- Учителю
- Сабақ жоспары 'Рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау' 10 - сынып
Сабақ жоспары 'Рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау' 10 - сынып
Күні: _______________
Сыныбы:____________
Сабақтың тақырыбы: Рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Мәтіндік редакторда рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау ережесін меңгеру
ә) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
б) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, топтамалар, тапсырмалар, т.б.
Сабақтың өту барысы:
-
Оқушыларды ұйымдастыру
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Сабақты бекіту
-
Үйге тапсырма
-
Мәтіндік редакторда бетті нөмірлеу жолын көрсетіңіз.
-
Мәтіндік редактор дегеніміз не?
-
Мәтіндік редактордағы колонтитул дегеніміз не?
Жаңа сабақ.
Сөздермен әрекеттер жасау үшін рецензиялау мәзірін шертеміз. Рецензиялау мәзірінің топтамасына кіретін қосымшалар мыналар: емлесін тексеру, тілдермен жұмыс, ескерту, жазуларды өзгерту, өзгертулер, салыстыру, құжатты қорғау батырмалары. Осы батырмалар арқылы сөздер мен әрекеттерді жүзеге асырамыз. Word бағдарламасы қатені тексерудің және түзетудің 3 нұсқасын ұсынады. (ағылшын, орыс тілі т.б. )
-
Автоматты түрде тексеру;
-
Қолмен тексеру;
-
Автоауыстыру;
Автоматты түрде тексеру: Word бағдарламасы мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қатені, мәтінді теріп отырған кезден-ақ автоматты түрде тексереді.
Дұрыс жазуды қолмен тексеру: дұрыс жазылуды қолмен тексеру үшін Дұрыс жазу диалогтік терезесі пайдаланылады. Ол үшін рецензиялау мәзірінен Дұрыс жазу тобының - дұрыс жазу батырмасын шертеміз.
Автоауыстыру: мәтін теру кезінде туындайтын қателерді түзету үшін Автоауыстыру бұйрығы жұмыс жасайды.
Рецензиялау мәзірінде Ескерту енгізу тобы орналасқан. Бұл топтамада:
-
Ескерту енгізу;
-
Ескертуді жою;
-
Келесі ескерту;
-
Алдыңғы ескерту батырмалары орналасқан.
Құжатты құпия сөзбен қорғау мүмкіндігін өшіру:
-
Құжатты ашу үшін құпия сөзді пайдаланамыз;
-
Файл батырмасын шертіп - Дайындау - құжатты шифрлау батырмасын шертеміз.
-
Құжатты шифрлау диалогтік терезесінде Құпия сөз жолындағы құпия сөзді өшіреміз.
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Үйге тапсырма: Рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау оқып келу.
Бағалау.