7


  • Учителю
  • 'Презентациялар' тақырыбына арналған сабақ жоспары

'Презентациялар' тақырыбына арналған сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Павлодар облысы

Лебяжі ауданы

Қызылқоғам ауылы

С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Информатика пәнінің мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна

Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Презентациялар.

Сынып: 5 (тереңдетілген).

Мерзімі: 11.03.2015 ж.

Сабақ мақсаттары: Презентация ұғымымен танысу, оның мүмкіндіктерін түсіну, атқаратын жұмысытарын білу.

Міндеттері: - презентация бағдарламасын ашу, онымен алғашқы жұмыстар істеу;

  • топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау;

  • ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Құралдар: түсті қарындаштар мен фломастер, маркерлер, өшіргіш, А4 қағазы, А3 қағазы, смайликтер, дәптер, қалам, интербелсенді тақта.

Әдіс-тәсілдер: «Серпілген сауал», «Тұжырымдамалық карта», «Ойлан-бірік-бөліс», «Ақпараттағы ақаулық» әдістері.

Оқыту нәтижесі: оқушылар Power Point бағдарламасымен танысып, онымен алғашқы жұмыстар жасауды үйренеді.

Сілтеме: оқулық «Информатика», Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов. «Арман-ПВ» баспасы, 2013 ж., қосымша материалдар.

Сабақ кезеңдер

Уақыт


Кірікті-рілген модуль

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

I.Ұйымдастыру


2 мин

ЖЕСО


Оқушылармен амандасып, сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. «Құлақ, мұрын, бас амандасу».


Оқушыларды арқаларын түйістіру арқылы 3 топқа бөлу.

Мұғаліммен амандасып, бір-біріне «Құлақ, мұрын, бас» арқылы амандасады.

Оқушыларды арқаларын түйістіру арқылы 3 топқа бөлінеді.

Білу


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

3 мин

ОЖТ


ОүБОБ

Үй тапсырмасы

Өткен тақырыпты «серпілген сауал» әдісі арқылы тексерту.


Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?

Слайд көрсету арқылы жаңа тақырыпқа шығу.


Сабақтың мақсаты қандай?

Оқушылар «серпілген сауал» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қояды.

Жаңа сабақтың тақырыбын слайд көріп анықтайды: ПРЕЗЕНТАЦИЯ.


Мақсатымыз: - Power Point бағдарламасымен танысу, осы бағдарламада жұмыс жасауды үйрену.

Түсіну


ІІІ.Оқу-танымдық әрекетіне дайындық

2 мин

АКТ

ОЖТ

ОүБОБ

Оқулықпен жұмыс.

Тақырыпты оқиды, жеке, жұпта, топта талқылайды. Одан соң басқа постерге түсіру, ортаға шығып қорғау.

(«Ойлан-бірік-бөліс» әдісі).

Топтардың өзара бағалауы (критерийлер арқылы)

Бағалау критерийлері

І топ

ІІ топ

1.Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы.

2.Ақпараттардың нақтылығы.

3.Тапсырманың орындалу ерекшелігі.



Тақырыпты оқиды, жеке, жұпта, топта талқылайды. Одан соң басқа постерге түсіреді, ортаға шығып қорғайды.


Қолдану


IV.Жаңа оқу материалын таныту

13 мин

ОЖТ

СТО

ОБжК

ТжДБО


Компьютермен жұмыс.

Практикалық жұмыс

1, 2, 3 тапсырма

«Өзің орында»

Тақырыпты бекітуге арналған практикалық жұмыс

1 тапсырма.

Power Point бағдарламасын іске қосу.

Ол үшін Пуск ->Все Программы-> Microsoft Office-> Power Point

Берілген мәтінді теру:

БІР - Асан таудан шаңғымен зымырап келеді,

ЕКІ - Үсен онымен жарысып келеді.

ҮШ - Әлия шелек ұстап тұр,

ТӨРТ - Қали үйде отыр.

БЕС - Болат құм алаңында отыр.

2 тапсырма.

Екінші бет ашып қалған мәтінді теру, жазған мәтіннің шрифтін өзгерту, түсін өзгерту.

АЛТЫ - Зура әткеншек тебуде.

ЖЕТІ - Талғат доп ойнап жүр,

СЕГІЗ - Динара шашын өріп отыр.

ТОҒЫЗ - Әбу батпырауық ұшырып жүр,

ОН - Ермек велосипед теуіп жүр.

3 тапсырма.

Жаңа бума ашып атын «Слайд-аты-жөні» өзгертеді және соған жазған мәтінді сақтайды.



Компьютермен жұмыс.

Практикалық жұмыс

1, 2, 3 тапсырма

«Өзің орында»

Берілген практикалық жұмысты компьютерде отырып орындайды.

1 тапсырма.

Power Point бағдарламасын іске қосады.

Ол үшін Пуск ->Все Программы-> Microsoft Office-> Power Point

Берілген мәтінді тереді:

БІР - Асан таудан шаңғымен зымырап келеді,

ЕКІ - Үсен онымен жарысып келеді.

ҮШ - Әлия шелек ұстап тұр,

ТӨРТ - Қали үйде отыр.

БЕС - Болат құм алаңында отыр.

2 тапсырма.

Екінші бет ашып қалған мәтінді тереді, жазған мәтіннің шрифтін өзгертеді, түсін өзгертеді.

АЛТЫ - Зура әткеншек тебуде.

ЖЕТІ - Талғат доп ойнап жүр,

СЕГІЗ - Динара шашын өріп отыр.

ТОҒЫЗ - Әбу батпырауық ұшырып жүр,

ОН - Ермек велосипед теуіп жүр.

3 тапсырма.

Жаңа бума ашып атын «Слайд-аты-жөні» өзгертеді және соған жазған мәтінді сақтайды.


Талдау


V.Бiлiмдерін бекiту

10 мин

ОЖТ

СТО

«Ақпараттағы ақаулық» әдісі арқылы топтар 1-ші топта ақпараттың 50 пайызы жазылған парақ бар.

Ақпараттың қалған бөлігі 2-ші топтағы парақта.

Әр топ бір-біріне өз бөлігіне қатысты түсініктеме береді (оны қағаздан көрсетпестен).

Топтар кері байланыс орнатады.


«Ақпараттағы ақаулық» әдісі арқылы топтар 1-ші топта ақпараттың 50 пайызы жазылған парақ бар.

Ақпараттың қалған бөлігі 2-ші топтағы парақта.

Әр топ бір-біріне өз бөлігіне қатысты түсініктеме береді (оны қағаздан көрсетпестен).

Топтар кері байланыс орнатады.


Сергіту сәті

3 мин

ЖЕСО

"Қара жорға" әніне кірпімен жаттығу орындау.

"Қара жорға" әніне кірпімен жаттығу орындайды.

Жинақтау


V.Бiлiмдерін бекiту

5 мин

ТжДБО

СТО

Ортаға ПРЕЗЕНТАЦИЯ сөзін жазып стрелка арқылы қорытынды жазу.

(тұжырымдамалық карта).


Ортаға ПРЕЗЕНТАЦИЯ сөзін жазып стрелка арқылы қорытынды жазады.


Рефлексия


VIII.

Қорытынды

3 мин

ОүБ,ОБ

СТО

«Не білдім?», «Не қызық болды?», «Әлі де не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап жазғызу.

«Не білдім?», «Не қызық болды?», «Әлі де не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап жазады.

VI. Бағалау

3 мин

ОүБ,ОБ


Бағалау парақтарындағы жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді.

Бағалау парақтарындағы жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді.

VII. Үйге тапсырма

1 мин

ОЖТ, ТжДБО

Үйге:

1. "Менің - жанұям" тақырыбына 1 беттік слайд жасау.

2."ПРЕЗЕНТАЦИЯ"

тақырыбына кроссворд құру.


Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды.






























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал