7


  • Учителю
  • 7 Сынып Жұмыс Оқу Бағдарламасы

7 Сынып Жұмыс Оқу Бағдарламасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы


Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

  3. Оқыту міндеттері:

  1. ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

  2. есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  3. ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  4. программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  5. ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  6. жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  7. алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  8. қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  9. оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

  1. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  5. 9 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.

  2. Математика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;

  2. калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;

  3. графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.

  1. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;

  2. электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;

  3. стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;

  4. кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;

  5. есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика элементтерін пайдалану;

  6. математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;

  7. программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.

  1. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;

  2. әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;

  3. геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.

  1. Физика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан білімге тірек жасау;

  2. дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;

  3. физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;

  4. алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;

  5. дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.

  1. Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:

  1. информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;

  2. мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

  3. мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;

  4. жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;

  5. операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  6. программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;

  7. телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.

  1. Биология пәнімен пәнаралық байланыс:

биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Химия пәнімен пәнаралық байланыс:

химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:

дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.

  1. Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

  2. мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:

мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Технология пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;

  2. ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.





Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Кіріспе (1 сағат):

техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):

компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері;

сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.

  1. Компьютер (3 сағат):

компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.

  1. Алгоритмдеу және программалау (9 сағат):

программалау - алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі;

айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

  1. Ақпараттық модельдеу (2 сағат):

модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (14 сағат):

компьютерлік графика түрлері;

векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі;

векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру;

растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.

  1. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).





Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  1. 7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. қауіпсіздік техника ережелерін;

  2. ақпаратты кодтау тәсілдерін;

  3. компьютердің жады құрылғысын;

  4. компьютердің жады түрлерін;

  5. операциялық жүйенің жіктелуін;

  6. операциялық жүйенің функцияларын;

  7. операциялық жүйенің мысалдарын;

  8. программалау тілі туралы түсінігін;

  9. программалау тілінде программа құрылымын;

  10. программалау тілінің синтаксисін;

  11. айнымалылар типтерін;

  12. программалау тілінде арифметикалық өрнектерді жазу ережелерін;

  13. енгізі, шығару және меншіктеу операторларын;

  14. модельдің әдісін және қасиеттерін;

  15. компьютерлік графика түрлерін;

  16. графикалық файлдардың пішімін;

  17. векторлық объектілермен орындалатын қарапайым амалдарын;

  18. растрлық бейнелердің параметрлерін;

  19. растрлық графиканың сурет салу құралдарын.

  1. 7-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;

  2. ақпаратты кодтау және кодтан шығаруды;

  3. операциялық жүйелердің түрі мен жүктелуін ажырата білуді;

  4. айнымалылар типтерін анықтауды;

  5. сызықты құрылымның программаларын құруды;

  6. модельдерді зерттеуді;

  7. векторлық графикада қарапайым фигураларды құруды;

  8. векторлық объектілермен қарапайым амалдарды орындауды;

  9. растрлық графиканың объектілерімен жұмыс істеуді;

  10. растрлық графикада ерекшелінген аймақтармен, қабаттармен жұмыс істеуді.


ИНФОРМАТИКА

7-сынып

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Пәнаралық байланыс

Көрнекілік

Үйге тапсырма

1

2

3

4

5

6

7

8

Кіріспе - 1 сағат

1

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

1



Қауіпсіздік техникасының ережесін; Көз жаттығуларын білуі керек


физика

тақырып б/ша слайд, интер.тақта, қауіпсіз.журн

ТҚ ереже

Ақпаратжәнеақпараттықүдерістер - 3 сағат

2

Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері.

1



Ақпарат деген сөздің мағынасын түсіндіру.Ақпаратты өлшеу бірліктерімен таныстыру. Ақпараттың көлемін өлшеуге ұйрет


Математика

Тақырып бойынша презинтация

§1.1


3

Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.

1



Сәйкестендіру кестесімен берілген сөздерді кодтап үйрету


Математика

Слайд

§1.2


4

Өздік жұмысы №1

1


Зерттеу сабағы, практикум




Компьютер - 3 сағат

5

Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады

1


ДК - мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету.



Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері



Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері

§1.3


6

Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.

1


Компьютердің негізгі құрылғысы процессормен, ЖЖҚ - мен ТЖҚ - мен таныстыру Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларымен және олардың міндетімен таныстыру.


§3.1


7

Практикалық жұмыс №1

1


.




Алгоритмдей және программалау - 9 сағат

8

Программалау - алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.

1



Паскаль программа-лау тілінің көмегі-мен өрнектерді программалау тілі-нде жазу


Шет тілі

«Информатика 9-11 класс» /контрольные и самостоятельные работы по программированию


Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері

§2.1

§2.2


9

Программалау тілінің синтаксисі.

1


Мәліметтер мен айнымалылар типін сипаттау үйрету


§2.3


10

Айнымалылар типтері.

1


Математика

§2.4

§2.5

§2.6


11

Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.


1


Алгоритм типтерін, түрлерін жұмыс істеу дағдыларын

Математика


§2.7

§2.8


12

Өздік жұмысы №2


1






13

Сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару, меншіктеу операторы


1




Программалау тілінің құрылымымен таныстыру.


Информатика негіздері журналы

§3.4


14

Есептер шығару


1


Білімдерін тексеру



15

Практикалық жұмыс №2


1







16

Жарты жылдық бақылау жұмысы №1

1


Білімдерін тексеру




Ақпараттық модельдеу - 2 сағат

17

Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті.

1


Модель ұғымын және типтерін білу Модель, модельдеу түсінігін, модельдеудің әдістерінәр түрлі модельдерге мысал келтіріп, стат-калық және динамикалық модельдердің айырмашылықтарын меңгеру


Физика

Компьютерлік модельдеу негіздері

/оқу әдістемелік құрал/


Информатика

9 сынып

§13

§14


18

Әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.

1


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - 14 сағат

19

Компьютерлік графика түрлері.

1



Графикалық


операторларды, олардың


жұмыс типтерін білу,


есептер шығара алу


Мәтіндерді жаза, өңдеу


дағдыларын


Есептеу құралдарымен


жұмыс дағдыларын





Информатика

8 сынып

оқулық

§7.2

101-107 беттер

20

Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары. Графикалық файлдардың пішімі.

1


Бейнелеу


Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері



21

Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі

1



22

Фигураларды салу.

1


Геометрия

Информатика

8 сынып

108-110 беттер

23

Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау.

1



Информатика

8 сынып

111 бет

24

Мәтін, мәтіндік блоктар құру.

1





25

Практикалық жұмыс №3

1


Компьютерлік графиканың қолдану аймағымен, суретті




бейнелеудің екі принциптарымен танысу.


Растрлық дисплейдің, сұйықкристалды монитордың жұмыс істеу принциптері түсіндіру


Пиксель түсінің экранда қалыптасу принципіпімен танысу.




26

Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі.

1





27



Растрлық бейнелердің

параметрлері.


1



Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері

Реферат

28

Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері. Түстер. Салу құралдары.

1


Бейнелеу


29

Аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс. Қабаттар.

1




30

Мәтінмен жұмыс

1


Қазақ тілі


Қайталау

31

Практикалық жұмыс №4

1






32

Жылдық қорытынды бақылау жұмысы №2

1


Оқушылардың алған білімін тексеру




Жобалық іс-әрекет - 2 сағат

33

Қорытынды жобаларды әзірлеу

1


Жоба әзірлеу


Слайд интерактивті тақта


34

Жобаны қорғау

1


Жобаны қорғау






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал