7


  • Учителю
  • Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру

Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 6а,б Информатика Тексерген:_________________

25.02.2015ж

Тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттер енгізу әдіс-тәсілдерін үйрету,көрсету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Құжаттарды безендіруге, әртүрлі суреттерді енгізу түрлерін білу қажет.

  3. Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта ҚЕ сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.

Көрнекілігі: компьютер, суреттер MS Office программалары.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, сурет, математика.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

- Салемдесу. Сыныпты түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.


ІІІ. Жаңа сабақ

Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа графикалық мүмкіндіктерін енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.

Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.

Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары:

  1. Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.

  2. Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайсыңдар.


  1. Коллекция картинок командасын орындайсыңдар.

  2. Избранное терезесі ашылады.

  3. Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft OFFICE бетін ашасыңдар.

  4. Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажетті бөлімді таңдап, оң жақ бөліктен қажетті суреттің жанындағы стрелка батырманың үстінде маус батырмасын шертесіңдер.

  5. Шыққан динамикалық менюден Копировать батырмасын шертесіңдер.

  6. Терезені жауып, сурет енгізетін жерге курсорды қойып, Правка-Вставить командасын орындайсыңдар.

  7. Сонда сурет мәтінге кірістіріледі.

  8. Суреттің өлшемі ұнамаса оны кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Ол үшін суреттің үстінде маустың сол жақ батырмасын бір рет шертіңдер. Суреттің жақтауларында сегіз төртбұрыш пайда болады. Сол төртбұрыштардың үстіне маус нұсқағышын апарсаңдар екі жаққа бағытталған стрелка пайда болады. Сол стрелка бағытымен суреттің өлшемін маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап созып өзгертуге болады.

  9. Суреттің өлшемін өзгерткен соң оның үстінде маустың сол жақ батырмасын шертіп, Формат рисунка командасын орындаңдар. Формат рисунка терезесінде Положение қосымшасында шертіңдер де, Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастаңдар. ОК-ді басыңдар. Енді суреттеріңді қалаған жерлеріңе апарып қоюға болады.

  10. Кірістірген сурет мәтіннің оң жақ немес сол жақ шетінде орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау керек. Одан кейін қажетті жағдайды таңдап ОК-ді басу керек. Фигуралық мәтін кірістіру.

Егер мәтіннің тақырыбын немесе мәтін ішінде кездесетін ерекше сөздерді әдемілеп жазу керек болса, онда фигуралық мәтін енгізуге болады.

Ол үшін:

  1. Меңзерді фигуралық мәтін орналасатын жерге қойып, Вставка-Рисунок-Обьект WORDART командасын орындау керек.

  2. Коллекция WORDART терезесінде ұнаған қаріп стилін шертіп, ОК-ді басыңдар.

  3. Изменение текста WORDART терезесі пайда болады. Ондағы Текст надписи өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіңдер де, ОК-ді басыңдар.

  4. Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар.


WORDART аспаптар панелі.

Таспа жолынан вставка (қою)→фигуры (денелер)→қажетті фигураны таңдау; кез - келген денені таңдап алып қалаған суретті салуға болады.

Фигуралардың түрлері


ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.

V . Қорытынды.

Сабаққа жақсы қатысқан және практикалық жұмысты жақсы орындаған оқушыларды бағалау.

Үйге:

§4.13 87-94 бет

Қайт: §4.12



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал