7


  • Учителю
  • Заттар ж/е олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар ж/е қоспалар. Заттарды тазарту әдістері.

Заттар ж/е олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар ж/е қоспалар. Заттарды тазарту әдістері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: химия

Сыныбы: 8

Күні:

«Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі: Жаңабаева З.

Сабақтың тақырыбы:

Заттар ж/е олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар ж/е қоспалар. Заттарды тазарту әдістері.

Сабақтың мақсаты:

Зат ұғымын қалыптастыру. Заттардың физикалық қасиеттері туралы түсінік беру. Заттарды тазарту әдістері.

Сабақтың міндеті.

Заттарды анықтауға және олардың қасиеттерін сипаттай білуге үйрету. Мұғалімді тыңдай білу дағдысын дамыту, оқулықтан ңегізгі ұғымды бөліп, есте сақтау, бақылау, баяндай білу дағдысын қалыптастыру.

Сілтемелер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2. Әдістемелік нұсқау (К.Жексембина, Н.Нұрахметов, К.Сарманова) 3. Химия журналы («химик анықтамалығы», «Х. мектепте») 4. Оқулық (Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина ), 8 сынып

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Оқыту әдістері:

Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, практикалық әдіс.

Оқыту нәтижелері:

Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды. Заттар және олардың физикалық қасиеттері туралы түсінік қалыптасты. Зат туралы ұғымды қалыптастыру арқылы оның дене ұғымынан айырмашылығы туралы түсінік алды. Біртекті және әртекті қоспалардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.

Негізгі идеялар:

Әртекті және біртекті қоспалар.

Құрал-жабдықтар:

Оқулық, электронды оқулық., қант кесегін, спирт шамы,

интерактивті тақта, презентация, шеге, күкірт, алюминий, ағаш, су, магнит.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру. 3мин.



Психологиялық ахуал.

1. Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау, сыныпты түгендеу. 2. Психологиялық көңіл-күй. "Белгіні таңдау"



Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушылардың іс-әрекеті:

Үй тапсырмасын сұрау. Өздік жұмыс беру.

I-топ

1. Заттар дегеніміз ..............құраушылар. (денелерді)

2. Оттек, көмір қышқыл газының судың қасиеттерін сипаттау.

II-топ

1. Заттардың қасиеттері деп олардың бір-бірінен ........... немесе оларды өзара ........... айтады.

2. Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

III-топ

1. Физика пәні денелерді қарастырса, химия сол денелерді құрайтын заттарды .... (зерттейді)

2. Судың қасиеттерін сипаттау

I-топ, II-топ және III-топ

Тапсырма: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады сұйық, қатты, магнитке тартылады, балқымайды, түссіз, иісі бар, морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.

Үй тапсырмасын қаншалықты түсінгенін көрсетеді.

Өткен тақырыпты еске түсіріп айтады.



Сабақтың тақырыбын хабарлау. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.1мин

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Заттар ж/е олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар ж/е қоспалар. Заттарды тазарту әдістері.

Оқушыларды таза зат, қоспа ұғымдарымен таныстыру. Таза заттар мен қоспаларды сипаттауды үйрету. Қоспа турлері мен оларды бөлу әдістері ұғымдарын түсіндіру. Гомогенді және гетерогенді қоспалардың мысалымен танысу, қорытындылау, анықтама беру.

1. Оқушылар дәптер, кітаптарын ашып жаңа сабақты жазады.

2. Жазып болғасын мұғалімді мұқият тыңдап отырады.

1.Таза зат дегеніміз не? 2. Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?



Оқушылар кезектесіп сұрақтарға жауап береді.

Оқулықпен жұмыс. Әр топқа мәтін бөлініп беріледі.

І-топ: Заттар және олардың қасиеттері

ІІ-топ:Таза заттар және қоспалар

ІІІ-топ: Заттарды бөлу әдістері

(Көрсетілім№1 (1.1))

Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар. Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі. Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету және №1.1 көрсетілім «заттарды тазарту әдістері»

  1. Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

  2. Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.

3. Тәжірибе алаңы: Оқушыларға көмір және су, күкірт және су, өзен құмы және су түрлерін көрсете отырып практикалық жұмыс жасау ережелерімен, техникалық ережелерімен таныстыру. 4. Қоспаларды бөлу тәсілдері:

5. Әртекті

1.Тұндыру

2.Сүзу(құйғы және сүзінді қағаз көмегімен)

6. Біртекті

1.Қайта кристалдау-бастапқы қатты күйдегі затты ерітіп, буландыра отырып,сулату жолмен тазарту,қайта кристалдау әдісі.

2.Айдау-ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып, салқындатып,сұйық күйге ауыстырып,конденсациялауды айтады.

7. Тәжірибе алаңы: Екі топқа тапсырма беру. Берілген қоспаларды: құм мен су, темір мен күкірт, бензин мен су, ас тұзы мен суды бөлу әдістерін ұсын. Тәжірибелерін орындата отырып, біртектіме, әртектіме екенін тусіндіру.

Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне түртіп алып отырады.



Көрсетілімді қарайды.





















Зертханалық жұмыстарын орындайды.



























Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады.

  1. Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

  2. Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

  3. Әртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

  4. Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?

Сұрақтарға жауап береді. Жауапты басқа топ толықтыра алады.

Топтарға арнайы карточкалар арқылы тапсырмалар беріледі.

I-топ.Таза заттар

Төменде берілген сөздерден таза заттардың астын сызып,көшіріп жазыңдар:

Шыны, лай су, стакан, су, дәптер, кітап, қант, бор.

Ас тұзымен құмшекердің қасиеттерінде қандай ұқсастықтар бар?

II-топ.Әртекті қоспалар

Заттар мен денелердің қатарындағы бір артық сөзді көрсетіңіз?

А) стакан, су, қалам, сызғыш

Ә) ас тұзы, пышақ, ас содасы

Б) бор, кітап,тқағаз, резеңке

III-топ.

Мыналардың: ауа, оттек, теңіз суы, өзен құмы, мыс қайсысы таза зат, қайсысы заттың қоспа екенін көрсетіңдер .

Дайындаған жауаптарын ортаға салып айтады. Кезекпен айтады. Толықтырады. Түзетеді.

Бағалау: Әр топқа бағалау парағы беріледі.

Топтық бағалау, бір-бірін бағалайды.

§2, 3, 4; жаттығулар - 11бет (№8, 9, 11), 12 бет, 14бет.

Рефлексия . Қорытындылау.

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. «Мақсат ағашына» бүгінгі сабақта алған әсерлері туралы стикерлерге жазып жапсыру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал