7


  • Учителю
  • Графикалық редакторындың сурет салу құралдары

Графикалық редакторындың сурет салу құралдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына жолдауында: 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Графикалық редакторындың сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға графикалық редакторда қисық сызық, бүріккіш, құю құралдарын пайдаланып, сурет салуды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, компьютерде практикалық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивтік тақта, таратпа карточкалар

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, тарих

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастырy кезеңі

а) сәлемдесу әдебі: Оқушылармен сәлемдесу оқушыларыды түгендеу

Жаңа сабақ

Сурет салудың адам баласына қандай маңызы бар, ол не үшін қажет?- деген сұрақтарға тоқталайық. Бүгінгі сабағымыз сурет салумен байланысты болғандықтан сабағымызға бейнелеу өнерінің мұғалімі Назгүл Шаяхметқызы қатысып отыр. Сөз бейнелеу өнерінің мұғаліміне беріледі:

Құрметті оқушылар сендер бастауыш сыныптан «Бейнелеу өнері» пәнін өтіп келесіңдер. Сурет салудың көптеген тәсілдері бар, оларға тоқталмай-ақ қойайын. Сурет салу тек суретшіге ғана емес, әр мамандық иесіне де қажет. Әр адам өзінше, өз шамасына, талабына қарай сурет салады.

Елімізде сурет өнеріне зор еңбегі сіңген атақты суретшілер өте көп. Солардың қатарына Әбілхан Қастеев, Кәміл Шаяхметов, Айша Ғалымбаева, Молдахмет Кенбаевты айтуға болады.

- Алдын ала оқушыларға үй жұмысы ретінде Қазақстанның Әбілхан Қастеев, Кәміл Шаяхметов, Айша Ғалымбаева сынды суретшілері жайлы мәлімет жинап, қысқаша баяндандап келуге тапсырма берілген, енді соларды тыңдайық.

Тақтада Қазақстандық әйгілі суретшілердің портреттері көрсетіліп айтылады.

Жаңа сабақты түсіндіру: Қисық сызық салу:

Қисық сызық салу үшін қисық сызық батырмасын шертеміз. Сызық қалыңдығын таңдап, сызық салуды орындаймыз. Сызықтың бүгетін жанында маусты басып, бұрамыз.

Бүрккіш құралын пайдалану:

Бүріккіш құралын шертеміз. Палитрадан түсті таңдап, бүріккіш дағының өлшемін алып, бояуды бүркеміз.

Құю құралы:

Құю құралының батырмасын шертеміз. Түс палитрасынын түсті таңдап, бояуға қажетті контур ішін мауспен шертеміз. Контур тұйық болуы керек.

Қылқалам құралының батырмасын шертеміз. Түсті таңдап, маустың көмегімен қажетті суретті саламыз. Жаңа сабақтан сұрақтарың бар ма?

Жаңа сабақты пысықтау

а) Компьютермен практикалық жұмыс

Оқушыларға таратпа карточкаларды беріп (сурет салынған) тапсырмаларды орындату.

Сабақты бекіту/ қорытындылау

Компьютермен де суреттерді салуға болады. Сонымен балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Келешекте сурет салудың маңызы бар ма?

Үйге тапсырма беру




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал