- Учителю
- Планы на тему Word
Планы на тему Word
Берілген уақыт |
Пәні: Информатика |
Мерзімі: 14.03.2014 жыл |
Сыныбы: 8«Ж» |
Сабақтың тақырыбы: |
3. Графикалық объектілерді және көркем жазуды кірістіру | ||
Сабақтың реті: |
3-сабақ | ||
Жалпы сабақтың мақсаты: |
Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіреді, суреттер мен жазулырды пішімдейді | ||
Күтілетін оқу нәтижелері:
|
Оқушылар мәтіндік процессорда графикамен жұмыс жасауды үйренеді;
шығармашылықпен жұмыс жасай алады. | ||
Түйінді идеялар: |
Мәтіндік процессорда көркем жазуды, фотоаппаратты, телефонды, видеокамераны пайдалана отырып, графикалық объектілермен жұмыс жасауды меңгереді. | ||
Сабақтың типі: |
| ||
Сабақты ұйымдастыру түрі: |
Тренинг-тәжірибе | ||
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
«Сәлемдесу», «Шашу» әдісі, «Бас бармақ», «Шар ішіндегі сұрақ», «Қар үйіндісі», «Өрмекші торы», «Түртіп ал», «Күту» ағашы. | ||
Жұмыс түрлері: |
Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс | ||
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: |
Интерактивті тақта, ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер | ||
І Қызығушылығын оятукезеңі: | |||
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті | ||
2 мин |
1-әрекет . «Сәлемдесу», «Екі өтірік бір шын» әдісімен сергіту жаттығуын жасату
|
Оқушылар ойларынан екі өтірік, бір шын оқиға айтады, оны топтағы оқушылар табады.
| |
1 мин |
2-әрекет . Түрлі конфеттерден «Шашу» шашу арқылы топқа бөлу.
|
Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады | |
2 мин |
3 - әрекет. Ұжымдық жұмыс. «Күту ағашы» әдісі арқылы оқушылардан сабақтан не күтетіндерін анықтау. |
Оқушылар күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндерін стикерге жазып іледі. | |
5 мин |
4-әрекет. «Шар ішіндегі сұрақ» әдісімен үй тапсырмасын тексеру. |
Оқушылар әр топта үрленген шардың ішіндегі сұрақты топта талқылап, жариялайды. Басқа топтар толықтырады | |
1 мин |
5-әрекет . Жауаптар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады |
Топтар бір - бірінің жауабына бас бармақтарын көрсету әдісі арқылы бағалады. | |
3 мин |
6-әрекет. Топтық жұмыс: «Қар үйіндісі» әдісін пайдалану арқылы топта ребус шешу тапсырылады
|
Әр топқа дайын ребустар таратылады, сол ребусты шешеді және ребуста қолданылған суреттер жайлы жұптасып шағын әңгіме жазады. | |
1 мин |
7-әрекет . «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау |
Оқушылар әр топтың жұмыстарын бас бармақтарын көрсету арқылы бағалайды. | |
|
ІІ Мағынаны тану кезеңі: | ||
10 мин |
8-әрекет . Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы обьектілерді пайдаланудың жолдары көрсетіледі |
Оқушылар WORD-та объектілермен жұмыс жасауға болатындығын түсінеді. Әр оқушы кітапты оқиды, жұптасып объектілерді калай кою керек, калай көбейту керек, үлкейту, кішірейту, безендіру әдістерін талқылайды, түсіндіреді
| |
|
ІІІ. Ой толғаукезеңі | ||
|
9-әрекет . «Тапсырмаға толы қораптан» тапсырма беру |
Оқушылар қорапттан өздеріне ребустар таңдап алады. | |
5 мин |
10-әрекет. Топтық жұмыс: Оқушыларға ребуспен жұмыс жасату, ребуста қандай сөз жасырылғанын анықтату. |
Оқушылар топта таңдап алған реустарды шешеді, қандай сөз жасырылғанын анықтайды.
| |
1 мин |
11-әрекет . «Өрмекші торы» әдісімен жариялау |
Компьютерлік желіні немесе электрондық почтаны немесе агента арқылы оқушылар өз жұмыстарын интербелсенді тақтадан көрсетеді | |
2 мин |
12-әрекет . Дайын критерийлер арқылы бағалату |
Оқушылар алдын аладайындалған критерийлар арқылы жұмысты бағалайды | |
|
13-әрекет . «Түртіп ал» әдісі бойынша үйге тапсырма |
Оқушыларға өздерінің суреттерін пайдалана отырып ашық хат немесе туылған күндеріне шақыру билеттерін жасау тапсырылады | |
|
14-әрекет. Мұғалім баға қояды.
|
Барлық бағалаулар ескеріледі | |
2 мин |
15-әрекет. Жеке жұмыс: «Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату
|
Оқушылар күтілетін нәтижеге ойларын анық жеткізеді, бірін-бірі бағалай алады. Оқушылар әдіс негізінде сабақта алған әсері мен ұсыныстарын стикер арқылы жабыстырып кері байланыс жасайды | |
|
Мұғалім |
Байбалақова Зейнегүл Қырғызбайқызы | |
|
Тренер |
Есентаева Айжан Идирисовна |