7


  • Учителю
  • Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.

Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сыныбы 5, информатика


Сабақтың тақырыбы

Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.

Мақсаты

Файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, атын өзгертуді жетік меңгереді

Күтілетін нәтижелер

Файлдар, бумалар және белгішелерді біледі(барлығы).

Бумалар мен белгшелерді құрып, атын өзгерте алады (көбі).

Файлдар, бумалар мен белгшелерді құруға, атын өзгертуге мысалдар келтіре алады (кейбіреулері)

Керекті жабдықтар

Тақырыптық плакаттар, үлестірме парақтар, оқулық, компьютер, белсенді тақта, бағалау парақтары

Әдіс-тәсілдер

Жеке жұмыс жасау, сұрақ-жауап, Блум өлшемдері арқылы тапсмырмалар, қалыптастырушы тест, сергіту сәті

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

2 мин



7 мин

3 мин


Амандасамын

Сынып оқушыларын отырғызар алдында үш топқа бөлемін және әр қайсысына мысалдар жазылған парақтар үйлестіремін.

«Білу» Өткен тақырыпты компьютерде (Excel бағдарламасынада жасалған) 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындату арқылы тексертемін.

Сабақ басында үйлестірілген парақтарда берілген мысалдарды өз ойларынша үш топқа жіктетемін және не үшін олай жіктегендерін сұрап, сабақтың тақырыбын ашамын. Оқушылармен бірігіп сабаққа критерий шығарамын.

Амандасады

Сынып оқушылары отырар алдында үш топқа бөлінеді және әр қайсысы мысалдар жазылған парақтар алады. «Білу» Үй тапсырмасын сұрақтар беру арқылы тексертемін. Сабақ басында үйлестіірілген парақтарда берілген мысалдарды өз ойларынша үш топқа жіктетемін және не үшін олай жіктегендерін сұрап, сабақтаң тақырыбын ашамын. Оқушылар бірігіп сабаққа критерий шығарады.


Тұсау кесер

3 мин

«Түсіну» Оқушыларға жаңа сабақтың материалын Camtasia бағдарламасында жасалған түсіндірме арқылы экранда көрстемін.

«Түсіну» Оқушылар жаңа тақырыпппен экранда көрінген түсіндірме арқылы танысады.

Негізгі бөлім

5 мин



5 мин



2 мин

5 мин


«Қолдану» тапсырмасы.

  1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.

  2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.

  3. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.

  4. Құрылған бір жарлықты қоржынға апарыңдар.

  5. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.

«Талдау» тапсырмасы

  1. Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрыңдар.

  2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.

  3. Жұмыс үстелінде өздеріңнің бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар.

  4. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.

  5. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.

  6. Құрылған бр жарлықты Қоржынға апарыңдар.

  7. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.


Сергіту сәті. «Қарлы бекет» ойыны


«Жинақтау» тапсырмалары

  1. Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.

  2. Алынған құжатты Жарлық құру деген атпен сақтаңдар.

  3. Тура осылай Бума құру деген құжат құрыңдар

  4. Осы екі файлды Жұмыс үстелінде өз аттарыңмен аталған бумаға сақтаңдар.

  5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар.

  6. Буманың атын Жұмыс деген атауға алмастырыңдар.

  7. Жұмыс бумасын жасырын етіңдер.

  8. Жұмыс бумасын жойыңдар.

  9. Жұмыс бумасын Қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер.

«Қолдану» тапсырмасы. Берілген тапсырманы орындап көрсетеді.


«Талдау» тапсырмасын орындап тексертеді.

Ойынға ат салысады. Бір оқушыға оралған қар сияқты қағаза лақтырылып, сұрақ қойылады. Ол оқушы сұраққа жауап беріп, қағазды басқа оқушыға лақтырып, сұрақ қояды, солай жалғаса береді.

«Жинақтау» бөлімінде берілген мысалдарды вагондарға дұрыс тиеп жинақтайды.


Қорытынды

8 мин


Кері байланыс

1 мин


1 мин



3 мин

Жұмыстарын тексеріп, сабақты қорытындылауда Кубизм әдісін пайдаланамын.

Сабақты бекітуге сұрақтар қоямын.

  1. Файл дегенміз не?

  2. Бума не үшін керек?

  3. Жарлық дегеніз не?

  4. Жарлықты файлдан немесе бумадан қалай ажыратуға болады?

  5. Жарлық жойылса не болады?

  6. Файлдың атауындағы шектеуліктерді атаңдар.

Оқушылардан бүгінгі сабақтан нені үйренгенін және алған әсерлерін сұраймын.


Үйге: § 11 оқып, дайындалып келу

«Бағалау» бөлімінде оқушылардың өз-өздерін бағалауларын тыңдау арқылы оқушыларды бағалаймын.


Сабаққа рефлексия жазады немесе ауызша айтқызамын.

Жасаған жұмыстарын көрсетеді. Кубты лақтыру арқылы түскен сұраққа жауап береді.

  1. Файл байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

  2. Бума ақпаратты және файлдар мен бумаларды реттеу үшін құрылады

  3. Жарлық нысанға қол жетімділкті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткші.

  4. Жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған

  5. Программаға ештеңе болмайды.

  6. Файл атауында қолдануға болмайтын символдар бар.

Оқушылар кері байланыс бөлімінде бүгінгі сабақтың түсініктілігін және алған әсерлерін «Бармақ» арқылы бағалайды.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

Сабаққа рефлексия жазады немесе ауызша айтады.

Сабақтың өзіндік талдауы:

Сабақ бойынша өзгертулер






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал