен кейін өзінізді қызықтыратын ақпаратты оқып, көшіріп, сақтап, қағазға басып шығара аласыз.

Электрондық байланыс ақпаратты тарату үрдісін жылдамдатты. Телефон, пейджер, ұялы телефондар және компьютерлердің пайда болуы ақпаратты тарату үрдісін тездетті.

Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпаратты жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электронды поштаның стандартты поштаның бумалары алынған және жіберілетін хаттарды сақтау үшін қолданылады.

Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық қабылданған хабарлар орналасады.

Шығаратындар (Исходящие). Жазылған және жіберілген хаттар осы бумаларда орналасады.

Өшірілгенднр (Удаленные). Кез-келген бумадан шірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады.

Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар бумасын жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп орналасады.

Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады, және ол Шимай дәптерлер (Черновики)бумасында сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады. Келген хабарды бірінші белгілеп одан кеиін әртүрлі әрекетті орындауға болады.

Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл - Печать - ОК командасын орындау арқылы.

Жауап беру.Хат жолдаушыға және осы хатты алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа қабылдаушыға жіберуге болады.

Сақтау (Сохранитькак). Таңдаған хабарды сақтауға болады, ол үшін Файл - Сохранитькаккомандасын орындаймыз.

Кейде поштаға хаттар ішіне салынған файылдармен келеді. Олар өте үлкен мәтіндік файылдар, графиктік кескіндер, дыбыс және бейнелік ақпараттар болуы мүмкін. Егер қабылданған хатта ішіне салынған файл бар болса, онда оның тақырыбында кішкентай түйреуіштің суреті көрсетіледі.

Ішіне салынған файлдарды сақтау үшін Файл -Сохранитьвложения немесе Файл сохранитьвложения - Ве командаларын орындаймыз сол кезде бекітілгенфайлды сақтайтын буманы таңдау терезесі пайда болады.

Жаңа хат немесе жіберу үшін оны жіберетін мекен-жайдың адресін білу керек. Адрес былай жазылады: schoo112@os7 kz

IY.Бекіту (14 минут)

  • Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.Компьютерлік желінің қандай түрлері бар? Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы айтыңыз.

  • Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады?

  • Сілтеме дегеніміз не?

  • Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай таратты?

  • Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады?

  • Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?

V. Үйге тапсырма беру(2 мин):

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілерVI. Оқушы білімін бағалау(2 мин)


№32сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер. Сыныптың компьютерлік желісі. Қорларға

қатынау. Желілік принтермен жұмыс.

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік желі ұғымымен, түрлерімен
жұмыс істеу ережесімен таныстыру.
Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып,
оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін
толықтыру, ой - өрістерін дамыту, өзіндік іс-әрекетін,
шығармашылығын, пәнге деген қызығушылығын
арттыру,информатикалық тілде сөйлей білуге үйрету.
Тәрбиелік : Оқушыларды жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа, өз
бетімен, жұптық жұмыс жасай білуге, компьютерлік
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ақпаратты технология сабағы.
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс, сұрақ-жауап, ассоцация, шығармашылық жұмыс, жеке, жұптық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер кешені, флипчарт, слайдтар, интерактивті тақта, принтер, мультимедиялық диапроектор, таратпа материалдар.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасып, сабаққа дайындау, компьютер
журналын толтыру)
ІІ. «Ой қозғау» аялдамасы. Үй тапсырмасын тексеру (жасырылған суреттер арқылы жауап береді).
ІІІ. «Желіге түсінік» (Жаңа тақырып)
IV. «Желіге практика» (Жеке, жұптық тапсырмалар, принтермен жұмыс)
V. Сергіту сәті.(Көз жаттығулары)
VІ. Қорытынды бөлім. (Кесте толтыру)
VII. Білім шыңы (Бағалау)
«Ой қозғау» аялдамасы
1. Фонограф бағдарламасы дегеніміз не?
2. Дыбыстық файлды қалай жасаймыз?
3. Дыбыстық файлды құжатқа енгізу жолы.
4. Компакт -дискідегі бағдарламаны орнату жолы.
5. Бағдарламаны орнату файлдары:
Интерактивті тақтамен жұмыс.
«Желіге түсінік» аялдамасы (Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс)
Компьютерлік желі-бұл бір - бірімен әр түрлі ресурстарды ортақ пайдалану үшін біріктірілген компьютерлер тобы. Компьютерлік желінің 3 түрі бар:
1. Жергілікті желі-бір бөлменің немесе ғимараттың аумағында біріктірілген компьютерлер тобы;
2. Аймақтық желі- қала, облыс, ел шегінде біріктірілген компьютерлер тобы;
3. Интернет желісі- бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуға болатын желі.
Компьютерлік желілердің көмегімен дүниежүзі деңгейінде хабарды жіберуге және алуға болады.
Мектептің компьютерлік сыныбының жергілікті желісі
Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен желілік адаптер жабдықталуы керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдер арқылы байланысады.

Компьютерлерді желіге біріктіру себептері:
1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіге (CD-ROM-ға немесе стримерге) жазылған мәліметті бірігіп пайдалану,
- бір принтерге нәтижелер шығару,
- ортақ сканерді қолданып, информация көшірмелерін кезекпен алып
отыру.
2) қолданбалы программалардың да (Word, Excel, т.б.) ортақ дискіге жазылған бір ғана желілік көшірмесін қолдануға болады.
3) әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс құралдарын (коммуникациялық қызметтер түрі, мәліметтер, бейне суреттер және дыбыстық құжаттармен алмасу, т.б.) пайдалануға жол ашылады. Мәліметтерді жекелеп кезектесіп өңдеу ісін ұйымдастырудың маңызы артады. Информацияны бөлмей бір орында сақтап отыру оны тұтас көшіріп алу немесе сол толық қалпында ұстау мүмкіндіктерін жеңілдетеді.

. Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы)
- географиялық қамтылу аймағына қарай;
- өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;
- топологиясына - бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;
- басқарылуына байланысты.

Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді:
Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұрған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютерлер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін).
Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) - бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.
Аймақтық (региональный -Metropolitan Area Network MAN) - бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.
Желінің негізгі программалық және аппараттық 4 компоненттері
- Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер).
- Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары).
- Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix).
- Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы).


№33сабақ

Күні: -------------------- Мұғалім: Рахманкулова Ж.А

Сыныбы: ------------ Тексерген:

ДОІЖО Қожаберген Н.Ә ----------

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін бақылау.

Тәрбиелік: оқушылар техника қауіпсіздігін сақтауды,және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:жалпы қабілеттілікті дамыту.


Сабақтың түрі: сынақ сабақ

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,тыныштандыру

II Үйге берілген тапсырманы тексеру

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV Бақылау жұмысы

V Сұрақтарды талдау

VІ Үйге тапсырма


Бақылау сұрақтары


1. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.

2. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

3. Компьютерлік байланыстың негізгітүрлері?

4. Компьютерлік желілер. Сыныптың компьютерлік желісі. Қорларға

қатынау. Желілік принтермен жұмыс.


Үйге тапсырма: қайталау.










 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал