7


  • Учителю
  • Химия пәні «Зат мөлшері. Молярлық масса.» (8 сынып)

Химия пәні «Зат мөлшері. Молярлық масса.» (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күнделікті сабақ жоспары №8

Пәні:Химия _____________ Сыныбы: 8 _____________ Күні: _______

Сабактың тақырыбы: Зат мөлшері. Молярлық масса.

Білімділік:. Оқушыларға зат мөлшері. Моль. Авогадро саны бойынша алған білім-білік дағдыларын қалыптастыруда есептер шығаруды үйрету.Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру;

Тәрбиелілік: Ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуді ұйымшылдыққа

тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, кестелер, қосымша мәлімет.

  • Ұйымдастыру бөлімі:

  • сабақты қалыпты жұмыс істеуге жағдай жасау;

  • оқушыларды психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау.

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу. Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

1 кезең кесте толтыру, сауалнама,есептер шығару.(10 минут)

2 кезең топтық жұмыс.(5минут)

3 кезең уй жұмысын бекіту(3 минут)

4 кезең сергіту сәті.(2 минут)

Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімділігін сұрақ жауап арқылы тексеріп, бағалау. Оқушыларды 3 топқа бөлу.Ол ушін оқушылар ортаға шеңбер құрып турады да түрлі тусті лентадан өздеріне ұнаған түстерін алып бір біріне жақсы тілектерін айтады.Қызыл түсті лента таңдағандар 1топ бейметалдар, көк түсті лента таңдағандар 2топ металдар, жасыл түсті лента таңдағандар 3 топ атомдар. Әр топқа 1 кестені толтыру,

Бейметалдар тобына: Заттар мен денелерді бөліп жазыңдар : шыны, стакан, дәптер, кітап, қағаз, резеңке, бор, су,балауыз шам,темір.Заттар

Денелер







Металдар тобына: Қоспа мен таза заттарды бөліп жазыңдар : ауа, оттек, теңіз суы, өзен құмы, мыс, әк ерітіндісі, ас тұзы, май, бензин,темір шеге.Қоспа

Таза заттар







Атомдар тобына

Жай және күрделі заттарды бөліп жазыңдар:су, оттек, көмірқышқыл газы, мыс, темір, пласмасса, қант, ас тұзы, сынап, күкірт қышқылы.





Жай заттар

Күрделі заттар





Енді әр топ 7сұраққа жауап беріп, 3 мақал-мәтелдің жалғасын табу керек. Бірінші қай топқа сұрақ қойылса сол топ жауап береді егер білмеген жағдайда басқа топтардың жауап беруге мүмкіндіктері бар.

1 топқа

1.Химия пәні нені зерттейді?(Химия пәні заттарды олардың қасиеттерін,басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.)

2.Қоспа дегеніміз не?(Қоспа екі немесе оданда көп заттардан тұрады)

3.Атом дегеніміз не?(Атом дегеніміз заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі)

4.Металдардарға тән қасиеттер?(Металдар металдық жылтыры,электр тогы және жылуды өткізуі,майысуы т.б қаиеттері жатады)

5.Химиялық қосылыстар дегеніміз не?(Химиялық қосылыстар дегеніміз жай заттар мен күрделі заттардың бірігуі)

6.Заттардың қасиеттері дегеніміз не?(Заттардың өзара бір-біріне ұқсастығын немесе айырмашылығын көрсететін белгілері.)

7.Магнийді сипатта?(Магний-ақ түсті қатты зат,металл,суда ерімейді,ауада жанып ақ түсті ұнтаққа айналады.)

8.Қойдың сүті - _______( қорғасын)

9. _______- ді қызған кезінде соқ.(темір)

10. _______ -ды еріте білмеген -ірітер.

Теріні илей білмеген-шірітер.(алтын)

2 топқа

1.Заттар дегеніміз не?(Заттар-денелерді құрауыштар)

2.Агрегаттық күйіне байланысты нешеге бөлінеді?(Екіге бөлінеді әртекті,біртекті.)

3.Молекула дегеніміз не?(Молекула-заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)

4.Бейметалдарға тән қасиеттер?(Бейметалдар-өздеріне тән жылтыры жоқ,электр тогын және жылуды нашар өткізеді.)

5.Күрделі заттар дегеніміз не?(Күрделі заттар атомдардың әр түрінен құралады,химиялық жолмен бөлінеді.)

6.Заттың бөлшектері қоспаның құрамында болғанына қарамастан қасиеті сақтала ма?(Сақталады)

7.Аса таза заттар қайда қолданылады?(Радиотехникада,компьютерлер жасалып,ғарыш кемелері үшін күн сәулесінің энергиясын пайдаланатын күн батареялары қолданылып отыр.)

8.От көмір жейді,тот _______ жейді.(темір)

9.Арпа бидай ас екен, _______ тас екен.(алтын-күміс)

10.Мылтықтың _______ -ін айтпа,тиісін айт.(күміс)

3 топқа

1.Химия ғылым ретінде қай ғасырларда қалыптасты?(19-20 ғғ)

2.Таза заттар қайдан алынады?(Арнайы цехтарда,зертханаларда.)

3.Заттардың құрамына нелер кіреді?(Атомдар мен молекулалар)

4.Химиялық элемент ұғымын ғылымға енгізген кім?(Р.Бойл)

5.Біртекті қоспадағы заттарды бөлу жолдары?(Айдау,қайта кристалдандыру)

6.Атом грекше қандай мағынаны білдіреді?(Бөлінбейтін)

7.Жай заттар дегеніміз не?(Жай заттар-атомдардың бірдей түрінен құралады,химиялық жолмен бөлінбейді)

8.Аз сөз-_______,көп сөз _______ .(алтын-күміс)

9.Өнерлінің қолы _______,

Өлеңшінің сөзі _______.(алтын)

10. _______ кессең ұзын кес,соға келе ұзарар,

Ағаш кессең ұзын кес,шаба келе қысқарар.(темір)

1 топқа NaCl,KMnO4,NaNO3 берілген заттардың Mr тап?(58.5,158,85)

2топқа H2SO4,CaO,KClO3 берілген заттардың Mr тап?(98,56,122,5)

3 топқа FeS2,BaNO3,HNO3 берілген заттардың Mr тап?120,199,63)



Топтық жұмыс 3 топқа да ортақ.5 минут уақыт беріледі.Жасырын элемент

Таңбасы

Қазақша аталуы

Оқылуы

Лтныа

Кйниерм

Сүімк

Рсқоғаны

Ымс

Ктеот

Скует

Ыпасн

Мреіт

Тікмөрек

Au

Si

Ag

Pb

Cu

O

H

Hg

Fe

C

Алтын

Кремний

Күміс

Қорғасын

Мыс

Оттек

Сутек

Сынап

Темір

Көміртек





Аурум

Силицум

Аргентум

Плюмбум

Купрум

О

Аш

Гидраргирум

Феррум

Це



Сергіту сәті жұмбақтар жасырылады.

1.Жарыста топтан озғанда,

Тағады мені төсіне.

Күміспенен қоладан,

Биік тұрам әр кезде.Жауабы(алтын)

2.Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ таппайсың.Жауабы(ас тұзы)

3.Өзім газбын менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.Жауабы(оттегі)

4Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады.Жауабы(сутегі)

5.Шыдасаңда алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.Жауабы(су)



Жаңа сабақты түсіндіру. Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады.Зат мөлшері.Молярлық масса.Зат мөлшері мольмен өрнектеледі.Бірліктердің халықаралық жүйесінде зат мөлшерінің өлшем бірлігіне моль қабылданған.

Моль бұл құрамында 0,012 кг (12г)көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар,молекулалар т.б)болатын заттың мөлшері. Кез келген заттың бір молінде 6,02*1023 бөлшек(Авогадро саны NA) бар.Бұл сан 19 ғасырда өмір сүрген итальяндық ғалым А.Авогадроның құрметіне Авогадро саны деп аталған,белгісі NA, өлшемі моль-1. Ол кез келген заттың 1 молінде 6,02*1023 бөлшектер болатынын көрсетеді.Химияда заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады,ол г/мольмен өлшенеді және оны М әрпімен белгілейді.Өлшемінен көрініп тұрғандай,молярлық масса зат массасының оның мөлшеріне қатынасымен өрнектеледі M= мұндағы ѵ(ню)-зат мөлшерінің шамасы.

Жаңа сабақты бекіту.Химияда зат мөлшерінің (v)өлшем бірлігі ретінде моль қабылданған.Кез келген заттың бір молінде 6.02*1023 бөлшек бар.Әр заттың 1 молінің массасы молярлық масса деп аталады.Ол сан мәні бойынша атомдық немесе молекулалық массамен бірдей болады.

Моль,молярлық масса,Авогадро саны есептер шығарғанда жиі қолданылады.

1) Зат мөлшері қалай өрнектеледі және формуласы қандай?

2) Моль дегеніміз не?

3) Авогадро санын қалай табады?

4) Авогадро саны нені көрсетеді және неге олай аталған?

5) Молярлық масса дегеніміз не?

6) Молярлық массаның өлшем бірлігі және формуласы қандай?

Бағалау: Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма:.Зат мөлшері. Молярлық масса тақырыбын оқып келу. 9 жаттығуды орындау.

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды сау болыңыздар.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал