- Учителю
- Терезе. Пішіндер және нысандар (объектілер)
Терезе. Пішіндер және нысандар (объектілер)
Сабақ жоспары
Күні: 14.11.2014 ж
Пәні: Информатика
Сыныбы: 10 «а», «б», «в»
Сабақтың тақырыбы: Терезе. Пішіндер және нысандар (объектілер)
Сабақтың мақсаты: А) білімділік: Оқушыларға пішіндер мен нысандар туралы түсінік қалыптастыру.
Б) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, бағдарламамен жұмыс жасауын одан әрі дамыту, жетілдіру.
С) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейіпі мен заттарының орнында болуын қадағалау;
-
Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою;
-
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-
Visual Basic программасын қалай іске қосамыз? (Пуск→Visual Basic)
-
Жаңа жобаның аты қалай аталады? (Project1)
-
Visual Basic программасы терезесі қандай басқару жолдарынан тұрада?
(пішіннің конструктор терезесі, қасиеттер терезесі, құрал-саймандар тақтасы, жоба терезесінің нұсқаушысы, пішін терезесі, тақырып жолы, мәзірлер қатары, құрал - саймандар тақтасы)
ІІІ. Жаңа сабақ
Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнін жасау үшін қызмет атқаратын басты терезе - пішін деп аталады.
Егер бір жобаға бірнеше пішім орналастыру керек болса, онда Project→Add Form бұйрығын орындаймыз. Егер экранда пішін көрінбесе, онда оны келесі амалдарды орындауға болады:
-
Бас мәзірден View Object бұйрығын шеру;
-
Shift+F7 функционалды батырмаларан қатар шерту;
-
Project терезесіндегі сәйкес батырманы шертк арқылы.
1 - кесте (62 бет) сызу.
Қолданбаның интерфейсін жасау үшін түрлі нысандар орнатамыз. Нысандар Toolbox құрал-саймандар тақтасында орналасқан.
16 - сурет. 63 бет.
-
Pointer (нұсқаушы) - бұл нысанды шерту арқылы элементтің қасиетін өзгертуге болады.
-
TextBox (мәтіндік өріс) - қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.
-
Label (Жазу) - жазуды басқаратын элемент, пішінге ақпаратты шығару үшін қолданылады.
-
CommomButton (Бұйрықтық батырма) - бұл программаны іске қосу немесе өшіру мақсатанда пайдаланылады.
-
OptionButton (ауыстырып қосқыш) - бұл кезек - кезек немесе біреуі ғана орындалатын әрекет.
-
PictureBox (графикалық өріс) - пішінге графикалық файлдарды енгізеді.
IV. Бекіту
-
Экранға пішіндерді шығару?
-
OptionButton міндеті
-
Нысандар қайда орналасқан?
V. Қорытынды
Үйге тапсырма
69 беттегі тәжіртбелік тапсырма.
Рысалды А.С. 3 бет