7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Электролиттер және бейэлектролиттер'

Сабақ жоспары 'Электролиттер және бейэлектролиттер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Химия. 9-сынып. Тобы :------------- Мерзімі: ---------------


Сабақ тақырыбы: Электролиттер мен бейэлектролиттер


Сабақтың мақсаты: «Электролиттер» және «Бейэлектролиттер» ұғымын түсіндіре отырып, ерітінділердің электр өткізгіштігі заттың кристалдық құрылымына және химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін көрсету арқылы оқушылардыі пәнге қызығушылығын арттыру. Химиялық сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгерту сабағы

Көрнекі құралдар: «Ерітінділердің электр өткізгіштігі», «Кристалдық тор типтері», «Тұздардың қышқылдардың және негіздердің ерігіштігі» кестелері.

Реактивтер: күкірт қышқылының, натрий гидроксидінің, натрий хлоридінің және қанттың ерітінділері; мыс, темір, алюминий сымдары; қатты күйдегі натрий гидроксиді және хлориді, спирт, ерітінділерінің электр өткізгіштігін тексеретін құрал.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа психологиялық дайындау.

ІІ.Жаңа сабақты қабылдауға дайындық: Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлағаннан кейін берілген сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.

  1. Өздеріңе белгілі химиялық байланыс түрлері туралы айтыңдар.

  2. Мына қосылыстардағы химиялық байланыс түрін анықтаңдар: а) NaCI, KI (иондық байланыс); ә) Na2SO4, CuSO4, NaOH, Ва(OH)2 (иондық және коваленттік полюсті байланыс); б) HCL, H2SO4, HNO3, H2O (коваленттік күшті полюсті байланыс);

в) C2H6O, C6H12O6, C6H6 (коваленттік әлсіз полюсті байланыс).

  1. Қандай бөлшектерді иондар деп атайды? Мына қосылыстардың құрамына қандай иондар кіреді? NaCL, Na2SO4, CuSO4, NaOH, Ba(OH)2.

  2. Берілген иондық қосылыстардың ион зарядын көрсетіңдер:

NaCL, Na2SO4, NaOH, Ba(OH)2, CuSO4, Al2(SO4)3.

  1. Қандай қосылыстар иодық байланыс түзеді? Олардың жалпы физикалық қасиеттері қандай? (Оқушылар, әсіресе заттардың қаттылық, баяу балқығыштық қасиеттерін көрсетуі керек.)

Әңгіме нәтижелерін жүйелеп, қорытындылаған соң, әрі қарай пән аралық сипаттағы төмендегідей сұрақтарды талдаған жөн.

  1. Электр тоғының табиғаты жөнінде не білесіздер?

  2. Металдардың электр өткізгіштігінің себебі неде?

  3. Өткізгіштер деген не?

IIІ. Жаңа сабақты оқып үйрену. Оқушылар физика курсынан осы мәліметтерді қайталаған соң, дәптерлеріне мынадай қорытынды жазады: Электр тоғы дегеніміз - зарядталған бөлшектердің ( электрон немесе иондардың) бағытталған қозғалысы.

Бұдан кейін мұғалім оқушылармен бірлесіп, электр өткізгіштікті сынауға арналған құралдың құрылымын талдайды.

Содан соң мыс, темір, алюминий сымдараның электр өткізгіштігі көрсетіледі. Берілген тұздардың (NaCL және CuSO4), сілтілердің (NaOH және Ba(OH)2), ерітінділерінің электрөткізгіштігін көрнекі түрде көрсету төмендегідей қорытынды жасауға мүміндік береді: жоғарыдағы ерітінділер электр тоғын өткізеді, ал құрғақ NaCL, CuSO4, Ba(OH)2 , NaOH электр тоғын өткізбейді (тәжірибе жасап көрсетеміз).

Заттардың аты

Электр тоғын өткізе ме?

Дистилденген су

Кристалды натрий хлориді

Өткізбейді, электр шамы жанбайды

Өткізбейді электр шамы жанбайды

Әрі қарай мұғалім электролиттердің электр өткізгіштігін зерттеген швед химигі С. Аррениус екенін, ол электролиттік диссоциация теориясы деп атауды ұсынғанын айтады. Бұдан кейін оқушылардың белсенді қатысуымен: құрамы мен қасиеттерінің әртүрлілігіне қарамастан, тұздар мен негіздердің ерітінділері және кристалда электрөткізгіштігін сынағанда неліктен бірдей нәтиже көрсетеді?- деген сұраққа жауап береді. Зерттеген заттардағы ортақ қасиет - екеуі де иондық қосылыстарға жатады, яғни оларда иондық байланыс және иондық кристалдық тор бар. Бірақ кристалдарында иондар бір-бірін қатты ұстап тұрады да, еркін қозғалуға мүмкіндіктері болмайды (сондықтан электр тоғын өткізбейді), ал оларды еріткенде иондық байланыс үзіледі де, бос иондар пайда болады. Сондықтан олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді. Бұл болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушыларға «Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, ерітінділері электр тоғын өткізетін тұздар мен негіздерден 2-3 мысал келтіреді. Қышқыл ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексеруді ұсынамыз (Н2SO4 немесе НCL), электр шамы жанады, демек, олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді, бұл ерітіндіде иондардың түзілгенін дәлелдейді. Мұғалім су молекуласының әсерінен сутек пен қышқыл қалдығы арасында коваленттік полюсті байланыс әлсірейтінін түсіндіреді. Cутектің электроны толықтай қышқыл қалдығына өтеді де, коваленттік полюсті байланыс иондық байланысқа ауысады, осыдан зат иондарға ыдырайды. Мұғалім өтілген материалды жүйелеп, мынадай қорытынды жасайды: ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізетін заттар электролиттер (тұздар, негіздер, қышқылдар) деп аталады. Электролиттер электрөткізгіштігімен анықталады.

IY. Жаңа материалды үйренгенін тексеру: мұғалім мынадай проблемалық сұрақ қояды: Барлық суда еритін заттарды электролиттер деп атауға бола ма? Мұғалім эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды жасауды ұсынады. Суда: қант, глюкоза немесе этанолды ерітіп, электродты саламыз, электр шамы жанбайды. Бұны С12Н22О11 және С6Н12О6 құрылысы негізінде түсіндіреміз. Бұл қосылыстардағы коваленттік байланыстың полюстігі аз, сондықтан молекулалар арасындағы байланыс (молекулалық кристалдық тор) берік емес, ал керісінше молекулаішілік байланыстың беріктігі бұл заттар суда ерігенде, оларды жеке бейтарап молекулаларға ғана ыдыратады. Әрі қарай тағы да қосымша глицерин мен бензолдың электрөткізгіштігін тексеріп, мынадай қорытынды жасауға болады: ерітінділері электр тоғын өткізбейтін заттарды бейэлектролиттер деп атайды (спирт, қант, глюкоза, глицерин, бензол, т.б.).

YI. Білімді қорытындылап, бекіту, білімді бағалау:

Сабақтың қорытындысында оқушылардың алған мәліметтерін бекіту мақсатында мынадай тірексызбаны жаздыру керек.


Заттар

Ерітінділері электр тоғын өткізбейтін

Ерітінділері электр тоғын өткізетін

Бейэлектролиттер

Электролиттер

Иондық ,коваленттік полюсті байланысты заттар

Иондық және коваленттік полюсті, полюссіз байланысы бар заттар


Тұздар (еритін)

Көбіне органикалық заттар (спирт, қант, глицерин, бензол, т.б.)


Сілтілер


Қышқылдар (еритін)

Үйге тапсырмасы:§1. 8-9-жаттығулар.Есептер мен жаттығулар жинағы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал