- Учителю
- Химия ашық сабақ: Металдар және бейметалдар
Химия ашық сабақ: Металдар және бейметалдар
Сабақтың тақырыбы: Металдар және бейметалдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушының білміге құштарлығын арттыру, алған теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктілікпен дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: жаңа химиялық заңдылықтың мағынасын ашып, оны тәжірибеде қолдану, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.
Тәрбиелігі: Өмірдің барлық ағымы химиялық және физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету, балаларды еңбектене, іздене білуге, есептер шығаруға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаңа модульдік технологиясы, топтастыру, суреттер галереясы, семантикалық карта, ойды қозғау, термин сөздермен жұмыс, оқушылардың өздерінің сабақты түсіндіруі, бағалауы.
Көрнекілігі: слайдтар, тірек сызба, бағалау парағы, ватман, бояу қарандаштар, түрлі-түсті қағаздар, смайликтер, стикерлер.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, әдебиет, сурет, физика.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты метал және бейметал суреттерінің қиығымен топқа бөлу. Метал суретін құрағандар бірінші топқа отырады, ал бейметал суретін құрағандар екінші топқа отырады, барлығы 2 топ болады.
І-топ. Металдар ІІ-топ.Бейметалдар.
Жаңа сабақ
Сабақтың кезеңдері
-
"Миға шабуыл"
-
Жекелеген оқушылармен жұмыс
-
Тестпен жұмыс
-
Есептер шығару
-
Сергіту сәті
-
Тәжірибе
-
Қорытынды
VIІI. Бағалау
Әр топқа блум ағашы және сенім (бағалау) парағы таратылады.
І. Миға шабуыл: үй тапсырмасына шолу.Металдар және бейметалдар тақырыптарына қатысты сұрақтар қою. 1. Периодтық кестеде металдар қай жерде орналасқан?
2. Периодтық кестеде неше бейметал бар? 3.Алюминийдің валенті неше?.
4. Ең жұмсақ метал?. 5.Алтынды неге теңеген?
6. Патша сұйығында еритін металл? 7. Қанның құрамына кіретін метал?
Топтағы әр-бір оқушыны өзін - өзі бағалап отырады.
ІІ. Жекелеген оқушылармен жұмыс. Берілген тақырыптары бойынша слайд жасап, оны қорғау.
ІІІ. Тестпен жұмыс. Топтағы оқушыларға тест тапсырмалары таратылады, оқушылар сол тестке жауап береді, содан кейін жұмыстарымен ауысып, бір-бірінікін тексеріп бағалайды.
ІҮ. Есептер шығару. 2 топқа 2 есептен беріледі, топпен дайындалып, әр топтан 1 оқушыдан шығып, есепті тақтаға шығару керек.
Ү. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылармен бірігіп жаттығу жасайды.
ҮІ. Тәжірибе: 2 топтан бір-бір оқушыдан шығып тәжірибе жасайды. Сосын жасалған тәжірибе бойынша әр топ постерларын қорғайды.
ҮІІ. Қорытынды: тақтада ватманға салынған тоғайдың суреті ілініп тұр, соған әрбір оқушы өзінің ойын, пікірін және тілегін стикерлерге жазып, жабыстырады.
ҮІІІ. Бағалау. Әрбір топтың сенім (бағалау) парағын алып, сыныпты бағалау.
Үйге тапсырма: Металдар және бейметалдар тақырыбын қайталау.