7


  • Учителю
  • Алгоритм типтері ашық сабақ (6 сынып)

Алгоритм типтері ашық сабақ (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 4.12.15ж

Пәні: Информатика

Сынып: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері

Мақсаттары: Алгоритм типтерін есептер шығару барысында қолдана алуға үйрету, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: алгоритм типтерін ажырата алады, алгоритм құрастырады және шығара алады, алгоритмді өмірмен байланыстырып қолдана алады.

Модульдері: Сыни ойлау, АКТ,топтық, жұптық және жеке жұмыс, оқыту мен оқу үшін бағалау, жаңа әдіс-тәсілдер.

Әдіс-тәсілдер: қайталау, конверт сұрақ, топтық,жұптық, ой толғау

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

Ресурстар

Білу

2мин

«Шаттық шеңбері» тренингі арқылы сыныпқа жағымды қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

1.Ұйымдастыру.

Сынып оқушыларымен амандасу.

Сергіту сәті.

Оқушыларды топқа бөлу.


Амандасады. Сыныпта жоқ оқушыларды айтады. «Поэзия кеші» сергіту сәтін орындайды. Бір бір шумақ патриоттық өлең шумақтарын айтады.

Түрлі түсті фигуралы қағаздарды таңдау арқылы топтасады.

І топ «Сызықтық»

ІІ топ «Тармақталған»

ІІІ топ «Циклдік»


Түсіну

7мин

Үй тапсырмасы

Оқушыларға конверт-сұрақ

арқылы үй тапсырмасын тексереді. Әрқайсысына екі минут уақыт береміз, екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға береді, осыла бұл 2,3 сұраққа жауап бергенше жүре береді.Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқиды.

Сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

І топ.

1.Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритм схемасын қалай атаймыз?



ІІ топ.

1«Алгоритм» атауы қай елдің математигі есімінің жазылуынан шыққан?

2. Алгоритм атқарушылары



ІІІ топ

1. Алгоритмнің жазылу жолдарын ата.

2. Блок сызбада падаланатын фигураларды қалай атаймыз

Оқушы стикерде атын және жауабын жазады.

Сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

Оқушылардың мүмкін жауаптары:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

(орындаушының алға қойған мақсатқа қол жеткізуі)

2.Алгоритм схемасын қалай атаймыз? (блок схема)

3. «Алгоритм» атауы қай елдің математигі есімінің жазылуынан шыққан?

(Атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми есімінің латынша Algoritmi болып жазылуынан шыққан)

4. Алгоритм атқарушылары

(компьютер, робот, адам)

5. Алгоритмнің жазылу жолдарын ата. (табиғи тілде, графикалық, алгоритмдік тілде, программалау тілінде)

6. Блок сызбада падаланатын фигураларды қалай атаймыз?

(блоктар)

Кеспе қағаздар

Стикерлер

Конверттер


Қолдану

10мин


Топтық жұмыс (Топтарға ресурс беріледі)

І топқа. Сызықтық алгоритм

ІІ топқа. Тармақталу алгоритмі

ІІІ топқа. Циклдік алгоритм


Берілген ресурспен топпен талқылап, постерге түсіріп, қорғайды.

Оқулық , плакат

Талдау

7мин

Практикалық жұмыс

Оқушыларға денгейлік тапсырмалар береді.

Тапсырма №1 А деңгейі

Үй тапсырмасын орындау алгоритмін және блок сызбасын құру.

Тапсырма №2 В деңгейі

Берілген алгоритмді рет-ретімен орналастыр.

Шай қайнату алгоритмі:

1. Шайнекті газге қоямыз

2. Су бар ма?

3. Шайнекті аламыз

4. Газды қосамыз

5. Қақпағын ашамыз

6. Газды сөндіреміз

7. Су құямыз

8. Қақпағын жабамыз

9. Шайнек қайнағанша күтеміз

(Жауабы: 3,5,2,7,8,1,4,9,6)

Тапсырма №2 С деңгейі

Айгүл картопты қаймақпен жегенді жақсы көреді. Айгүлдің анасының іс-әрекетін орналастыр:

1. Картопты тұздады

2. Қайнаған суға картопты салды

3. Газды жақты

4. Картопты тазалады

5. Дүкеннен картоп пен қаймақты сатып алды

6. Отты сөндіріп, қайнаган суды төкті

7. Картоптың бетіне қаймақты құйды

8. Картопты тәрелкеге салды

9. Кастрөлге су құйып, отқа қойды.

(Жауабы: 5,4,3,9,2,6,1,8,7)


Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.

А4 қағаз


2мин

Сергіту сәті

1-жаттығу

- Көздеріңнен бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.

Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу

- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар

- Көздеріңді талдырмаңдар

- Алысқа қадалып қараңдар.

3-жаттығу

- Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

- Алысқа қадалып қараңдар

Көзге, білекке арналған жаттығулар жасайды.


Жинақтау

10мин

Жұптық жұмыс

Компьютермен орындалатын тапсырмалар береді

Электронды оқулықта берілген тапсырманы орындайды

2,3,4,6,8,9 тапсырмаларды жұптасып орындайды.

Электронды оқулық

Бағалау

3мин

Өзін-өзі бағалайды

Бағалау парағы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін-өзі топпен бағалайды

Бағалау парақшасы

Кері баланыс

2мин

«Бағдаршам» әдісі

Бағдаршамдағы үш түс көңіл-күйді білдіреді.

Сары түс - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл -күйім жоқ.

Қызыл түс-мен бүгін тапсырмаларды орта дәрежеде орындадым, көңіл-күйім бірқалыпты.

Жасыл түс - мен бүгін бәрін жақсы орындадым, көңіл -күйім көтеріңкі.

Өз аты-жөндерін стикерлерге жазып, бағдаршамға іледі.

2мин

Үйге тапсырма:

§10, 11

Бақылау сұрақтары 70 беттегі

Үйге тапсырма беру

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

Күнделік

Рефлексия




Сабақ туралы пікір:

Тексерілді:

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары: А.Байымбетова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал