- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар. Жылу эффектісі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар. Жылу эффектісі 8 сынып
Сынып: 8а
Күні: 26.01.15
Пән: химия
Сабақтың тақырыбы: Эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар. Жылу эффектісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға реакциялар, олардың жіктелінуі мен эндотермиялық және экзотермиялық реакциялардың жүру жағдайлары мен қасиеттері, жылу эффектісі туралы білім беру.
Дамытушылық: табиғаттағы жылу бөле және сіңіре жүретін реакциялар туралы мәліметтер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық білім беру.
Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар орындау
Пән аралық байланыс: биология,география, математика
Көрнекі құралдар: тақта, үлестірмелі қағаздар,сызба,суреттер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, ынтымақтастық атмосферасын құру.
ІІ. Тақырыпты ашу.
Табиғаттағы болып жатқан өзгерістерді мысал келтіре отырып, экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар жөнінде білімдерін қалыптастыру.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар берілген рефераттарын қорғайды.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Көптеген жану реакциясы кезінде жылу бөлінеді. Химиялық реакциялар жылу түрінде энергия бөле немесе сіңіре жүреді. Мысалы: көмір, күкірт және метан, бензин, ағаш жанғанда жылу бөлінеді. Кейде, мысалы, азот пен оттек әрекеттесіп, азот (ІІ) оксидін түзіп, жылу сіңіріледі.
Жылу бөле жүретін реакциялар - экзотермиялық реакция. Айырылу реакциялары жатады.
Жылу сіңіре жүретін реакциялар - эндотермиялық реакциялар. Қосылу реакциялары жатады.
Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффектісі деп аталады. Жылу мөлшері - Дж немесе кДж арқылы белгіленеді.
Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар - термохимиялық теңдеулер деп аталады.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-тапсырма:
Мына реакциялардың қайсысы эндотермиялық, қайсысы экзотермиялық екенін көрсетіңдер:
Термохимиялық теңдеу
Экзотермиялық
Эндотермиялық
C + O2 → CO2 + 402кДж
2Cu + O2 → 2CuO + 276кДж
H2 + I2 → 2HI - 50кДж
CH4 + 2O2 → CO2 + 2H2O + 892кДж
N2 + O2 →2NO - 180.8кДж
2-тапсырма.
S + O2 → SO2 + 296 кДж термохимиялық теңдеуі бойынша 1 кг күкірт жанғанда, қанша энергия бөлінеді?
3-тапсырма:
Егер реакцияның термохимиялық теңдеуі мынадай болса:
2Cu + O2 → 2CuO + 311кДж
6 моль мыс оттекпен әрекеттескенде қанша энергия бөлінеді?
4-тапсырма:
Массасы 1,2 г магнийді оттекте жаққанда, 30,1 кДж жылу бөлінді. Термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер.
V. Сабақты бекіту.
1. реакцияның жылу эффекті деген не?
2. экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларға мысал келтір.
3. жылу эффекті мен жану жылуының айрмашылығы неде?
4. химиялық реакцияның жылу эффектісінің шамасы қандай факторларға тәуелді болады?
5. өрттен сақтану шаралары?
VІ. Үй тапсырмасы: 27 тақырып. 5,6,7 есеп, 73-74 бет.
VІІ. Бағалау.
Оқушының аты-жөні
Үй тапсырмасы бойынша
Жаңа тақырып бойынша
Сабаққа қатысу белсенділігі
Қорытынды баға