- Учителю
- Урок на тему 'Блокнот и калькулятор'
Урок на тему 'Блокнот и калькулятор'
Сыныбы: 5 | Күні: 3.04.2015 | |||
Сабақтың тақырыбы
| Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор. Блокнот. | |||
Мақсаты
| Оқушыларды калькулятор, блокнот программасын танысу, калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрену. | |||
Күтілетін нәтижелер
| А) Блокнотты іске қосуды, калькуляторда қарапайым есептеулерді шығаруды үйренеді. В) Калкулятор және блокнот программасының қызметімен мүмкіндігін қолданады. С) Оқушылар калькулятордың қарапайым режимінен инженерлік режимін ажырата алады. | |||
Керекті жабдықтар
| Оқулық «Информатика» 5 сынып. Вьюшока Е.А.,2013, Арман-ПВ., Әдістемелік нұсқау «Информатика» Вьюшкова Е.А., 2013, Арман -ПВ.,интерактивті тақта,маркерлер,бағдаршам шамдары, презентация, флипчарт, компьютер | |||
Тапсырмалар: | 1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 2. Оқушыларға сұрақ қою және жауаптарына қарай әрекет ету. 3.Түсіну дәрежесін бағалау. 4.Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту. 5. Өзін-өзі реттеу 6.Бірлескен оқу 7. Сыни тұрғысынан ойлауды бағалау. | |||
Сабақ барысы: | ||||
Сабақ кезеңдері | Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе | 15 минут | " Шаңырақ құру"-топқа бөлу, "Серпілген сауал" әдісі /қосымша 1/ арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Жауап берген оқушыларды мадақтап отырады. | Оқушылар сұраққа жауап береді, жауап бере алмаған жағдайда сұрақты сыныптасына бағыттайды. | |
Тұсаукесер | 3 минут | Калькулятордың суретін құрастыру үшін пазлдарға бөлінген калькулятор суретін үлестіреді. Бірінші құрастырған топты мадақтайды. Оқушыға ұсынатын табыс критерийімен таныстырады: А) Блокнотты іске қосуды, калькуляторда қарапайым есептеулерді шығаруды үйрену. В) Калкулятор және блокнот программасының қызметімен мүмкіндігін қолдану. С) Калькулятордың қарапайым режимінен инженерлік режимін ажырату. | Пазлдардан калькулятордың суретін құрастырады. Бірінші құрастырған оқушы қол көтереді. | |
Негізгі бөлім
| 17 минут | " Галерея "- әдісін пайдалану үшін флипчарттар тарату, "Калькулятор", "Блокнот", "Калькулятор тарихы" тақырыпшаларын бөліп береді. | Топтық ережесін сақтай отырып жұмыстанады, әр топ мүшесі өз ойын флипчартқа салады. Тақтаға іліп флипчарттарын қорғайды. Топ арасында "Екі жұлдыз, бір ұсыныс" беру арқылы бағалайды. | |
Қорытынды | 10 минут | Тәжірибе жасау үшін ВС деңгейіндегі оқушыларға кітаптың 194-195-беттеріндегі тәжірибелік жұмыстар тапсырылып, А деңгейіндегі оқушыларға "Маршуттық карта" /қосымша 2/, "3:3:1" кері байланыс парақтарын/қосымша 3/ үлестіреді. Үйге тапсырма:"Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор. Блокнот" 191-196-беттер аралығын оқу, дәптерге "Интеллект карта" жасауға тапсырма береді. | Арнайы білім беруді қажет етенін оқушылар "Бағдар қартасы" бойынша, ал ВС деңгейіндегі оқушылар кітаптың 194-195-беттеріндегі тәжірибелік жұмыстарды компьютерде орындайды, "Табыс критерийімен" өзін-өзі бағалайды. Кері байланыс парағын орындап мұғалімге тапсырады. | |
Сабақтың өзіндік талдауы
|
| |||
Сабақ бойынша өзгертулер
|
Қосымша 2
Маршруттық карта
"Блокнот және калькулятор" тақырыбы бойынша сабақты бекіту /5минут/
Күні: 03.04.2015жыл
Оқушының аты-жөні:_____________________________________
-
Өзіңе қажетті нәрсенің бәрі бар ма?
-
компьютер, "Калькулятор" бағдарламасы
-
Шартты белгілер:
- сыныптасыңнан көмек сұрау
3. Нұсқаулық бойынша тәжірибені орында:
-
1
мына есептерді калькуляторда есептеп шығарып, жауабын бос орынға жазыңыз00-67= ___
-
(30*5)-6=___
-
(600-450)*2=___
-
1:4=___
-
66:3+11=___
-
45:5+6*3=___
Ол үшін:
-
Калькулятор бағдарламасын іске қосыңыз.
-
Ашылған терезеге мына есепті 100-67 теріңіз де мына "=" белгіні шертіңіз. Шыққан жауапты жазып алыңыз.
-
Жаңа есепті шығару үшін мына "С" белгіні шертіңіз.
-
Жаңа бетке мына есепті (30*5)-6 теріңіз теріңіз де мына "=" белгіні шертіңіз. Шыққан жауапты жазып алыңыз.
-
Жаңа есепті шығару үшін мына "С" белгіні шертіңіз.
-
Осылай қалған 4 есепті шығарып, бос орынды толтырыңыз.
Табыс критерийі
Дұрыс есеп саны
Ұпай саны
Баға
Көмек қолданылса
Өз бетіңмен орындасаң
0-1
1
2
Қанағаттанарлықсыз
"2"
2-3
3
5
Қанағаттанарлық
"3"
4-5
6
9
Жақсы
"4"
6
10
15
Өте жақсы
"5"
-
100-67= 33
-
(30*5)-6=144
-
(600-450)*2=75
-
4:4+3=4
-
66:3+11=33
-
45:5+6*3=27
Қосымша 2
"Серпілген сауал" әдісі
1. Paint қандай редактор? /растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор/
Ал графикалық редактор дегеніміз не? /гафикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа/
2. Paint стандарттық программасын қалай іске қосамыз? /іске қосу-программалар-стандарттық программалар- Paint /
3. Пиксель дегеніміз не? /растрлық бейненің ең кішкентай элементі/
4. Палитрада жаңа түстер құру үшін қандай негізгі түстер қолданылады? /Қызыл, жасыл, көк/
5. Paint программасының терезесінің элементтерін ата? /Жылдам қол жеткізу тақтасы, жолақ, сурет салу аймағы, жай-күй жолы/
6. Салынған суреттің көшірмесін жасау үшін қандай әрекет орындаймыз? /Суретті ерекшелейміз де тышқанның оң жағын басып көшірмелеу дегенді басамыз/ Тағы қандай жолы бар? /Ерекшелеп Ctrl+C басамыз/
7.Ал осы көшірмеленген суретті керекті жерге қалай қоямыз? /керекті жерге шертіп тышқанның оң жағын басып кірістіруді шертеміз/ Тағы қандай жолы бар? / керекті жерге шертіп Ctrl+V басамыз/
8. "Трансформация" сөзі қандай мағына білдіреді? /Түрлену, алмасу/
9. Word Pad қандай редактор? /Мәтіндік редактор/ Ал осы Word Pad-та қандай әрекеттер орындаймыз? /Мәтін тереміз, терілген мәтіннің қателерін түзетеміз, толықтырамыз, фрагементтерді көшірмелейміз, жоямыз, мәтіннің мөлшерін, түсін өзгертеміз, баспадан шығарамыз/
10. Word Pad-ты қалай іске қосамыз? / қосу-программалар-стандарттық программалар-Word Pad /
11. Мәтіннің элементтері? /символ-сөз-жол-абзац-бет-мәтін/
12. Word Pad мәтіндік редакторының терезесінің элементтері? /Жылдам қол жеткізу тақтасы, жолақ, Word Pad батырмасы, сызғыш, жай күй жолы/
13. Мәтіндік курсор деніміз не? /Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылықтайтын сызықша/
14. Бас әріпті жазу үшін қай пернені басамыз? /Shift (шифт) батырмасын басамыз?/
15. Бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса қай пернені басамыз? /Caps Lock (капслок) /
16. Жазылған мәтінді баспаға жіберу үшін не істейміз? / Word Pad -баспаға жіберу немесе ctrl+P/
1. Бүгінгі сабақты 3 сөйлеммен қорытындылаңыз:
2. 3 сөйлемді 3 негізгі сөзге дейін қысқартыңыз:
3. Енді оны 1 сөзге дейін қысқартыңыз:
1. Бүгінгі сабақты 3 сөйлеммен қорытындылаңыз:
2. 3 сөйлемді 3 негізгі сөзге дейін қысқартыңыз:
3. Енді оны 1 сөзге дейін қысқартыңыз: