7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын-ала қарау. ҚұЖатты баспадан шығару. Практикалық жұмыс' (6 класс)

Открытый урок на тему 'Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын-ала қарау. ҚұЖатты баспадан шығару. Практикалық жұмыс' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын-ала қарау. Құжатты баспадан шығару жұмысы бойынша оқушыларда білім-біліктілік қалыптастыру. Оқушылардың танымдық ой-өрісін арттыру. Ақпараттық-технологиялық ойлау қабілетін дамыту. Компьютермен жұмыс істеу іскерлігін дамыту. Оқушы
предварительный просмотр материала

6-сынып

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын-ала қарау. Құжатты баспадан

шығару. Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға беттердің параметрлері, жиек, алдын-ала қарау, құжатты баспадан

шығару туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, компьютерлік сауаттылығын ашу.

Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу;


Дамытушылық: Оқушылар техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып еңбекке баулу.

Шығармашылығын дамыту.



Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақ түрі: Практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, бетшелер, плакаттар, слайд, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.

II . "Ой шақыру" әдісі

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

Төменде тапсырмалары берілген . Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады.



2. Microsoft Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?

3. Ұяшықтарды нөмірлеу үшін қандай командаларды орындаймыз?

ІІІ. "Білімділік" сатысы

Электронды оқулықтан өткен тақырыптар бойынша 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9 тапсырмаларды орындау.

IV. "Түсіну" сатысы. Ақпараттық диктант.

  1. MicrosoftWord - . . . редактор.

  2. Құжатты құру, сақтау, ашу, бет параметрлерін орнату амалдары . . . командалардың көмегімен орындалады.

  3. Мәтіннің үзіндісін көшіру, қиып алу әрекетін . . . командасының көмегімен орындауға болады.

  4. Құжатты баспаға жіберу . . .



V. "Қолдану" сатысы. Компьютермен жұмыс.

Теорияда алған білімдерін практикада қолдану. Деңгейлік тапсырмалар орындату.



1 - деңгейдегі тапсырма: Тапсырма бағасы "5"

1. Тақырыбын Қаріп өлшемі 18, жартылай қалың, қызыл түспен пішімде.

2. Мәтіннің қалған бөлігін өлшемі 14, ені бойынша турала.



"Менің туған өлкем" тақырыбында өз ойларыңнан шығарма жазыңдар.



2 - деңгейдегі тапсырма: Тапсырма бағасы "4"

1. Өлеңді теріп жаз.

2. Әр шумағын әр түске бояп, қаріп мөлшерін 18, орта бойынша турала.

Өсе келе Едіге де

Домбыраны үйренді.

Жағы талмас жыршы болды.

Бармағы алтын күйші болды.

Қолдан қолға тұрмады.

Күйшіден күйші қоймады.

Тәтті әуезге тоймады.

Өнері өрге өрледі.

Бозторғайды, бұлбұл құсты,

Боз жорғаны, боз інгенді -

Бәрін күйге түсірді.

3 - деңгейдегі тапсырма: Тапсырма бағасы "3"

1.Мәтінді теріңдер.

2. Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18 қаріппен, қалған мәтінді өлшемі 14 қаріппен теріңдер.

3. Мәтінді ені бойынша тегісте.

Атамекен.

Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені ежелден адамзат ата - бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, суық Сібір, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп - өнген жерін атамекенім деп жанындай жақсы көреді.

VІ. "Талдау" сатысы. (Сабақты бекіту)

Семантикалық карта.


Paint графикалық редактор

WordPad мәтіндік редактор

MicrosoftWord мәтіндік процессоры

Сурет


Мәтін


bmp. кеңейтілімі


rtf. кеңейтілімі


doc. кеңейтілімі


Құжатты құру, баспаға шығару


Нөмірленген тізім


Маркерленген тізім



VІІ. "Жинақтау сатысы" Қорытындылау

Венн диаграммасы.


VIІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

IХ. Үй тапсырмасын беру

Тарауды қайталау. Сөзжұмбақ құрастырып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал