7


  • Учителю
  • Разработка урока по химии на тему 'Д. И. Менделеевтің периодтық заңы '

Разработка урока по химии на тему 'Д. И. Менделеевтің периодтық заңы '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін тереңдету. Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесіндегі химиялық элементтердің орналасуын түсіндіре отырып, пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін терендету. Оқушыларға Д.И.Мендел
предварительный просмотр материала


Ашық сабақтың тақырыбы:

«Д.И.Менделеевтің периодтық

заңы»



Химия пәнінің мұғалімі: Расулова Индира Калтаевна

№ 18 А. Қосанұлы атындағы тірек мектеп

Жамбыл облысы Мерке ауданы



Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы


Сабақтың мақсаты: Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін тереңдету.

Білімділік: Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесіндегі химиялық элементтердің орналасуын түсіндіре отырып, пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін терендету.

Дамытушылық: Оқушыларға Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесінің өмірдегі маңызын меңгерту арқылы белсенділігін арттырып, іскерлікке баулу, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:ойлау қабілеттерін дамыта отырып ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, ассоциация, сұрақ-жауап, түсіндірмелі-көрсетілімдік, тест орындау,топтық және жеке жұмыстарын атқару.

Сабақтың көрнекі-құралдары: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, бейнефильм,тапсырмалар, слайд, флипчарт,тест құрылғысы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Оқушыларды түгелдеу.

б) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

І кезең «Тарих тағылымы» - «Бейнефильм»

«Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі»

Менделеев Дмитрий Иванович

(1834 - 1907)

Орыс ғалымы, Петербург ҒА-ның мүше-корреспондентi (1876 жылдан) Менделеев Д.И.Тобольскiде туылып (1834ж.), Петербургтегi Бас педагогикалық институтты (1855ж.) тәмамдады. 1855-1856 жылдары Одессадағы Ришельевский лицейi жанындағы гимназия мұғалiмi. 1857-1890 жылдары Петербург университетiнде (1865 жылдан профессор) дәрiс оқыды, сонымен бiр мезгiлде 1863-1872 жылдары Петербург технология институтының проессоры. 1859 - 1861 жылдары Гейдельбергте ғылыми iс-сапарда болды. 1890 жылы оқу-ағарту министрiмен келiспеушiлiктен кейiн университеттен шығып кеттi. Ғылыми жұмыстары негiзнен химия саласына және одан басқа физика, химиялық технология, экономика, ауылшаруашылығы, метрология, география, метеорология салаларына қатысты. Изоморфизм құбылысын (1854-1856 жылдары) және элементтер қасиетiнiң олардың атомдық көлемiнен тәуелдiлiгiн зерттедi. 1860 жылы "сұйықтың абсолюттiк қайнау температурасын" (немесе дағдарыстық) ашты.

"Органикалық химия" - атты бiрiншi орыс оқулығының авторы (1861ж.). "Химия негiздерi" еңбегiмен жұмыс кезiнде (1869ж. февраль) химиялық элементтердiң периодтық заңын ашты. Ол ашқан периодтық заңы кейiнгi химиктер мен физиктерге атом құрылысын зерттеуге, периодтық себептерiн талқылауға және заңның физикалық мағынасын зерттеуге жол ашты.

1859 ж. сұйық тығыздығын анықтайтын құралды - пикнометрдi құрастырды. 1865 - 1887 жылдары қопалардың гидраттық теориясын жасады.

Газдарды зерттей келе (1874ж.) 1834ж. физик Клапейронның алған (Клапейрон-Менделеев теңдеуi), газ күйiнiң температурадан тәуелдiлiгiнiң жеке жағдайы болатын, идеал газ күйiнiң жалпы теңдеуiн тапты.

Ол көптеген ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдардың мүшесi. Орыс физика-химия қоғамын (1868ж.) құрушылардың бiрi.

Оның құрметiне Мd101 - менделевий элементi аталған.

Химия және химиялық технология саласы бойынша үздiк еңбектері үшiн КСРО ҒА-сы (1962ж.) Д.И.Менделеев атындағы премия және алтын медаль тағайындалды.

ІІ кезең Топпен жұмыс «Ой -қозғау» (сұрақ - жауап)

«ЭЛЕКТРОН» тобына сұрақ

1. Бірінші топта қандай элементтер орналасқан ?(Сілтілік металдар)

2. Оттектің периодтық жүйедегі орны және салыстырмалы атомдық массасы? (16 атом массасы,8 рет саны)

3. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі көлденең қатар қалай аталады ?

4. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы ең алғаш қай жылы ашылды және неше элемент белгілі еді? (1869 ж, 63 элемент)

5. Сутек атомының абсолютті массасы қайсысына тең: а)1г; ә)1 г/атом ; б)1

«ПРОТОН»тобына сұрақ

6. Реакцияны тездетеді, жылдамдатады, бірақ өзі реакцияға қатыспайды. (Католизатор)

7. Д.И.Менделеев қай жылы дүниеге келді? (1834 ж 8.ІІ)

8. Неше период бар және қандай периодтарға бөлінеді? (7 период)

9. 1м3 газдың массасы қалыпты жағдайда көлемі нешеге тең? (22,4 литр)

10. Алюминий қандай металл? (Амфотерлі)

«НЕЙТРОН» тобына сұрақ

11. Инертті газдар қандай топта орналасқан және оларды ата?

12. Қазіргі таңда неше элемент белгілі? (118)

13. Бөлінбейтін кішкентай бөлшек? (атом)

14. 58-71 -ге тең 14 элементті атаңыз? (лантаноидтар)

15. Менделеевтің құрметіне нешінші элемент берілді? (101)

ІІІ кезең «Элементтер» ( химия, биология, география жағынан сипаттама)

1. Топтардың жұмыс жоспары:

«Химик»:

 Химиялық элементтің периодтық жердегі орыны;

 Атом құрылысы;

 Металл ретінде химиялық қасиеті;

 Оксидтер мен гидроксидтерінің сипаттамасы;

«Географ»:

 Элементтің табиғатта кездесуі;

 Колекциямен жұмыс;

 Қазақстанның табиғи ресурстары картасымен жұмыс;

«Биолог»:

 Адам ағзасындағы элементтердің маңызы.

Осы жоспар бойынша әр топ берілген элементтерге толық сипаттама жасайды.


Электрон тобы: Натрий.

«Химик»:

Элемент натрий ІІІ период І топта орналасқан

Атом құрылысы: +11 2е--- 1s2 2s2 2p6 3s1

Натрийдің сумен әрекеттесуі:

Натрий белсенді, жұмсақ металл. Сумен әрекеттесіп сілті түзеді.

2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

Na2O - негіздік оксид, NaOH - сілті

«Географ»:

Натрий жер қыртысында мөлшері массасы бойынша 2,64% тең. Табиғатта көбіне тұз құрамында кездеседі. Натрий көптеген силикаттар құрамында, сондай-ақ ол еріген күйінде көл, теңіз және мұхит суларында болады. Қазақстанда ас тұзы ащы көлдерде шөгінді түрінде кездеседі.

«Биолог»:

Натрий адам ағзасына қажетті элемент, қан қысымын су алмасуын, жүйке және бұлшық ет талшықтарын реттеуге қатысады. Ағзада негізгі қышқылдық тепе-теңдіктің сақталуын, жүректің жұмысын реттеп, ағзадағы суды ұстап тұру қызметтеріне қатысады. Натрийді адам көп қажет ете бермейді - күніне 1 грамдай ғана керек. Егер натрий иондарының адам ағзасындағы мөлшері артық болса ағзадағы судың тепе-теңдігін бұзады, қан қоюланады.

Топ жетекшісі:

Біз бүгін «Электрон» тобы натрий элементіне толығымен сипаттама бердік деп ойлаймын. Натрий және натрий қосылыстары көп жерде қолданылады. Көшедегі фонарьларда натрийдің мөлшері көп. Ал бұл фонарьлар басқа фонарьларға қарағанда энергияны азырақ қажет етеді және тұманды мұнарлы күндерде жарық түсіре береді.

Натрийді сабын жасауда да пайдаланады. Ол теріге терең сіңген кірді кетіру үшін мол көбік шығарады. Сондай-ақ автокөліктердің қауіпсіздік көпшіктерінде бар. Өрт сөндіргіш құралдарда болады. Көбіктің ағысын сыртқы екпіннен шығаратын химиялық үдеріс үшін қажет және қыста дала тайғақ болғандықтан мұздың үстіне тұз себеді, өйткені тұз мұзды ерітеді.

Нейтрон тобы: Темір.

«Химик»:

Элемент темір ІҮ период ҮІІІ топтың қосымша топшада орналасқан.

+26 2е-- 14е-- 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Темір ауыспалы валенттілік көрсетеді - 2 және 3. FeO - қара түсті ұнтақ, суда ерімейді. Негіздік қасиеттер көрсетеді. Fe2O3 - күрең, қоңыр түсті ұнтақ, суда ерімейді. Бұл оксидке екідайлы қасиет тән. Fe(OH)2 - темір ІІ гидроксиді, Fe(OH)3 - темір ІІІ гидроксиді.

«Биолог»:

Темір тірі организмдерде болады. Үлкен адамның денесінде 4-5г темір болады, оның 65%-ы қанның гемоглабинінде. Гемоглабин қанға қызыл түс береді және химиялық элементтер қызметіндегі кіп-кішкентай пошташылар сияқты, қан құрамындағы темір атомдары біздің өкпеміздегі оттекті жүрегімізге және миымызға жеткізеді де, содан кейін көмір қышқыл газын өкпемізге әкеледі. Темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызметіне, қан түзілу процесіне және организмде зат алмасу процесі жүру үшін қажет. Қанда темірдің жетіспеуі адамның денсаулығына әсер етеді, қаназдық ауруы пайда болады.

«Географ»:

Темір - табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде «аспан» немесе «жұлдыз» тасы деп атаған. Елімізде темір кендерінің үлкен қоры - Торғай темір кені бассейнінде және Орталық Қазақстанда бар. Темір минералды сулардың құрамында сульфат және гидрокарбонат түрінде кездеседі. Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі.

Топ жетекшісі:

Темір қазіргі техниканың маңызды металы. Бұл орташа белсенді металл. Темір табиғатта үлкен роль атқарады. Таза темірді шеге, тез магниттелу және магнитсізделу қасиетіне байланысты электромагниттік құралдардың бөлшектерін және т.б. жасау үшін қолданады. Көбінесе, темірдің құймалары шойын және болат көп қолданылады. Бұлар қазіргі техниканың басты конструкциялық материалдары. Дүниежүзінде темір мен оның құймаларын қалған барлық металдарға қарағанда 20 есе артық өндіреді. Марстағы топырақ соның салдарынан қызыл түсті болған темірдің қосылысы да Жердегі тот басқан велосипедтер мен машиналардың құбылысымен бірдей.

Енді сөз кезегін басқа саяхатшыларымызға берейік.

Протон тобы: Алюминий.


«Химик»:

Элемент алюминий ІІІ период ІІІтоптың негізгі топшасында орналасқан.

Атом құрылысы: +13 2е---

1s2 2s2 2p6 3s2 3p1

Алюминий белсенді металл. Екідайлы қасиет көрсетеді. Ол қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесуге қабілетті. Al2O3 - екідайлы оксид, Al(OH)3 - екідайлы гидроксид.

Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O

Al(OH)3 + NaOH = Na[Al(OH)4]

Алюминий тұздарын сілтілермен сапалық реакция бойынша анықтауға болады. Бұл кезде алюминий гидроксидінің қоймалжың тұнбасы түзіледі. Тұнба сілтінің артық мөлшерінде ериді. (интерактивті тақтада виртуалды зертхана арқылы көрсетеді)

«Биолог»:

Адам ағзасында алюминий - 0,001 гр. Ол бауырда, сүйекте кездеседі. Судан адам ағзасына 5-8%, ал шай жапырақтарынан 100-200 есе артық алюминий беріледі. Алюминиден жасалған ыдыстарды жиі пайдалануға болмайды, себебі ол тамақтың құрамына өтіп адам ағзасына артық мөлшерде енеді. Алюминий мөлшері ағзада артып кетсе адамның жүйке жүйесін зақымдайды.

«Географ»:

Белсенді болғандықтан алюминий табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар құрамындағы алюминий - табиғатта ең көп таралған металл. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері шамамен 9%. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты - боксит. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік шығысында, Ақмола облысымен Торғай үстіртінде. Қазақстан алюминий өндіруден ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.

Топ жетекшісі:

Алюминий техникада және тұрмыста кеңінен қолданылады. Жеңіл және бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан, оның авиациялық өнеркәсіпте, автокөлікте, электротехникада электр сымдарын жасау үшін, сонымен қатар жарылғыш заттарды алуда, химиялық аппаратураларды дайындауда, ғимараттарды салуда, жиһаздарды, ыдыстарды және т.б. жасауда маңызы өте зор. Алюминийлі жұқа фольга конденсаторлар жасау үшін қолданылады. Алюминийді кабель, қаңылтыр және айна өндірісінде пайдаланады. Алюминий тозаңын «күміс сияқты» түс беру үшін бояу ретінде қолданады. Алюминиймен темір бұйымдардың бетін қаптайды, бұл оларды жемірілуден қорғайды.

Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтерінің 90%-ы біздің Қазақстанымыздың жер қойнауында кездеседі. Мыстың аса бай кен орындары - Жезқазғанда. Қазақстан дүние жүзінде мыс өндіруден алдыңғы қатардағы орындардың бірінде. Полиметалл Шығыс Қазақстанда Кенді Алтайдағы, Зырян мен Риддерде көп кездеседі. Полиметалға алтын, күміс, мыс және тағы басқа полиметалдар жатады. Қорғасын Жоңғар Алатауындағы Текеліде және Мырғалысайда кездеседі. Қазақстан жерінде фтордың 90% -ы Мұғалжар жерінде кездеседі. Оның 40% басқа елге шығарылады.

Қазіргі уақытта минералды шикізаттың көп түрлерін өндіріп, өндейтін ірі кәсіпорындар бар, оларға: Соколов-Сарыбай темір кені өнеркәсібі, Лисаковск кен байыту комбинаты, Теміртаудағы металлургия зауыты жатады. Қазақстанның қара металлургия өнеркәсіптері ТМД-да алдыңғы қатарда және осы саланың дүниежүзілік даму деңгейіне сәйкес келеді. Көмір өндірісінің ең ірі кен орындары Жезқазған мен Екібастұзда орналасқан. Жезқазғанда шахталық жолмен, ал Екібастұзда ашық жолмен алынады. Алтын Шығыс Қазақстанда Кенді Алтай және Жоңғар Алатауында кездеседі.

Жаңа өздеріңіз атап өткен кейбір элементтердің биологиялық маңызы жайындағы мағлұматтарыңызға қоса, кейбір айтпаған элементтердің сырын ашайық.

- Жер қыртысында кездесетін көптеген элементтер адам ағзасында да кездеседі. Әрине, химиялық элементтердің жер қойнауындағы мөлшері адам ағзасына қарағанда көп. Себебі, жер қыртысы сол элементтердің отаны. Мысалы, кальций - жер қыртысында 3,25% болса, ал адам ағзасында 2%, натрий 2,4% болса, ағзада 0,09 % бар, тағы сол сияқты элементтердің жер қыртысы мен адам ағзасындағы мөлшерін мына суреттен көре аласыздар.

ІV кезең « Мені анықта»

Электрон тобы:

1. Ескі мата сөз болмас, ескі темір біз болмас.

2. Қойдың сүті қорғасын.

Протон тобы:

1.От көмір жейді, тот темір жейді.

2.Арпа бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.


Нейтрон тобы:

1.Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

2.Пәлен жерде алтын бар, барсаң тас та жоқ.

V кезең «Химия сыры» (тест жұмысы)

VI кезең «Қызықты химия»

VII кезең - Қорытынды

1) Оқушыларды бағалау.

2) Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Химия - ырыс бұлағы

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз - нұр дәулет, - деп осымен бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал