7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Ms Excel- мен танысу. Ms Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау.

Сабақтың тақырыбы: Ms Excel- мен танысу. Ms Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ms Excel- мен танысу. Ms Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау.Сабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушылардың электрондық кесте туралы түсінігін қалыптастырып, электрондық кестенің ұяшық, ұяшық диапазондары, деректер түрлері, терезе элементтерімен, бағана
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ms Excel- мен танысу. Ms Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың электрондық кесте туралы түсінігін қалыптастырып, электрондық кестенің ұяшық, ұяшық диапазондары, деректер түрлері, терезе элементтерімен, бағана мен қатарлар арқылы орындалатын амалдар, деректер типтері жайлы алғашқы ұғымдарды беру.

Дамытушылық: Компьютерде кестелік ақпараттарды өңдеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздіктерін ескере отырып, ықтиятылыққа баулу , ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытушылық

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер құрылғылары, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу;

- Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу;

- Оқушыларды сабақтың өту ретімен таныстыру.

Сабақ барысында біз аялдамаларға тоқталамыз. Аялдамалардың аттары:

1. «Не білемін!» үй жұмысын тексеру.

2. «Не білгім келеді?» жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. «Не үйренгім келеді?» практикалық жұмыс.

4. «Не білдім?» бекіту.

5. «Не істеу керекпін?» үй жұмысын беру.

Үй жұмысын сұрау:

«НЕ БІЛЕМІН!» берілген сұрақтарға жауап алу

1. Мәтін дегеніміз не?

2. Мәтіндік құжат дегеніміз не?

3. Мәтіндік редактор дегеніміз не?

4. Мәтіндік процессор қалай аталады?

5. Мәтіндік құжат түрлері қандай?

6. Компьютерде тарихи бірінші болып өңделе бастаған мәтін түрі?

7. Мәтіндік құжатта кесте қалай құралады?

8. Мәтіндік редакторда тыныс белгісін қоюдың ережесі?

9. Мәтіндік редакторда кестемен қандай амалдар қолдануға болады?

10. Мәтіндік құжатты қалай сақтаймыз?

11. Мәтіндік редакторда жаңа құжатты қалай құрамыз?

12. Мәтіндік редакторда тағы қандай объектілер енгізуге болады?

Жаңа сабақ:

НЕ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?

Ребус шешкізу арқылы оқушыларды сергітіп және сабақтың тақырыбын алу.

Кесте дегеніміз не?

Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі.

Жол дегеніміз не?

Жол - көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі

Баған дегеніміз не?

Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі

Ұяшық дегеніміз не?

Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

Сұрақтарға жауап ала отырып, жаңа сабақ мақсатмен таныстырып оқушы зейіні жаңа саббаққа бағыттау

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушыларды топтарға бөліп, тапсырмаларды беру.

І топ Eхcel-дің тарихы туралы түсіндіріп, айтады.

1985 жылдың мамыр айында Мicrosoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң-ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді.

Microsoft Excel-мен танысу.

Электрондық кітап арқылы іске қосуды таныстыру

Microsoft Excel-ді іске қосу үшін келесі тізбектерді орындаймыз

1. Пуск-Программы- Microsoft Office- Microsoft Excel.

Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады.

ІІ топ Excel-дің терезе бөліктері мен жұмыс істеу мүмкіндігін түсіндіреді.

Терезе мынадай бөліктерден тұрады.

1. Тақырып жолы.

2.Бас меню де, негізінен басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған. Оның Word менюінен айырмашылығы Кесте орнына Мәлімет алмастырылған.

3. Стандартты аспаптар

4.Пішімдеу панелі

5.Жұмыс істеп тұрған ұяшықтыңаты

6.Формула жолы

7.Жұмыс парағы

8.бағандар аты Латынның А,В,С,D…F 26 әрпінен тұрады.

9.Жол нөмірі 65 536 жолдан тұрады

10. Таңбашалар немесе парақ

11. Айналдыру жолағы

12.Басқа параққа ауысу батырмасы

13.Қалып-күй жолағы

3. Microsoft Excel -дің негізгі 10 мүмкіндігі бар.

Microsoft Excel программасы

1) Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;

2) Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;

3) Кестеге жол,баған,немесе ұяшықтар қосуға;

4) Кестеден жол, баған немесе ұяшықтардан алып тастауға;

5) Жол, баған немесе ұяшықтарды ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;

6) Ұяшықтардан ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;

7) Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;

8) Диаграмма тұрғызуға;

9) Графикалық обьектілер кірістіруге;

10) Баспаға шығаруға мүмкіндік береді;

ІІІ топ Excel-дің жұмыс кестенің элементтері туралы түсіндіреді.

Excel - ді іске қосу:

Жұмыс кестесінің элементтері

ЕхеІ-дің обьектілерімен өңделген ХІs кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. ЕхеІ де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файыл 1ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондық кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан ж\е 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді,ал бағандар латын алфавитінің А,В,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық-деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді ұяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі н\е кординатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы АІ,С20.

Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру.

Кестенің қажетті бетіне ауысудың екі жолы бар:

1) Терезенің төменгі жағындағы кестенің таңбасына шерту арқылы.

2) «F5» пернесін басып, Переход терезесіндегі Ссылка ұяшықтың координаталарын енгізіп, Ок бастырмасын шерту керек.

Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка Лист командасын орындау қажет.

Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту

Үнсіз келісім бойынша жұмыс беттерінің таңбаларына «Лист1», «Лист2» т.б. меншіктелген. Сол парақтағы ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.

1) Қандайда бір парақтың таңбасында мауыстың оң жағын шертіңдер

2) Переименавать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен ерекшеленеді. Жаңа ат енгізу қажет.

Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағаның енін мауыстың көмегімен өзгертуге болады. Н\е Формат-Строка(Столбец)-Ширина командасын таңдау керек Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағаның енін ж\е жолдың биіктігін өзгерту

Техника қауіпсіздігін қайталай отырып, жаттығулар жасау. Әрбір оқушыға практикалық жұмыс жазылған парақтар таратылады.

Практикалық жұмыс:

  1. MS Excel - ді ашыңыз.

  2. Сабақ кестесін құрыңыз.

  3. Құрған кестені пішімдеңіз. (Қаріптерін 12, кестенің жиегін қызыл түсті бояңыз, кестенің атын көк түске бояңыз)

  4. «Лист2» көшіп, қоңырау кестесін құрыңыз.

  5. Құрған кестені пішімдеңіз.

  6. «Лист1» - ді «Сабақ кесте» атына өзгертіңіз, ал «Лист2»-ні қоңырау кестесіне ауыстыр.

  7. Құжатты сақтаңыз.

  8. MS Excel программасынан шығыңыз.

Сабақты қорытындылау: НЕ БІЛДІМ?

Не білдім аялдамасында оқушыларға жаңа тақырыпты қалай меңгерілгені сұрақтар парақтар таратылады.

НЕ БІЛДІМ?

Сұрақтар

Жауаптар

1

MS Excel дегеніміз не?


2

MS Excel программасын қалай іске қосады?


3

Екінші жұмыс кітабына қалай көшеміз?


4

Жұмыс кітаптың атын қалай өзгертеміз?


5

MS Excel программасында құжатты қалай сақтаймыз?


Бірнешеу оқушыға жауаптарды оқытқызу. Әрбір оқушыға смайлик таратылады, егер оқушы алған білімді

«Өмірде қолданамын, маған керек десе» онда ол папка белгісіне смайликті жапыстырады. «Маған керек емес десе» онда себет суретіне жапыстырады.

«Мен MS Excel тақырыбын әлі толық, жақсы меңгерген жоқпы, бірақ жұмыс істеуге үйренемін, білімді толықтырамын десе» онда MS Excel белгісіне смайликті жапыстырады.


Үйге тапсырма: §8.1. §8.2. оқу

Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал