7


  • Учителю
  • Урок по химии на тему Валенттілік (8 сынып)

Урок по химии на тему Валенттілік (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы Панфилов ауданы

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

химия пәні мұғалімі А.Н.Касымова



Пәні :химия 8 сынып

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырыбы Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.

Сабақтың жалпы мақсаты: оқудағы жаңа тірек сөздерді пайдалана отырып белгілі валенттілігі бойынша екі элементтен тұратын заттың формуласын құрастыруға үйрету.

Оқыту нәтижесінде оқушылар Біледі : химиялық формула, валенттілік, бинарлы қосылыстар және олардың аталуын

Валенттіліктері бойынша формула құрастыруға және химиялық қосылыстардағы элементтерлдің валенттілігін анықтай алады Атомдардың бір-бірімен белгілі қатынаста қосылатынын түсінеді.

Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге топпне талдау жасау дағдысын қалыптастырады.

Негізгі идеялар алдыңғы сабақта қалыптасқан

1.Оқу барысында сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын элементтерін қолданып оқушылардың ынтасын арттыру

2.оқушылардың ойлау қабілетін дамыту: « валенттілік», «химиялық формула», «бинарлы қосылыстар » мұғалім - оқушы, оқушы- оқушы арасындағы диалог;

Білімді қолдана бідуге;

Өз ойын айтуға, топпен жұмыс жасауға

Нәтижені алдын ала болжауға және бағалауға ;

3. жұппен, топпен ,сыныппен өз бетінше жұмыс жасауға ұйымдастыру

Құрал-жабдықтар: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі,өзара және өзін өзі тексеру парақтары, презентация, « бағалау парақшалары» ,атом модельдері, «Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру алгаритмі ».

Сабақ барысы: І. Бөлім Ұйымдастыру сыныпта жағымды ахуал туғызу «Күлкі сыйлайық». Оқушылар шеңберге тұрып, бір біріне жақсы тілектер айтады.

ІІ.Кіріспе бөлім Үй тапсырмасын тексеру Оқушыларға жеке тапсырмамен жұмыс жасау тапсырылады.

1.Мына заттарды жай және күрделі заттарға жіктей отырып олардың салыстырмалы атомдық және молекулалық массаларын табыңдар.

Ca, H3PO4, SO3 , Na, SO2 , S ., Fe2O3, Cu(NO3)2

2 . Массасы 222 г кальций хлоридінің моль саны ...

3.Зат мөлшері 0,3 моль натрий карбонатының массасын анықтаңыз.

Оқушылар берілген жеке тапсырманы орындайды. Орындалған тапсырманы көрші отырған оқушы тексеріп бағалайды. Бағалау парағына баға қойылады

ІІІ. Негізгі бөлім

-Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

-Бүгінгі сабақтың мақсаты таныстырылып өтіледі.

« Миға шабуыл » еске түсіру

-жаңа терминдер мен ұғымдармен жұмыс жасайды

- Мәтінмен танысу тапсырылады және мәтін бөлініп беріледі.

І-тапсырма: Оқушылар топтық жұмыс жасайды

І-топ:Химиялық формулалар

ІІ-топ: Валенттілік

ІІІ-топ:Зат құрамының тұрақтылық заңы

І-тапсырма: « Ыстық орындық» ойыны Оқушылар тақырыпты жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

Мәтінді топ ішінде талқылап, барлық ақпаратты қағаз бетіне түсіреді. Топ атынан баяндамашы қорғайды. Талдайды, өз ойларын айтады .Критерий алу арқылы бағалайды.

ІV.Қорытынды бөлім

« Бірігіп іздейік» І тапсырма атом модельдерін пайдаланып төмендегі қосылыстардың молекуласын құрастырыңдар және формуласын жаз

1топ - цинка және хлор

2топ - калий және йод

3топ - магний және күкірт

ІІ тапсырма Мына элементтердің оттегімен қосылыстарының формуласын құрастырыңдар

І топқа: Na, Cl (V), S(VI), Mg,

ІІ топқа: Zn, H, Ba, S (IV),

IІІ топқа: N (V), AI, C (IV), P (V),

ІІІ тапсырма .Төмендегі формулалардан бір,екі,үш,төрт,бес, валентті элементтерді бөліп жазыңдар:

Na2O, HCI, CI2O5, PH3, Fe2O3; CrO3, MgO, ZnO, SiO2, As2O5.

VІ тапсырма.Марганец оттегімен қосылыстарында 2,3,4,6,7 валенттілік көрсетеді. Марганец оксидтерінің формулаларын жазыңдар.

V тапсырма Хлор оттегімен мынадай қосылыстар түзеді: СІО3, СІ2О, СІ2О7, СІО2. Әрбір қосылыстағы хлордың валенттігің есептеңдер және ең жоғары валенттігін анықтаңдар.

VІ тапсырма Мына элементтерді пайдаланып формула құрастырыңдар: Н, Al ,О, С, K, Na

Жауаптар тақтадан слайдтан тексеріледі. Оқушылар өзін өзі бағалар бағалау парағына қояды. Қорытынды жасалынады. Белсенді қатысқан оқушылар ескеріледі .

Үйге тапсырма беру: Химиялық формулалар. Валенттілік. Зат құрамының тұрақтылық заңы. Мұғалім қажетінше ХЕЖ тапсырма береді





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал