- Учителю
- Поурочный план, флипчарт Практикалық жұмыс (5 класс)
Поурочный план, флипчарт Практикалық жұмыс (5 класс)
Сабақтың реті: 13
Мерзімі:
Пән атауы, сыныбы: информатика, 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты: Теория бойынша алған білімдерін практикада қолдануына жағдай жасау;
Міндеттері:
- практикада шапшаң жұмыс істеуге баулу;
- есте сақтау қабілеттерін арттыру;
- өзін-өзі реттеуге үйрену
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, ОүБ, Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялық іс - әрекеттер: «Ой қозғау», «Мозайка», «БҮБ» , «Екі жұлдыз, бір тілек»
Уақыт өлшемі
Жоспар мазмұны
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурстар
2 мин.
Ынтымақтастық атмосферасын құру, бір-біріне не ортақ екенін айту
«Не ортақ?» стратегиясын пайдалану
Бір-біріне айтады
5 мин.
Үй тапсырмасын «Ой қозғау» стратегиясы бойынша тексеру, сөзжұмбақтар беру, бір-бірін тексереді, топ басшылары бағалау парағын толтырады. Интерактивті тақтада тапсырма.
Сөзжұмбақ береді. Интерактивті тақтада тапсырманы орындауын қадағалау.
Сөзжұмбақтармен алмасады, топ басшылары қойған бағаларын баяндайды.
Сөзжұмбақтар
Интерактивті тақта
2 мин.
«Мозайка» стратегиясы бойынша топқа бөлу, топ басшыларын сайлап, бағалау парағын тарату
Түрлі-түсті қағаздар тарату
Түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлінеді
стикерлер
25 мин.
Топтарға «Компьютерде тәжірибелік тапсырма» беріледі
Оқулықтан «Компьютердегі тәжірибелік жұмыс» тапсырмасына назар аударту
Тапсырмаларды топпен талқылап, түсіндіру, компьютерде орындау
Оқулық
2 мин.
Сергіту сәті
Музыка әуенімен қимыл
Әуен тыңдап, билеу
бейне ролик,
6 мин.
«Өзіңді тексер» тестісі
Тапсырмалардың орындалуын түсіндіру
Компьютерден тестіні орындау
Компьютермен жұмыс
1 мин.
Үйге тапсырма
§13 оқуға, әр топ 5 сұрақтан сөзжұмбақ құрастырып келу
Үйге берілген тапсырманы дәптерлеріне жазады
дәптер
2 мин
Рефлексия, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағаланады
«БҮБ» стратегиясын толтыруын қадағалау
Білемін
Үйрендім
Білгім келеді?
Кестені толтырады, ойларын қорытындылайды. Бір-бірін бағалайды
Кесте, стикерлер, бағалау парағы