- Учителю
- Информатика 'Таймер басқару элементін қолдану' (10 сынып)
Информатика 'Таймер басқару элементін қолдану' (10 сынып)
VISUAL BASIC визуальды бағдарламасында
Timer Таймер басқару элементі.
Сабақтың тақырыбы: Таймер басқару элементін қолдану.
Сабақтың мақсаты: Windows қосымшаларын құрастырғанда пішін сияқты басқару
элементтері де объекті екендігін қалыптастыру, сондықтан кез-келген обьектіге
тән олардың оқиғалары әдістері мен негізгі қасиеттерін таныстыру.
Оқушыларға басқару элементтерімен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;
Оқушылардың сабақта алған білімін дамыта отырып, олардың шығармашылық қабілетін, , ынтасын, қабылдауы танымдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Оқушыларды сабақта алған білімін өзіндік жұмыстарына қолдана білуге үйрету;
Компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білуге және ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа материалды үйрену.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Көрнекілігі: ДК. Visual Basic визуальды бағдарламалау
жүйесі.Оқулық.
Оқушылардың білімі мен дағдысына қойылатын талаптар:
-
Оқушылар пішіннің мәнін, қасиетін, оқиғалар мен әдістерін білуі;
-
Пішінге қатысты: пішіннің қасиетін терезеде және бағдарламалық жолмен өзгерте білуді;
-
әдістер мен оқиғаларды қойылған есептерді шешуге пайдалануды;
-
екі және бірнеше пішіндермен жұмыс жасай білуді.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Қойылатын қосымша сұрақтар:
-
Объект, қасиет, оқиға, пішін түсініктеріне анықтама беріңдер.
-
Пішін дегеніміз не?
-
Пішіннің негізгі қасиеттері қандай?
-
Пішін әдістері дегеніміз не?
-
Пішіннің графикалық әдістер тобына қандай әдістер кіреді?
-
Пішін оқиғаларын өңдеу прцедурасы дегеніміз не?
III.Жаңа сабақты түсінліру.
Таймер басқару элементінің көмегімен жасалады. Таймер қайсыбір әрекеттерді бағдарламада белгілі уақыт аралығынан кейін іске қосылып отырады.
Оны пішіннің кез-келген жерінде ,тіпті басқару элементінде орналастыруға болады.
Жоба төмендегідей болып көрінеді:
Таймердің бір ғана оқиғасы бар- Timer .Ол берілген уақыт өткен кейін Interval қасиетіне ие болады.
5. Оқушыларды орындаған тапсырмаларына қарай бағалау.
6. Үйге тапсырма: 2.3 тақырып оқуға.109-бет Қайталау.