7


  • Учителю
  • 'Компьютердің даму тарихы' ашық сабақ. 5 класс

'Компьютердің даму тарихы' ашық сабақ. 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы : Компьютердің даму тарихы Сабақтың мақсаты: оқушыларды компьютердің  даму тарихымен таныстыру.Тәрбиелік : компьютердің даму тарихына талдау жасай  отырып, ойын жүйелей  білуге тәрбиелеуДамытушылық: оқушыларға компьютердің даму тарихына салыстырма
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы : Компьютердің даму тарихы

Сабақтың мақсаты: оқушыларды компьютердің даму тарихымен таныстыру.

Тәрбиелік : компьютердің даму тарихына талдау жасай отырып, ойын жүйелей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушыларға компьютердің даму тарихына салыстырмалыталдау жасауарқылы олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырата білу қабілеттерін дамыту.


Сабақтың барысы:

А)Ұйымдастыру бөлімі

Ә)Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

Б)Үй тапсырмасын тексеру

В) Жаңа сабақ

Г) Қорытынды

Д)Бағалау

Г)Үйге тапсырма

Төрт арифметикалық амалдарды автоматты түрде орындайтын бірінші машина ХVІІ ғасырда пайда болды. 1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай , оларды кейде көбейтіп және бөле алатындай машинаны өнертапқыш Вельгелм Шиккард жасап шығарды.

1642 жылы француздың философы және ғалымы Блез Паскаль кеңсесінің есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған арифмометр жасады.

1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид Лейбниц Паскаль машинасының мүмкіндігін кеңейтті. Ол жасаған «Лейбниц тісті дөңгелек» деп аталатын машинасы екілік санау жүйесінде көбейту, бөлу және түбір табу амалдарын орындайтын еді.

ХІХ ғасырда ағылшын математигі Ч. Беббидж «Аналитикалық машина» деп аталатын программаланатын автоматты есептеу құрылғысының нұсқасын жасады. Программалар кодталып перфокарталарға түсірілді. Бұл әдісті Беббидж тоқыма станоктарындағы амалдарды бақылауға алғаш пайдаланған француз өнертапқышы Ж.Жаккардтан алды.

Беббидждің ойынша бұл командалар жұбын және мәліметтерден тұратын топтарын бірте-бірте енгізгенде автоматты түрде әр түрлі есептеулер орындауы тиіс еді. Картадағы тесіктердің орналасу тәртібін және карталардың келу ретін өзгертіп, есептеу ретін өзгертуге болатын еді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Герман Холлерит перфокарталарды сұрыптауға және санауға арналған бірінші электромеханикалық машинаны жасап шығарды. Табулятор деп аталатын бұл машина реледен, санағыштан және сұрыптаушы жәшіктен тұрды. Бұл машина 1890 жылы Америкада тұрғындардың санағын өңдеуге қолданылды. Холлерит 1896 жылы әйгілі ІВМ фирмасының негізі болатын фирманы ашты.

Екінші дүниежүзілік соғыс есептеу құрылғыларын және оларды өндіру технологиясын жетілдіруге дем берді. 1944 жылы Говард Айкен ЭВМ нің бір топ зерттеушілері релелік логикалық элементтерге негізделген электрлік есептеуіш машинасын жасады.

1943жылдан 1946 жылға дейін Пенсильвания қаласындағы (АҚШ) университетте ENIAK деп аталатын түгелімен бірінші электронды - цифрлық ЭЕМ құрастырылды. Машина 30 тонна тартты, 200кв.м. жерді алып жатты. 18 мың лампадан тұрды.

Жаңа EDVAC ЭЕМ-1951 жылы пайдалануға берілді. Мұнда екілік арифметика қолданылды, негізгі жады 102444 разрядты сөзді сақтай алатын болды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Төрт арифметикалық амалдарды автоматты түрде орындайтын бірінші машина қай ғасырда пайда болды?

  2. Кеңсенің есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған арифмометрді қай ғалым ойлап тапты?

  3. Немістің философы және математигі Готфрид Лейбництің машинасы қалай аталады?

  4. Ағылшын математигі Ч.Беббидж «Аналитикалық машина » деп аталатын программаланатын автоматты есептеу құрылғысының нұсқасын қай ғасырда жасады?

  5. ІВМ фирмасының негізі болатын фирманы ашқан кім?

  6. ENIAK машинасы қай жылы құрастырылды?




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал