7


  • Учителю
  • Негіздердің жіктелуі мен қасиеттері

Негіздердің жіктелуі мен қасиеттері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Негіздер, олардың құрамы, жіктелуі, қасиеттері.

Мақсаты:

Білімділік: Негіздер, олардың құрамы мен жіктелуі, қасиеттері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белменділіктерін арттыру, бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс жасай білуге үйрету, жұмыс дағдысын нығайту.

Тәрбиелік: Бейорганикалық қосылыстар ұғымының сабақтастығын қалыптастыру, еңбекке баулу.

Күтілетін нәтижелер:

Негіздерге сипаттама береді, негіздерді басқа бейорганикалық қосылыстардан ажырата алады,негіздердің формуласын құрастырып, жіктей алады.

Құрал-жабдықтар: презентация, оқулық, әдістемелік әдебиеттер, жұмыс дәптері.

Реактивтер: сілтілер, күкірт қышқылы, дистилденген су, индикаторлар.

Әдіс-тәсілдер: «Химиялық ой жинау», реакция теңдеулерін аяқтау, ой қозғау, сұрақ қою техникалары арқылы тақырыпты меңгеру, жеке жұмыс, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, бір, екі, үшке санау арқылы топқа бөліп отырғызамын.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үш топқа тапсырма беріледі.

І-топқа - реакция теңдеулерін теңестіру.

АІ+ О2® АІ2О3. Негіздердің жіктелуі мен қасиеттеріНегіздердің жіктелуі мен қасиеттері

























ІІІ. Жаңа сабақ.

Интерактивті тақтадан құрамында сілтілер бар заттардың суреттерін көрсетемін.

Негіздердің жіктелуі мен қасиеттері Негіздердің жіктелуі мен қасиеттері Негіздердің жіктелуі мен қасиеттері

Негіздердің жіктелуі мен қасиеттері Негіздердің жіктелуі мен қасиеттері

Бұл суреттердің химия пәніне қандай қатысы бар деп ойлайсыздар? Сабынға қандай сипаттама бере аласыздар? Ал батареяларға ше? Неге бұл заттардың қасиеттері ұқсас болып келеді? Құрамындағы заттар әр түрлі, бірақ бұл заттардың бір-біріне ұқсауы неліктен

деп ойлайсыз? Ой қозғаймын. (Әр қайсы болжамдар айтады, сыни ойлайды, ойын тұжырымдайды, табиғи процестің маңызын түсіндіруге тырысады. Топпен жұмыстанады) Әр жауапты мадақтап, ынталандырып отырамын. Осы суреттер арқылы жаңа тақырыптың мәні ашылып, тақтаға жазылады.

Негіздердің жіктелуі мен қасиеттеріНегіздердің жіктелуі мен қасиеттері























Жаңа тақырып: §42. Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі, қасиеттері.

Негіздермен біз бұдан бұрын кездестік пе? Қандай реакцияларды жазған кезде негіздер алдық?

Енді сіз тақтада ылғи негіздердің формулаларын көріп тұрсыз, бұлардың құрамында ортақ болып тұрған не?





Ал енді әр түрлі болып тұрған нелер?

Сонда біз негіздерге қандай анықтама беруімізге болады?

(Оқушылар бұл заттармен судың қасиеттерін жазған кезде кездескендерін айтады. Реакция теңдеуін жазады. Барлық негіздердің құрамында -ОН тобының бар екендігін тұжырымдайды. Гидроксил тобынан басқа металдардан тұратынын айтып, анықтаманы өздері тұжырымдайды. )

Топқа бөлініп отырған оқушыларға жаңа сабақты меңгерту мақсатында тапсырмалар беремін.

Негіздердің жіктелуі мен қасиеттеріНегіздердің жіктелуі мен қасиеттері























І-топ: Негіздердің формуласын құру.

ІІ-топ: Негіздердің физикалық, химиялық қасиеттері.

Қышқылдармен: NaOH +HCl →NaCl + H 2O

Қышқылдық оксидтермен: Ca(OH)2+ CO2→CaCO3+H2O

Тұздармен: 2NaOH + CuSO4→Cu(OH)2+ Na2SO4

Ерімейтін негіздер қыздырғанда ыдырайды:

ІІІ-топ: сілтілердің индикаторға әсерін зерттеу. Үш сынауықта қышқыл, сілті, су берілген. Әр сынауыққа 1 тамшы лакмус тамызып көр. Түстері қалай өзгерді?

(Әр топ тақырыпты оқып, негізгі түсініктерді талдап, тақырыпты өз беттерімен түсінуге тырысады. Өз тақырыптарын басқа топтарға түсіндіреді.)



Сергіту сәті.

Интерактивті тақтада көрсетілген формулалардан бейорганикалық қосылыстардың кластарын ажыратады. Тұз болса, қолдарын жоғарға көтереді, оксид болса, отырады, қышқыл болса, оң жаққа қисаяды, негіз болса секіреді.



ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сергіту жаттығуларын орындап болған соң жаңа сабақты бекіту, қорытындылау мақсатында тапсырмалар беремін.

І-топ: Периодтық жүйенің 1-топ элементтері мынадай негіздердің массалық үлестерін тап: LiOH, NaOH, KOH, RbOH

ІІ-топ: Мына оксидтерге сәйкес гидроксидтер формулаларын жазындар:

Калий оксиді, магний оксиді, кальций оксиді, натрий оксиді.

ІІІ-топқа тапсырма:

(Бұл бөлімде оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Тапсырманы орындау арқылы сыни ойлайды, формулаларды салыстырады, сәйкестендіреді,дұрыс нұсқасын іріктейді )

Nі + C12 → Nі C13

NH3 = Н2 + N2

АІ + НС1 = АІCl3 + H2

Na+ H2O = NaOH + H2

ІІ-топқа : Су берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі? Калий, фосфор оксиді, көміртегі, барий, тұз қышқылы, барий оксиді. Жүретін химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.

ІІІ -топқа: Есеп: Массасы 72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар.



Ү. Бағалау бөлімі.

Оқушыларды сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

ҮІ. Үйге тапсырма: §42. Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі, қасиеттері.

Сілтілер қандай заттардың құрамында кездесетіндігі туралы хабарлама дайындау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал