7


  • Учителю
  • Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару

Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару


Г.Т. Токушева

Қарақамыс негізгі мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару

Жалпы мақсаты: Оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

А. Оқушылар жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню, Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін біледі.

В. Оқушылар Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар терезесін баптауды меңгереді.

Әдіс-тәсілдер: Жеке, жұптық, топтық жұмыс. Диалогтық оқыту, АКТ. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының көзбен көретін айғақтар стратегиясы.

Тапсырмалар:

  1. Тренинг, топқа бөлу.

  2. Үй тапсырмасын қайталау.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

  4. Топпен кластер құру, қорғау.

  5. Практикалық жұмыс.

  6. Қорытынды. Бағалау.

  7. Рефлексия.

Керекті жабдықтар: Информатика оқулығы (5-сынып), интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, ресурстар, жүрекше, үлестірме парақтары, кластер, маркер, стикер.

Сабақтың барысы

Кіріспе:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Тренинг «Жүректен-жүрекке»

Бірлескен ынтымақтастық құру.

2. Топқа бөлу.

Кеспе қағаздар арқылы 2 топқа бөлу.

3. Екі топқа бағалау парағы беріледі, топ басшысын сайлайды.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:

«Домино» ойыны.

Тұсаукесер

Ой қозғау. Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша топпен бірлесіп жауап береді.

  1. Қосымшаларға қандай программалар жатады?

  2. Программалық жабдықтаманың қандай түрін өздеріңізге құруға болады?

  3. Программалау жүйелерінің қызметі қандай?

  4. Драйвер программалық жабдықтаманың қай түріне жатады?

  5. Драйвер-программалар не үшін керек?

  6. Утилиталар деген не?

  7. Программа-утилитаға мысал келтіріңіздер.

  8. Утилиталар программалық жабдықтаманың қай түріне жатады?

  9. Операциялық жүйе деген не?

  10. Операциялық жүйенің негізгі қызметі не?

  11. Компьютер операциялық жүйесіз жұмыс істей ала ма?

  12. Кең тараған операциялық жүйелерді атаңыздар.

Негізгі бөлім

Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды?

  2. ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?

  3. ОЖ-ға мысал келтіріңіздер.

  4. Компьютерлеріңізде қандай ОЖ орнатылған?

Мағынаны тану.

Жаңа тақырыппен жұмыс.

Әр топқа ресурстар тарату. Ресурстан мәтінді оқу.

Топтық жұмыс.

І топ: Жұмыс үстелі.

ІІ топ: Есептер тақтасы.

Оқушылар:

  1. Ресурстан мәтінді оқып, өз түсінгендерін топта талқылайды.

  2. Кластер жазып, оны қорғайды.

  3. Топ бір-бірлерін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Сергіту сәті. Бейнежаттығу.

Қорытынды. Оқушы қызығушылығын арттыру. Практикалық жұмыс.

«Тау шыңына шығу» ойыны.

Тау шыңына шығу үшін оқушыларға оқулықтың 74-75-ші беттеріндегі деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындату.

Рефлексия. Кері байланысқа стикер тарату. Оқушылар өз көңіл-күйлерін стикерге жазады.

  1. Бүгінгі сабақтан алған әсерім?

  2. Маған не ұнады/ұнамады?

Бағалау. Топтың белсенділігін бағалау:

1. Топтағы белсенділігі 1-3 балл

2. Диалогтық сұрақ-жауап 1-3 балл

3. Өзіндік жұмыс істеуі 1-3 балл

Сумативті бағалау. Сабаққа қатысқан, өз ойларын айтып дәлелдеген оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма. Оқулықтың §9-ын оқып-үйрену, тест және бақылау сұрақтарына жауап беру.


Солтүстік Қазақстан облысы,

Айыртау ауданы,

Қарақамыс ауылы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал