7


  • Учителю
  • Химия пәні бойынша Зерде ғылыми жобарлар сайсына арналған зерттеу жұмысы. Тақырыбы Жеміс - жидектер құрамындағы қауіпті өнімдерді анықтау

Химия пәні бойынша Зерде ғылыми жобарлар сайсына арналған зерттеу жұмысы. Тақырыбы Жеміс - жидектер құрамындағы қауіпті өнімдерді анықтау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................ .........................................................4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Тарау. Әдебиеттерге шолу

1.1. Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызы. Элементтің жетіспеуінен болатын аурулар және ағзаны элементтермен толықтырудың жолдары....................................................................................................................6

1.2. Ақпараттық - статистикалық құралдардан экспортталған жеміс - жидек құрамындағы улы заттар туралы мәліметтерді жинақтау.................................10

ІІ Тарау. Эксперименттік бөлім

2.1. Өз жерімізде өсетін көкөніс, жеміс - жидектермен, өзге елдерден экспортталған жеміс - жидек, көкөністерді салыстыру...................................12

2.2. Жеміс - жидек, көкөністерді таңдауда сатып алушылар мен сатушылардың ойларын білу................................................................................14



ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................15

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................16



























АБСТРАКТ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ғылыми жұмыс біздің елімізге басқа елдерден экспортталып келіп жатырған жеміс - жидектердің құрамындағы қауіпті заттарды әдебиеттерге және әр түрлі ғаламтор мәліметтеріне сүйене отырып зерттеліп, оларды пайдаланбай орынына елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауындағы басты мәселелердің бірі ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында аталған жеміс - жидектерді жыл мезгілінің барлық кезеңінде өз елімізде өсіру.

Зерттеу мақсаты:

  • Қазіргі таңда елімізге көптеп келіп жатқан жеміс жидек, көкөніс құрамындағы қауіпті заттарды анықтау;

  • Өзге ел өнімдерінің орнын басатын өз елімізде жеміс - жидек, көкөністерді өсіретін ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамытуды көздеу;

  • Өз бақшамда өсірілген көкөніс, жеміс - жидектер мен басқа елдерден келген өнімдерді сақталу мерзімі бойынша салыстыру;

  • Өз жерімізде өскен өнімдер мен импорт өнімдері туралы тұтынушылар мен осы кәсіппен айналысатын кәсіпкерлердің ойын білу;

Зерттеу объектісі: Өз бақшамда өсірілген көкөніс, жеміс - жидектер мен басқа елдерден келген өнімдер.

Зерттеу әдістемесі: Еліміздің көкөніс жеміс жидектері мен экспортталыа әкелінген жеміс жидектерді сақталу мерзімі бойынша салыстырып, экспорт жемісінің құрамындағы қауіпті заттар барын дәлелдеу.

Болжам: Егер жеміс - жидектердің құрамындағы қауіпті заттар бары дәлелденсе, еліміздің ауыл шаруашылығынын дамуына өз үлесін қосар еді. Екінші жағынан бұл елімізге экологиялық және экономикалық жағынан тиімді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: ең алғаш рет экспортталған өнімдер құрамы зерттеліп, құрамындағы қауіпті заттар дәлелденді.

Жұмыстың қорытындысы: Жеке тәжірибем оң нәтиже беріп, шет ел өнімдері ұзақ саталатыны дәлелденді. Бұл тәжірибе жүзінде оның құрамында химиялық қауіпті заттар барын көрсетеді.























































КІРІСПЕ

Адам ағзасындағы мүшелер әртүрлі болғандықтан онда кездесетін химиялық элемент те алуан түрлі болып келеді. Жасушаны құрайтын құрайтын химиялық заттар химиялық элементтерден тұрады, олардың маңыздылығы мен атқаратын қызметі өте зор. Бірақ қазіргі таңда ғалымдар адам ағзасына осы элементтер биологиялық дәрумендермен түскеннен, табиға тамақтану арқылы түскені әлдеқайда тиімді екеніндәлелдеген. Ол қандай тағамдар деген сұрақ туындайды. Ол әрине көкөніс, жеміс жидектер. Ал сол өнімдер құрамын қаншалықты дәруменге бай және таза? Бұл сұрақтарға мен өз жұмысымда жауап беруге тырысамын.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ғылыми жұмыс біздің елімізге басқа елдерден экспортталып келіп жатырған жеміс - жидектердің құрамындағы қауіпті заттарды әдебиеттерге және әр түрлі ғаламтор мәліметтеріне сүйене отырып зерттеліп, оларды пайдаланбай орынына елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауындағы басты мәселелердің бірі ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында аталған жеміс - жидектерді жыл мезгілінің барлық кезеңінде өз елімізде өсіру жолдарын қарастыру.

Зерттеу мақсаты:

  • Қазіргі таңда елімізге көптеп келіп жатқан жеміс жидек, көкөніс құрамындағы қауіпті заттарды анықтау;

  • Өзге ел өнімдерінің орнын басатын өз елімізде жеміс - жидек, көкөністерді өсіретін ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамытуды көздеу;

  • Өз бақшамда өсірілген көкөніс, жеміс - жидектер мен басқа елдерден келген өнімдерді сақталу мерзімі және дәмі бойынша салыстыру.

Зерттеу обьектісі: Өз бақшамда өсірілген көкөніс, жеміс - жидектер мен басқа елдерден экспорттанып әкелінген өнімдер.

Зерттеу әдістемесі: Еліміздің көкөніс жеміс жидектері мен экспортталып әкелінген жеміс жидектерді сақталу мерзімі бойынша салыстырып, экспорт жемісінің құрамындағы қауіпті заттар барын дәлелдеу. Сатып алушылар мен жеке кәсіпкерлердің ойын білу, тұжырымдама жасау.

Болжам: Егер жеміс - жидектердің құрамындағы қауіпті заттар бары дәлелденсе, өз еліміздің ауыл шаруашылығынын дамуына өз үлесін қосар еді. Екінші жағынан бұл өз елімізге экологиялық және экономикалық жағынан тиімді болар еді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: ең алғаш рет экспортталған өнімдердің құрамы зерттелді.

Жұмыстың құрлымы: ғылыми жұмыс кіріспе, негізгі бөлім,ол екі тараудан біріншісі әдебиеттерге шолу, екіншісі эксперименттік бөлімнен, қорытынды, және пайдаланған әдебиеттер тізімі бөлімінен тұрады.

Жұмыстың қорытындысы: Жеке тәжірибем оң нәтиже беріп, шет ел өнімдері ұзақ сақталатыны дәлелденді. Бұл тәжірибе жүзінде оның құрамында химиялық қауіпті заттар барын көрсетеді.

































НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Тарау. Әдебиеттерге шолу

1.1. Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызы. Элементтің жетіспеуінен болатын аурулар және ағзаны элементтермен толықтырудың жолдары

Адам ағзасындағы мүшелер әртүрлі болғандықтан онда кездесетін химиялық элемент те алуан түрлі болып келеді. Жасушаны құрайтын құрайтын химиялық заттар химиялық элементтерден тұрады, олардың маңыздылығы мен атқаратын қызметі өте зор. Ағза микро және макроэлементтер мүше мен ұлпаларда әртүрлі таралады.

Микроэлементтердің көпшілігі - бауырда, сүйек, бұлшықет ұлпаларында жинақталады. Сондай ақ мырыш қарынасты безінде, иод қалқанша безінде, фтор тіс кіреукесінде, Ванадий шашта, кадмий , сынап, молибден бүйректе, қалайы ішек ұлпаларында, Барий көздің пигментті қабатында; Бром,марганец, хром гипофизде жиналады. Кремний, аллюминий, мыс, титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплексті түрде, ал марганец ион түрінде кездеседі.

Макроэлементтер -С, Н, О, Р, S, N-нәруыздың, нуклейн қышқылдарының және ағзаның басқа биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді.

Адам ағзасындағы мөлшері(70 кгсалмақта)

Тәуліктік мөлшері және ағзадағы мөлшері жетіспеген жағдайдағы туындайтын бұзылыстар

(темір) 5г 15 г Қаназдық

Мыс 100 г 3г Бауыр аурулары

Мырыш 3 г 15 гЕргежейлік, шаштың түсуі

Схром30 г\мгАллергия,өкпе рагы

Магний 42 г 0,7гЖүйке жүйесінің аурулары

Сокобальт 30 мг 10 мкг Қаназдық, зоб аурулары ванадий Сүйек қисаюы

М марганец 340 г 510мг Бойдың өсуі мен қанның дамуы бұзылады.

Са кальций 1700 г 50 г Сүйек аурулары

К калий 250г 0 г Жүрек аурулары натрий 250 г 510 г Ми аурулары

Никель 150 г 0,1 мг Жүйке жүйесінің аурулары

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш түрге бөлуге болады

1. Тіршілікке қажетті (ауыстырылмайтын) элементтер. Олар адам ағзасында үнемі кездеседі.

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында кездеседі.

3. Өте аз элементтер. (Se, Tl, In, La, Pr)

Макроэлементтер көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор. Көмір сулар да және липидтерде (майлар) кездеседі. Кальций негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер ағзада аминқышқылдарын да кездеседі. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді.Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық рөлі әр түрлі болып келеді.Макроэлементтертің басты функциясы ұлпаның құрылы сын, осмос қысымының тұрақтылығын,Микроэлементтер ферменттер, гормондар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплексті кездеседі.Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы сот медициналық сараптама қолданылады. Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний металлдары кездеседі. Көптеген элементтер (күміс, сынап, қорғасын, кадмий, және т.б.) ағзаға улы болып саналады. Биогенді элементтер ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

Адам ағзасындағы тіршілікке қажетті зат алмасу процестерінде тамақ құрамындағы минералды заттар мен микроэлементтердің ролі өте ерекше. Олардың ағзада жетіспеуі зат алмасуын тежеп, түрлі ағзаның сырқатына душар етеді. Мысалы тамаққа ең жиі пайдаланатын минералдық зат -ас тұзы. Әрине ас тұзынсыз тамақтың дәмі кірмейді, ол натрий мен хлордан тұратындықтан, тек тағам дәмін келтіріп қана қоймай, зат алмасуды жақсартады. Ағзадағы суды ұстап, қанның қысымын арттырады,жүрек пен бүйректің қызметін қиындатады. Сонымен бірге қан тамырын, әсіресе мидың қан тамырын атеросклероз ауруына шалдықтыратындығы анықталды. Күніне ересек адам 10-15 гас тұзын қабылдасажеткілікті.Адам ағзасында тағы да бір минералдық зат-калий. Ол жүректің жұмысын, қанайналымын жақсартады,асқазан мен ішектердің қызметіне де өте қажет және ағзадағы барлық зат алмасу үшін тікелей қатынасы бар. Натрий мен калий ерітінділері ағзаның кез келген жасушасының құрамында белгілі бір мөлшерде болады. Мысалы қанның сарысуына қарағандақанның қызыл түйіршіктерінде калий шамамен 18-20 есе көп, ал натрий 6-7 есе аз болады. Натрий мен калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен импульстардың жақсы жүруін реттейді. Ал ол элементтердің жетіспеуі жүйке талшықтарының жұмысын нашарлатады. Мысалы ішек қарынға жасалған операциядан кейін калий жетіспеген жағдайда, ол адамның іші кеуіп,ішек -қарынның жиырылу созылу қабілеті күрт нашарлайды. Сол үшін ауыр операциядан кейін адамқанының құрамындағы калий мөлшерін күніне тексеріп, азайған жағдайда калий ерітіндісін құйып, қалыпты жағдайға келтіру қажет. Калий мейіз бен кептірілген өріктің, көк пияздың, қауынның, апельсиннің және алманың құрамында көп. Жүрегі асқазаны және ішектері ауратын адамдар осы жемістерді асқа жиі пайдаланғаны дұрыс.Кальцийдіңде ағзада атқаратын қызметі өте зор. Сүйектің өсіп-жетілуіне, жарақаттанғанда аққан қаның тоқтауына, жүрек пен бұлшықеттердің қызметіне,қышқыл мен сілтініңарақатынасын сақтауда аса маңызды процестерде кальций өте қажет.. адам ағзасын кальциймен қамтамасыз етудің ең қолайлысы -сүт пен балық және солардан жасалатын тағамдарды пайдалану. Қанның құрамында кальцийдің жетіспеуінен түрлі сүйек ауруларына соқтырады.Адам ағзасына жасөспірімдерге өте қажет элемент-фосфор. Фосфорда калий сияқты сүйектің өсіп жетілуіне қажет. Сонымен бірге бұлшықет пен жүйке жүйелерінің қызметінде жақсартады. Фосфор етте,бұршақта, жұмыртқада сүт пен балықтан жасалған тағамдардың құрамында көп болады.Магний-адам ағзасындағы зат алмасу процестерін жақсартатын ферменттердің құрамына кіреді. Ағзада магнийдің жетіспеуі жастардың бойының өсуін нашарлатып, жүйке жүйесінің қызметін бұзады,әртүрлі тері ауруларына шалдықтырады. Ондай адамдардың шаштары түскіш келеді. Егер ауру адамдарға аспен бірге магний тұзын берсе, жүйке мен қан тамырлары жүйелерінің қызметі дұрысталып,ішек пен өт қызметтерінің жақсаратынына анықталды. Жоғарыдағы кестеде микроэлементтердің тәуліктік қажет мөлшерінде темір, мыс, кобальт, иод сияқты элементтер гормондардың,ферменттердің, дәрумендердің құрамына ауадай қажет.олар ағзадағы және оның жасушаларындағы зат алмасу процестеріне тікелей қатысып,олардың жұмысын реттейдіжәне қанның құрамындағы оттегін тарататын,қызылқан түйіршіктерін көбейтеді. Ал иодтың қалқанша безінің қызметіндегі және соған байланысты бұғақ-зоб ауруын болдырмаудағы рөлі үлкен. Таулы аймақтардың суларында иод жетіспегендіктен ас тұзына иод қосады. Сондай-ақ фтордың да тіс пен сүйектің жетілуіне әсері зор, Фтор жетіспеген жағдайда адамның тістері үгілгіш,бұзылғыш келеді. Сондықтан тіс жуатын пасталарға фтор қосады. Соңғы арнаулы жүргізілген ғылыми зерттеулер,адам ағзасына арнайы дәрі дәрмектерден екеннен ғөрі микроэлементтер мен дәрумендердің тамақ арқылы берілгені анағұрлым тиімді екені дәлелденіп отыр. Денсаулықты сақтаудың дұрыс жолы дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам ағзасының мұқтажын өтуі қажет әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен жоғарыдағы ғылыми деректерге сүйене отырып мөлшерлегені жөн.







1.2. Ақпараттық - статистикалық құралдардан экспортталған жеміс - жидек құрамындағы улы заттар туралы мәліметтерді жинақтау

Күні бүгін ақпарат беттеріне көз жүгіртсек дұрыс тамақтану, экспорттан келген өнімнің құрамы туралы кең көлемде ақпарат ала аламыз. Кей біреуіне көңіл толып оқып отырсақ, кей біреуі жаға ұстатарлықтай мәліметтер жазады. Оған қоса ғаламтор ресурстары арқылы видео роликті көрсек не жеуге болады, қалай тамақтанған дұрыс деген ой туындайды. Міне сондай бір баяндамаға тоқталып өтейін. Бұл баяндама Алматы қаласының «Жебе» ақпараттық порталынан алынған. 08 қыркүйек 2014 жылғы сауаларға жауап берген Қазақстан Халал комитетінің Үгіт-насихат бөлімі бастығы Кәрім Қалиев мырза . Кәрім мырзанын айтуы бойынша қызанаққа камбала балағының генін қосу арқылы суыққа төзімді және ерте қызаратын өнім алады. Күрішке адамның бауырының генін қосу арқылы әртүрлі гербецид, пецецид сияқты 14 түрлі улы-химикаттарды егіс алқабына ұшақпен өте улы-химиялық заттарды сепкенде, сол егістік алқапта тек қана күріш өсіп шығады яғни бірнеше есе өнім береді. Есесіне ол алқапта тірі өсімдік те шыбын-шіркей немесе зиянкес паразитте өмір сүрмейді. Осындай улы жерде күріш қалай өсті деген заңды сұрақ туындайды. Ол адамның бауырының гені бүкіл улы затты өзі сүзіп алады мысалы: арақ улы зат бірақ күнәхар пенделер оны шөлмектеп ішіп шетінен уланып бірден өлмейді өйткені удың бәрін бауыр өзіне қабылдайды нәтижесінде көп жылдар бойы ішкен адамның бауыры іріп геппатоз, церроз ауыруы және рак ауыруына алып кеп соғады. Сол бауырдың гені бір мезгілдік науқанда бүкіл химиялық улы заттарды өзіне алады есесіне күріш молынан өседі. Бірақ ол өнімнен еш бір тұқымдық ала алмайсыз. Адам ол күрішті тұтынғанда адамның бауырының генін де қоса тұтынады. Тағы бір мысал. 2004 жылдың мамырында Бельгия елінің Льеж қаласында НАТО ұйымының мамандары ГМО өнімдерді жаппай қырып жоятын биологиялық қару ретінде пайдалануы мүмкін деген мәлімдемені ресейдің ақпарат көздері таратқан болатын. Бидайға мысықтың немесе улы жыланның генін қосады. Еуроодақтың бірнеше елдерінде сатуға тиым салынған бірақ сол елдерде өсіріліп біздің елдермен тең дәрежелі елдерге экспорттауда. Ал, батыстың алпауыттары гендік өзгеріске ұшыраған өнімдердің ұрығын сатып байыса, отандықтар соларға масыл болады. Экономикалық тиімсіз. Денсаулыққа қауіпті. Жеке адамдардың қалтасын толтыратын бизнес және қауіпті қару. Осы тағамның кесірінен әлемде көптеген мутанг жануарлар мен адамдар пайда болды. Елімізде балықтың терісімен қапталып бала дүниеге келсе ал, Индонезияда жыланның терісімен және т.с.с.

Сонымен қатар «Ақиқат» ұлттық саяси қоғамдық журналының 20 шілде 2015 жылы журналист Маржан Сәбеттін «Ас ішіп ауырғанша» деген баяндамсынан кішкене үзіндіге тоқталып өтейін. Журналист біз зерттеп отырған жеміс - жидек, көкөністердің құрамын зерттеген. Мысалы, картопқа сарышаянның генін қосады. Нәтижесінде ешқандай құрт түспейтін картоп алады. Сондай-ақ, қызанақ өндіру үшін полярлық түйетабан (камбала) балығының генін пайдаланады. Есесіне бұл өнім суыққа төзімді келеді. Дәмі тіл үйіретін құлпынай өндіру үшін әртүрлі бактериялардың генін қосады. Сол себепті де құлпынай өте ұзақ уақыт бұзылмай сақталады. Бала кезден барлығымыздың ең сүйікті жемісіміз алманы да бірдей көлемде және біркелкі түсті етіп өсіру баяғыда-ақ қолға алынған. ГМО әдіспен өсірілген алмалар шірігенге дейін өзінің хош иісін жоғалтпайды. ГМ-қызанақтың жаңа түрін тіпті солтүстіктің қақаған аязында да өндіруге болады. Қазіргі таңда гендік өзгеріске ұшырап, кең тарап отырған көкеністер мен жемістерге жүгері, бидай, қызылша, мақта, темекі, құлпынай т.б. жатады. Гендік инженерия көкеністер мен жемістерді былай қойып, жануарлар дүниесіне қол сала бастады. Мәселен, бұлшық етті сиырлар, сирағы денесінен үлкен тауық еттері, жасанды жолмен алынған тауық жұмыртқалары - деелінген. Ал Ютуб беттеріндегі видео роликтер саны тіптен көп.









ІІ Тарау. Эксперименттік бөлім

2.2. Өз жерімізде өсетін жеміс - жидектермен, өзге елдерден экспортталған жеміс - жидектерді салыстыру

Жоғарыда аталған ақпарттың дұрыс бұрыстығына көз жеткізу үшін мен өз тәжірибеме кірістім. Атап айтқанда шет елден экспорттанып келген жеміс - жидек пен өз бақшамда өскен жемісті салыстыруды ұйғардым.

Бірінші кезекте мен алма жемісін алдым. Алдымен сауда орталағынан

әкелінген алма жемісі. Алынған уақытта өкінішке орай ол қай елден келгені, және біздің жерімізге қашан әкелгенін саудагер білмейтін болып шықты. Сондықтан мен алынған күнді бірінші күн деп санадым. Алдымен жемісті жуып, құрғағанша сүртіп, полиэтиленді қапқа салып қараңғы жерге қойдым. Бір аптадан соң қарғанда ешқандай өзгеріс болмады. Тек қана 20 күн дегенде ғана алма бүліне бастады. Ал өз бақшамда өскен алманы да дәл сондай жағдайда сақтағанда ол төрт күннен кейін ақ босап, солып бүліне бастады. Бұл тәжірибе нені көрсетеді. Шет елден әкелінген алма жемісі сақтауға жарамды, ал өз жерімізде өскен алма сақтау ға шыдамай экспортталған жеміске қарағанда 3 есе тез бүлінді. Қорытындылағанда экспорттанып келген жеміс сақтау үшін арнайы қоспалармен байытылған. Сонымен қатар бұл жемістер бойындағы шырыны бойынша да ерекшеленеді. Маған бақшамдағы жеміс шырынға толы, өзіне сай қышқылтын дәмі бар көрінді. Ал импорт жемісінде хош иіс бар, бірақ шырыны аздау және қышқылдық дәмі төмендеу.

  • Екінші кезекте банан жемісі. Ол да дәл алама жемісі алынған жерден

келді. Оны да жоғарыдағыдай полиэтиленді пакетке салып сөреге сақтадым. Онын бұзілуы тез болып 7 ақ күнде бұзылып кеткенін байқадым.

  • Қызанақ. Алдымен бұл жемісті дәм арқылы байқадым. Өз бақшамда өскен

қызанақ дәмді, сыртқы қабығы жұмсақ болып келсе, импорт көкөнісінің қабығы қатты болатыны байқадым. Сақтау шараларына келсем менің көкөнісім 3 күнде бұзылды, ал импорт көкөніс 7 күн дегенде бүліне бастады.

Жоғардағыдай тәжірибе өз бақшамдағы тәтті бұршаққа ал шет ел өнімінің ішінде алмұрт жемісіне жасалып нәтижесі дәл қайталанып отырды. Өз тәжірибемді қорытындылай келе мен өз бақшамда өскен жеміс - жидек, көкөністер сақтауға ұзақ жарамағанымен дәміді болып келетініне көз жеткіздім. Сонымен қатар бұл өнімнің барлығын таза экологиялық жағдайда өсіргендіктен құрамында дәрумендерге бай екеніне сенімім мол.

Ал шет елдерден экспорттанып келген жеміс - жидектер, көкөністер сақталу мерзімі жоғары және бұл өнімдер бүлінген уақытта да өз хош иісін жоғалтпайтынына көз жеткіздім. Дәмі жөнінен қызынағы дәмсіз әрі қатты болса, алмұрт және алма жемісінің құрамында шырын аз болды. Бұл өнімдер хош иіс беру үшін және ұзақ сақталуы үшін арнайы реактивтер қосылғанына көз жеткіздім.









































2.2. Жеміс - жидек, көкөністерді таңдауда сатып алушылар мен сатушылардың ойларын білу

Жеміс- жидек, көкөніс таңдауда сатып алушы тұтынушылардың және оларға өз өнімдерін ұсынатын жеке кәсіпкерлердің ойын білу мақсатында қаламыздағы үлкен сауда орындарының біріне жетекшіммен барған болатынмын. Ең бірінші сұрағымды жеке кәсіпкер «Сәттібек» шаруа қожалығының басшысы Қуаналиев Қазбек Айтқожаұлына қойдым. Ол кісімен тілдесу уақытында тұтынушылар негізінен өзіміздің өнімдерімізді таңдауға тырысатынын және де біздің өнім импорт өнімдеріне қарағанда әлдеқайда арзандау болатынын айтты. Сонымен қатар Дамбы елді мекенінде орналасқан «Сәттібек» шаруа қожалығы қысы, жазы өз өнімдерін халыққа ұсынып келе жатқанын айтып өтті. Қыста арнайы жылы жайларда өскен өнімдер болса, жазғы уақытта бұл жұмыстар өз бақшаларында жүзеге асуда. Сонымен қатар «Сәттібек» шаруа қожалығының басшысы Қазбек мырза тұтынушыларға өз жеріміздің өнімдері қызанақ, картоп, ақ ұршық, қауын, қарбыз, түрлі жасыл шөптер, ақжелкен, пияз, сәбіз сияқты көкөністермен қатар алма, алмұрт, шие, өріктің түрлерін ұсынатын жеткізді.

Сол жерде тұтынушылардың ойын білу мақсатында қаламыздың 80 жастағы тұрғына өз сұрақтарымызды қойдық. Тұтынушының айтуы бойынша тек өз жерімізде өскен өнімді алуға тырысатынын түсіндік. Себебі өзге елден келген өнімдер экологиялық таза болмайды, құрамында неше түрлі қоспалар қосылатынын айтып, оның салдарынан адам түрлі ауруларға шалдығатынын айтты. Осы 80 жастағы тұтынушы өз балаларын, немерелерін тек өз өнімізді алуды дағдыға айналдыруды айтып жүргенін жеткізді.

Осы жерден қорытындымыз өз жерімізде өскен өнім экологиялық таза, экономикалық тиімді, биологиялық жағынан да асып түсетінін, деніміздің сау болуының негізгі кепілінің бірі екенін түсіндік.







ҚОРЫТЫНДЫ



Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде орын алған 118 элементтің 80-ге жуығы тірі ағзаның құрамында кездесетіндігі дәлелденді.

Химиялық элементтердің биологиялық ролін зерттеу, осы элементтердің алмасуының ара қатынасын және басқа да биологиялық белсенді заттар - ферменттерді, гормондарды, дәрумендерді анықтау арқылы жаңа дәрілік препараттарды жасауға және оларды реттеудің оптималды режимін табуға мүмкіндік береді деп қорытындылаймын.

«Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» жөн ғой. Ағзада үнемі элементтер қоры болуы үшін уақытында әрі құнарлы тамақтанып жүрген абзал. Соның ішінде өз жерімзде өскен жеміс - жидектер мен көкөністерді пайдаланған жөн.

Жұмысымды қортындылай келе төмендегідей ұсыныстар беремін.

1. Шет елден экспорттанып келген өнімдерді мейлінше аз пайдалану.

2. Әр адам аз да болса, өз бақшасына көкөніс жеміс - жидектер өсіру. Бұл сіз үшін таза экологиялық аула, экономикалық және биологиялық жағынан тиімді.

3. Ел басымыздың жолдауындағы басты мәселенің бірі - ауыл шаруашылығын көкөніс, жеміс - жидектер өсіру саласы дамыту.

4. Күнделікті тамақтану барысында дәрумендерге бай көкөністер мен жеміс - жидектер санын көбейту.

Осы ғылыми жобаны мынадай өлең жолымен аяқтағым келеді.

Шет елден келген өнім сараланды,

Құрамында қауіпті өнім дараланды.

Уламайық, уламайық ағзаны

Олай болса, өсірейік бау - бақшаны





Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. globalscience.ru/article/read/19806/

  2. Овощи // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). - СПб., 1890-1907. (Проверено 16 ноября 2011)

  3. Ефремова Т. Ф. Овощи // Современный толковый словарь русского языка. В 3-х т. - М.: АСТ, 2006. - Т. 2. М-П. - ISBN 5-17-029520-0.

  4. Овощи / М. В. Антонов, В. А. Кудашева //Большая советская энциклопедия : [в 30 т.] / гл. ред.А. М. Прохоров</<font color="#252525">. - 3-е изд. - М. : Советская энциклопедия, 1969-1978.

  5. Л. В. Шабыкина. Овощи к столу. - 1-е изд. - Алма-Ата: Кайнар, 1979. - С. 3-4. - 200 с. - 200 000 экз.

  6. Л. М. Богатова. Книга о вкусной и здоровой пище. 8-е издание, исправленное и дополненное. - М.: Агропромиздат, 1987.







17



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал