7


  • Учителю
  • Программа және оның құрылымы 7 сынып сабақ жоспары

Программа және оның құрылымы 7 сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 7 а,ә,б,в Бекітемін_________________

Күні:_________ Мүғалімі:_________________

Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:

Оқушыларға программа түсінігін және оның құрылымымен таныстыру.

Б) тәрбиелік:

Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, өз ойын жеткізе алуға, күделікті өмірмен байланыстыруға тәрбиелеу.

В) дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін ұштау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Лекция, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, дербес компьютер


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдасытру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Паскаль тілі қай жылы және қай елдің ғалымы ұсынған?

2. Паскаль тілі қандай тілге жатады?

3. Паскаль ортасы қандай командалардан тұрады?

4. File менюінің ішінде қандай командалар бар?

5. Программа неше бөліктер тұрады?


ІІІ. Жаңа сабақ.

ПРОГРАММА ҚҰРЫЛЫМЫ

Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы - мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі - сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.

Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімнің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок - жергілікті (локальді) блок деп аталады.

Сонымен кез келген программа синтаксистік ереже бойынша тақырып пен блоктан тұрады.

Программа тақырыбы



блок





Негізгі блок - негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс.

Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:

  1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);

  2. белгілерді (label) сипаттау;

  3. тұрақтыларды (const)сипаттау;

  4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;

  5. айнымалыларды (var) сипаттау;

  6. процедураларды (procedure) сипаттау;

  7. функцияларды (function) сипаттау.


Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы қажет:

Program "программа аты" (Input, Output);

Uses ...;

Label ...;

Const ...;

Type ...;

Var ...;

Procedure "процедура аты"; "процедура тұлғасы";

Function "процедура аты"; "процедура тұлғасы";

Begin

"1-оператор";

"2-оператор";

...

"n-оператор";

End.


IV. Бекіту.

1. Input, Output операторлар қандай қызмет атқарады?

2. Сипаттау бөлімі толық жағдайда неше бөлімнен тұрады?

3. Программа құрылымының диаграммасы қандай болады?

4. Type түйінді сөзі қандай қызмет атқарады?


V. Үйге тапсырма. Программа құрылымы.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал