7


  • Учителю
  • Сабақ жоспар 'Практикалық жұмыс. Ақпарат санын есептеуге есептер шығару' 5 сынып

Сабақ жоспар 'Практикалық жұмыс. Ақпарат санын есептеуге есептер шығару' 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Күні:

Пән аты: Информатика

Класы: 5

Мұғалімі: Г.Қ.Рамазанова

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Ақпарат санын есептеуге есептер шығару.

Бағдарламалық - дидактикалық қамсыздандыру: Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету. Практикалық жұмыс арқылы алған білімдерін тиянақтау.

2. Оқушылардың алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға

болатынын, қай кезде болмайтынын, ақпараттың қандай қасиеттері

бар екенін, ақпаратты өлшеу бірліктерін білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру

Білім - білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға болатынын, қай кезде

болмайтынын;

  • ақпараттың қандай қасиеттері бар екенін;

  • ақпаратты өлшеу бірліктерін;

Оқушылар үйрені тиіс:

  • ақпараттың пайдалы, жаңа, әділ, толық түрлерінің мысалдарын келтіруді;

  • хабардың ақпараттық көлемін анықтауды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгелдеу, тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сабақты үй тапсырмасын тексеруден бастау керек. Оқушыларды екі-екіден дәптерлерімен алмасып, бір-бірінің хабарларын декодтауға тартып, үй жұмысын өздерін тексертуге болады. Бұл сабақтың теориялық материалы оқулықта мейлінше толық сипатталған.

ТЕСТ-4

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Д

А

С

В

С

С

А

В

А

Д

III. Практикалық жұмыс есептері

4.1.-тапсырма: Берілген сөйлемнің (фразаның) ақпараттың көлемін анықтаңдар.

Пікірлесу шамамен мынадай болуы керек:

Сөздегі символдардың саны, бос орындарды қоса саналады. Әрбір символды 1 байтпен кодтауға болатындықтан, байттарсаны сөздегі символдар санына тең болады. Бір байт сегіз битке тең, сондықтан ақпараттық көлемді битпен өлшеу үшін, байттар санын сегізге көбейту керек.


И

Н

Ф

О

Р

М

А

Т

И

К

А


Ж

А

Ң

А


Ғ

Ы

Л

Ы

М

Х

Х

І


Ғ

А

С

Ы

Р

-

Ж

А

Ң

А


Т

Е

Х

Н

О

Л

О

Г

И

Я

Ғ

А

С

Ы

Р

Ы


Жауабы: 22символ, 22 байт, 176 бит.

31 символ, 31байт, 248 бит.

4.2.Тапсырма.

1000 Байт көлемдегі ақпарат, 2 Кбайт көлемдегі бумаға сыюы мүмкін бе?

Шешу үлгісі:

2 Кбайтта 2048 байт /символ/ бар. Сонда 1000 байт 2048 байттан кіші болғандықтан, 1000 байт көлеміндегі ақпарат кез-келген дискіге сыяды.

Жауабы: Мүмкін.

ІҮ. Сергіту жаттығуы

Компьютер құрылғысындағы «Қос қарлығаш» тренингін топпен қайталау. /дене қимыл жаттығулары/

Ү. Практикалық жұмыс есептері

4.3. Тапсырма.

Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Бұл файл компьютердің қай дискісіне сыятынын анықта.

Шеу үлгісі: 64*48*10= 30720.

30720/1024=30.

376+30=406

Жауабы: 406 Кбайт. Кез-келген дискісіне сыяды.

VІ. Бекіту:

  • информатиканың өлшем бірліктерін атаңдар.

  • Ең үлкен өлшем бірлігі қалай аталады?

ҮІІ. Үйге тапсырма: Есеп: «Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін есепте. Бұл көлемді бит және байтпен көрсет.

Жауабы: 33 символ, 33 байт, 264 бит.

Қайталау. Ребус құрап келу.Оқулықтың соңындағы тест тапсырмаларын, бақылау сұрақтарын орындап келу.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал