7


  • Учителю
  • Химия пәнінен 9 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Химия пәнінен 9 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Химия

Сынып 9 Ә,А

Күні, уақыты

30.11.2015

Сабақтың тақырыбы

Азот қышқылы иен оның тұздары

Сілтемелер

Н. Нұрахметов, К. Сарманова, Н. Заграничная

Мақсаты

Азот қышқылының және оның тұздарының қасиеттерін, алу жолын білуі тиіс

Міндеттері

Азот қышқылының құрылысын, қасиетін және оның тұздарының атауы мен формуласын білу;Олардың қасиеттері мен алу жолының химиялық реакциясының мәнін түсіну;Олардың қасиеттері мен алу жолының химиялық реакцияларын сан есептерде қолдану;

Күтілетін нәтиже

Азот қышқылының құрылысын, қасиетін және оның тұздарының атауы мен формуласын біледі;Олардың қасиеттері мен алу жолының химиялық реакциясының мәнін түсінеді;Олардың қасиеттері мен алу жолының химиялық реакцияларын сан есептерде қолданады;

Тақырыпты ашуға қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Топтастыру» , «Кластер» әдісі, «5 сұрақ»

Ресурстар

қима қағаздары, Е- кітапхана материалдары

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

3 мин

Оқушылармен амандасу және түгелдеу. Психалогиялық жағымды ахуал тудыру «Ұқсастықтар мен айырмашылықтар» тренингісін өткізу

Оқушылар амандасады.Санамақ бойынша топқа бөлінеді. 4 топқа бөлу


10

мин

Білу

Оқушылар сұрақты төменгі деңгейдегі сұрақтарды қолданады. Мысалы:1. Аммиактың құрылысы мен формуласы қандай? 2.Олардың тұздарын қалай атайды? 3. Аммоний тұздараның сапалық реакциясы қандай? 4. Аммоний тұздарының алу жолы қалай жүреді? 5. Аммиактың алу жолы неге байланысты жүреді? Оқушылар сұрақтарға нақты жауап береді

Критерий арқылы бағалау

Үйге берілген тапсырмаларды сұрау. Мұғалім серпілген сұрақтар әдісімен «Аммиак және оның тұздары» тақырыбы бойынша сұрақ қояды. Сұрақтарды оқушылардың бір-біріне қоюын сұранады.

13

мин

Түсіну

Оқушылар мәтінді оқиды.Барлық топ бірдей мәтінді оқитындықтан, топтағы талқылау әр топтың өзінде ғана талқыланады және оны жұпта талдайды.

Критерий арқылы бағалау

Оқулықтағы 58-62 беттегі мәтінді түсініп оқуды және оны «Кластер» әдісімен жұптық жұмыста талдауды сұранады

9 мин


Қолдану

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды. Постерді қорғау кезінде әр топ басқа топты бағалайды.1- топ: Азот қышқылы; 2- топ: Азот қышқылының қасиеттері; 3- топ: Азот қышқылының тұздары; 4- топ: Нитраттардың қолданылуы;

Бағдаршам бағалау

Алған білімді тәжірибеде қолдануды тапсырады. Ол үшін оқыған мәтін бойынша постер қорғау тапсырылады

5мин

Талдау. Оқушыларға «Қатесін тап» тапсырмасы беріледі.1- топ:Азот қышқылы 2 сатыда диссоциацияланады.2- топ:Азот қышқылының тұздарын силикаттар деп атайды. 3- топ:Белсенді металдардың нитраттары азот(IV) оксиді мен оттекке дейін айрылады. 4- топ: Белсенділігі төмен металдар тұз бен оттекке дейін айрылады.

Әр топ берілген сөйлемдегі қате сөзді табады және сол қатенің дұрыс нұсқасын табады.Яғни қате сөздің жауаптары: 1- топ 1 сатыда, 2- топ селитра немесе нитраттар, 3- топ нитриттер,4- топ металл.


Критерий арқылы бағалау

3 мин

Жинақтау. Өткен сабақты жинақтау мақсатындаЕ- кітапхананың №3135 тест тапсырмаларын алады:

1. Нитратты көрсетіңіз:А)AgCl

B)FeSO4 С)KNO3

2. 1 моль азот қышқылын толық бейтараптайтын күйдіргіш натрдың массасын тап: А) 20гр

В) 30гр С)40гр

3. Қайсы тұз айырылғанда оттек газы түзіледі. А) Силикаттар В) Сульфаттар С) Селитралар


Оқушылар шешкен тапсырмаларын дәптерге жазып алып критерий бойынша бағаланады. Яғни оқушы өз- өзін бағалайды

Критерий арқылы бағалау

1 м

Үйге тапсырма: азот қышқылының қасиетіне сан есеп құрап келтіру

Кері байланыс орнату.


30.11.2015 ж Тексерілді:


Химия

Сынып 11 А

Күні, уақыты

30.11.2015

Сабақтың тақырыбы

Арендердердің қасиеттері мен алу жолы, қолданылуы

Сілтемелер

Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова

Мақсаты

Бензолдың қасиеті, алу жолы, қолданылуын білуі тиіс

Міндеттері

Бензолдың химиялық, физикалық қасиетін білу; Олардың алу жолы мен химиялық қасиеттерінің химиялық реакциясының мәнін түсіну; Олардың алу жолы мен химиялық қасиеттерінің химиялық реакциясын сан есептерде қолдану;

Күтілетін нәтиже

Бензолдың химиялық, физикалық қасиетін біледі; Олардың алу жолы мен химиялық қасиеттерінің химиялық реакциясының мәнін түсінеді; Олардың алу жолы мен химиялық қасиеттерінің химиялық реакциясын сан есептерде қолданады;

Тақырыпты ашуға қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Топтастыру» , «Серпілген сұрақтар», «Джигсо»

Ресурстар

Шар өзекті атом модельдері, маркер, қима қағаздары, А3 қағазы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

3 мин

Психалогиялық жағымды ахуал тудыру «Молекулалар мен атомдар» тренингісін өткізу

бойынша топқа бөлу

Оқушылыр атом мен молекула болып кезіп қозғалады. Мұғалім айтқан молекула бойынша

топқа бөлінеді. 4 топқа бөлу


10

мин

Білу


Оқушылар сұрақтарға нақты жауап береді және өз жауабын дұрыстығын тексереді. 1.Арендердің жалпы формуласы қандай?2. Арендердегі изомерияларды атаңдар? 3. ИЮПАК бойынша оларды қалай атайды?4. Орта ксилолдың формуласы қалай жазылады? 5. С7Н?болса сутектің саны қаншаға тең?

Критерий арқылы бағалау

Үйге берілген тапсырмаларды сұрау. Мұғалім өзінің сұрақтарын топтағы оқушыларға қима қағаз арқылы қояды. Сұрақтар «арендердің құрылысы, номенклатурасы, изомериясы» тақырыбынан сұрақ қояды

13

мин

Түсіну

Оқушылар мәтінді оқиды, түсінгенін жұппен талқылайды

Критерий арқылы бағалау

Оқулықтағы 123-129 беттегі мәтінді түсініп оқуды сұранамын және олардықайтадан жаңа топқа біріктіру арқылы тақырыпты толық меңгертемін

9 мин


Қолдану

Оқушылар берілген тапсырмаларын орындайды.1- топ:Ксилолдың алу жолы2- топ: Толуолдың бромдану реакциясы, 3- топ: Толуолдың гидрлену реакциясы, 4- топ: Ксилолдың толық тотығу реакциясы.

Критерий арқылы бағалау

Алған білімді тәжірибеде қолдануды тапсырады. Ол үшін алкиндардің өкіліне байланысты тапсырма әр топқа беріледі. 1- топ:Ксилолдың алу жолы2- топ: Толуолдың бромдану реакциясы, 3- топ: Толуолдың гидрлену реакциясы, 4- топ: Ксилолдың толық тотығу реакциясы

5мин

Талдау.Жасалған жұмыстарға талдау жүргізу тапсырылады. Осыайтылған заттарға тән реакциясын жазып дәлелдеу

Сол тапсырмалады қалай жүргізгенін, яғни тиісті заттардың реакциясын жазу арқылы дәлелдейді

Критерий арқылы бағалау

3 мин

Жинақтау. Е- кітапхана №3363 тест тапсырмасын аламын


Оқушылар тест тапсырмасын орындап, өздерін критерий бойынша бағалайды

Критерий арқылы бағалау

1 мин

Үйге тапсырма: 129 бет №7

Кері байланыс орнату.


30.11. 15ж Тексерілді:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал