7


  • Учителю
  • Открытый урок по химии 'Ғажайып әлемі- МЕТАЛДАР' (9 класс)

Открытый урок по химии 'Ғажайып әлемі- МЕТАЛДАР' (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Мемелекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Ғажайыптар әлемі

Химия мұғалімі: Асхар К. Теректі ауылы, 2015жыл


Сабақ түрі: Ашық сабақ ««Ғажайыптар әлемі» «Металдар» атты интеллектуалдық ойыны

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың химия пәніне деген сүйіспеншілігін,қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.

  • Әр түрлі химиялық әдебиеттерлі пайдаланып,оны орынды қолдана білуге,шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету.

  • Құрметпен әр пәнге көңіл бөлу,оны дамытуға,тіл мәдениетіне,достық қарым-қатынасқа,ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа,өз ұлтын сүюге,халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.


Бүгін өте қызықты ашық сабақ, бұл сабақта оқушылар өздерінің білімдерін көрсете біледі. Олай болса «Ғажайыптар әлемі» «Металдар» атты интеллектуалдық ойнымызға қош келдіңіздер. Бүгін ойнымызға 9а және 10а сыныптың оқушылары қатысып отыр.

Айналаға абайлап көз тастасак, химияның кереметтерін әрбір қадам басқан сайын кездестіруге болады. Әрбір өзгеріс химиясыз жүзеге аспайды, санай берсек сан алуан.

Өмірде болып тұрған ғажайып дүниелерді, кұбылыстарды білуге ғылым ерекше үлес қосады. Мысалы, үстел үстінде сыртында інжу гүлінің суреті бар әтір тұр екен делік. Егер сіздер осы әтірдің аузын ашып, иіскесеңдер, орман гүлі інжудің жұпар иісін сезесіздер. Осы әтірді тегінде, інжу гүлінен жасаған екен деп ойлауларыңыз мүмкін. Бірақ қателесесіздер, оны кәдімгі тас көмірден жасаған. Химияның осындай кереметтерін ақындар да әнге қосқан. Химияның айналанда екенін ақын Мыңбай Рәшев былай жырлайды:

Қызық думай - өміріміз ғаламат!

Қас каққанша жаңа кала, жаңа бақ!

Қыруар істің кайсысында болса да,

Құдіретті химия жүр аралап.


  1. Сонымен бірінші айналымыздың қатысушыларымен танысайық.

Бірінші айналымның сұрағымен таныс болайық:


Осы элементте металдық жылтыры бар және ақ, қызғылт түсті. Жақсы жылу өткізгіштік және межелі диамагниталыққа ие болады. Оның тағы Басқа бір сирек сипаты болады: қатайады, ол көлемде кеңейеді. Элементтің тұздарын алыс облыстарда қолданады, - перламутрлық еріннің помадасы және бояудың өндірісінің автомобильдік фараның сәулелерінде "тұтанатын" жол белгілер үшін қолданады. 16 ғасырда Металдың тұздары белгілі болды.

Ол қандай элемент?

Химия кереметтері толып жатыр. Сіздер сүттен түйме жасауға болады дегенді естігендеріңіз бар ма? Егер білмесеңіздер біліп қойыңыздар. Кәдімгі сүттен түйме жасауға болады. Газдан жасалған тарақпен күнде шаштарыңызды тарап жүрсіздер. Әк тастан кездеме жасауга болады десе сене қояр ма екенсіздер?


  1. Сонымен екінші айналымыздың қатысушыларымен танысайық.

Екінші айналымның сұрағымен таныс болайық:


Жүрек аурулар, бірінші кезекті адамдарға, инфарктпен ауырғандарға, осы элементтің бойда асқындырмау шығыны үшін, кураганы ұсынады . Немесе мейіз жеуге усынады. Осы элементке бұршақты , шай, какаоның ұнтағы бай.

Бұл қандай элемент?

Сіздер сүттен түйме жасауға болады дегенді естігендеріңіз бар ма? Егер білмесеңіздер біліп қойыңыздар. Кәдімгі сүттен түйме жасауға болады.

  1. Сонымен үшінші айналымыздың қатысушыларымен танысайық.

Үшінші айналымның сұрағымен таныс болайық:


17 ғасырдың ортасында, немесе бұрыында білді. Кәрі Ник, ажуалы әуес ергежей. Сол кезде Скандинавиялар тауларында мекендеген. кеншілерді ашуландырғанды сүйді және кейбір кезде таза мыстың орынына оларға соған ұқсас минералдарды берген,бірақта осы минералдар мысты және металды мүлде балқыта алмады. Осы ергежейдің атына аталған элемент, швед металлургпен ашылған элемент Аксел Фредерик Кронстендом 1751 г. Қандай бұл элемент?

Жібек кызыл мата неден жасалған? Далада өскен мақтадан жасалған дерсіздер. Рас, олай болуы да мүмкін. Көздің жауын алатын оның кызыл бояуы өздеріңізге белгілі қара көмірден жасалған. Мұндай бояуды мұнайдан да жасауға болады. Міне ғажап, химия қарадан ақ, ақтан кара, бір түстен екінші түсті жасай алады. Бірақ мұның бәрі химия үшін түк емес.


  1. Сонымен төртінші айналымыздың қатысушылары.

Төртінші айналымның сұрағымен таныс болайық:


Мына элементті Сатурн ғаламшарына теңеген. Жұмсақ, майысқақ, күңгірттеу, сұр түсті метал. Аккумуляторлар, химиялық аспаптар аппараттар жасауда пайдаланады.

Химия - заттар және олардың әр түрлі өзгерістері жөніндегі ғылым. Химия адам баласына ауадан тыңайтқыш алуды, көмірден бояу, дәрі-дәрмек, газдан жібек, пластмасса алуды үйретті. Қазірде бірде-бір зат химиясыз өмірге жолдама ала алмайды десек артық болмас еді.


Енді сіздерге химиядан Мақал-мәтелдер:
Алмас қылыш шыға ма?
Негізі жасық темірден.
Қанша жуса кете ме,
Қап-қара түс көмірден?

Тегі жаман теміртек,
Қанша егесең де өтпейді.

Таңсық нәрсе - күміс те алтын да,
Ең қымбат-ау ұстамдылық қалпында.

Болат қайнауда шынығады,
Батыр - майданда шынығады.

"Химия киын,

Ашиды миың"

Деуші едік оқып жүргенде,

Жар бермей мойын, кұрыстап,

Мұндайын оның білгенде

Оқитын едік дүрыстап,- деп келіп,

Мен білсем, іні бауырым,

Химия сенің қолайың

Жақсылап оқып журіндер,

Келтіріп бірде орайын", - дейді.

Сонымен бүгінгі «Ғажайыптар әлемі» «Металдар» атты интеллектуалдық ойнымыз өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік -биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Қош сау болыңыздар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал