7


  • Учителю
  • 'ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ'

'ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы

Қазалы аграрлы - техникалық колледжі


«Білім беру жүйесі - Қазақстанның бәсекеге

нақтылығы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік

беретін аса маңызды құралдардың бірі.»

Н.Ә.Назарбаев


Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - Экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту. [1.]

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.» - деген болатын. [2]. Сондықтан да оқу орындарында толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық. Өйткені ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа оқытушы үшін өтілген материал тәрізді. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру әрбір оқытушының интеллектуалдық, кәсіби, рухани-адамгершілік, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық - педагогикалық технологиялар шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі - оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірді оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту - егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту - тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындар толықтыруға болады. Оқыту - тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың саралап - деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде студенттің өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың жаңа технологияларының негізгі түрлері анықталады.

Оқу үдерісінде саралап - деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану өте тиімді. Саралап - деңгейлеп оқыту технологиясының педагогикалық негізгі қағидалары:

  • студентке ізгілік тұрғысынан қарау;

  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі; студенттің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

  • студенттің өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  • студенттің танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;

  • барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Еліміздің барлық білім ұйымдарында білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат - жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір жалпы барлық оқу орындарында оқытудың жаңа технологиялары қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, жаңаша жүйе негізінде оқу орны студенттерінің белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік - сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, жаңаша тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар:

  • дамыта отырып оқыту әдістемесі;

  • тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту;

  • деңгейлеп оқыту технологиясы;

  • тесттік жүйемен оқыту;

  • мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту;

  • ойын технологияларын қолдану;

  • дискуссия сабақтары;

  • топпен жұмыс;

  • лекция-семинар сабақтары;

  • проблемалық оқыту әдісі;

Мен өз іс - тәжірибемде химия сабағында көбіне саралап - деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін, тесттік әдісті көп пайдаланамын және ақпараттық технологияны, яғни компьютерлік техниканы қолданамын. Себебі, кез-келген құбылыс пен лабораториялық эксперименттерді компьютерде анимация арқылы көрсетуге болады. Анимация - бұл мультипликацияның дамуындағы осы заманға сай компьютерлік бөлігі. Бұрын мультипликациялық кадрларды қолмен сызса, қазір анимациялар арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бейнелерді "тірілтіп" (осыдан «анимация» сөзі шыққан) пішіні, бояуы т.б. өзгертеді. Сонымен қатар химия сабағында дайын дидактикалық материалдарды дайындау үшін суреттерді, плакаттарды сызып дайындау қажет, ал интерактивтік тақтаның көмегімен бізге қажетті реакция теңдеуін, суретін аламыз және әр студент осыған қарап отырып пайдаланып, қаламсаптың көмегімен сызып көрсете алады. Студенттерге оқу материалдарын, түрлі-түстерді, графиканы, мультипликацияны, дыбысты Activ Board тақтаның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланып оқыту нақты, әрі қызықты. Мысалы, өз сабағымдағы қолданған әдіс - тәсілдерге тоқталатын болсам, сутек атомының электрондық формуласы 1s1 құрылысының қалай жазылғанын және сутек молекуласындағы байланыстың түзілуін және атомдар арасында тартылыс және тебілу күштері пайда болатынын компьютерде анимация арқылы былайша көрсетуге болады.

Мысал үшін, «d-элементтердің жалпы сипаттамасы. Мыс» тақырыбынан үй тапсырмасын сұрау үшін алдынғы сабақтан VІ тараудан қысқаша түсінік сұраймын. Студенттер үй тапсырмасына ұяшықтар арқылы жасырын сұрақтарға тез жауап бере алады және көп студенттен сұраққа жауап алып, сол арқылы олардың ойлау қабілеттері де дамиды.

1. Қай элемент ең белсенді металл болып табылады? Неге? (цезий (Сs) атомынан сыртқы электрон жеңіл үзіледі, сондықтан Сs - ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.)

2. Сілтілік металдардың физикалық қасиеті. (кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді. Олардың тығыздығы аздау кубтық көлемі ценрлі тор типі бойыншакристалданады. Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті олар жұмсақ. бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді)

3. Натрий, калий, кальций және магнийдің графиктік формуласын жазындар. Табиғатта таралуы. (мұхиттарда, өзендерде, көлдерде, Арал теңізінде)

4. NaCL - ас тұзы, Na2SO4 - натрий сулфатын, шыны, сода, медицинада қолданылатын, глаубер тұзы деп аталады. Na2CO3 - натрий карбонаты ол сабын қайнатуда, мата, тері, фармацевтика өнеркәсіптерінде, шыны, альюминий, дәрі-дәрмек өндірісінде қажет. NaНCO3 - натрий гидрокарбонатын тағам немесе ас содасы, медицина және кондитер өнеркәсібінде қолданылады. NaNO3 - натрий нитраты, натрий селитрасы немесе азот тыңайтқыш ретінде қолданылады. КNO3 - калий немесе чили селитрасы күрделі тыңайтқыш, құрамында екі қоректік элемент - азот және калий бар. КCLO3 - бертолле тұзы сіріңке шырпылырының басында болады, оны химиялық өнеркәсіпте кұшті тотықтырғыш ретінде қолданылады. КMnO4 - калий перманганаты немесе «марганцовка» кез келген дәріханада бар, лабораторияда оттек алу үшін қолданылады.

Сабақты қорытындылау мақсатында «Реакцияны жалғастыр» деген және жеңіл есептерді шығару әдістерін пайдаланып жүрмін. Мұнда әрбір реакцияның жүру жағдайын студенттер тез - тез жазып көрсетеді, әрі соған сәйкес есепті орындайды. Мысалы:

Әрбір реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер:

1. Na → NaOH → Na2CO3 → NaCL → Na

  • 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

  • 2NaOH + CO2 = Na2CO3 + 2H2O

  • Na2CO3 + CaCL2 = Ca CO3 + NaCL

  • NaCL = Na + CL

2. Са → СаО → Са(ОН)2 → СаСL2 → Са

3. Mq → Mq O → MqSO4 → Mq(NO3)2

Бұл тапсырмада, химиялық реакцияларды дұрыс жаза біледі және реакцияның мән - мағынасын жете түсінеді. Сондай - ақ тақырып аясында қойылатын сұрақтар студенттерді ойлауға жетелеу керек. Мысалы:

  1. Магний силикаты - асбест - бұл не? Тұрмыста қолданылуы.

  2. Кальций сипаттама бер, сөндірілмеген әктің формуласы. Табиғатта таралуы.

  3. Неге жаңбыр суы жұмсақ. Өзен суы кермек?

  4. Қандай жолдармен калций мен магний тұздары өзен суларына түседі?

Студенттерді білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңінде студенттермен біріге отырып сабақ мақсатын айқындап алып, жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін студенттермен бірге талдау керек. Студенттердің алдына оқу проблемасын қою білімнің меңгерілу жолдарын оңтайлы шеуге жол ашады, демек студенттердің өзіндік білім алу әрекетіне ықпал жасай отырып, шығармашылық жұмыстар жасауға бейімделеді. Тақырыпты ашу үшін оқыту проблемалары:

d -элементтерге жалпы сипаттама

Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

Химиялық элемент мысқа атом құрылысы тұрғысынан сипаттама

  • Қандай элементтер d-элементерге жатады?

  • Сендер білесіңдер ме?

  • Оларды қалай атайды?

  • Оларда қанша валентті электрон бар?

  • Мыс элементінің латынша аты қандай?

  • Және неге олай аталған?

  • Электр тогын өткізетін қондырғылар жасауда...

  • Металдық қаптаулар алуда ...

  • Әр түрлі заттардың металдық көшірмесін алу үшін

  • Әсемдік бұйымдар дайындауда ...

  • Полиграфияда, мыс қалыбын жасауда ...

  • Радиотехникада қолданылады ...

«Химия пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы баяндамамды қорытындылай келе, өз пәнімде жоғарыдағы әдіс - тәсілдерді пайдалануда төмендегідей нәтижелерге жетуге болатынын көрдім:

  • түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

  • студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік тудырады;

  • студенттердің әрқайсысының деңгейін анықтау мүмкіндігі туады;

  • студенттер өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

  • студенттердің өзіне деген сенімі пайда болады;

  • бағалау жеңіл болады.

Сонымен саралап - деңгейлеп оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа технологияны меңгеру барысында өзін - өзі дамытады және өзін - өзі қалыптастырады.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14 қаңтар 2014 ж.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал