7


  • Учителю
  • 'Сызықтық алгоритмдерді программалау' (8 сынып, сабақ жоспары)

'Сызықтық алгоритмдерді программалау' (8 сынып, сабақ жоспары)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Информатика 8 «А» сынып


Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Сабақтың мақсаты: сызықтық алгоритмдерді программалау кезеңіне түсінік беру, сызықтық алгоритмдерді программалауды практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың практикалық және логикалық дағдыларын қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білуін тереңдету, ой-өрісін және ақпараттық мәдениетін дамыту, жауапкершілікке, дұрыс ойлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсете түсіндіру, практикалық жұмыстар жүргізу

Қажетті құрал-жабдықтар: оқулық, компьютер, тақта, қосымша плакаттар.

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру.

- оқушылармен сәлемдесу;

- оқу кабинетінің санитарлық-гигиеналық жағдайын қарау;

- оқушыларды түгендеу.


ІІ. Өткен сабаққа шолу (білімді пысықтау)

- Сұрақтар беру:

1) Программа деп нені айтады?

2) Есепті шешудің қандай кезеңдері бар?

3) Программалау дегеніміз не?

- Практикалық тапсырмалар орындау:

1) Төмендегі өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:

а) ; б) .

ә) ;


ІІІ. Жаңа материалды меңгеру әзірлік

Алгоритмнің жазылуының негізгі 4 түрі болады:

  1. Қарапайым тіл арқылы

  2. Түйінді сөздер арқылы

  3. Блок-сызба арқылы

  4. Программалау тілі арқылы

Алгоритм 3 түрге бөлінеді: сызықтық, тармақталу және циклдік.

Сызықтық алгоритм дегеніміз - іс-әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер.

Есептерді шешу кезеңдері:

  1. Есептің математикалық жобасын белгілеу.

  2. Есептің шешу әдісін таңдап алу.

  3. ЭЕМ-нің ерекшелігін ескеріп, алгоритм құрастыру.

  4. Программалау.

  5. Программа жұмысын ЭЕМ-де тексеру.

  6. Есепті ЭЕМ-де автоматты түрде орындау.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Программа деп алгоритмнің компьютерге түсінікті тілде жазылуын айтады.

1968-71 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт Паскаль тілін оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсынған. Бұл тіл бүкіл әлемге тиімділігі жөнінен тез тарады.

Программаның компьютерде орындалу процессі төмендегідей іс-әрекеттер арқылы орындалады:

  • программа машина тіліне аударылады;

  • ол объектілік программаға түрленеді;

  • содан кейін орындалады.

Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып жолы, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Program esep;

Сипаттау бөлімі

Begin

Операторлар бөлімі

End.


  1. Тақырып

PROGRAM атау;

  1. Сипаттау бөлімі

VAR аргументтер: типі;

  1. Операторлар бөлімі

BEGIN

операторлар;

END.


Real - нақты сан

Integer - бүтін сан

Const - тұрақты

Sin - тригонометриялық функция

Cos - тригонометриялық функция

Exp - математикалық функция

Log - математикалық функция

False - логикалық жалған

True - логикалық ақиқат


Сызықтық программа дегеніміз - операторлардың бірінен соң бірі жазылып атқарылатын программа. Программалау деп алгоритмді компьютерге түсінікті тілде жазу сатысын айтады.


Мысал1. Екі бүтін санның қосындысын есептейтін программа.

Программаның математикалық түрдегі моделі: 2 бүтін сан берілген. Олар: х және у.

2 бүтін санды қосып, нәтижесін z-ке меншіктейміз.

x+y=z

program esep1; {программа тақырыбы}

var x,y,z: integer; {x,y - енгізілетін сандар, z - қосындысы - нақты сандар}

begin {программа басы}

read[ln] (x,y); {енгізілетін сандар, олардың мәнін программа аяқталғаннан кейін енгізеді}

z:=x+y; {қосындыны есептеу}

write[ln] ('kosyndy=',z); {есептелген қосындының мәнін экранға шығару}

end. {программа соңы}

Программа нұсқаулардан құрылады. Әр нұсқау бір есепті орындайды. Нұсқауларды программаның командалары деуге болады. Процессор барлық нұсқауларды келіп түскен ретімен орындайды. Бірақ командалар арасындағы ретті өзгертетін командалар да бар, олар нұсқауларды орындарымен ауыстыра алады. Орындалатын командаларды Паскаль тілінде оператор деп атайды.

Паскаль тілінде операторлар 2 топқа бөлінеді: қарапайым және күрделі. Күрделі операторлардың құрамына бірнеше қарапайым операторлар кіруі мүмкін.


V. Білімді бекіту (түсінігін тексеру)

- Сұрақтар қою:

1) Программа және программалау тілі деген не?

2) Оператор деген не? Оның қандай түрлері бар?

3) Программаға түсініктемелер қалай жазылады?

4) Сызықтық программа деген не?

- Тапсырмалар орындау:

1. Төмендегі оператордың қайсысы дұрыс жазылған?

А) write ('y=y'); Ә) write ('y=',y);

Б) write (y=,y); В) write ('y',y);


2. өрнегінің Паскаль тілінде дұрыс жазылуын көрсет:

А) (a-b) : a+2*b Ә) 2(a*b) / a+2b

Б) sqrt (a+b) : a+2*b В) sqr (a+b) / a+2*b


3. А, В, С айнымалылары берілген. A=5, B=8, C=9 - деп мәндерді меншікте. Олардың көбейтіндісін есептейтін программа құр.

S=a*b*c

program mysal2;

const a=5; b=8; c=9;

var s: real;

begin

s:=a*b*c;

write ('kobejtindi=',s);

end.


4. өрнегінің мәнін есептейтін программа құр.

program mysal3;

var y,a,b,c: real;

begin

read (a,b,c);

y:=c+sqrt(sqr(a)+sqr(b));

write ('natizhe=',y);

end.


VI. Сабақты қорытындылау, білімдерін бағалау


VII. Үйге тапсырма

  • Тақырыпты қайталау;

  • Берілген санды өзіне-өзін екі еселеп, басқа екі санның көбейтіндісіне қосу программасын құр;

  • Сыныпта 3 үздік оқушы, одан бес есе артық жақсы оқитын және 12 орташа оқитын оқушы бар. Сыныпта барлығы неше оқушы бар екенін анықтайтын программа құр.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал