- Учителю
- Список по химии Аптечка
Список по химии Аптечка
Дәрi-дәрмек қорабы
-
Дәрi-дәрмек қорабын зертхананың қабырғасына iлуге рұқсат етiледi. Есiгiнде, не болмаса, жанында ағзаның әртүрлi зақымдануы мен улануы кезiнде көрсетiлетiн бiрiншi дәрiгерлiк көмектiң қысқаша нұсқасы iлiнiп тұруы керек. Дәрiнiң қораптары мен шыны сауыттарында мазмұны туралы айтылатын жазбалармен қатар, реттiк нөмiрi қойылады да, сонда күйiк кезiнде берiлетiн бiрiншi дәрiгерлiк көмек туралы қысқа бөлiмi мынадай болады:
Термиялық күйiк: 12, 13 немесе 3, 2.
Қышқылдық күйiк: 14, 13 немесе 3, 2.
Төменде берiлген тiзiмдегi сандар дәрi-дәрмек нөмiрлерiне сәйкес келедi.
II. Дәрi-дәрмек қорабындағы бiрiншi дәрiгерлiк көмекке қажеттi дәрiлер мен заттардың тiзiмi:
-
Зарарсыздандырылған дәке, 1 дана.
-
Зарарсыздандырылмаған дәке, 1 дана.
-
Зарарсыздандырылған жұқа дәке, 1 дана.
-
Зарарсыздандырылған гигроскопиялық мақта, 50 г.
Зарарсыздандырылған шыны сауытта сақталады.
-
Жараға мақта салуға арналған пинцет.
-
Микрожараларды тазартуға арналған БФ-6 желiмi, 1 шиша, 25-50мл.
-
Жара айналасындағы терiнi тазартуға арналған йод ерiтiндiсi, ампулада немесе қара шыныда, 25-50мл.
-
Қан тоқтату дәрiсi ретiндегi 3 % салмақтың сутегi пероксидi, 50 мл.
-
Таблеткалар, ұнтақ немесе түйiршектелген активтi көмiр. Улану кезiнде езiлген ботқа ретiнде 1 ас қасық немесе 4-6 таблетка (асқазанның жуылуы алдында немесе содан кейiн) iшу керек.
-
Салмақтың бөлiмi 10 %-ке тең аммиак ерiтiндiсi. Бром буларымен улану және есiнен тануы кезiнде мақтаға тамызып, искету керек.
-
Салмақтық бөлiмi 30 %-ке тең альбуцид (натрий сульфацилi). 10-20 мл, көздi шайып жiберiп 2-3 тамшы тамызу керек. Бөлмелiк температурада 3 аптадан артық сақтамайды.
-
Күйiктердi тазартуға арналған этил спиртi, 30-50 мл.
-
Күйiктен кейiнгi ауырып тұрған жерге жағатын глицерин, 20-30 мл.
-
Қышқылдық күйiктен кейiн терiнi тазартуға арналған салмақтық бөлiмi 2 %-ке тең натрий гидрокарбонатының су ерiтiндiсi, 200-250мл.
-
Сiлтi тиген терiнi немесе көздi тазартуға арналған салмақтық бөлiмi 2 %-ке тең бор қышқылының бор ерiтiндiсi, 200-250 мл. 14-15-нөмiрлi ерiтiндiлер дәрi-дәрмек қорабынан тыс, нейтралдық заттар сөресiнде де орналасуы мүмкiн.
-
Көз тамшыларын көзге тамызуға арналған пипеткалар.
Химия кабинетiнде өрт сөндiрудiң үлгiлiк жоспары
Газ, электр қуатын сөндiру, ЖТЕ бар жәшiктi шығаруға дайындап қою. Өрт сөндiруге арналған алғашқы қажеттi заттарды дайындау.
Сынып старостасы,
БӨСТ мүшелерi
2.
Өртенген ғимараттан оқушыларды шығару
Оқушыларды тыныштандыру, айғай-шу болдыртпау. Оқушыларды дәлiз бен баспалдақтар арқылы далаға шығару.
Мұғалiм, зертханашы
3.
Толық шығарылғандығын тексеру
Оқушылардың саны мен тiзiмi арқылы тексеру
Химия мұғалiмi
4.
Шығарылған оқушыларды орналастыру
Қыс уақытында орналастыру.
Жаз уақытында орналастыру.
Мектеп әкiмшiлiгi
5.
Өрт сөндiрудi алғашқы жәрдем заттарымен сөндiрудi ұйымдастыру
БӨСТ мүшелерiнiң көмегiмен өртелген ғимараттың жанын қоршап қою.
Өрттi әртүрлi қоласты заттарымен сөндiру.
Мектеп әкiмшiлiгi,
Химия мұғалiмi
6.
Өрт сөндiрушi командасы келген кезде өрт сөндiруге көмектесу.
Өрт сөндiрушi командасын қарсы алуға арналған адамдарды жiберiп, өртке қолайлы және қысқа жолдарды көрсету.
Өрт сөндiрушiлерге адам орналасқан жерлердi көрсетумен қатар, химия кабинетiндегi шығарылмаған реактивтердiң орнын көрсету
БӨСТ мүшелерi, мұғалiм, әкiмшiлiк.
Химия кабинетiнiң меңгерушiсi
Күнi.
Реактивтер сақтау топтары