- Учителю
- “Жас информатиктер”
“Жас информатиктер”
Пәні: Информатика
Сыныбы: 10 «А»
Тақырыбы: "Жас информатиктер" сыныптан тыс шара
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұжыммен жұмыс
істеуге жұмылдыру.
Сабақтың міндеті: Оқушылар компьютерде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру; іскерліктерін, логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру,
еңбекке тәрбиелеу, халықтық тағылымдарды сурет арқылы
бейнелей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сайыстың өту барысы:
І. Сөз жұмбақ шешу.
ІІ. «Кім жүйрік» бөлімі.
ІІІ. «Ғажайып пәндер» бөлімі.
IV.«Полиглот» неше тілді білесің?
V.Компьютердің пайдасы мен зияны поспер қорғау.
І. Сөз жұмбақ шешу. Екі топ үйден дайындап келген сөзжұмбақтарын бір-біріне беріп
жауабын шешеді.
ІІ бөлім - «Кім жүйрік» Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Сұрақтарға тез-тез жауап берілуі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Компьютер тобының сұрақтары
1.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (Бит)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)
3. Cурет салуға арналған программа (paint)
4. Вирусты тауып жоятын программа (антивирус)
5. Бір байтта қанша бит бар? (8 бит)
6. Екілік жүйенің сандары? (0 мен 1)
7. Бүтін сан (integer)
8. Түзу сызық (Line)
9. Word қандай редактор? (мәтіндік)
10. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
Интернет тобының сұрақтары
1.Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
2. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
3. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
4. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (delete)
5. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
6. Бір килобайтта қанша байт бар? (1024)
7. Нақты сан (real)
8. Информатиканың атасы (Чарльз Бэббидж)
9. Ең бірінші программа құрған оқымысты ... (Ада Лавлейс)
10. Компьютер ауруы (вирус)
ІІІ. бөлім - «Ғажайып пәндер». Әр пәннің артында сұрақтар сол сұрақтарға жауап берсеңіз сыртында көрсетілген ұпайды аласыздар.
Қазақ тілі: Екі буынды екі сөздің бірінен-бірінің айырмашылығы - бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады, егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай сөздер? (Үкі, екі)
Орыс тілі: Мягкий знак и твёрдый знак Разговаривают так: - Сколько я пирожных съем? Мягкий знак ответил: «Семь!». Сколько букв и сколько звуков в слове «съем» и в слове «семь»?
Жауабы: съем - 4 буквы, 3 звука
Семь - 4 буквы, 3 звука
3. Математика: Бөрененің ұзындығы 120 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзынды қанша? Жауабы: 120*1/3=40, 120 см-40см = 80см
4. Қазақстан тарихы: Бұл тарихи - мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескеркіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Жауабы: Қожа Азмет Иассауи кесенесі, Түркістан қаласы
5.Информатика: Есеп Егер 4 саны енгізілсе, программаны орындау нәтижесінде қандай сан шығады?
Program esep;
Var x,y:integer;
Begin
Readln(k);
a:=k+10;
k:=k+a;
write(k);
end. Жауабы: 18 саны шығады
IV. бөлім - «Полиглот» неше тілді білесің? Қойылған сұрақтың 3 тілде жауабын тапса 30 ұпай беріледі.
-
Ақпараттың қайнар көзі. (табиғат, природа, nature)
-
Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы ...(тоқ, ток, currnt)
-
.......... кеме білім теңіз? (мектеп, школа, school)
-
Жіпке ілдім мен өзім.
Кіп-кішкене күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
5.Өнер алды қызыл .... (тіл, язык, landuade)
6. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. (тышқан, мышь, mouse)
7. Батырмалы енгізу құрылғысы. (пернетақта, клавиатура, keybord)
8. Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
V.бөлім - «Компьютердің пайдасы мен зияны» туралы өз ойларын поспер арқылы қорғайды.
Қорытынды: Бүгінгі сайыс сабақ бойынша оқушылар өз ойларын стикерге жазып тақтаға жабыстырады.
Марапаттау. Жеңген команданы марапаттап. Сыйлықтары беріледі.
Елбасымыз «ХХІ ғасыр - білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Бүгінгі кешті мен «Білімсіз -адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!